Ақ Сарбаз Әлемі. indd



Pdf көрінісі
бет43/109
Дата19.01.2023
өлшемі3,4 Mb.
#61959
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   109
Байланысты:
Ақ Сарбаз Әлемі

ҚҰРБАНДЫҚ ЗАҢЫ
Ғарыш Заңдарымен бақытты өмір сүру үшін біз кек алу, кек 
қайтару секілді көзқарасты өзгертуіміз керек. Қазақтың сөзі 
бар: «Алдыңа келсе атаңның құнын кеш» дейтін. Жығылғанға 
жұдырық жұмсауды қазақ жақтырмаған. «Иілген басты қылыш 
кеспейді» деген. «Жақсылыққа жақсылық әр кісінің ісі-дүр, 
жамандыққа жақсылық ер кісінің ісі-дүр» деген. «Біреу жәбір 
етсе сен сабыр ет» деп артын бағуға, ақырын күтуге шақырған. 
Онысы Карма Заңын білгендігі.
«Жүйелі қарғыс жүйесін табады, жүйесіз қарғыс иесін 
табады» деп егер әділетсіз жәбір жасалса, ол іс жасаушы 
адамға карма заңымен қайтып кері соққы боп оралатынын 
айтқан.
«Еділ бол да Жайық бол
Ешкімменен ұрыс па
Жолдасыңа жау тисе
Жаныңды аяп тұрыспа!
Ердің құны болса да,
Алдыңа келіп қалған соң,
Қол қусырып барған соң,
Аса кеш те қоя бер,
Бұрынғыны қуыспа!» (Асан қайғы) 
Осы өсиеттердің бәрі қазақ халқын болашақта Алтыншы 
Сатыға лайық ел қылып өсіріп шығару үшін Ғарыштан біздің 
бабаларымыз арқылы берілген Ұлы Білім болатын.
Көшпенді қазақ халқының рухани деңгейі дін ұстаған 
халықтардан бір саты биік тұрғандықтан Тәңірі бұл халыққа 
пайғамбар жіберген жоқ. Алайда пайғамбар айтуға тиіс өсиетті 
қазақтың би-шешендерінің аузымен жеткізіп отырды.
Кең даласын қорғаудағы қисапсыз құрбандықтары 
арқасында қазақ халқы XXI-ғасырда Жер халықтарының 
алғашқысы болып Алтыншы Сатыға аяқ басты.


125
БИ ЖӘНЕ КАРМА
Қазақта би, шешен болу деген сөз өзгелердің шиеленіп 
қалған кармасын шешу болып табылады. Аразды 
табыстыратын, ажырасқанды жабыстыратын, арадағы карма 
дауын бітістіретін бидің жұмысы өте қиын жұмыс. Егер би дұрыс 
төрелік айтпаса – карма шатасады. Бұл тек қара басының ғана 
емес, ұлт кармасын да тұйыққа тірейді. Иерархиялық міндеттің 
ең ауыры – төрелік айту туралы:
«Көш бастау қиын емес,
Қонатын жерде су бар.
Қол бастау қиын емес,
Шабатын жерде жау бар.
Бәрінен де шаршы топта сөз бастау қиын
Шешімін адам таппас дау бар» деп Бұхар жырау дәп басқан.
Төменде қазақтың жақсы және жаман кармаға қатысты 
мақал-мәтелдерін, би-шешендерінің шешендік сөздерін, қазақ 
ақындарының кармаға қатысты айтқандарын ұсынамыз.
«Арамдықтың байлауын байлаған 
Шешуін де шешеді» (Әркім өзінің жаман кармасын өзі 
шешеді)
«Жаман ердің қайғысы
Өз отының қасында (отбасы кармасы)
Жақсы ердің қайғысы 
Ауылының басында» (ұлттық карма)
«Алмақтың да салмағы бар» (Болатын карма)
«Жамандыққа амал бар
Залымдыққа зауал бар» (Карма соққысы)
Ғарыш Заңдары


126
Ақ Сарбаз Әлемі
«Әр кемелге – бір зауал» (Карма соққысы)
«Пайдаң көпке тисе
Төбең көкке тиер» (жақсы карма)
«Түзелмеген қате жанды жейді» (өтелмеген жаман карма)
«Білімсіз – бүлдіреді, ата-анасын күйдіреді» (отбасы 
кармасы)
«Жар басына үй тікпе
Жар құласа – үй кетер (отбасы кармасы)
Ала болса ағайын
Рулы елден күй кетер (ұлт кармасы)
Ағайын ала болғанда –
Ауыздағы ас кетер.
Аңдыған дұшпан күшейіп,
Жау қолында бас кетер» (Мемлекет кармасы)
(Айтқожа шешен)
«Шыр етіп анадан туған соң
Шашылған ризықты термеске
Пенденің бар ма шарасы» (Жеке карма)
(Шернияз)
«Сатып алған күнәнің 
Кешуі болмас күнінде» (карма соққысы)
(Шортанбай)


127


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет