Ақ Сарбаз Әлемі. indd



Pdf көрінісі
бет67/109
Дата19.01.2023
өлшемі3,4 Mb.
#61959
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   109
Байланысты:
Ақ Сарбаз Әлемі

ЕҢ БАСТЫСЫ ЭВОЛЮЦИЯ
(Сахналық қойылым)
Қатысушылар: екі бала, бір қыз. 5-сынып оқушылары
(Сахнаға екі бала шығады)
1-інші бала
– Әй, сен, мана мұғалімнің айтқанын жақсылап ұғып алдың 
ба?
2-інші бала:
– Нені?
– Ғарыш заңдарын түсіндіріп еді ғой
– Иә, иә, білемін. Ғарыштың 7-заңы бар.
– Иерархия заңын білесің бе?
– Неге білмеймін. Иерархия деген төменді басқару, жоғарыға 
бағыну. Топырақтан өсімдік биік, өсімдіктен хайуанат биік
хайуанаттан адам биік...
– Тоқта, тоқта. Оны мен де білем. Ал, адамның ішінде де 
Иерархиялық деңгейлер болады ғой
– Әрине, інісі ағасын тыңдайды, ағасы әкені тыңдайды.
– Тұра тұр, тұра тұр. Сен бұрын менің алдымды орап кететін 
едің, енді мені бүгіннен бастап қалт етпей тыңдайтын боласың.
– Неге?
– Өйткен, мен сенен 1 жасқа үлкенмін. Иерархиям биік.
– Қарай гөр өзін. Бір жаста тұрған не бар екен?
– Жо-оқ, үлкен мағына бар. Мен сенен 1 жыл артық өмір 
сүрдім. Ендеше сенен мен 1 жыл биікте тұрмын.
– Олай емес. Мен саған айтайын...
– Солай, солай. Сен тыңда. Иерархия заңын бұзба. Мұғалім 
айтты ғой: әрбір тіршілік иесі Эволюция заңымен қозғалып, 
Құдайға барып қосылады деп.
– Сен Құдайға барып қосылуды дұрыс түсінбегенсің.
– Тәйт! Сөзді бөлме. Мен сенен Эволюцияны бірінші 
бастадым. Ендеше мен Құдайға қарай 1 жыл саған қарағанда 
Сценарийлер


218
Ақ Сарбаз Әлемі
жақындау тұрмын. Сен маған Иерархиялық жоғары Тіршілік 
Иесі ретінде қызмет етуің керек.
– Соқ өтірікті! Сені 1 жасқа келгенше жүре алған жоқ деп 
мамаң айтушы еді ғой. Менен артық өмір сүрген 1 жыл ішінде 
сен түкте бітірген жоқсың. Көп болса, гаршокке отырып 
үйренген шығарсың.
– Сен мені бүйтіп мазақтама! Сен Ғарыш Заңдарын бұзайын 
деп жүрсің ғой.
– Ғарыш Заңдарын мен неге бұзамын. Бұзбаймын
– Ендеше, неге менің үлкендігімді мойындамайсың?
– Сенің жасың үлкен болғанмен, басың үлкен емес. Егер 
менен Иерархиялық дәрежең биік болса, математикадан 
көшіріп алайыншы – деп маған жалынбас едің.
– Қап, мынаны-ай! (Қолын бір сілтейді. Қастарына қыз бала 
келеді)
Қыз:
– Сендер неменеге қызылкеңірдек болып жатырсыңдар?
2-інші бала:
– Екеуміз Иерархиялық орынға таласып жатырмыз.
Қыз:
– Не-ме-не?! Иерархиялық орынға таласудан қандай жаман 
карма шығатынын білмейсіңдер ме? Люцифер туралы мұғалім 
айтып еді ғой.
1-інші бала:
– Жо-жоқ. Біз Люцифер болайық деп жүрген жоқпыз. 
Құдайға қарсы болайық деп жүрген жоқпыз. Біздер мына 
екеуміздің арамыздағы жас айырмашылығына дауласып 
жатырмыз.
Қыз:
– Тастаңдар дауды. Сендерге Иерархиялық қызмет керек 
болса, мен көрсетейін. Кеттік, мектеп маңындағы гүлдерге су 
құю керек. (көпшілікке бұрылып:)
– Ең бастысы – Эволюция!!!
(Екеуін итермелеп алып кетеді)
Шымылдық.
28.10.1999 жыл


219


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет