241
ЕКІНШІ ТҮС
Ойым мен сезімімді таза ұстауға тырысып, Ұстазға берілуден
басқаны ойламауға күш салып іштей арпалысып жүрген кезім
еді. Түсім екен деймін.
Ақ Сарбаздың қасындамын. Ұстаз маған іріңдеп, ісік
кеулеген арқасын көрсетті. Ұстаз
денесінің Ғарыштың кіші
бейнесі екенін білемін.
Жотасындағы Жерұйықтың қал болып таңбаланған картасын
да көргенмін. Мені қатты қорқытқаны сол Жерұйық таңбасы
іріңді жараның ортасында қалып, жойылып кететіндей көрінді.
«Қал түсіп қалайын деп жатыр!» деп шошына дауыстап
жіберіппін.
Ұстаз мені жұбатып бір нәрсе деді. Есімде жоқ. Келесі
есімде қалғаны қайткенде де менің Ұстазға көмектесуге тиіс
екенімді сезіп, не істерімді білмей аласұрамын. Емдейін десем
Ғарыштың кіші бейнесін емдеуге менің шамам келе ме? Ақ
Сарбаз өзін-өзі ғана мынандай кеселден емдей алады.
Ендігі көргенім мынау еді: 4-5
кеспірсіз құбыжық құрт
Ұстаздың арқасында жорғалап жүр екен. Бейнелеп айтқанда
инеліктің личинкасы сияқты. Соларды алақаныммен сипап
түсіріп, табаныммен таптап езіп жатырмын. Сөйтіп оянып
кеттім...
Шамасы планета үлкен апаттардың алдында тұр-ау деймін.
(18 ақпан, 2005 жыл)
Рухани
ізденіс