ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ
№1. Дәріс. Кіріспе. Ақпараттың қолданбалы теориясы пәнінің
негізгі зерттеу нысандары. Ақпарат теориясының негізгі түсініктері мен
міндеттері
Ақпарат алмасуын оңтайлы ұйымдастыру, адамдардың тәжірбиелік
қызметіне үлкен маңызы бар. Жаңа заманға сай, қоғамның қалыпты жұмыс
істеуіне қажетті ақпарат көлемі, шамамен өнеркәсіптік потенциалдың даму
дәрежесіне пропорционалды түрде өсуде. Ақпаратпен қамтамасыз ету
сұрақтарымен
айналысып
жүрген
мамандардың
(қызметкерлердің),
өнеркәсіпте жұмыс жасап жүрген жұмысшылардың үлесіне қарағанда ұлғая
түсуде. Сондықтан, ақпараттық процестердің теориялық және тәжірбиелік
негіздерін игеретін ғылымдар құрамына жататын ақпараттық теория (АТ),
бұл жағдайда өте актуальды болып саналады.
Ақпаратты қабылдау, тапсыру, өңдеу, сақтау және қолдануға
байланысты ақпарат теориясының негізін жеке ғылыми пән ретінде ХХ
ғасырдың 40-шы жылдары американдық ғалым К. Шеннон қалаған. К.
Шеннон ұсынған теория – энтропия – анықталмағандығының сандық
өлшемінің беріктігі түсінігі мен онымен байланысты – ақпарат саны –
түсінігіне негізделген. Ақпараттар теориясы қалыптасуының басқа бір
факторы ретінде ақпаратты тасымалдаушы – сигнал – екендігін түсіну және
оның табиғатта кездейсоқтығы. Энтропия және ақпарат мөлшері
ұғымдарының негізінде ақпараттар теориясында сигналдардың және
ақпараттық жүйелердің маңызды сипаттамалары енгізілді.
Курс бағдарламасында (силлабусында) мына негізгі тақырыптар
қарастырылған: ақпараттар теориясының фундаментальдық жағдайы,
ақпараттың сандық өлшемі, математикалық модельдер, детерминді және
кездейсоқ сигналдардың көріністі пішіндері, ақпаратты уақыт бойынша
дискреттеу және деңгей бойынша кванттау, ақпаратты тасымалдау жүйесі
мен каналдарының негізгі сипаттамалары.
Достарыңызбен бөлісу: |