Дамира Өмірзаққызы Ибрагим адамзаттың асыл тәЖІ


ПАЙҒАМБАРЫМЫЗ ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕН СӘТТЕГІ ҚИЛЫ-ҚИЛЫ



Pdf көрінісі
бет26/273
Дата14.01.2023
өлшемі3,14 Mb.
#61296
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   273
Байланысты:
Адамзаттың Асыл Тәжі

ПАЙҒАМБАРЫМЫЗ ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕН СӘТТЕГІ ҚИЛЫ-ҚИЛЫ 
ОҚИҒАЛАР 
Мына дүниедегі ең үлкен оқиға - пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у.) 
дүниеге келуі оқиғасы екені даусыз. 


40
Хазіреті Мұхаммедке (с.а.у.) Аллаһ тарапынан елшілік міндеті 
жүктелгенде оны басқа пайғамбарлар сияқты белгілі бір топпен ғана 
шектемеген. Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) күллі жаратылыстың пайғамбары 
ретінде жіберілген. Сондықтан да, Ол дүние есігін ашқанда әлемде қилы-
қилы құбылыстардың болуы заңды. Санасының саңылауы барлар мұнан 
ғибрат алып, ойланса керек-ті. 
А) Сол түні ерекше бір жұлдыз туды 
Яһудилер арасында ғалымдар көп болатын. Олар Аллаһтың берген 
ілімімен қаруланып, небір нәрселерді алдын ала болжап қоятын. 
Жұлдыздарға қарап бал ашуда да алдарына жан салмайтын. Соңғы 
пайғамбардың келетіні жөніндегі мағлұматтарды да көктен түскен 
кітаптарынан оқып білген-ді. Оның ерекше белгілері де соларға мәлім, тек 
бір ғана беймәлім дүние - ақырзаман пайғамбарының қашан туылатындығы. 
Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) туылған сәттегі табиғат құбылыстарын
аспандағы ерекше жұлдыздың пайда болуын яһудилер көрмей қалған жоқ, 
әрине. 
Мәшһүр шайыр Хассан ибн Сабит бұл жайтты былайша түсіндіреді: 
"Мен 7-8 жасар бала едім ол кезде. Бірде таң ертемен "Ей, яһудилер!" 
деген дауыстан шошып ояндым. Айғайдың қатты шыққандығы соншалық
ел-жұрт төсектен тұрған бойы әлгі айқайшының маңына жиналып қалды. 
"Бүгін түнде Ахмедтің жұлдызы туды, яғни ол өткен түнде өмірге 
келді" - деді ол көпшілікке барлай қараған күйі. Жиналғандар дабырласып 
кетті". 
Ибн Саадтан жеткен мәлімет төмендегіше сыр шертеді. 
"Меккеде бір яһуди тұратын. Аллаһтың соңғы елшісі туылған күннің 
ертеңіне құрайыштықтарды жинап "Бүгін руларыңда ұл бала дүниеге келді 
ме?" - деп сұрады. Құрайыштықтар бір-біріне қарасты, сонан соң: 
"Білмейміз, естіген жоқпыз" - деді бәрі бірауыздан. 
"Олай болса, барып сұрастырыңдар, бұл үмметтің пайғамбары бүгін 
түнде дүниеге келді. Арқасында ерекше белгісі бар", - деді яһуди. 
Құрайыштар сұрастыра келіп көрген-білгендерін әлгі яһудиге жеткізді. 
"Өткен түнде Әбдімүттәліптің марқұм ұлы Абдуллаһтың жесірі Әмина 
босаныпты. Баланың арқасында белгісі бар екен." 
Яһуди мұны ести сала жаңа туылған шарананы барып көрді. Көрді де 
есінен айырылған адамша отырған жерінде жар салды: 
"Пайғамбарлық Исрайыл әулетінен кетті, Құрайыштарға жетті. 
Құрайыштың даңқы асып, Батыс пен Шығысты жайлайтыны рас болды." 
Осы шақта көкжүзіндегі самсаған жұлдыздар ардақты Аллаһ елшісінің 
келгеніне масаттанып тұрды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет