Министерство здравоохранения и социального развития республики казахстан қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



Pdf көрінісі
бет38/117
Дата20.01.2023
өлшемі1,31 Mb.
#62049
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   117
Байланысты:
Қалыпты физиология

Жүйке жүйесінің қызметі
1) біріктіруші-үйлестіруші қызметі. Әртүрлі мүшелер мен физиологиялық 
жүйелердің қызметтерін бірімен-бірін келістіріп толық қамтамасыз ету; 
2) адам организмінің қоршаған ортамен тығыз байланыстарын биологиялық 
және әлеуметтік деңгейде қамтамасыз ету; 
3) әртүрлі мүшелер мен тіндердегі және өзіндегі зат алмасу деңгейін реттеу. 
4) ОЖЖ-нің жоғары бөлімінің қатысуымен психикалық әрекеттерді қамту. 
7.2. Нейрон. Құрылыс әрекшеліктері, маңызы, түрлері 
Жүйке тіндерінің құрылымдық және әрекеттік бірлігі жүйке жасушасы – 
нейрон. Нейрон – мамандандырылған жасуша, оның ақпаратты қабылдау, 
кодқа айналдыру, өткізу және сақтау қабілеті бар, басқа нейрондармен 
байланыс жасап, тітіркендіруге организмнің жауап реакцияларын 
ұйымдастырады. 
Нейронның әрекеттік (функциялық) бөлімдері: 
1) қабылдаушы бөлімі (дендриттер мен нейрон денесінің мембранасы); 
2) біріктіруші (интеграциялау) бөлімі ( сома мен аксон төмпешігі); 
3) таратушы бөлімі (аксон төмпешігі мен аксонның өзі). 
Қабылдаушы бөлімі:  
Дендриттер – нейронның негізгі қабылдаушы аймағы. Дендрит 
мембранасы медиаторларға сезімтіл болады. Нейронда тармақталған бірнеше 
дендриттер болады, сондықтан нейронға ақпарат әкелетін кіру арналары 
көбейеді. Маманданған түйіспелер арқылы ақпарат бір нейроннан келесі 
нейронға беріледі. 
Нейрон денесі мембранасының қалыңдығы 6 нм және ол екі қабат 
липидтік молекуласынан тұрады. Осы мембрананың липидтік қабатында 
оған кіріп тұрған ақуыздар (белоктар) бар, олар бірнеше қызмет атқарады: 
1) 
ақуыздар-тартқыштар 
(насостар) 
– 
жасушадағы 
иондар 
мен 
молекулаларды концентрациялық градиентке қарсы жылжытады; 
2) мембрананың таңдамалы өткізгіштігін қамтамасыз етеді; 
3) қабылдаушы (рецепторлық) белоктар қажетті молекулаларды айырып 
таниды және оларды мембранаға бекітеді; 
4) нейронның бетіндегі ферменттер химиялық реакциялардың өтуін 
жеңілдетеді. Кейбір жағдайларда бір ғана ақуыз (белок) қабылдаушы да, 
фермент те, тартқыш та бола алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет