Дамира Өмірзаққызы Ибрагим адамзаттың асыл тәЖІ



Pdf көрінісі
бет247/273
Дата14.01.2023
өлшемі3,14 Mb.
#61296
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   273
Байланысты:
Адамзаттың Асыл Тәжі

ХУНАЙН ШАЙҚАСЫ 
Хижреттің сегізінші жылы, шәууәл айының бесі. Б.з. 630 жылы, қаңтар. 
Күн сенбі. 
Меккенің пайғамбарға бағынуы нұрлы нәтижелерге жол ашты:
құрайыш мүшріктерінің - бәрі дерлік мұсылманшылықты қабылдады. 
Маңайдағы ру, тайпалар да Исламға бой ұсынып жатты. Дегенмен әлі де 
болса өркөкіректеніп "өліспей беріспейміз" дегенді танытқандар да бар еді. 
Сакиф және Хауазин тайпалары мұсылмандардың жеңісін мойындағысы 
келмеген. Өздері қоныстанған аймақта иық тірестірер ешкім болмаған соң 
өздерін ең мықтымыз деп санайтын. 
РасулАлланың Меккені қол астына қаратуы Сакиф пен хауазиндердің 
қобалжуын туғызған. Ойлана келе Меккеге шабуыл жасауға бекінген олар 
тез арада әскер жасақтап, Малик ибн Ауфты қолбасы тағайындап, шайқаста 
әскерлерге батылдық беру мақсатымен әйел, бала-шағаны да ала шығуды 
жоспарлайды. 
Аллаһ Тағаланың сүйікті құлы әрі елшісі Мұхаммед (с.а.у.) 
дұшпандарының құпия қимылдарынан дер кезінде хабардар болып, бір 
сахабасын тыңшылыққа аттандырады. Мұсылман тыңшы дымын білдірмей 
жау әскеріне келіп қосылады. Қолбасы Малик ибн Ауфтың: 
"Мұхаммедтің ең соңғы шайқасы осы болар. Бұған дейін ол ылғи 
шайқас, әскери тактиканың исі мұрнына бармайтындармен соғысты. 
Жеңісінің себебі де сол. 
Таң атуға жақын сапқа тұрып, артқы жаққа әйел, бала-шағаны тіземіз. 
Мұсылмандарды көрген бетте жан-дәрмен шабуылға кірісеміз. 
Бірінші боп ұрысты бастағанның жеңетінін естен шығармаңдар!" - 
дегенін өз құлағымен естиді. Мән-жайға қаныққан Хазіреті Абдуллаһ асығыс 
келген жолымен кері қайтады да, көрген білгенін Хазіреті Мұхаммедке 
(с.а.у.) баяндап жеткізеді. 
Пайғамбарымыздың әзірлігі 
Пайғамбарымыз (с.а.у.) суыт хабарды ести сала дұшпанды тұтқиылдан 
басып алудың қамына кірісті. Қару-жарақ жеткіліксіз еді. Меккеде сауыт-
сайман жинаумен аты шыққан Сафуан ибн Умаййадан аманат деп бірсыпыра 
қару алды. (Сафуан ол кезде әлі мұсылман емес-тін) 
Шәууал айының бесінші жұлдызы. Он екі мың әскердің екі мыңы - 
меккеліктер. Араларында сексенге тарта мүшріктер де бар. Олардың арам 
пиғылы кімнің жеңетінін көзбен көріп, орайы келсе түскен олжаға ортақтасу. 


376
Пайғамбарымыз бұған дейін мұншалықты қалың қолды бастап сапарға 
шықпаған-ды. Жер қайыстырған жасақты бастап келе жатқан сардар 
қолбасшының (с.а.у.) жүзінде, сөзінде тәкаппарлықтың нышаны да 
сезілмейді. Себебі, Ол жеңіс өлшемі - адамның көптігінде емес, ықыластың 
тереңдігінде екенін білетін. Не нәрсенің Аллаһтың бұйрығымен болатынын 
бір сәт те естен шығармайтын соңғы пайғамбар Мұхаммед (с.а.у.) кейбір 
сахабалардың "Бүгін осыншалықты әскермен жеңілуіміз мүмкін емес" деген 
сөздерін естіп, бұлай айтудың дұрыс еместігін ишарамен білдірді. 
Алты күн жол жүріп мужаһидтер діттеген жерлеріне - Хунайнға келді. 
Таң сібірлеп атып келе жатқан шақ. Бас қолбасшы Мұхаммед (с.а.у.) 
сарбаздар 
сапын 
бақылап, 
байрақтарды 
ұстаушыларды 
бекітті. 
Муһажирлердікін - Хазіреті Әли, Хазіреті Саад ибн Әби Уаққас және 
Хазіреті Омар ұстаса, әнсарлардікін - Хазіреті Хубаб ибн Мунзир мен 
Хазіреті Үсәййід ибн Худайыр асқақта желбіретті. 
Алдыңғы шептегілерді Хазіреті Халид ибн Уәлид басқарды. 
Пайғамбарымыз (с.а.у.) сақтықта - қорлық жоқ принципімен екі 
сауытты қабаттап киіп, басына бет ауызын түгел жабатын дулыға киген. 
Ұлы Жаратушының әрдайым қамқорлығында екенін біле тұра ғибадат-
тағатқа 
барынша 
берілетін, 
Аллаһтан 
ең 
қатты 
қорқатын 
пенде 
пайғамбарымыз болған. Ұрысқа кірердегі жеке басының дайындығымен 
Аллаһ та сақтанғанды сақтайды дегенді сөзсіз ұқтырған. Таң ертемен 
Пайғамбарымыз (с.а.у.) жауға кенеттен соққы беріп басып алуды көздеп 
жүзбасы Хазіреті Халид ибн Уәлидті жасағымен Хунайн жазығына ентелей 
енуге бұйрық берді. Дұшпанның әзірлігінен мүлдем бейхабар мужаһидтер екі 
тараптан анталаған жаудың оқ жаңбырына тұтылды. Алагеуім қараңғылықта 
тар жазықта күтпеген соққы алғы шептегі сарбаздарды сансыратып тастады. 
Арлы-берлі шапқылаумен дал болған олар кері шегінуге мәжбүр болды. 
Мужаһидтер қатарына өз еріктерімен қосылған меккелік жаңа мұсылмандар 
да беталды шашырай қашты. 
Басталмай жатып босып кеткендер, сеңдей соқтығысқан ат-көлік, шаң-
тозаңнан ешкімді ажыратып алу мүмкін емес. Расулаллаһтың қасында жүзге 
жуық жауынгер қалған. Жау болса жиырма мыңдық қолмен анталап келеді. 
Дүлдүлін мініп айналасына бажайлай көз тастаған Аллаһ Расулы қашанғы 
байсалдылығынан, батылдылығынан таймады. 
Қас қағым сәтте басына төнер қатер сардар басшы Мұхаммедті (с.а.у.) 
салмақтылығынан ауытқыта алмаған. Үрейдің ұшқыны да сезілмейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет