Ақ Сарбаз Әлемі. indd



Pdf көрінісі
бет69/109
Дата19.01.2023
өлшемі3,4 Mb.
#61959
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   109
Байланысты:
Ақ Сарбаз Әлемі

РУХАНИ ІЗДЕНІС
Тәнім ғана пенделердің сапында,
Отты Әлемге сапар шекті ойларым.
Шұғыла мен шуақ күші хақында,
Нұрды Жерге түсірсем деп ойладым.
Рухани ізденіс


222
Ақ Сарбаз Әлемі
ДІН ДЕГЕН НЕ?
Ұстаздан өнеге ала жүріп, менің түсінігімде Дін дегеніміз – 
келісім-шарт.
Бұған дейін Ғарыш Күштері мен Адамзат арасында 3 рет 
келісім-шарт жасалды. Ол келісім-шарттар жазбаша құжатпен 
бекітілді. Атап айтсақ:
1-ші келісім-шарт Мұса арқылы жасалды. Құжаты – Таурат.
2-ші келісім-шарт Иса арқылы жасалды. Құжаты – Інжіл.
3-ші келісім-шарт Мұхамбет арқылы жасалды. Құжаты – 
Құран.
Ол келісім-шарттар не үшін жасалды?
Эволюция жолынан тайып, азғындаған адамзатты, 
сайтанның торынан құтқарып, Құдайға қайтару үшін жасалды.
Бұл – бейнелеп айтқанда жұмысшы мен компания 
арасындағы келісім-шартқа ұқсайды. Екеуі де бір-біріне 
сенбейтіндіктен келісім-шарт тиісті құжатпен бекітілген. 
Мысалы: компанияның жұмысшыдан талап ететіні болады, 
міндеттейтіні болады. Және осы талаптарын орындаған 
жағдайда тиесілі еңбекақысын береді. Жақсы орындаса 
сыйақы беруі мүмкін. Өте жақсы орындаған озық жұмысшысын 
тіпті курортқа (жұмақ) демалысқа жіберуі бек мүмкін.
Егер жұмысшы міндетін дұрыс орындамай, көзбояушылық 
жасаса, компания мүлкін жымқырса, жемқорлыққа ұрынса 
керісінше айыппұл арқалап, тіпті түрмеге (тозақ) түсуі де 
ғажап емес.
Дінде де тап осындай. Әр діннің өз жамағатына 
міндеттейтін шарты, қағидаттары бар. Бұл жерде мыңдаған 
жыл ішінде Түнек Күштері храмды да, шіркеуді де, мешітті де 
жайлап, «келісім-шарт» кітаптарына өздерінің «баптарын» 
енгізіп үлгергендіктен, ол діндер қазір біздің жемқорлықты 
ауыздықтай алмайтын, жалпақшешей конституциямыз сияқты 
болып тұр.


223
Сол себепті дәл қазіргі таңда ешбір дінге құлай сенуге 
болмайды. Бұл туралы 100 жыл бұрын Шәкәрім:
«Бұл күндегі діндердің бәрі нашар
Ешбірі түзу емес көңіл ашар
Өңкей алдау, жалғанды дінім дейді
Тексерсең ойың түгіл, жаның сасар
Әлемдегі діндердің түп мақсұты:
Үш нәрседе бұлжымай құшақтасар
Құдай – Бір, Ұждан – дұрыс, Қиямет – шын
Еш діннің мақсұты жоқ мұнан асар» – дейді.
Енді Тәңіршілдікке оралайық. Тәңіршілдікті дін дегеннен 
гөрі, Тәңірлік Сенім деген дұрысырақ.
Тәңіршілдік – Әке мен Баланың арасындағы байланысқа 
ұқсас. Бұл байланысты ұстап тұрған – туыстық қарым-
қатынас. Оған жазбаша құжаттың, келісім-шарттың керегі 
жоқ. Қарапайым тілмен айтқанда Әке мен Бала бір-бірін жақсы 
көреді. Әке ұлын «ұлым» деп қарайды, «құлым» деп емес. 
Бала да соған лайықты болуы үшін жанын салады. Қорықса тек 
Әкесіне жақпайтын қылық жасап қоюдан қорқады. Ойласаңыз: 
бұрынғы Тәңіршіл қазақ дәл осындай болған жоқ па?
Ислам келгенге дейін Тәңіршіл бабаларымыз әлемдегі 
барлық басқыншы жаулардың бетін қайтарып, қиратып 
жеңіп келді. Батырларымыздың жаудан жеңіле бастағаны, 
сағы сынып, аруағы қайтқаны исламға әбден бой ұрған кезде 
болды. Мойындайық: Жанқожа батыр намаз үстінде өлді. Бес 
уақ намазын қаза қылмаған Исатай батыр Тәңірі қолдауынан 
айырылып басы шабылды. Бес уақ намазын қаза қылмаған 
соңғы ханымыз Кенесары батыр Тәңірі қолдауынан айырылып, 
бассыз қалды.
“Ер кезегі үшке дейін” Енді адамзат пен Құдай арасында 
ешқандай келісім-шарт болмайды. Елші келмейді. Қиратушы-
Жауынгер – Тәңір Жауынгері келеді. Ол әлдеқашан келді. 
Жер бетінде тамырлап кеткен Әлемдік Зұлымдықты қирату 
жұмысын жүргізу үстінде. Және жұмысы аяқталуға жақын...
11.11.2021ж.
Рухани ізденіс


224
Ақ Сарбаз Әлемі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет