Министерство здравоохранения и социального развития республики казахстан қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



Pdf көрінісі
бет29/117
Дата20.01.2023
өлшемі1,31 Mb.
#62049
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   117
Байланысты:
Қалыпты физиология

миофибрилла құрамында 1500 миозин және 3000 актин миофиламенттері 
(жіпшелері) болады. Оның ішінде жуан жіпшелер – миозин, ал жіңішкелері - 
актин болып саналады. Актиннің шиыршығында, ет талшықтарын 
жиырылтатын немесе босаңсытатын ақуыз – тропонин және тропомиозин 
орналасады. Миофибрилланың құрылымдық-әрекеттік бірлігі – саркомер 
болады, ол екі Z- мембрана (Z-дискілері) арасында жатады. Саркомердегі 
миозин және актин жіпшелері гексогеналды орналасады – бір миозиннің 
айналасында алты актин жіпшелері болады. Миозин жіпшелері саркомердің 
ортасында болғандықтан, ол жер микроскоптың астында күңгірт тілім 
(анизотропты А-дискі) ретінде көрінеді. Ал А-дискінің екі жағында ашыңқы 
тілім (изотропты I-дискі) көрінеді, онда тек актин жіпшелері орналасады. 
Миозин талшығының тұла бойында көлденең өсінділері болады, олардың 
актин жіпшелерімен әрекеттесуі еттің жиырылуына келтіреді. 
Актин және миозин жіпшелерін қатар ұстап тұратын көп мөлшерлі, 
молекулярлық салмағы жоғары және жіпше тәрізді ақуыз – тайтин болып 
саналады. Сонымен қатар тайтиннің молекуласы шашақты болуына 
байланысты, оның серпімдігі өте жоғары болады. Сондықтан саркомердің 
жиырылтқыш аппаратының қалыпты жұмысы басталғанша, тайтиннің 
серпімді молекуласы каркас тәрізді актин және миозин жіптерін бірге ұстап 
тұрады. 
Саркоплазма. Әрбір ет талшығында көптеген миофибриллалар өте 
жақын және қатар орналасады. Олардың арасындағы кеңістікте, құрамында 
көптеген калий, магний, фосфаттар және ферменттерге бай, жасушааралық 
сұйықтық – саркоплазма бар. Сонымен бірге мұнда өте көп мөлшерде 
митохондрий болады. Олар миофибриллалардың жиырылуына қажет АҮФ 
түрінде энергия бөледі. Миофибрилланы қоршаған саркоплазмада дамуы 
жетілген саркоплазмалық ретикулум бар, онда еттің жиырылуына өте 
қажет Ca
2+
иондары болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет