Ақ Сарбаз Әлемі. indd



Pdf көрінісі
бет50/109
Дата19.01.2023
өлшемі3,4 Mb.
#61959
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   109
Байланысты:
Ақ Сарбаз Әлемі

САНДУҒАШТЫҢ ЖАҢБЫРЫ
Стихияларды басқаратын күшті Сандуғаштың меңгере 
бастағанын бір-екі рет Ұстаздан естігенім бар еді. «Оның 
лақап аты – Су Перісі Сол себепті су стихиясына әсері 
бәрінен мықты болады» деді.
2022 жылдың мамыр айы жаңбырлы болды. Әлі есімде 
20 мамыр күні қой кезек еді. Жер балшық. Ауылдың қойын 
жаяу бағамын деп шыққан күні таңнан кешке дейін ақ 
жаңбыр төкпеймісің.
Су плащымнан өтіп екі етігім суға толды. Қой жүрмей ыға 
береді. Кешке таман қырқылған қой ешкілер денесін суық 
алып құлай бастады. Ауылға екі аяғымды сүйретіп, қойды 
әрең айдап келдім. Бірталай қой-ешкі далада шашылып 
қалды. Өлгені, жоғалғаны бар, елдің назасы мен қарғысын 
естіп, Ағама ішімнен өкпелеймін ғой: «Жаңбырды өлгенше 
жаудырып, мені бүйтіп азапқа салғаны несі?» – деп. Кейін 
Ұстазбен хабарласқанда: «менің бұл жаңбырға қатысым 
жоқ. Бұл – планетаны су стихиясымен тазартуға көшкен 
жаңа қожайын Сандуғаштың жұмысы – деді...
Ех, Сандуғаш, Сандуғаш...
Әйел туралы


142
Ақ Сарбаз Әлемі
ҚЫЗДЫҢ ЕКІ ӨМІРІ
Ұстаз үйіндемін. Бір күні теледидардан қазақ қызының 
ұзатылуын көріп отырып Ұстаз:
– Ер адам бір ғұмырда бір рет өлсе, қыз бала екі рет 
өледі екен ғой! – деп дауыстап жіберді.
– Қалай? – деймін.
– Қайтқан адамды ақ кебінмен шығарады. Қазақтың қыз 
ұзатуы соған ұқсас. Ақ желек ақ кебіннің символы. Қайтқан 
адамға жоқтау айтса, ұзатылған қыз сыңсу айтып бұрынғы 
жұртымен қоштасады. «Келін» деген сөз «қайтқан» деген 
сөзге ұқсас.
Қазақ осы арқылы қызына: «сен әке үйінен мәңгілікке 
кеттің. Енді барған жеріңе тастай батып судай сің» дегенді 
ұқтырған.
Өйткені қыздың әке үйіндегі еркін, ерке өмірі аяқталады. 
Ол жаңа өмір бастайды. Шындығында одан жаңа өмір 
басталады. Өйткені келін боп түскен қыз – болашақ Ана – 
жаңа өмірдің басы.
Сол себепті бұрын қазақ қоғамында күйеуінен 
ажырасу деген жоққа жақын еді. Ал, қазір қыз ұзатудың 
философиялық мағынасын ұқпай, жай жоралғы қылып 
алғандықтан ажырасудан көз ашпайтын болдық!


143


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет