220
Ақ
Сарбаз Әлемі
бәрін плюс ретінде иемденеді.
5-кезең. БІЛІМ МҰХИТЫ. Ойыншы ыдыстағы бүктеулі
қағаздарға жазылған сұрақтардың біреуін алып, соған жауап
береді. Дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі. Қате жауапқа ұпай
қосылмайды.
Егер ойыншы ойын барысындағы 4-інші кезеңде нәпсі
шыңырауына құлап, бұрынғы барлық ұпайынан айырылса, ол
Эволюция шеңберінен шығарылып «Астралды тозақ»
дейтін
шеңберге барып күтеді. «Менталды жұмақ» шеңберінде өз
еркімен ұпайын өзгеге қосып ойыннан шығушылар күтеді.
Бұлар 1-інші тур біткенде ментал шеңберіне жиналып, Құбылу-
қайта туу» қақпасы арқылы «Эволюция шеңберіндегі ойынның
2-інші турын бастайды.
Бірінші турда сынақтан өткендер жиған ұпайларына
сай Иерархиялық орынды иеленеді.
Бұл жерде әр ойыншы
иерархиялық деңгейін одан әрі биіктету үшін екінші турға
қайта қатыса алады. Алайда, бұрынғы ұпайы уақытша есепке
алынбай нөлден қайта бастауға мәжбүр болады.
Егер нәпсі шыңырауына құлап, бүкіл ұпайын жоғалтса, онда
бұрынғы өмірінің ұпайынан да айырылады. Егер екінші турдың
барлық сынынан аман өтсе оған бірінші турдың ұпайы үстеме
қосылады.
3-тур аяқталған соң төреші – Бас Иерарх, «Эволюция»
жолында «биік дамыған»
ойыншыларды атап, орындарын
хабарлайды. «Алтыншы Сатыға» лайықты ұпай жинағандарға
«Жерұйық» сыйлығын табыс етеді.
Ойын барысында «Алтыншы Саты деңгейіне» көтерілген
ұпайы жоғары оқушылар 6-сатының «мейірбандық принципіне
сүйеніп өз ұпайларының белгілі бір санын 2-інші немесе үшінші
турды
жаңа бастаушыларға беріп, олардың ұпайын көбейте
алады.
Егер алған ойыншы эволюция шеңберінен аман өтсе, алған
ұпайын қайтарып береді. Ал, құлап кетсе берушінің ұпайы
қоса күйіп кетеді.
25.10.1999ж.