Ақ Сарбаз Әлемі. indd


СІЗ КАРМАНЫҢ ҚАЙ ШЕҢБЕРІНДЕСІЗ?



Pdf көрінісі
бет44/109
Дата19.01.2023
өлшемі3,4 Mb.
#61959
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   109
Байланысты:
Ақ Сарбаз Әлемі

СІЗ КАРМАНЫҢ ҚАЙ ШЕҢБЕРІНДЕСІЗ?
«Көресіңді көрмей – көрге кірмейсің» (жеке карма)
Ғарыштың Екінші Заңы – Карма туралы айтып, әбден 
түсіндірдім-ау дегенде әңгімелесушім:
– Карманы алып тастап өмір сүруге болмай ма? Бұлай жүрсең 
де – карма, былай жүрсең де – карма! Одан да карманың 
болмағаны жақсы емес пе? – де-еп қарап отыр.
Көзімізге елестетейікші. Мысалы сіз – алмасыз. Сіз өсіп тұрған 
сабақ – сіздің жеке кармаңыз. Бірнеше алма өскен бұтақша 
– топ кармасы. Одан үлкендеу бұтақ – әулет кармасы. Тұтас 
алмағаш – ұлт кармасы. Ағаштың діңі – мемлекет кармасы. 
Ағаштың жерге енген жері – планета кармасы. Тамыры – 
Ғарыш Кармасы.
Енді қараңыз: сіздің карманы алып тастап өмір сүрем 
дегеніңіз – бұтақсыз, діңсіз, тамырсыз бірден алма боп өссем 
қалай болады? – дегенге саяды.
Әу баста Эволюция – тіршіліктің дамуы, Ғарыштың кеңейе 
бастауы – Үлкен Жарылыстан басталды. Карма болса – сол 
Ғарыштың қалай өсуі.
КАРМА ДЕГЕНІМІЗ БАРЛЫҚ ТІРШІЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ 
ЖЕЛІСІ.
Бақша еккен адам біледі. Қарбыздың желісі он метрге дейін 
ұзарып өсуі мүмкін. Бақшашы желі аяққа тапталмасын деп 
оны бір бағытқа бұрып қояды. Түйнек көп болсын деп суармай 
шөлдетеді. Түйнектер үлкен болсын деп артық желі тартуға 
жібермей басын қырқады. Осыдан соң тұрақты суарып тұрады. 
Осындай баптаудың нәтижесінде қарбызыңыз дәмді, еңбегіңіз 
мәнді болмақ.
Адамзат қауымы да Ғарыштың бақшасы іспетті. Оны осы 
уақытқа дейін суарып, шегіртке мен құртқа жем қылмай, 
Ғарыш Заңдары


128
Ақ Сарбаз Әлемі
тышқанға тестірмей, қоянға кеміртпей сақтаудағы мақсаты – 
жемістің піскенін күту.
Енді міне алғашқы жеміс – Алтыншы Саты Перзенттері пісіп-
жетіліп қалды.
«Бойына халқының киесі мен қасиетін дарытқан қазақ 
баласы алыстан көрініп тұратын болады. Олар теледидарда 
шоу жасап жүрген экстрасенстерден 10 есе күшті болмақ» 
дейді Ақ Сарбаз.
Енді жағымсыз карма соққысын өзіңе тигізбеу жайлы әңгіме 
өрбітейік.
Кез-келген істің кармасы болатынын білдік. Адамның ойы 
мен сезімі тоқтамай карма тоқтамайды.
Алайда өз әрекетіңізден жеке бас пайдасын алып тастасаңыз 
оның кармасы сізді айналып өтеді.
Иә-иә! Кез-келген ісін халық игілігі үшін жасаған адам 
жаман карма соққысына ұшырамайды.
Мысалы батыр өз халқын қорғау жолында жүздеген жау 
сарбазын өлтіруі мүмкін. Алайда бұл ісі оған жаман карма 
болмайды.
«Карманың ең жақсысы – сарбаздың кармасы – дейді Ұстаз, 
– сарбаз – бұйрықты орындаушы.
Егер сарбаз қолға түскен тұтқынды қорласа, өзіне берілген 
мүмкіндікті пайдаланып бейбіт тұрғындарды қырғынға 
ұшыратса әрине ол ауыр жеке карма жасайды.
Ақ Сарбаздың міндеті – Құдайдың қалауын орындап Жер 
Дүниедегі Зұлымдық Күштерін қирату.
Бұл шайқаста миллиардтаған адамның ішінде күнәсіз 
жандар да мерт болуы мүмкін. Алайда өз жеке басы үшін емес, 
Ғарыштың тапсырмасын орындап, барлығын халқын сақтау 
үшін істеп отырғандықтан карма соққысы Ұстазды айналып 
өтпек.
Карма Заңын жақсы білгендіктен Әлемдегі болғалы тұрған 
оқиғаларды көріп отыратын Ақ Сарбаз, осы қасиетін ешқашан 
бас пайдасы үшін пайдалануды ойға алмапты.
– Бір рет қана мұғалима келіншек торт пісіріп әкеп берді – 
деп күле әңгімелейді Ұстаз.


129
Бұл менің қолдауыммен Франция футбол командасының 
Еуропа және Әлем чемпионы болған уақыты еді. Футболдан 
Әлемдік дода жүріп жатқан кез. Үйіме келген бір топ 
мұғалімдермен әңгіме-дүкен құрып отырып: «осы чемпионатта 
Франция жеңеді» деп айтып қалыппын.
– Бразилияны да ұта ма?
– Иә, оны 2х0-мен ұтады!
Бұл әңгіме туралы бәрі ұмытып кетеді. Күндердің күнінде 
дәл Франция мен Бразилия ойнайтын кезде менде болған 
мұғалима отбасылық достарымен бас қосады. Әйелдер жағы 
сериял көрейін десе, еркектер: «футбол қараймыз» деп 
теледидарды бермей қояды. Сол кезде баяғы менің сөзім 
есіне түсіп мұғалима: «қарамай-ақ қойыңдар! франция екі де 
нөлмен жеңеді» деп өздері асүйге әңгімелесуге кетіпті.
Футбол барысында әйелдің сөзі шынға айнала бастағанда 
жігіттердің бірі қызбаланып, 100 долларға бәс тігеді. Ақыры 
ұтылып қалып, ақшасын беріп: «әулие екенсің ғой!» депті.
Сөйтіп Ақ Сарбаздың арқасында ақшалы болған мұғалима 
рахметін тортпен жеткізген екен.
Ұстаздың өмірлік қағидасы – әрқашан өзінің адал еңбегімен 
күн көру. Біреуден бір тиын алмақ тұрғай, жақындаған адамға 
үйіндегі бір жақсы дүниесін ұстатып жібере салатынын талай 
көрдім. Сөйтсем осының бәрін карма қарыздарынан құтылу 
үшін істейді екен ғой.
«Кісі бергені кісіге ырыс болмас» дейді қазақ. Бұл сөз 
– біреудегі карма қарызыңды қайтарып алғанмен, жеке 
кармаңды жақсарта алмайсың дегені.
Ендеше өзімізге бережақ жандарды кешіріп үйренгеніміз 
дұрыс болмай ма?
Бұлай 
етсек, 
біріншіден 
жағымсыз 
адамдармен 
байланыстырып тұрған кармадан құтыламыз. Екіншіден жаңа 
кармалық шеңберге жолымыз ашылуы мүмкін.
Ұлтымыз бен Мемлекетіміздің және Планетамыздың 
кармасына әсер ету үшін ең алдымен топ және әулет 
кармасынан құтылып алуымыз керек емес пе?!
Ғарыш Заңдары


130
Ақ Сарбаз Әлемі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет