74
Аббасқа барып, Әбу Тәліптің жай-күйінен хабардар етті. Ағайын адамға
қиыншылықта қол созу қажеттігін ескертті.
Аббас бауырының
айтқандарын ден қоя тыңдап, ең болмаса
балаларынан
біреуін қамқорлығына алуды, сөйтіп, ағасының жанын жегідей
жеген шиеттей бала-шағаның қамын сәл де болса жеңілдетуді ойлады. Осы
оймен Мұхаммед (с.а.у.) екеуі Әбу Тәліптің үйіне барды. Мақсаттарын ашып
айтқанда Әбу Тәліптің көзінде күлкі ойнап,
бауырларының тілегін құптап,
риза көңілмен арқаларынан қақты.
Сөйтіп, Мұхаммед (с.а.у.) туылғанда атын өзі қойған Әлиді, ал
Аббас
болса, Жағфарды қамқорлықтарына алып, олардың
нәпақасын тауып беруге
міндеттенді.
Ол кезде Әли төрт-бес жасар бала. "Мен әсем мінез-құлықты тәмамдау
үшін жіберілдім", - деген асқақ қасиетті жанның панасына алынуы Әли үшін
тағдырдың тамаша сыйы еді. Ол кішкентайынан пайғамбар тәрбиесін көріп,
иман
атты
тылсымнан
тиесілі
үлесін
алады.
Тоғыз-он
жасында
мұсылмандықты мойындап тұңғыш бала мұсылман құрметіне ие болды.
Достарыңызбен бөлісу: