Ақ Сарбаз Әлемі. indd



Pdf көрінісі
бет54/109
Дата19.01.2023
өлшемі3,4 Mb.
#61959
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   109
Байланысты:
Ақ Сарбаз Әлемі

АНА ҚҰДАЙ
Вивекананда – Ақ Сарбаздың үнді әулиесі боп туған бір 
өмірі. Вивекананданың ұстазы Рамакришна өмір бойы Ана-
Құдайға сиынып, өзін Оның сәбиі секілді сезініп өтіпті.
Тіпті көшеде тұрған жезөкшені көргенде Рамакришна:
Анашым-ау, осындай қор денеде де Сенің тұрғаның 
қалай? – деп қыздың аяғын құшып еңіреп жылайды екен. 
Барлық әйел денесінен оның түпкі Құдайлық болмысын 
таныған әулие болыпты жарықтық.
Құдайдың құдыреттілігі сол, сіз оны қандай қалыпта 
көргіңіз келсе, сол қалыпта көріне алады.
Құдайды қатал Әке бейнесінде көргіңіз келе ме? Бопты. 
Ол сізді сүрінсе қолтықтан демейтін, қателігіңізге қынжыла 
бас шайқап, сынай қарап тұратын Әкеңізге айнала алады.
Құдайды қамқор Ана түрінде көргіңіз келе ме? Бопты. 
Ол сізді асқан мейіріммен бақылап, игі ісіңізге қуанып
кемшілігіңізді әрдайым кешіруге әзір жүзбен қарап тұрған 
Анаңызға айнала алады.
Үнді философиясында Құдайдың үш бейнесі бар. 
Жаратушы, Сақтаушы және Қиратушы.
Әуелі Жаратушы келіп дүниені жаратады. Одан кейін 
Сақтаушы келіп белгілі бір уақытқа дейін сақтайды. Одан 
кейін Қиратушы келеді. Өйткені жаңа Дүниені жаратар 
алдында ескісін қирату ләзім. Осылай мәңгі қайталана 
береді.
Адами көзқараспен қарағанда Жаратушы Құдайға – Әке 
болмысы көбірек келеді. Сақтаушы Құдайға – Ана болмысы 
көбірек келеді. Ал, Қиратушы бейнесіне – Құдайдың Ұлы 
көбірек жақын. Қазір Қиратушы рөлін орындаушы Ақ 
Сарбаз – Құдайдың шын берілген Ұлы деп айта аламыз.
Христиан философиясында да Құдай үш бейнеде көрініс 
Әйел туралы


150
Ақ Сарбаз Әлемі
табады. Құдай Әке, Құдай бала және Киелі Рух.
Қазақтар сиынған Ұмай Ана да – Құдай бейнесінің Ана 
образында көрініс табуы ғой!
Аңызда «Исаның 12 шәкіртінің бірі Петр қиын сәтте өз 
Ұстазынан 3 рет бас тартады. Осы күнәсі үшін Тәңірі оны 
Жұмаққа да, Тозаққа да жібермей Жұмақ қақпасының 
күзетшісі қылып қойыпты.
Бір күні Петр:
– Уа, Құдайым! Мен Жұмақты қас-қақпай күзетемін. 
Ешкімді жібермеймін. Бірақ таңертең қарасам Жұмақта 
ылғи жаңа адамдар жүреді. Бұнысы несі? – деп сұрапты.
– Түнде бақылап көрейік – депті Тәңірі.
Екеуі түнде кілттеулі тұрған Жұмақ қақпасының 
жанына келсе Құдай Ана ақ шарфын лақтырып, дуалдан 
әлдебіреулердің жанын өткізіп жатқанын көреді.
Петр ашуланып тұра ұмтылғанда Құдай:
– Тс-сс! Бөгет болма! – деп оны тоқтатқан екен...»
«Ақ Сарбаз» кітабында Ғарыш Мектебінің Жетекшісі 
Әйел адам екені сипатталған. Ғарыш Мектебінің қатал 
Ұстаздарының алдында қиын емтихандарды тапсыра алмай 
қиналған кезде Ақ Сарбазға Жетекшінің Өзі көмектесіп:
– Бұл Жауынгер болмаса, қазір Ғарыш Мектебі де 
болмайтын еді. Егер Ол емтиханды уақытылы тапсыра 
алмаса – демек Сіздер дұрыс оқытпадыңыздар! Белгіленген 
уақытта бұл шәкірт кластан класқа мінбетті түрде көшуі 
керек! – деп қатаң талап қояды.
Құдай – Біреу! Алайда Адамзат Алтыншы Сатыға аяқ 
басқан кезде Әлемнің боқтығын өзінің мейірім-шапағатымен 
жуып кетіре алатын кім?
Әрине – Ана Құдай!
Ана Құдайдың қасиеті кімнің бойынан көбірек көрініс 
табады?
Алтыншы Сатыға лайық – әйелдің бойынан!


151


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет