Ақ Сарбаз Әлемі. indd


ҚАЗАҚ ӘЙЕЛІ БОЛУ ОҢАЙ МА?



Pdf көрінісі
бет53/109
Дата19.01.2023
өлшемі3,4 Mb.
#61959
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   109
Байланысты:
Ақ Сарбаз Әлемі

ҚАЗАҚ ӘЙЕЛІ БОЛУ ОҢАЙ МА?
«Тәңір Жауынгері» кітабында елдің буынып-түйініп 
кемені күтіп отыратын сәті бейнеленген әңгіме бар. Басқа 
елден жиналған әйелдер тып-тыныш отырғанда өзіміздің 
қазақтың оқыған әйелдері:
– Келетін кемең қайда? Не кеме жоқ, не үй жоқ далада 
қалдық қой? – деп күйеулеріне бажылдай бастайды...
Бұнысы несі?
Бұл қазақ болып өмір сүруден жүйкесі әбден 
жұқарғандықтың көрінісі болса керек.
Алайда мынаны ескеріңіз.
Сіз Аруақтар Әлемінен қазақ әйелінің денесін өзіңіз 
таңдап тудыңыз. Сіздің Рухыңызды «қазақ болып ту» деп 
ешкім мәжбүрлеген жоқ. Дүниеге келер алдында Сіздің 
Рухыңыз қазақтың мойнына үш Дүниеде жүктелер үлкен 
жауапкершілік пен ауырпалықты көрді. Және соны еңсеру 
үшін туды.
Сіз бұл дүниеге басқаларды жазғыру үшін келмедіңіз. 
Есеңіз кеткен жандардан кек алу үшін де келмедіңіз.
Сіз Эволюция жүгін көтерісіп, қазақ дейтін халықты 
Эволюция тығырығынан алып шығу үшін келдіңіз.
Планета халықтарының бұған дейінгі лас істерінің 
кармасы қазір қазаққа тиуде.
Сіз жеке кармаңызды, әулетіңіздің кармасын, ұлт 
кармасын өтеумен қатар планета кармасына да жауап 
берушісіз.
Арғымақты ерттеп мініп алыс сапарға шығар алдында 
сіз: «мен сені жүгендеймін, ерттеймін, сосын мінемін де 
сапарға шығамын. Сен соны қалайсың ба?» деп атыңыздан 
сұрар ма едіңіз?
Ұқсастық Заңымен де солай. Құдыретті Күштер мына 
Әйел туралы


148
Ақ Сарбаз Әлемі
дүниедегі бізден: «мұны қалайсың ба, жоқ па?» деп 
сұрамайды.
Қасапханаға бара жатқан бір отар қойдан да ешкім 
келісімін сұрамайды ғой.
Адамзат үлкен қасапхананың алдында тұруы мүмкін.
Семіріп кеткен малдың сойылатынын ескерсек, адамның 
тойымсыз құлқыны қазір жердүниені жалмап, ынсапсыз 
көңілі әбден семіріп кеткен.
Шынтуайтына келгенде қазіргі адамзаттың Ғарышқа 
түкке де керегі жоқ.
Құдай жеті қасиет көзі бар адамды жаратқанда одан 
Люциферді жеңетін Жауынгерді туғызып, тәрбиелеп 
шығару үшін ғана жаратуы мүмкін.
«Елімсіз ешқайда кетпеймін» деп шешкен Ақ Сарбазға 
бола ғана Ғарыш Оған Жаңа планетаны сыйға берді.
Алайда халқының әрбір теріс қылығы көрінген сайын: 
«сенген қойың осы ма?» деп Тәңірі Ақ Сарбазды тергеуге 
алатынын ұмытпау керек.
Оның айналасындағы адамдардың ішінен карма 
жолымен болашақта екінші Ібіліс шығып, Ол құрған Әлемді 
тығырыққа тіреуі де мүмкін.
Мұның бәрін менмендігін жоя алмаған, өзінің бар екенін 
айналасына міндет қылған Жан жасайды.
Әуелі: «менің бар екенімнен Ғарышқа пайда бар ма?» 
деп өз-өзімізден сұрайықшы.
Сіздің осы уақытқа дейін тілеген дұғаңыз қара басыңыз 
бен отбасыңыздан артылып көрді ме?
«Елім аман, жерім тыныш болсын!» деп тілеп көрдіңіз 
бе?
«Планета аман болсын!» деп тілеп көрдіңіз бе?
«Ғарыш аман болсын!» деп тілеп көрдіңіз бе?
«Менің жағдайым не болса о болсын, Ақ Сарбаз аман 
болсын!» деп тілеп көрдіңіз бе?
«Менің жағдайым не болса о болсын, елім аман болсын!» 
деп осы уақытқа дейін барлық азапқа төзіп келген Ақ 
Сарбаздың сеніміне лайық халқы бола аламыз ба?


149


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет