Ақ Сарбаз Әлемі. indd


АҚ САРБАЗБЕН АЛҒАШ КЕЗДЕСКЕНДЕ



Pdf көрінісі
бет60/109
Дата19.01.2023
өлшемі3,4 Mb.
#61959
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   109
Байланысты:
Ақ Сарбаз Әлемі

АҚ САРБАЗБЕН АЛҒАШ КЕЗДЕСКЕНДЕ
Жарқ етіп көкке шашылды жалын,
Өртімнен өзім қорықтым.
Кенеттен Көкке ашылды жаным,
Арайлы Нұрға жолықтым.
Атаққа ниет таластырмадым,
Алдымнан күттім жаңа әнді.
Арманым мені адастырмадың,
Ақыры таптым Ағамды!
Көкірегім көзін ашып тұр нұрға,
Алтыншы Көкке өтуге.
Ғашық қылдың ба, асықтырдың ба?
Тәңірге ғана жетуге.
Құдірет Күшке қайранмын, АҒА!
Қуаныш қылдың қайғымды.
Атыңнан СЕНІҢ айналдым, АҒА!
АҚ САРБАЗ деген айбынды.
Артыңнан СЕНІҢ ергім келеді,
Отыммен түріп түнекті.
Жерұйық жасап бергім келеді,
Қуантып барлық жүректі.
Адамға асыл тіректі берген,
Тәңірге сенем, сиынам.
Түнекті жеңген ЖҮРЕКті көргем,
Жырламай қалай тиылам?!!
01.07.1994жыл


177
* * *
Жүрегіңдегі жаққан отыңмен,
Құтқардың жерді қап-қара түннен.
Көтердің қанша ғасырдың жүгін,
Өтермін СІЗДІ мақтан етумен.
Жауыздық жанды қарыған кезде,
Жалғызсыраған, налыған кезде.
Тәңірдің еркі әкелді СІЗГЕ,
АҚСАРЫБАС! – дедім таныған кезде.
Арымды менің аршыдың кірден.
Ашылды СІЗГЕ жан сырым бірден.
Адамда мендей арман болар ма,
Ақиқат нұрдың жарқылын білген.
* * *
Тәңірді білдім. Ұқтырдың.
Қазақтың жерін құт қылдың.
Бұғауын үзіп тұтқынның,
Түнектің бәрін ықтырдың.
Бейнесін түріп сайтанның,
Зұлматтың күшін тойтардың.
Иемді менің таныттың.
Киемді менің қайтардың.
Қаншама ғасыр құр қаңғып,
Шындыққа жетпей шырмалдық.
Жолықтым АҚ САРБАЗЫМА
Жолыңа жаным құрбандық!!!
Жолыңа жаным құрбандық!!!
* * *
Өлеңдер


178
Ақ Сарбаз Әлемі
АҚ САРБАЗ СӨЗІ
Төрелік етер тегім бар,
Түнектен алар кегім бар,
Киелі байтақ жерім бар,
Көшпенді ҚАЗАҚ елім бар.
Алтынға арын сатпаған,
Тәңірлік салтты сақтаған,
Желмая мінген бабам бар,
ЖЕРҰЙЫҚ іздеп таппаған.
Даланың заңы жүйелі,
Қонақты халқым сүйеді.
Күйім де менің киелі,
Емшегі нардың иеді.
Үлкенді сыйлап иілген,
Өнерге жаны сүйінген,
Жеріне келіп жау кірсе,
Жұдырық болып түйілген.
Шешендік десе көсілген,
Мерейін әнмен өсірген,
Тыныштық тілеп тірлікте,
Кектенбей жауын кешірген.
Арамдық болмас арымда,
Даламның күші қанымда,
Ұлың боп тудым халқым-ау,
Ақ Сарбазыңды қабылда!
Сайтаннан сесін асырған,
Аспаннан түнек қашырған,
Тәңірге ғана бас ұрған,
Жаралған Жанмын жасыннан.


179
Қолымда менің барлығы –
Қиналған Жердің тағдыры.
Жерұйық жасау еліме
Тәңірдің соңғы жарлығы.
Қайыспай өтсем сынақтан,
Ол – мені туған Қазақтың,
Қаныма біткен нарлығы!
РАХИЛҒА
«Бірін-бірі сүйген жандар барлық параллель дүниелерде 
бір-бірімен кездеседі» («Ақ Сарбаз» кітабы 2022ж 86-б.)
Жүрегімнің жалындаған отымен,
Ғасырларды бұзып-жарып өтіп ем.
Тауды бұзып, көктеп өттім теңізді,
Теңімді іздеп сорлы жердің бетінен.
Ғашық жүрек жұбанбаған күлімдеп,
Арым адал бір Тәңірге жүгінбек.
Қалаларды қиратқанмын сені іздеп,
Қаһарымнан жердің беті дірілдеп.
Өксігенде өзекке мұң мекендеп,
Жан Жарыма қалай ғана жетем деп.
Шәйір болдым шаттық іздеп шараптан,
Сенсіз өмір бәрі жалған, бекер! –деп.
Жауларымнан Мен емеспін жеңілген,
Байлық, билік, атақтан да жерінгем.
Адал терім, адал қаным төгілген,
Мәңгі бірге болу үшін өзіңмен.
Симай жатыр саған айтар сыр менде,
Жеткізбедің Жер бетінде жүргенде.
Сені іздедім қара түнге кіргенде,
Түнек күшін жасын болып түргенде.
Өлеңдер


180
Ақ Сарбаз Әлемі
Сағындым ғой дидарыңды сыр тұнған,
Жүрегімді баса алмаймын бұлқынған.
Күнім, мені Жерұйықта күттің бе,
Батырыңа жеңіс тілеп сыртымнан?
Көкіректі кернеп жатыр көп арман.
Жерді сақтап қалу үшін жаралғам.
Аждаһаның алты басын шаптым мен,
Жетіншісін құртпай бірақ, оралман!
* * *
Ата жаудың әуселесін мен көрдім,
Түйреп өтіп көк найзаның ұшымен.
Түнекті де тас-талқан ғып жеңгенмін,
Құдірет берген көк жалынның күшімен.
Ібілістің сайтан көлеңкелерін,
Көзімдегі ар отымен қуырдым.
Ақырғы рет шайқасамын – дегенмін, -
Сол үшін де ҚАЗАҚ болып туылдым!
Аспанды да ашатұғын алыппын,
Тәңір құйған таза нұрға жуындым.
Ары таза қонақжайлы халықтың,
Арасында АҚ САРБАЗ боп туылдым.
Арды сүйген, барды сүйген жүрекпен,
Шайқасармыз, шыдам деген шаққа тұр.
Алып шығам қапастағы түнектен ¬–
Қазақсың ба, сарбазым бол, сапқа тұр!!!
* * *


181


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет