Ақ Сарбаз Әлемі. indd



Pdf көрінісі
бет59/109
Дата19.01.2023
өлшемі3,4 Mb.
#61959
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   109
Байланысты:
Ақ Сарбаз Әлемі

МЕНІҢ СНАЙПЕР ЖЕЗДЕМ
99 % Алашалар тұратын шағын ауыл бар. Сол ауылда жер 
қозғалса қозғалмайтын, жаны жайсаң, жүзі жылы қап-қара 
жездем тұрады. Түсі қараторы демесең жүрегі-тілегі аппақ. 
Тірі жанға жамандық ойламайтыны көзінен көрінгендей. Бірақ 
сол бар болғыр көзі – снайпер. Иә, иә! Қызығып қараса болды, 
жалп еткізеді. Негізі бұл қасиет көптеген Алашаның бойынан 
кездеседі-ау деп қалдым. Өйткені сырттай қарағанда бұл ел 
жер қозғалса қозғалмайтын, төбесінде ойнап жатсаң да былқ 
етпейтін нар түйе секілді салмақты, сабырлы көрінеді. Бірақ 
осынысына қарап можантопай, жуас екен деп ойласаң оңбай 
қателесесің. Шамалыға қызбайтын, қызса басылмайтын мықты 
халық. Іштеріндегі тентектері қаңтарда жараған бурадай, бет 
қаратпай, көзі шатынап алыстан көрініп тұрады.
Адайдың жігітін көрсең – жүзінен дауылы көрініп тұрады
Тананың жігітін көрсең – жүзінен бауыры көрініп тұрады
Алашаның жігітін көрсең – жүзінен сабыры көрініп тұрады 
деп мақалдап жіберсең болғандай.
Ал енді сол сабырлы, жайсаң жездем қалай снайпер болып 
жүр деген тақырыпқа қайта оралайық. Жездемнің өмір 
бойы қанша адамды «атқанын» әуелі Алла сосын өзі білетін 
шығар, мен снайпер жездемнен «зардап» көрген өзім білетін 
оқиғаларды баяндап берейін.


171
ЖАЯНЫ ҚҰРТҚАН ЖЕЗДЕ
Жездем жаздың бір күні екі аяқты жеңіл атарбамен 
Жаманқұдықтағы қайынатасынікіне қыдырып келіпті. Шай 
үстінде балдызы семіз ту биені сатуға ұстап әкеліп қойғанын 
әңгімелейді. Түстен кейін ауылына аттанып бара жатқан 
жездем делбені апама ұстата салып:
– Биені қарай кетейінші, семіз деп еді ғой – деп мінген 
арбасынан түсіп барып қораның есігін ашып бір қарайды да, 
қайтып келіп жайғасып жатып:
– Апырмай, жаясы дөңгеленіп жұп-жұмыр болып жатып 
қалған екен! – деп тамсаныпты. Көзі түскенде бие артын беріп 
тұрса керек.
Осыдан кейін сүт пісірімде үйден шыққан Ғаділбек балдызы 
қораға барса бие қалшылдап құлап жатыр дейді. Дереу 
пышаққа ілініпті. Сойғанда қараса жездемнің көзі түскен 
жаясы қанталап, іркілдеп кетіпті. Амал жоқ 20 килодай майлы 
етті сылып тастауға тура келген.
«АЯҒЫ ҚАТТЫ ЖҮРЕДІ ЕКЕН»
Жездемнің салқын тиіп ауыл дәрігеріне барып егіліп жүрген 
кезі болса керек. Бір күні таңғы алтыда дәрігердің үйіне барып 
кезекті егісін алып үйіне қайтып келе жатпай ма. Көшеде бір-
екі жігіт кездесіп амандасып тұрса, өзін егіп үйінде қалып 
қойған дәрігер бұдан озып ауылдың ана шетінде кетіп бара 
жатыр дейді.
«Апырай, жаңа ғана үйінде қалып еді ғой? Қалай менен 
озып кетті? Аяғы қатты жүреді екен!» деп ойлапты да бұрылып 
әңгімесін соға беріпті.
Бір кезде айғай шықты дейді. Қараса дәрігер сол жездем 
көрген жерде құлап жатыр. Жүгірісіп көмекке барады. Әлгі 
байғұс, жездемді егіп жібере сала «біреу қысылып жатыр» 
деген шақырту келіп соған шауып бара жатқан беті екен. Теп-
тегіс жерден құлап аяғы жіліншіктен сынып қалыпты.
Әңгімелер


172
Ақ Сарбаз Әлемі
ҚАП, ТҮКІРІП ҮЛГЕРЕ АЛМАЙ ҚАЛДЫМ-АУ!
Жездем үй шаруасына шорқақ болғанмен техникаға жақсы 
қарайды. Көліктің моторы мен төрт дөңгелегі болса жүргізбей 
қоймайтын қолы шебер.
Үнемі қала мен екі ортада қатынап жүргенде кейде өз 
машинасына да көзі тиетін уақыттары болады екен.
Қалай дейсіздер ғой. Қиын ештеңесі жоқ. Тегіс жолға түсіп 
аңыратып келе жатқанда:
«Апырмай, мына машинам жақсы жүріп кетті ғой» деп 
ойласа болды көлігі төбеден ұрғандай тұра қалады екен. Қолы 
шебер жездем шұқылап қайта шығарып алады. Сондайда 
жездем:
«Қап, түкіріп үлгере алмай қалдым-ау!» деп өкінетін 
көрінеді.
МЫНА ПРИЦЕПТІҢ ДӨҢГЕЛЕГІ МЫҚТЫ ЕКЕН!
Тоқсаныншы жылдарда темекі қат замандар болды ғой. 
Бір күні Базаршолан ауылында тұратын Әлібек балдызына 
жездемнің жолы түсіпті. Балдызы тіркемелі тракторды жалдап 
Атырау облысына бір шаруамен аттанғалы жатыр екен. Есік 
алдында тұрған прицептің үш дөңгелегі ескі, біреуі су жаңа 
болса керек. Жездем қарап тұрмай:
– Апырмай, мынау алдыңғы бір дөңгелегің мықты екен, 
біразға шыдайтын шығар! – депті.
– Қой жезде, түкір! Жолға аттанғалы тұрғанда мұның не? – 
деп балдызы ойбай салады. Жездесі де бас пайдасын біледі.
– Екі пәшкі темекі әпер! – дейтін көрінеді.
– Мә, саған бір пәшкі жарайды – деп балдызы аттанып 
кетіп, барған жағында сол жаңа дөңгелек бес рет жарылып, 
жамап қорлық көріпті. Қайтар жолда әлгі жаңа дөңгелектің 
покрышкасы айырылып қалып ауылға дискімен келіпті.
СЕНІҢ МЫНА КҮРТЕҢ ТОЗБАЙДЫ ЕКЕН!
Қыс мезгілі. Оралдағы Қазыбек інішектің үйіне қонып таңғы 
шай ішіп базарға шыққалы жатқанмын. Снайпер жездем де 
жолы түсіп осында келіп отыр еді. Күртемді киіп аттанғалы 


173
қоштасып жатқан маған қарап:
– Сенің мына кожный күртең тозбайды екен! – риясыз 
жымиды.
– Тоздырып не қыласың? Түкір, жезде! – деп шығып 
кеттім. Базарға барып тоңазыи бастағанда күртенің замогын 
жабайыншы деп тартып қалып едім, замок сынып айырылды 
да қалды. Тоңғаным-ай!
ТІСТЕРІ ТҮП-ТҮГЕЛ ЕКЕН!
Бұл снайпер жезде балдыздарын аямай ататын неғылған 
адам деп отырған шығарсыздар. Атайын деп атпайды, 
байқаусызда атылып кетеді ғой! Әйтпесе бұл жездемнің 
балдыздары түгілі өзінің бәлен жыл отасқан әйеліне де көзі 
тиген.
Оқиға былай болыпты. Бір күні жездем ала таңнан шәйін ішіп 
алып Оралға аттанып кетеді. Жер шалғай, күн қонып ертеңгі 
күні кеште қайтады екен. Жездем кете салысымен апамның 
тістері қақсай бастайды. Ас-су татпай, ұйқы көрмей жездем 
келгенше жаны көзіне көрініпті. Кеште жездем келгенде 
алдынан шығып.
– Ойбай, Сансызбай, машинаны сөндірме! Мені ауданға 
апар! Кешеден бері бүкіл тісіп қақсап есімді шығарды! – дейді.
Жездем машинасын сөндіріп, сабырлы қалыпта ыржиып 
апама қарап:
– Тфә-тфә! шайыңды қоя бер! – дейтін көрінеді.
Сол сол-ақ екен апамның тісі ауырғаны су сепкендей 
басылыпты.
– Апырмай, сен қалай емдедің? – десе:
– Кеше таңғы шай үстінде аузыңа көзім түсіп, «тістері түп-
түгел екен!» деп сүйсініп едім дейтін көрінеді.
ТҮКІРГЕНІНЕ РАХМЕТ!
Апамды «аямаған» бұл жездем мені де құлатқаны бар. 2013-
жылы Алматыға баруды ойлап Ұстаздан рұқсат сұрағанымда:
– Сен биыл келме. Екеумізге келетін бір қатер бар! – деп 
ескертті. Көп кешікпей Ұстаз Алматыдан өзінің белге тағатын 
Әңгімелер


174
Ақ Сарбаз Әлемі
3 белдігін беріп жіберіпті.
«Ол не қылған қатер екен?» деп ойлап, барынша сақтанып 
жүрдім. Оның жездем болып жетіп келетінін қайдан білейін...
Жаздың бір күні жездем жалғыз өзі қыдырып келе қалды. 
Ертең шөп шабуға шығамыз деп трактористпен келісіп 
дайындалып жатыр едім.
Кешқұрым жездем есік алдында темекі тартып жүресінен 
отыр. Мен мәйкішең алдынан әрі-бері өтіп, шаруа қамымен 
жүрмін. Құлағыма:
– Балдыздың бұрынғы қабысқан қалпы өзгеріп, ет бітіп
қарны шығып жақсы боп қалыпты-ау, тфә-тфә! – деп өзімен-
өзі күбірлеп отырғанын құлағым шалды. Мән бермедім.
Ертесі жездем кетті. Тракторист келіп тракторды қыздырып, 
орақты тіркегелі жатыр. Көмектесе қояйын деп темірдің бір 
жағын көтеріп қалғанда белім кілт ете түсті. Шойырылып 
құладым да қалдым. Сол құлағаннан үйге төсенішпен көтеріп 
кіргізіп, үш күн тұра алмай жатып, емші әкеліп сипатып барып 
әрең жазылдым ғой! Омыртқа ашылып, жұлын қыстырылып 
қалыпты.
Содан бері сәл суық болса бел қозғалтпай қалатын болды. 
Мұндайда Ұстаздың белдіктері мың да бір ем.
Ойлаймын ғой: жездем түкірмегенде тұрмайтын боп 
құлайды екем, түкіргеніне рахмет! – деп.
P. S. Бұл жақсы көретін жаны жайсаң жездем туралы аз 
ғана естелік. Тұрсынбек айтпақшы шетелде Қазақ сияқты 
снайпер көзді қасиетті адамдар жоқ шығар. Әйтпесе «жақсы 
нәрсеге көзім тимесін, тфай!» деп ырымдап түкірген Қазақты 
сотқа бере ме? Осындай снайпердің сынына шыдап жүрген біз 
де мықтымыз-ау а?
Айтпақшы, менімен де абайлап сөйлесіңдер! Әйтпесе 
снайпер жездемді жіберемін!


175
Өлеңдер
ӨЛЕҢДЕР
Жүректі талай жақтық қой,
Өшпесін Тәңірім, От менен.
Шұғыла болу – шаттық қой,
Түнекке қарсы беттеген!


176
Ақ Сарбаз Әлемі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет