Дамира Өмірзаққызы Ибрагим адамзаттың асыл тәЖІ



Pdf көрінісі
бет224/273
Дата14.01.2023
өлшемі3,14 Mb.
#61296
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   273
Байланысты:
Адамзаттың Асыл Тәжі

Нәжашиді Исламға шақыру 
Хижреттің 7 жылы, мұхаррам айы. Пайғамбарымыз алдымен Амр ибн 
Умаййаға Хабаш Нәжашиі Асхамаға арналған хатты табыстап, шығарып 
салды. 
Үндеу хатта былай делінген еді: 
"Бисмиллаһир-рахманир рахим! 
Аллаһ Расулы Мұхаммедтен Хабаш Нәжашиі Асхамаға! 
Уа, билеуші! Сені мұсылмандықты қабылдауға шақырамын. Мен сенің 
атыңнан "Лә иләһа иллә һу" (одан басқа Тәңірі жоқ), Мәлик, Құддыс, Сәлам, 
Мумин, Мухаймин сипаттарына ие Аллаһты мадақтап, оған шүкіршілік 
етемін. Мәриям ұлы Исаның да Аллаһтың құлы әрі Кәлимасы екеніне куәмін. 
Аллаһ ол Кәлимасын (Кәлима - Иса Пайғамбардың бір сипаты. Араб тілінде 
сөз деген мағынаны білдіреді. Хазіреті Иса Алланың "кун", яғни "бол" деген 
бір ауыз сөзінен жаратылғандығының белгісі. - Д.Ө.И.) және ол рухты өте 
пәк, дүние тіршілігінен баз кешкен Мәриямға үрледі. Нәтижесінде Мәриям 
Исаға жүкті болды. Аллаһ Исаны осылай жаратты. Аллаһ Адам атаны да 
құдіретімен жаратты. 
Уа, билеуші сені серігі жоқ бір Аллаһқа иман келтіруге, соған ғибадат 
етуге, маған мойынсұнып, Аллаһ тарапынан маған жіберілгендерге илануға 
шақырамын. 
Мен Аллаһтың хақты түсіндіруді жүктеген елшісімін. Сені және 
халқыңды Әзіз әрі Жәмил Аллаһқа иман келтіруге үндеймін. 
Мен Исламды уағыздап, насихат айттым. Насихатыма құлақ қойып, 
қабыл алыңыз! 
Хақ жолын таңдағандарға сәлем!" 
Амр Хабаш билеушісіне пайғамбардың хатын аман-есен жеткізді. 
Нәжаши дүние болмыстың сұлтанынан келген хатты асқан сүйіспеншілікпен 
қолына алып, сүйді де басына қойып құрмет көрсетті. Содан соң адамдарына 
оқытқызып, үндеу оқылып біткенде тағынан түсіп кішіпейіл кейіппен тізе 
бүкті. 
Бір сәт үнсіздіктен соң мұсылмандығын жария етіп былай деді: 
"Мүмкіндігім болса Пайғамбарымыздың қасына барар едім. 


335
Көктен түскен кітапқа ие яһудилер мен христиандардың күтіп 
жүргендері осы - Мұхаммед (с.а.у.). Ол барша адамзаттың пайғамбары. Мұса 
пайғамбардың Исаның келетінін хабарлағанындай, Иса пайғамбар да "Ол 
пайғамбар түйеге мініп жүреді" деп Мұхаммед пайғамбардың (с.а.у.) 
келетінін білдірген. 
"Осынау салтанатқа ие болғанша Мұхаммедтің (с.а.у.) қызметшісі 
болғанымда ғой! Ешқандай салтанат оған қызметшілікпен теңдесе алмайды". 
Нәжаши Асхама піл сүйегінен жасалған қымбат құты алдырып 
Пайғамбарымыздың хатын салды да: "Осы хат сақталып тұрған уақытта 
хабаштықтар берекеге кенеле береді", - деді. 
Амр ибн Үмаййа Нәжашиге үндеумен келген кезде құрайыштардың 
мықты саясаткері Амр ибн Ас та Хабашстанда еді. Мұсылман өкілінің 
Нәжашимен кездескенін сырттай бақылап білген ол өзінен-өзі ашуланып, 
Хазіреті Амрды өлтіргісі келеді. Ішкі ызасын ірке алмай ақыры билеушінің 
құзырына шығып: 
"Уа, мәртебелім! Сенімен біреудің жүздесуге келгенін өз көзіммен 
көрдім. Ол біздің қас дұшпанымыздың елшісі. Елші қолыма түссе, өлтірсем 
деп едім", - деді. 
Нәжаши Амр ибн Астың бұл ұсынысына ашуланып: 
"Сен Мұса пайғамбармен жүздескен Жебірейілден уахи алған ұлы 
адамның елшісін өлтірмекке менен не бетіңмен рұқсат сұрай келдің?" - деді. 
Амр ибн Ас: "Уа, билеуші оның пайғамбар екені рас па? 
Нәжаши: "Ей, Амр! Менің сөзіме құлақ ас, тез арада соның соңынан ер. 
Өйткені ол хақ жолда. Оған қарсы шыққандар түбінде жеңіліс табады. Мұса 
пайғамбардан Перғауын мен әскері күйрей жеңілгені сияқты". 
Амр ибн Астың тұла бойы тітіркеніп кетті. Демі дірілдей: 
"Сен менің Исламиятты мойындағаныма куә бол", - деді. 
Нәжаши қуана құптады. Амр ибн Ас құрайыштарға сыр бермей бір 
жыл жүреді. Хижреттің 8-жылында ғана Мәдинаға барып Расулаллаһтың 
алдында иманын жария етеді... 
Нәжаши Асхама болса Хазіреті Мұхаммедтің ұсыныстарын түгелдей 
орындап, оны жазбаша түрде білдіреді. Елші арқылы Расул Әкрамға қымбат 
сыйлықтар жолдайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет