Дамира Өмірзаққызы Ибрагим адамзаттың асыл тәЖІ


ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ ТУҒАН ШАҢЫРАҒЫНА ҚАЙТА ОРАЛУЫ



Pdf көрінісі
бет31/273
Дата14.01.2023
өлшемі3,14 Mb.
#61296
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   273
Байланысты:
Адамзаттың Асыл Тәжі

ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ ТУҒАН ШАҢЫРАҒЫНА ҚАЙТА ОРАЛУЫ 
Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) төрт жасқа толады. Дене бітімі көрген 
жанның назарын аударарлықтай, көркі көз жауын аларлықтай. Күн сайын көз 
сұғын қадаушылар көбейеді. Айналасына сәуле шашқан отты жанарды 
байқамау мүмкін емес. Мұны сезген Халима мен Харис сүтбалаларын 
көрінгеннен қызғыштай қорып әлек. Кеудесін жарған күннен соң оны тіпті 
көздерінен таса етпей, басқан ізін аңдиды. Аманатқа көздерінің 
қарашығындай қарау керектігін ынты-шынтымен сезінген ерлі-зайыптылар 
өзара кеңесіп, аман тұрғанда баланы туған анасына жеткізуді ойлайды. 
Қанша қимаса да түбінде туысқандарымен қауыштыру керек екенін білетін 
Халима амалсыздан Меккеге жолға шығады. Іші қан жылап тұрып Хазіреті 
Мұхаммедті (с.а.у.) өз анасына әкеп тапсырады. 
Бірақ өмір бойы оны ұмытқан емес. Хазіреті Мұхаммед те төрт жыл 
бауырына басқан, сүтін туған баласымен бірге тел емізген анасы Халиманы 
бір сәт те есінен шығармады. Әрдайым оны ерекше құрметпен сыйлап, 
"анашым" дейтін. Мұқтаждығы болса өтеп, қолынан келгенше жәрдем 
беретін. 
Арадан ұзақ жылдар өтіп, Халима қартайған шақта бүкіл әулетімен 
тағы бір қуаңшылықтың азабын шегеді. Бар амалы таусылған Халима 
Хазіреті Мұхаммедтен (с.а.у.) көмек сұрайды. Бұл жолы сүтбаласының 
зайыбы - Хазіреті Хадишадан жақсылық көреді, қырық қойды алдына салып, 
түйе мініп қайтқан сүтананың алғысы шексіз еді. 
Милади 575 жыл... 
Хазіреті Мұхаммед төрт жаста... 
Жалғандағы жалғыз жұбанышымен қайта қауышқан ана көңілі 
көтеріңкі. Жарынан жастай қалып, қара жамылған Әминаның бар тілегі - 
Мұхаммедтің жетімдік ауыртпалығын тартпай, бақытты өмір сүруі еді. 
Жаратқаннан жатса-тұрса соны сұрайтын. Әкесінің жоқтығын сездірмей, бар 
күшін баласының тәрбиесіне жұмсайды. Алайда үйдің сәні мен берекесіне 
айналған нұр жүзді бүлдіршін анасының қас-қабағына қарап, орынды сөйлеп, 
реті келгенде көмектесуден тайынбайтын. Әсіресе, тазалыққа жаны 


51
құмарлығы анасын қайран қалдырады. Әзіз Әмина бірінші Жаратқанға, 
сосын Халимаға шексіз ризалығын білдіріп, шүкірлік ете түсті. 
Мұхаммед (с.а.у.) өз қатарларының арасында да ерекше, кішкентай 
жасына қарамастан көпшіл, әлсізді қолдаушы болып танылады. Кім-кімнен 
де көмегін аямайтын. Үлкендерді құрметтеп, кішіні демейтін. Балалар да 
оның маңына үйіріліп, таңның атысы, күннің батысы қасынан шықпауға бар. 
Иә, Аллаһ Тағала аса мәртебелі әрі қасиетті пайғамбарлық міндетін 
жүктейтін болашақ елшісін осылайша үлгілі мінез-құлық иесі етіп, жан-
жақты тәрбиелеуде еді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет