146
Ақ
Сарбаз Әлемі
уайымдайсыз. «Балаларым ешкімнен кем болмай өссін»
деген ойдың жетегінде қандай қор жұмыс болса да атқаруға
дайын тұрасыз. Қазіргі көптеген қазақ әйелінің бар тілегі
– өз ұрпағын мына азғын әлемнен аман сақтап қалу. Сол
үшін жанталас ғұмыр кешуде.
Биік Дүниелердегі Құдыретті Күштер де Адамзат ұрпағын
Түнектің торынан аман сақтап қалу үшін жанкештілікпен
күресіп келеді.
Сонда қазақ әйелінің қазіргі қарекеті Ұқсастық Заңымен
Құдыретті Күштердің қимылына ұқсас болғаны ғой!
Сіз – ерекше қиын миссия арқалап келген қазақ әйелісіз.
Ол миссияңыз – ұрпағыңызды
Бесінші Сатының бұғауына
түсірмей, Алтыншы Сатыға аман алып өту. Алтыншы
Сатының балаларына Өзінің Ғарыштық жазмышын ұқтыру.
Бір күні бәріміз де Рухтар Әлеміне қайтатынымызды, сол
кезде Жерде қол жеткізген адами атақ-дәреженің бәрінен
Рух жинаған асыл қасиеттер басым тұратынын ұмытпайық.