Ақ Сарбаз Әлемі. indd



Pdf көрінісі
бет65/109
Дата19.01.2023
өлшемі3,4 Mb.
#61959
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   109
Байланысты:
Ақ Сарбаз Әлемі

АТАСЫ МЕН НЕМЕРЕСІ
(сахналық қойылым)
Немересі:
– Ата, қазақтың салт-дәстүрлері туралы айтыңызшы
Атасы:
– Е, балам, қазір қазақтың салт-дәстүрін ұстайтын кім бар 
дейсің. Көбі маскүнем боп, ұры боп бұзылып кетті ғой.
Немересі:
– Неге, ата? Қазақтың салт-дәстүрін мына мен ұстаймын. 
Сіз тек маған өзіңіз білетін жақсы дәстүрді үйретіңіз.
– Шырағым-ай, қазір қазақтың салт-дәстүрін ұстайтын 
заман ба? Елдің бәрі шетелдің дәстүріне ауып кетті ғой. Басы 
жасайтындар бизнес дейді. Құрттай балдарға дейін кәмпит 
демейді компьютер дейді.
Немересі:
– Оның бәрі ақырында тақырға отырады, ата! Адамзат 
экологиялық апатқа ұшырап, жер шары қирап жатқанда 
шетелдің дәстүрі қазақты құтқара алмайды.
Атасы:
– Ой, ақылыңнан айналайын, құлыным. Шын айтасың. Қазір 
ақырзаман болып жатыр. Баяғы шалдар айтқан ақырзаманның 
7 белгісі әлдеқашан келді.
Немересі:
– Ата, сол 7 белгіні айтып беріңізші.
Атасы:
«Ақырзаман болғанда су тартылады,
Қарап тұрған жігітке қыз артылады.
Үйді биік салады,
Жастар сөз алады,
Қарттар қарап қалады,
Дүниенің бәрі ғайбатталады,
Елдің бәрі базарға шабады» – депті бұрынғылар.


211
Немересі:
– Ата, дұрыс айтасыз. Соның бәрі болып жатыр. Ал, енді 
елді ақырзаманнан құтқаратын батыр туралы бұрынғылар 
айтқан ба?
Атасы:
– Ақырзаман болғанда көктен Иса түседі, жерден Мәді
шығады. Мәді батыр Тажалмен арпалысады. Мәді мен 
Тажалдың күрескен жеріндегі басып кеткен жер-дүниенің бәрі 
қирайды – деуші еді.
Немересі:
– Ата, сіз бәрін біледі екенсіз ғой! Мәді деген Ақ Сарбаз ғой. 
Ал, Тажал деген Құдайға қарсы шыққан Люцифер. Қазір жер-
дүниедегі жауыздық күштерін Ақ Сарбаз қиратып жатыр.
Атасы:
– Не айтып кеттің, балам? Ақ Сарбаз деген кім?
Немересі:
– Ата, сіздердің саналарыңыз сайтанның идеологиясымен 
уланып қалған. Мәді туралы білесіздер де, сол Мәді – Ақ Сарбаз 
деген жаңа атпен жерді түнектен арашалауға келгенде оған 
сенбейсіздер.
Атасы:
– Балам-ау, егер Ақ Сарбаз Мәді болатын болса, ол жердің 
астынан шығып Тажалмен күреспей ме?
Немересі:
– Жоқ, ата, олай түсінбеу керек. Жаратылыстың заңы 
өзгермейді. Мәді 1942 жылы 23 мамырда Қазақтың баласы 
болып дүниеге келді. 35 жасында ғана қасиеттері түгел 
ашылып, Ұстазы Исаның қолдауымен Ғарыш Шайқасын 
бастады. Қазір бүкіл дүниеде көрінбейтін күрес жүріп жатыр.
Атасы:
– Апыр-ай, ә?
Немересі:
– Ата-ау, телевизордан көріп жүрген жоқсыз ба, былтыр 
Жапония мен Қытайдың бірталай жері суға кетті. Түркияда 
жер сілкінді. Биыл Австралия суға кете бастады. Бара-бара 
полюстер ауысып, қазақ жерінен басқасы суға кетеді де арал-
арал болып қалады. Осының бәрін Ақ Сарбаз істеп жатыр.
Сценарийлер


212
Ақ Сарбаз Әлемі
Атасы:
– Астапралла, о тоба, мынау не дейді? Ақырзаманның 
баласы бәрін біледі деген осы-ау. Шырағым, сен осының бәрін 
қайдан білесің?
Немересі:
– Ақ Сарбаз кітабынан білем, ата!
Атасы:
– Ал, сонда Ақ Сарбаз неғыл дейді кітабында?
Немересі:
– Ақ Сарбаз жазады: Адамдар азғындық пен апаттан 
құтылу үшін мейірбандық жолымен, көшпенді салтты ұстанып, 
табиғатқа қайтып келуі керек дейді. Яғни, қазақтың баяғы 
жақсы дәстүрлерін қайта жандандырып, ізгі ниет, таза 
сезіммен дүниені өзгертеміз.
Атасы:
– Қарағым-ау, оған бізді басқа халықтар жібере ме?
Немересі:
– Ата, қорықпаңыз. Ақ Сарбаз ортамызда тұрғанда бізге 
ешкім саусағын да тигізе алмайды. Тек біз өз Батырымызды 
өзіміз қолдауымыз керек.
Атасы:
– Ойпырмай, шырағым-ай. Мынау жақсы хабар екен. Ей, 
Тәңірім-ай, менің халқымның да көретін жарығы бар екен ғой!
– Ай, балам-ай, ал ақырзаман болып бәрі қырылса 
неғыламыз?
Немересі:
– Ата, саспаңыз. Ақырзаман жауыз адамдарға ғана болады. 
Ал, жақсы адамдарға алтын заман болады.
Атасы:
– Алтын заман деген қандай заман тағы?
Немересі:
– Ол – Жерұйықтағы өмір.
Атасы:
– Жерұйық?
Немересі:
– Иә, иә, ата. Асанқайғы бабамыз іздеген. Жерұйыққа бізді 
Ақ Сарбаз алып барады. Дүние қирап, қайта түлегендегі жаңа 


213
материк – Жерұйық деп аталады.
Атасы:
– Апырмай, сонда Жерұйыққа біз барамыз ба?
Немересі:
– Құдай өмір берсе, Ақ Сарбазға сеніп, ізгілік жолымен 
жүрген елдің бәрі Жерұйыққа барады.
Атасы:
– Ай, балам-ау, жаман айтпай жақсы жоқ. Егер біз олай-
бұлай боп кетсек қалай болады?
Немересі:
– Егер Жерұйыққа барғанша бұл дүниеден өтіп кетсеңіз, 
күндердің-күнінде біздің баламыз болып дәл Жерұйықта 
өмірге қайта туатын боласыз.
Атасы:
– О, тоба, Жаратқан Ием өзің жар бола гөр. Ақ Сарбаздың 
айтқаны келсін. Халқы соңынан ерсін.
– Әй, кемпір, кемпір! Сен қайда жүрсің әй, қағынды 
келгір! Сүйінші, Жерұйық болады дейді. Қап, түйемді сатып 
жібергенімді қарашы! Әй, кемпір, деймін! Тәуір киімдерімді
шапанымды өтектеп қой. Құдай өмір берсе Жерұйыққа барып 
қалармыз.
(Кетеді)
Шымылық.
21.03.2000ж
Сценарийлер


214
Ақ Сарбаз Әлемі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет