Дамира Өмірзаққызы Ибрагим адамзаттың асыл тәЖІ



Pdf көрінісі
бет64/273
Дата14.01.2023
өлшемі3,14 Mb.
#61296
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   273
Байланысты:
Адамзаттың Асыл Тәжі

Ас ибн Уаилге жауабы 
Хазіреті Хаббабтың мүшрік Ас ибн Уаилден алашағы бар еді. Бір күні 
сонысын сұрап барады. Мүшрік ерегісіп: 
"Мұхаммедке мойынсұнғаныңды қойсаң ғана қарызыңды қайтарамын", 
- дейді. 
Хазіреті Хаббаб ашуланып: 


104
"Мен бүкіл нәрсемнен бас тартсам да, өлгенімше, өлгеннен соң қайта 
тірілгенге дейін оған қарсы келмеймін", - деп жауап береді. 
Ас ибн Уаил: 
"Мен де өлгеннен соң қайта тірілемін бе? Ондай болса, сабыр сақта. 
Тіріліп, мал-жаныммен қайта қауышқан кезде берешегімді берермін", - деді 
ащы кекесінмен. 
Осы оқиғаның артынша Аллаһ Тағаладан төмендегі аят түсті: 
"Аяттарымызға қарсы шығып, "маған міндетті түрде мал да, 
бала-шаға да беріледі" деген адамды көрдің" бе? Ол ғайыпты қайдан 
біледі? Әлде, Рахманның құзырында сөз алған ба? 
Жоқ, тіпті де олай емес, біз оның (осы) айтқандарын жазып аламыз 
және азабын көбейткен сайын көбейтеміз. 
Айтқан нәрселерін (мал-жанын) қолынан аламыз да, ол жалғыз өзі 
бізге келетін болады" (Мәриям сүресі,77-80 аяттар). 
Хазіреті Хаббаб ештеңеден сескенбестен, қауіпке басын тігіп, 
мұсылмандығын 
жариялағанымен 
қоймай, 
жаңадан 
Исламды 
мойындағандарға Құран үйретумен айналысатын. 
Хазіреті Омар (мұсылман болмас бұрын) қылышын жалаңдатып 
мұсылман болған қарындасын өлтірмек болып, үйіне кіріп барғанда да күйеу 
баласы мен қарындасына Құран оқытқызып отырған - осы қаһарман сахаба 
Хазіреті Хаббаб еді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет