Ақ Сарбаз Әлемі. indd



Pdf көрінісі
бет88/109
Дата19.01.2023
өлшемі3,4 Mb.
#61959
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   109
Байланысты:
Ақ Сарбаз Әлемі

БЕС КҮН ЖАЛҒАН
«Тірлікке бола бес күнгі
Ренжіте көрме ешкімді» (Мұқағали)
«Бес күн жалған» деген не? Неге төрт күн емес? Неге алты 
күн емес?
Менің пайымдауымша, біріншіден бесінші сатыға дейін біз 
Физикалық Дүниеде өмір сүрдік.
Физикалық Дүние адам Рухын жетілдіріп, шыңдау үшін 
әдейі жаратылған уақытша, жалған құрылыс болатын. Осыны 
түсінген қазақ бұл дүниені «жалған» деп атаған. «Дүние – 
боқ» деп есепсіз дүние жинаудан аулақ болған. Қазақтың 
байы өзіне біткен мыңғырған малымен аймағын асыраған – 
елдің құты еді. Қазақтың бай дегенінің бар дүниесі бірнеше 
түйеге артып көшіп кетуге жарайтын.
Физикалық Дүниеде өтуге тиіс бес эволюциялық айналымды 
қазақ – БЕС КҮН ЖАЛҒАН деп атаған.
Неге алтыншы күнде жалғандық жоқ? Өйткені адам 
алтыншы сатыда Құдайға жақындайды. Рухы оянады, санасы 
толығады, Ғарышты таниды. Өзінің өлмес Рух екенін түсінген 
Жан мәңгілік өмірге қадам басады.
Оның одан кейінгі өмірі жалған болмайды.
Рухани ізденіс


278
Ақ Сарбаз Әлемі
СӨЗ ӨНЕРІ
«Сөз қадірін білмеген – өз қадірін білмейді» (мақал)
Қазақтың салт-дәстүрі – біздің жуан тамырымыз. Отбасы– 
сол тамырдан шыққан көп бұтақтың бірі. Сәби – жемісі.
Тамырды – Иерархия деп түсіну керек. Тамыр берер шырын-
нәрді бұтақ жақсы өткізсе жеміс те нәрлі, дәмді болады.
Қазақтың салт-дәстүрін ұстану – Иерархия Заңын орындау, 
Иерархия тамырынан нәр алу.
Байтақ сахараны мекендеген еркін қазақ халқын Иерархия 
жолымен жүргізіп келген қандай күш? Иерархия Заңы ненің 
арқасында сақталды? Түрме, ақша, милиция, әскер болған 
жоқ қой. 
Қазақ ешкімге құл болғысы келмеген. Өз еркіндігін 
байлықтан да, биліктен де артық бағалаған. Қазыбектің 
Қонтәжіге айтатын сөзі соның дәлелі.
«Жағым сынса да, сағым сынбасын т.б мақалдар осының 
айғағы. Ал, енді осы Еріктілік Заңымен жүрген халық, қанша 
соғыстан аруағын жасытпаған халық, қорқытқаннан гөрі 
алдағанға көнетін халық жазылмаған заңды ұстап Иерархия 
жолынан қалайша таймай келді? Қазақтың қорқатыны бар ма?
Қылыш, 
найзадан 
қорықпайтын, 
ашаршылықтан 
қорықпайтын, кедейліктен қорықпайтын қазақтың да қатты 
қорқатын нәрсесі бар еді. Ол – СӨЗ ӨНЕРІ.
Қазақ – ақынжанды, шешен халық. Сөз қадірін түсінетін, 
сөзді бәрінен жоғары бағалайтын халық. Ұстаған жерінен 
сынып, жығылған жерінде қалатын мәрттікке қазақты 
тәрбиелеген – СӨЗ ӨНЕРІ. 
«Отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге тарайды» 
деген қазақ, сол тараған сөздің өзіне тиетін масқарасынан 
қорыққан. «Көргенсіз» – деген сөз әдепсіз балаға ғана емес, 
ата-анаға да тиетін еді. Сондықтан әр адам өз шаңырағына, 


279
ата-тегіне, руына, жүзіне қара күйе боп жағылар жағымсыз 
қадам жасамауға тырысқан. «Сүйекке таңба» салатын ұят істің 
мазағынан қателесуші адамның ұрпағы да құтыла алмайтын. 
«Сенің бәленше атаң сондай еді» деп бетіне басып, сөзден 
мүдіртетін болған. 
Қазақта сөз өнерінің жетілгендігі сондай, ердің құны екі 
ауыз сөзбен шешілетін болды. Сөзге күйініп, сөзге сүйінетін 
қазақ, сөз өнерін меңгерген ақындарын, шешендерін, билерін 
сыйлап, құрметтеді. 
Иерархия Заңын түрмесіз, ақшасыз, милициясыз бір ғана 
СӨЗ ӨНЕРІ тепе-теңдікте ұстап отырды.
Қазаққа тура сөйлеуді кім үйретті? Өсек те, өтірік те сөзден 
туады ғой.
Қазақты Иерархияның ақиқат жолына түсірген оның 
көшпелі өмірі, еркіндікке деген құштарлығы сырт жаулары 
мен табиғаттан көрген қорлығы болды. «Өтірік сөз өрге 
баспайтынын» «ащы да болса ақиқат жақсы екенін» қазақ 
қауымындағы әрбір адам жан-жүрегімен түсінді.
Ауызбірліктің сақталуы, бауырмалдық, қауым боп қиындық-
қуанышты бірге көтеру, ел қорғау, жерді-малды сақтау сөздің 
құдіретімен жүзеге асырылып отырды.
Әділ сөздің, тура сөздің түп төркіні қайдан шығады? дейтін 
болсақ, ол әр шешеннің жүрегінен шығып, тыңдаушының 
жүрек таразысына салынып бағаланатын еді.
Иерархия – көзге көрінбейтін Ғарыш Санасы сахара 
қауымының биі боп төрелік жүргізді, шешені боп дауды бітірді, 
батыры боп елді қорғады, ханы боп қауымын биледі.
Ешбір жасанды догманы ұстанбай, өздерінің табиғи, адал, 
турашыл, еңбексүйгіш, қонақжай қалпында қазақ халқы СӨЗ 
ӨНЕРІ арқылы Құдайды тани бастаған болатын.
Өмірдің мәнін, тірліктің түпқазығын СӨЗ арқылы тану – 
Інжілде жазылған «Ең әуелі сөз болды. Бәрі сөзден шықты» 
деген қағидаға сай келетін...
Рухани ізденіс


280
Ақ Сарбаз Әлемі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет