274
Ақ
Сарбаз Әлемі
Кесапаты тиер еліңе.
Елім өссін десең
ӨРШІЛ БОЛМА –
Өскеніңді өшірерсің.
Басына іс түскен пақырға
ҚАСТЫҚ ҚЫЛМА –
Қайғысы көшер басыңа.
Жанашыры жоқ жарлыға
ЖӘРДЕМШІ БОЛ асыға!
Қиын-қыстау күндерде
Өзі келер қасыңа!» (Қазыбек би)
Ислам дініндегі елдер Құдай жолынан адаспас үшін
шариғатпен жүрсе, туғаннан Тәңірі перзенті боп жаратылған
қазақ, баба дәстүрін ұстанып Ғарыш Заңымен жүрген. Оған
Киікбай шешеннің мына бір сөзі дәлел:
«Ақылым – атам
Білімім – бұрынғы бабам
Салтанатым – сабырым, сүзіп сөйлейтін сөзім.
Нан табарым – нарым.
Жанашырым – анам мен жарым.
Бақытым – балам.
Бұл менің толғаным, армансыз болғаным.
Ешнәрсеге емеспін алаң!»
275
ӨЛІМ
«Өлмесе қайда кетті, бұрынғының кәрісі?
Өлім деген – ұзақ жолдың алысы» (Досбол шешен)
Өткен ғасырда біздің өлкеде
Арыстан есімді атақты емші-
сынықшы, көріпкел әулие кісі өтіпті. Сол Арысекең өзіне
емделуге барған кісі уақыты жетіп тұрған болса:
– Үйіңізге қайтып тойға дайындала беріңіз. Кешікпей ұзақ
жолға шығады екенсіз – деп шығарып салады екен. Немесе
ауыр науқасты емдеуге шақыртып барған адам үйге кірген
бойда:
– Той болып қалыпты ғой! Қайта беріңіз – дейтін көрінеді.
Бұл сөз әлгі науқастың қайтыс болғанын білдіреді екен.
Өлім – қайту – мына дүние адамдары үшін – қайғы, Рух үшін
– мереке екенін әулие жақсы білген.
Қайтудың өзі әркімге әрқалай бұйырады. Қиналып өлетіндер
бар. Қиналмай-ақ күліп өлетіндер бар.
«Өзінің мына дүниедегі миссиясын орындаған адам өлімнен
қорықпайды» дейді Ақ Сарбаз.
Бұрынғы батырлардың миссиясы –
елі мен жерін қорғау,
қажет болса сол жолда құрбан болу еді. Сол себепті жаудың
аз-көбіне қарамайтын көзсіз батырлар көп болды.
Қиналып өлудің де Рухты шыңдауға көмегі бар. Алайда
ешкім де өзіне қиын өлім сәтін тілемесі анық.
Әйгілі күйші Дина өлер алдында қиналып жатып, домбыраны
ымдап көрсетіпті. Домбыраны әкеп кеудесіне қойған кезде бір
қолын әзер көтеріп ішекті дың еткізіп бір қағыпты да үзіліп
жүре берді дейді. Мен осы туралы айтқанда:
– Домбыра оның қиналмай кетуіне көмектесті – деді Ұстаз,
– өйткені ол домбыраға еңбегі сіңген ұлы күйші еді. Өлер
алдында қиналуының себебі – Кеңес үкіметін насихаттап
шығарған күйлері болды ғой. Зұлымдықты өнерімен насихаттау
Рухани ізденіс
276
Ақ Сарбаз Әлемі
– адамның кармасын ауырлатады.
– Ертеде қазақта жаны шықпай қиналған адамның
домбырасын көзінше алып, ішегін дың еткізіп пышақпен қиып
жіберетін дәстүр болған – дейді Мұрат Ғұбайдуллин қария, –
адамның қиналмай үзілуіне осылай көмектескен.
Қазақ негізінен торқалы той, топырақты өлімде кездесіп,
бір-бірін қолдап, ағылып келіп той болса «құтты болсын»,
қаза болса «қайырлы болсын» айтуға асығады.
Әдетте еңбектеген сәби мен еңкейген қарияның дүниеден
өткеніне қазақ көп жыламайды. Өйткені сәбидің ауыр кармасы
жоқ, қарт болса кармасын өтеген жан ретінде о дүниеде екеуі
де тығырыққа тірелмейтінін білген.
Қазақтың жоқтап,
жылайтыны орта жастағы адам
өлгенде. Өйткені мұндай жаста адамның көбі түрлі кармалық
байланыстар арқылы жеке, топ, әулет кармасында борыштар
болады.
Қайтқан адамның қарасын, үшін, жетісін, қырқын, жүзін,
жылын беру – сол жанның карма қарызын жеңілдетіп, о
дүниедегі жолын ашуды көздеген игі дәстүр бізде сақталған.
Егер біреудің марқұмда алажағы болса, дұға дастарханынан
ауыз тиіп кеткенінің өзі оның қарызының қайтарыла
бастағанына есеп. Алажақ
адам осы арқылы оны кеше ме
кешпей ме өзі біледі.
Тірі кезінде емші, әулие болған тұлғалардың өлген соң да
халық түнейтін киелі орынға айналуының кармалық мәні бар.
Ұлттық кармадан құтылу оңай емес. Сол себепті әулиенің
Рухы бұдан бірнеше ғасыр бұрын өтіп кетсе де Биік Дүниеде
жүріп адамдарға көмектесу арқылы, халқы алдындағы
кармалық борышын өтейді.
Күніне бәлен адамды жерлеп жатса да адам өзінің қалай
өлетінін ойлағысы келмейді. Өйткені Рух өзінің ажалсыздығын
біледі. Жан үшін өлім жоқ!
«Ақыл мен жан – мен Өзім, тән – менікі
Мен менен менікінің мағынасы екі
Мен өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан
Менікі өлсе өлсін, оған бекі» – дейді Абай.
Қабір азабы,
қыл көпір, Мүңкір-Нәңкірдің тергеуі – ислам
277
жолындағылар үшін шындық боп шығуы мүмкін. Өйткені неге
сенсең – алдыңнан сол шықпақ.
«Өлген кезде алдыңнан аңқыр-мүңкір шығады» дейді
Тыныштықбек ақын.
Аңқыр – жақсы істеріңнің жұпар иісі. Мүңкір – жаман
істеріңнің сасық иісі.
Дүниедегінің бәрін иіс арқылы ажыратып, иіспен бағалайтын
Қазақтың табиғатына осы пәлсапа келеді меніңше!
Достарыңызбен бөлісу: