сағат) Оқытудың мақсаты: Биотехнологияның дамуына үлес қосқан негізгі
ғылымдар мен ғұламалардың ашқан жаңалықтарын, Қазақстандағы
биотехнологияның жетістіктері мен даму деңгейін, биотехнология
ғылымымен айналысатын ғылыми-зерттеу институттарының негізгі ғылыми
бағыттарымен таныстыру.
Қысқаша мазмұны (негізгі тараулары): Халық шарушылығы өнімдерін
өндірілуі. Биологиялық процестердің әсері. Микроорганизмдердің
биотехнологиясы. Активті заттардағы макробиологиялық жолдармен
синтездеу. Микроорганизмдер өндірісінің өнімдері (витаминдер, ферменттер,
полисахаридтер, антибиотиктер т.б.)
Күтілетін нәтижелері: Пән бойынша білімдер жүйесі білім алушыны талапқа сай дағдыларды
игеріп, қабылдаған білімдерді ғылыми биология салаларында, медицинада,
тамақ өнеркәсібінде, ауыл шаруашылығында іске асыруға дайын болады.
Пререквизит: Бейорганикалық химияның теориялық негіздері,
органикалық химия теорияның негіздері,
Постреквизит: Химиялық технология ,ғылыми зерттеу жұмысты
ұйымдастыру және жоспарлау
Оқытушы: б.ғ.к., аға оқытушы Қазыбаева А
11.3 Пән атауы: Биотехнологияның зерттеу әдістері (2 кредит, 90 сағат) Оқытудың мақсаты: Биотехнологияның зерттеу әдістерімен таныстыру
Қысқаша мазмұны (негізгі тараулары): Биотехнологияның зерттеу
әдістері: Физологиялық әдістер; физика - химиялық әдістер (центрифугалау,
спектроскопия, хромотография, электрофорез, Электрондық микроскопия,
иммунохимиялық, гистохимиялық әдістер). Сандық анализ, сапалық анализ
Күтілетін нәтижелері: Студент алған білім нәтижесінде белгілі физологиялық, физика -
химиялық әдістерді (центрифугалау, спектроскопия, хромотография,
электрофизикалық ) меңгеріп, қабылданған білімді байқау және өлшеу
нәтижелерін сараптау барысында қолдану, физикалық құралдарды еркін
пайдаланып, типтік есептерді талдап және шешу.