Программалау оқулық Алматы, 012 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет60/465
Дата09.01.2023
өлшемі3,66 Mb.
#60709
түріПрограмма
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   465
Байланысты:
аибм сплюс

char str[10] = "Vasia";
// 0 мен 9 аралығында нөмірленген 10 элемент бөлінген 
// алғашқы элементтер - 'V', 'a', 's', 'i', 'а', '\0'
Бұл мысалда тіркеске 10 байт бөлінген, олардың бесеуі тіркес символда-
рына, ал алтыншысы нөл-символға жұмсалған. Егер тіркес анықталу кезінде 
инициалданса, оның өлшемін жазу міндетті емес (компилятор қажетті байт 
санын өзі бөледі):
char str[] = "Vasia"; // 6 байт бөлінді жəне толтырылды 
Келесі оператор:
char *str = "Vasia"
тіркестік айнымалы емес, өзгертілуі мүмкін емес тіркестік тұрақтыға (мыса-
лы, 
str[1]='o'
түріндегі операторды жазуға болмайды) нұсқауыш жасайды. 
Тіркестік литерал алдындағы теңдік белгісі меншіктеуді емес, инициалдауды 
білдіреді. Бір тіркесті екіншісіне меншіктеу операциясы анықталмаған (себебі 
тіркес жиым болып табылады), ол цикл арқылы немесе стандартты кітапхана 
функцияларының көмегімен орындалуы тиіс. Кітапхана көшіру, салысты-
ру, тіркестерді біріктіру, ішкі тіркесті іздеу, тіркес ұзындығын анықтау жəне 
т.с.с. мүмкіндіктерді орындауды қамтамасыз етеді (кітапхана мүмкіндіктері 
«Тіркестермен жəне символдармен жұмыс істеу функциялары» бөлімінде 
(97 б.) жəне 6-қосымшада көрсетілген), сонымен қатар кітапхана құрамында 
тіркестер мен жеке символдарды пернетақтадан жəне файлдардан енгізудің 
арнайы функциялары қарастырылған. 
Мысал. Программа құпия сөзді (пароль) үш реттен артық сұрамайды.
#include  
#include  
int main(){
char s[5], passw[] = "kuku"; 
// passw – эталондық пароль.
// *passw = "kuku"; түрінде де сипаттауға болады 
int i, k = 0;
for (i = 0; !k && i<3; i++){
printf("\nПароль енгізіңіз (4 символ):\n");
gets(s);
// тіркесті енгізу функциясы 


64


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   465




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет