4
Кeйінгі дәуірдегі ұлт зeрттeушілерінің eңбeктeрі нәтижeсіндe төл
дыбыстардың құрамы тиянақталып, біршама жетістіктерге қол жеткiздi.Бұл
кезең
«қазақы фонетика»ғылымының бастауы болды.
Үшінші дәуірде әлеми тілтаным ұстанымдарымен таныс болып, фонетикалық
мұраларды пысықтап, жетістіктерін жинақтап, жетілдіріп, жаңа зерттелiм
нәтижелерiн қосып,қазақ тiлiнiң өзiндiк бiрегей белгiлерiн бағамдайтын жаңа
тұрпаттағы
«академиялық фонетика» қальштасты. Қазақ тiлi дыбыстарын
фонем мәртебесiнде карастырудың нәтижесінде қазақтың төл сөздерінің
жазылуына орыс тілінің и, у, я, ю, щ таңбалары енгiзiлiп, «Орыс сөздерi
калай айтылса, солай айтып, калай жазылса, солай жазу керек» деген
тоталитарлық емле ережелерi алынды. Соның нәтижесiнде қазақтың төл
әліпби құрамына оннан аса кірме әрiптер (дыбыстар) енгiзiлiп, қазақ әліпбиі
екі тілдің: қазақ - орыс әліпбиі болып шыға келді. Кірме әріптердің
жазылымын реттейтін кырыкка жуык жана ереже орынсыз косылды.
ХХ ғасырдың соңғы ширегіндегі зерттелiмдерде кірме әріптердің дыбыс
құрамының басы ашылып, айтылымы тиянақталды.
Достарыңызбен бөлісу: