Қысқаша мазмұны (негізгі тараулары): Электрохимиялық процестерге жалпы түсінік.
Электрохимиялық процестердің термодинамикасы. Электр қозғаушы күш және жылу эффектісі.
Электродтар классификациясы. Электрохимиялық тізбектер электрохимиялық кинетика химиялық
поляризация. Диффузиялық поляризация. Металдардың электрохимиялық еруі және пассивтілігі.
Ток көздері. Металдардың электрохимиялық коррозиясы.
Күтілетін нәтижелері:осы пәнді оқу барысында, электр тоғын пайдалануға негізделген
әртүрлі қондырғыларда жұмыс жасау қабілетін жетілдіреді, тәжірибе жүзінде сандық
жұмыстармен жұмыс жасай отырып, алынған мәліметтерді графикалық жүйеде өндеп, қажетті
есептеулерді жүргізуге мүмкіндік береді.
Пререквизит: Бейорганикалық химияның теориялық негіздері, элементтер химиясы.
Постреквизит:Жоқ.
Оқытушы: х.ғ.к., доцент Изтлеуов Ғ.М.
31.2 Пән атауы: Электролиздің негіздері (3 кредит, 135сағат) Оқытудың мақсаты: Электролиз заңдарын зерттеу.
Қысқаша мазмұны (негізгі тараулары): Тотығу-тоттықсыздану реакциялары туралы
түсінік. Жай және күрделі заттардағы элементтердің тотығу дәрежесі. Негізгі тотықтырғыштар
және тотықсыздандырғыштар. Тотығу-тоттықсыздану реакциялардың маңызы. Электролиз.
Электролиз
заңдары. Электролиттің балқымасы немесе ертіндісі арқылы электр тогы өткенде және
электродтарда жүретін тотығу-тотықсыздану реакциялары. Электролиздің қолданылуы.
Күтілетілетін нәтижелері..
Пән бойынша білімдер жүйесі білім алушыны талапқа сай дағдыларды игеріп, химия
өнеркәсібінде, гидрометаллургияда іске асыруға дайын болады.
Пәнді игеру арқылы қалыптасқан біліктілік пен дағдылар студентке жүйелі білім бағытын
қалыптастырып, іскерлікке бейімдейтін кешенді білім – білік қалыптастырады.
Пререквизит: Бейорганикалық химияның теориялық негіздері, элементтер химиясы.
Постреквизит:Жоқ.