1 сұрақ. ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр басындағы əдеби ағымдар мен бағыттар



Pdf көрінісі
Дата22.01.2023
өлшемі6,8 Mb.
#62346
Байланысты:
Снимок экрана 2022—06—10 в 10.07.05



6 билет
1 сұрақ. ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр басындағы əдеби
ағымдар мен бағыттар
біз 1920–30-жылдары əдебиеттің өре-деңгейі, даму өрісі
турасында болған, кезінде үнемі таластар мен тартыстар
туғызып отырған əдеби-теориялық ой-пікірлер ішінен өз
мақсатымызға орай ағымдар мен көркемдік əдіс
төңірегіндегі болжамдар мен көзқарастарға тоқталамыз.
Ұлттық əдебиеттану ғылымының қалыптасуы мен
дамуына арнап бірнеше сүбелі еңбектер жазған ғалым
Ж.Смағұлов: «Жалпы қазіргі таңдағы қазақ
əдебиеттануында ұлттық əдебиетіміздегі романтизм,
реализм, сыншыл реализмнің көркемдік əдіс ретінде
көрініс табуы мен əдеби ағымдар платформасының
қалыптасуы кең масштабта қарастырылған жоқ. Əдебиет
теориясына арналған монографиялардағы анықтамалық
сипаттамалар мен жеке ақын-жазушылар
шығармашылығын қарастырған еңбектердегі ой-пікірмен
қанағаттанып жүрміз. Сол себептен де 20-жылдар
əдебиетіндегі көркемдік əдіс мəселесі даулы күйде қалып,
30-жылдардан басталған социалистік реализмге бір-ақ
секіріп келдік» деп ағымдар мен əдістер теориясының əлі
де болса жүйелі зерттелмей келе жатқанына қынжылыс
білдіруі де əбден орынды [1].
ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі саяси қысымдардан
салыстырмалы түрде болған тəуелсіздік əдеби-теориялық
ізденістердің өрістеуіне біршама жағдай туғызды.
Пролетарлық əдебиеттің өкіліміз дейтін төңкерісшіл
қайраткерлерге əдебиеттің таза эстетикалық
заңдылықтарына сүйене отырып жауап қатқан мақалалар
соның айғағы. Сөз өнерінің саясат шылауында қалуының
неге апарып соқтырарын болжаған Қ.Кемеңгеров
«Еңбекші қазақ» газетінде жариялаған «Көркем əдебиет
туралы» атты мақаласында: «Шынында, біздің көркем
əдебиет қоғам тұрмысын шет-пұшпағынан тартып жүр.
Сол шет-пұшпақтың өзін көбінесе кейбір жазушылар
романтизмге, символизмге айналдырып отыр. Кейбір
жазушылар не үгітке, не жалаңаш порнографияға
айналдырып отыр. Осы күнге дейін шын реализммен
жазылған Бейімбет өлеңдері (мұның да біразы үгіт,
насихат, ұран) шын реализмнен қоныс теппеу себебінен
шын тұрмыстың бəрін қисайтып жібергендік», — дейді


[2]. Қазақ əдебиеттанушылары ұлттық əдебиеттің
болашақ даму жолына байланысты «Тікен» деген
бүркеншек атты иеленген автордың «Əдебиет мəселесі
туралы» деген мақаласындағы айтылған ойларға да назар
аударып келеді. («Тікеннің» кейінде көркемдік əдіс
мəселесінде біраз адасушылықтарға ұрынғаны да белгілі).
Ол: «Октябрь төңкерісіне орта жолдан қосылған
жазушыларымыз шу дегенде балға, төс, фабрика, завод,
автомобиль, аэропланнан бастап, жалпы бұқараның
тұрмысынан алыс болса да, интернационализм
бағытымен əдебиетке бір тарау жол салды. Міне, бұл —
төңкерістің олжасы. Бұл жолдағылардың бағыты болмаса,
өлеңдерінде, қара сөздерінде суретшілік кем. Көбі айқай,
еліктеу, əдеби ұрлық» дей отырып, əдебиеттің халық
өмірімен қабыспай, оның тұрмыс-тіршілігінен бірте- бірте
алыстап бара жатқанын дұрыс аңғарап, дер шағында
мəселе көтере білді [3].
Ұлттық əдебиеттің алдағы өрісі төңірегіндегі таласты
пікірлердің барлығы даурықпалы сипат алып кетті деуге
болмайды. Ол тартыстардың ортасында ғылыми негізді ой
білдірген, саясаттан дербес, əдеби-теориялық білікке
сүйенген еңбектер болғаны белгілі. Аталмыш кезеңдегі
əдеби- теориялық ізденістер көркем əдебиеттің табиғи
сипатын ашуға ұмтылды да, көкейкесті деген бірнеше
мəселелерді күн тəртібіне алып шықты. Əдебиет
мəселелеріне белсене араласқан сыншылар мен
зерттеушілер ең маңызды деген мынадай сұрақтарға
жауап табуға тырысты: Ұлттық əдебиет қазір қандай
дəуірді (сатыны деп те айтуға болады) басынан кешіруде?
Қандай көркемдік əдістер мен əдеби ағымдар үстемдік
құруда? Дəстүрлі көркемдік таным мен басқа əдебиеттер
ықпалының арасалмағы қандай?
Əдебиетшілер алдына мұндай сұрақтардың көкейкесті
қойылуы олардан əдеби-теориялық біліктілікті талап етті.
Бұл əдеби үрдісті ғылыми-теориялық тұрғыдан талдауға
мұрындық болды. Əдебиетті зерттеудегі осындай
прогрестік жолды ұстанғандар деп Ж.Аймауытовты,
Ж.Сəрсенбинді, М.Əуезовтерді айта аламыз. Əрине,
олардың көзқарастарын жаңа қалыптасып жатқан саяси
талаптарға көзсіз беріліп кеткендер бөлісе бермегені,
əрбір əдеби-эстетикалық құбылыстың байыбына
бармастан мейлінше қарсылық көрсеткені белгілі.


2 сұрақ. Кемпірбай Бөгембайұлы шығармашылық
өмірбаяны
Кемпірбай Бөгенбайұлы (1834-1895), ақын, əнші. Арғын
тайпасы Қаракесек руы Таз Наманай бөлімінен
шыққан[1].
Шөже, Тезекбай, Əсет, Жəмшібай сынды ақындармен
айтысқан. Бұл айтыстар халық арасына кең тараған.
Кемпірбайдің шығармалары «Таң» журналында (Семей,
1925, № 1), «Қазақтың ескі əдебиет нұсқалары» (А., 1931),
айтыс жинақтарында (1939, 1948, 1965, 1988), «Бес ғасыр
жырлайды» кітабында (1985, 1989) жарияланды. Əсет
ақынның Кемпірбай ауырып жатқанда келіп, өлеңмен
көңілін сұрағаны, оған Кемпірбайдын қайтарған жауабы -
көркемдік жағынан қазақ айтысының інжу-маржаны. Əсет
қоштасу өлеңіне таңдау жасағанда, осыған баса назар
аударған («Əдебиет тарихы», А., 1991). «Өлерде өлеңмен,
əнмен қоштасу - көбінесе ақындардың əдеті» -
Кемпірбайдың өлерде айтқан сөзі сондайлық көңіліне
тығылып жүрген сырды ашады» деп, ұлы жазушы ол
сырдың қандай сыр екеніне тоқтапған. Кемпірбайды бес
жасынан бастап ақындықтың иесі - Дəуіт пайғамбар
иектеп, ақындық өнерді дарытқан екен. Өлеңнің көкала
үйрек секілді бөлек жаны, бөлек денесі бар. Сол сый енді
ақынның кеудесінен ұшқалы жатыр. Арманы - осы қадірлі
сыйдың ұрпағына қонбай, мұның əулетінен біржола
жоғалып кетуі. Жалғыз арман, мұң - осы. Сөйтіп ұрпақ
өнерсіз қалмақ. «Міне, коштаскан жерде жүректегі сыр
мен кеңіңде кетіп бара жатқан арманды айтқан жері» деп,
зерттеуші қоштасу өлеңіне ғылыми сипаттама берген.[2]
3 сұрақ Абай Құнанбайұлының «Қараша, желтоқсанмен
сол бір екі ай»
Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі аи...» - Абайдың 1888
ж. жазған өлеңі. Əрқайсысы 4 тармақты 9 шумақтан
тұрады. Бұл Абайдың пейзаж лирикасының ішіндегі
таңдаулы шығарманың бірі, көшпелі қазақ аулының
əлеуметтік жіктелісін, тұрмыс айырмашылығына нық
көрсеткен мазмұны терең, көркемдігі жоғары, идеясы биік
туынды. Мал сүмесімен күн көріп отырған елдің
шаруашылық əрекеті, тіршілік тəсілі, табиғат қабағын
баққан мінезі салған жерден аңғартылады. Көп нəрсенің
түп қазығы өріске, жер жағдайына байланған, өмір сүру,
тірлік кешу, жан бағу - бəрі де осыған келіп тіреледі.
Ақын күн суып, ауа райы бұзылып, күз созылып, қысқа
аяқ басқан шаруашылыққа қолайсыз бір шақтағы қалт-
құлт еткен ауыл өмірінің қоңторғай суретін реалистік


дəлдікпен, нақты адамдар тұлғасы арқылы, тірі, жанды,
əрекетті күйінде, буын бұрқыратып алдың атартады.
Табиғат суреті мен адамдар қимылы жымдаса
бейнеленген.
Өлеңде Абайдың əлеуметтік көзқарасы айқын, бай мен
кедей тап өкілдері өз атымен аталып, əрқайсысының
тіршілік қалпы, мінезі нақты іс-əрекетімен, қимыл-
қозғалысымен көрінеді. Ертеңгі күннің қамын жеп, үнем
жасап, қыстауға қонбай, күзеуде ықтырмада отырған бай,
мал бағып далада жүрген кедей, жылынуға отын таба
алмай, бүрсең қағып, тоңған иді жылытып, тон илеп,
шекпен тігіп отырған байғұс əйел - осы жалпы сурет
бірте-бірте тіпті айқындалып, жаңа бояулармен толығып,
көшпелі қазақ ауылының тұтас бейнесіне айналады. Ұлы
ақын, ұлы суретші Абай назарында бəрі бар: маздап
жанған от болмағандықтан, қақтана ҚАРАШЕВ алмай
азынаған кемпір-шал, көзінің жасы аққан кедей баласы,
ептеп кəрі қой сойған, айналасына киіз тұтқан жылы
үйдегі байдың баласы, кедейге берген орта қап қара қый -
осының күллісі ескілікті өмір салттың қанық бояулы
бөлшектері. Көшпелі ауылдың таптық айырмасына
шықайтқан, бір жақта байлық, бір жақта жоқшылық
барлығын өмірдің өз суретімен дəл көрсетіп берген үлкен
реалист ақынның шын ықыласы қорланғандар,
тапталғандар жағында, бүйрегі кедейге бұрып, жүрегі
сыздап тұр. Ақын кедейге байдың дəулетін берсе
қолынан, бермесе жолынан тартып ал, қират, бұз, жой
демейді, байды да, кедейді де ымыраға, бірлікке, келісімге
шақырады. Өлең 11 буынды қара өлең үлгісімен
жазылған. Алғаш 1909 ж. С.-Петербургте жарық көрген
«Қазақ ақыны ИбраҺим Құнанбайұғылының өлеңі» атты
жинақта жарияланды. Басылымдарында аздаған
текстологиялық өзгерістер кездеседі. Мүрсейіт
қолжазбаларында 2-шумақтың 3-жəне 4-жолдары
«Мүздаған иін жылытып, тонын илеп, Шекпен тігер
қатындар бүрсең қағып» делінсе, басылымдарда бұл
жолдар 1909 жылғы жинақ негізіңде «Тоңған иін
жылытып, тонын илеп, Шекпен тігер қатыны бүрсең
қағып» деп алынған. Мүрсейіт қолжазбаларында 3-
шумақтың 1-жолы «Жас ба лаға отын жоқ тұрған маздап»
болып берілсе, 1909, 1954 жылғы басылымдарда «Жас
балаға от та жоқ тұрған маздап», 1933, 1939, 1945, 1957
жылғы жинақтарда «Жас балаға үйде от жоқ тұрған
маздап» деп алынған. Мүрсейіт қолжазбаларында, 1933,
1939, 1945 жылғы басылымдарда З-шумақтың 4-жолы


«Бір жағынан қысқанда жел де азынап» болса, 1945, 1957
жылғы жинақтарда 1909 жылғы басылымбойынша бұл
жол «Бір жағынан қысқанда о да азынап» делінген. 1939,
1945 жылғы басылымдарда өлеңнің жазылған кезеңі -
1889 ж. деп көрсетілген. Туынды қарақалпақ, орыс,
ұйғырт т.б. тілдерге аударылған.
Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай —
Қыстың басы бірі ерте, біреуі жəй.
Ерте барсам жерімді жеп қоям деп,
Ықтырмамен күзеуде отырар бай.
Кедейдің өзі жүрер малды бағып,
Отыруға отын жоқ үзбей жағып.
Тоңған иін жылытып, тонын илеп,
Шекпен тігер қатыны бүрсең қағып.
Жас балаға от та жоқ тұрған маздап,
Талтайып қақтана алмай, өле жаздап.
Кемпір-шалы бар болса, қандай қиын,
Бір жағынан қысқанда о да азынап.
Кəрі қой ептеп сойған байдың үйі,
Қай жерінде кедейдің тұрсын күйі?
Қара қидан орта қап ұрыспай берсе,
О да қылған кедейге үлкен сыйы.
Қар жауса да, тоңбайды бай баласы,
Үй жылы, киіз тұтқан айналасы.
Бай ұлына жалшы ұлы жалынышты,
Ағып жүріп ойнатар көздің жасы.
Бай үйіне кіре алмас тұра ұмтылып,
Бала шықса асынан үзіп-жұлып,
Ық жағынан сол үйдің ұзап кетпес,
Үйген жүктің күн жағын орын қылып.
Əкесі мен шешесі баланы аңдыр,
О да өзіңдей ит болсын, азғыр-азғыр.
Асын жөндеп іше алмай қысылады,
Құрбысынан ұялып өңшең жалбыр.
Жалшы үйіне жаны ашып, ас бермес бай,
Артық қайыр артықша қызметке орай.
Байда мейір, жалшыда пейіл де жоқ,
Аңдыстырған екеуін құдайым-ай!


Алса да аяншақтау кедей сорлы,
Еңбек білмес байдың да жоқ қой орны.
Жас бала, кемпір-шалын тентіретпей,
Бір қыс сақта, тас болма сен де о құрлы.
7 билет
1 сұрақ ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр басындағы əдебиеттің
дамуы: тақырыптық, жанрлық, көркемдік жағы
сəйкес талданды. ХХ ғасыр басындағы қазақ əдебиеті мен
қазақ қоғамының тарихы арасындағы жанды байланысқа
баса назар аударылып, содан туындайтын көркемдік
шындық пен тарихи шындықтың аражігіне жете көңіл
бөлінуде. Жаңа реалистік, демократтық ағартушылық
əдебиет пен дəстүрлі əдебиеттің өзара үндестігі мен
көркемдік-эстетикалық
бағыттары да қайта қаралуда. Ұлттық
əдебиетті жедел дамытқан Ахмет Байтұрсынов,
Міржақып Дулатов,
Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, Сəбит
Дөнентаев, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Сəкен Сейфуллин
тұлғалары мен əдебиеттегі мəртебелі жаңашылдық
қызметіне жаңаша назар аударылуда. Сол арқылы
кезеңнің көркемдік шындығы зерделенді. Ұлттық
əдебиеттің өрісін кеңейтіп, өресін биіктеткен бұл ұлы
жаңашыл дарындардың дəстүр жалғастығы XХ ғасырда
да қанат
жайды. Абай мектебі, Абай дəстүрі мен дүниетанымы
жаңа қазақ əдебиетінің негізгі арқауына айналды. Осы
кезеңде қазақ əдебиеті жанрлық, түрлік тұрғыда,
мазмұн мен халықтық мұрат жағынан жедел өсіп
өркендеді. Əдебиеттің поэтикасы байыды, тəжірибесі
молықты. Баспасөз бен əдебиет байланысы артты.
Қоғам мен əдебиет аралығындағы байланыс барынша
айқындық сипат
алды. Əдеби байланыс өрістеді. Тұтастай
алғанда, XX ғасырдың басында əдебиет жаңа сипаттармен
толысып, ұлттық сананың сара көрінісіне жол ашты. ХХ
ғ.б. қазақ əдебиеті тарихы осындай сипаттарымен
ерекшеленеді. Осы
тақырыптың өзі жоғарыдағы ерекшеліктерімен өзекті
саналады.
Тақырыптың жаңалығы. Зерттеу
жұмысында ХХ ғасыр басындағы қазақ
əдебиеті тақырыптық, жанрлық, түрлік тұрғыда, мазмұн
мен көркемдік тұрғыда арнайы қарастырылады. Кезең
əдебиеті туралы бұрын-соңды жазылған ғылыми зерттеу


еңбектеріне барынша зер салып, ғылыми жəне кезеңнің
көркем
туындыларын қайта қарап, кезең əдебиетінің сан қырлы
ерекшелігі туралы
аналитикалық талдау жасау жұмыстың
жаңалығы саналады. Тақырыптың теориялық,
практикалық маңызы. Зерттеу жұмысы ХХ ғасыр
басындағы əдебиеттің даму мəселелерін
зерттеу арқылы ХХ ғасыр басындағ əдебиет тарихы мен
теориясына қосары бар деп білеміз.
Зерттеудің мақсат, міндеттері.
Жұмыстың негізгі мақсаты - ХХ ғ.б. қазақ əдебиетінің
даму ерекшеліктерін талдау. Міндеттері:
- Кезең əдебиетінің ағымдық
ерекшеліктерін саралау;
Қазақ əдебиеті тарихындағы өзіндік
ерекшелігі басым тұстардың бірі - XX ғасыр басындағы
он бес-жиырма жыл.
Бұл кезең шиеленісті қоғамдық-саяси
оқиғаларға толы болды да, мəдени- рухани дүниеде
күрделі де шешуші
құбылыстарды тудырды. XIX ғасырдың
соңына қарай қалыптасып, өзіндік даму сатысына
көтерілген ағартушылық, демократтық бағыттағы əдебиет
кайраткерлеріне енді жаңа ХХ ғасыр
табалдырығында туындаған казақ халқының ұлттық-
əлеуметтік сан алуан мəселелеріне араласып, сан-салалы
ұлттық маңызы зор тақырыптарды қозғауына тура келді.
Бұл кезде қазақ жері тұтастай Ресей империясының
отаршылдығына өтіп болған еді. Ресей билігіне біржолата
түскен қазақ елінің көкейкесті тарихи мəселелерін саяси
жолмен, Ресей Думасына катысу, Ресейде білім алған
қазақ зиялыларының қайраткерлігі арқылы жүзеге
асыруға талап жасау көзқарасы байқалып келе жатты.
Бірақ бұл шын мəніңде суға кеткен тал қармайдының
керіндей əлжуаз, келешегі көмескі
əрекеттер болатын. Ресей ықпалына біржолата көшкеннен
кейін, ол мемлекеттің ішкі-сыртқы шиеленісті
жағдайларының барлығы Қазақ еліне де тікелей əсер етті.
Бірінші орыс революциясы (1905 ж.), Бірінші дүние
жүзілік соғыс (1914 ж.), 1916 жылғы дүрбелең, патша
самодержавиесі мен большевиктер партиясының
арасындағы
текетірес тудырған ахуал, қазақ жеріне орыс
переселендерінің бұрынғыдан да
көптеп келуінің үдей түсуі, түрлі қуатты


саяси ағымдар мен партиялардың қазақ жеріне де дендеп
ене бастауы
қазақ қауымының тіршілігін ширек ғасырдан астам уақыт
бойы аласапыранға
түсірді. Осы кезеңдегі əдебиеттің даму заңдылықтарының
басты сипаттарын профессор Бейсенбай Кенжебаев өткен
ғасырдың алпысыншы, тоқсаныншы жылдарда
жарық көрген зерттеу еңбектерінде
мүмкіндігінше толымды көрсетіп берді. XIX ғасырдың
ортасынан бастап XIX ғасырдың ортасынан бастап
Қазақстанда да капитализм дəурен сүрді
[8,
19 -б],- деп түйіндеген ғалым XX ғасыр
басындағы саяси-əлеуметтік жағдайдың алғышарттарын
мынадай деректермен байланыстырады. 1904 жылғы
орыс- жапон соғысы, Россиядағы 1905-1907
жылдардағы буржуазиялық- демократиялық төңкеріс,
1914-1918 жылдардағы бірінші
империалистік соғыс, қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-
азаттық көтерілісі, 1917 жылғы ақпандағы буржуазиялық-
демократиялық төңкеріс, сол жылғы қазан төңкерісі -
осының бəрі Россияда империализм өркендеуінің
нəтижесі еді. Экономикалық зор өзгерістер, саяси күрес,
көтерілістер, сұрапыл соғыстар, төңкерістер өз
кезеңдерінде қазақ арасындағы оқу-ағарту
жұмыстарына, қазақ тілінде шыққан кітап, журнал,
газеттердің мазмұнына,
ақын-жазушылардың көзқарастарына, қазақ əдебиетінің
бағытына үлкен əсер
етті [9, 4-б]. ХХ ғасыр басындағы қазақ кітап, журнал,
газеттердің мазмұнына, ақын-жазушылардың
көзқарастарына,
қазақ əдебиетінің бағытына үлкен əсер
етті [9, 4-б]. XX ғасыр басындағы қазақ
əдебиетінің үрдісін сол тұстағы қазақ қауымының саяси-
əлеуметтік
ахуалынан бөліп қарау мүмкін емес. Əдеби
шығармалардың көркемдік-идеялық табиғатын, жанрлық
түрлену ерекшеліктеріне дейінгі ішкі құбылыстарын тек
қоғамдағы
қарым-қатынастар мен сол мазасыз дəуірдегі дүниетаным
аясында ғана парықтауға болады. Ал бұл кезең қазақ
қауымы үшін аса күрделі тарихи белес еді. Нақ осы
белесте алашшылдардың көкейкесті мүддесі бой көрсетіп,
біртіндеп қозғалыс қатарын түзеп,
Алашорда қайраткерлері ықпалды əлеуеті күшке айнала


бастады. Большевиктер партиясының да қазақ жеріне
тамыр жайып, белсенді күшке ие болуы қарама-
қайшылықты үдете түсті. Сөйтіп екі ғасырға жуық
мерзімді қамтыған Қазақстанның Ресейге қосылуының
ұзақ
процесі аяқталып, Ресейде қанат жайған
империализмнің темір құрсауы дала өміріне шеңгелін
еркін салды. Капиталистік қарым-қатынас, сауда- саттық,
өндірістік баю мүддесі, соған сүйенген қатыгез
отарлаушылық саясатының күллі зардаптары шарықтау
шегіне жетті. Шортанбай, Дулат болжап
жырлайтын зар заман елесі шын көрініске айналды. Қазақ
жері дарқан бай өлке
екені танылып, жыртқыштық түрде пайдалану, талан-
таражға салу, тегін пайда, оңай олжа табу аймағына
айнала бастады. Кен байлықтары бар жерлерде тұрпайы
концессиялар ашылды, пайдакүнемдер ағылып келіп
жатты, шұрайлы жерлер тартылып алынды, жергілікті бай
феодалдар мен патша үкіметінің əкімдері елді бұл тартпай
басқару, тонау, езгілеу, ұлттық ой-сана мен мəдениеттің
дамуына мүмкіндік бермеу істерін жүргізу жүйесін
нығайта түсті [10, 4.]. Осындай түбегейлі өзгеріс тұсында
қазақтың ұлттық
əдебиеті де түлей түскендей еді. Солай десек те, ендігі
жерде ұлттық əдебиеттің бодандығы айқын сезіліп,
цензура, қадағалаудың құрсауы қапы бүре түсті. Жаңа
ашылып, бой түзей бастаған қазақ баспасөзі мен баспа
орындары, кітаптары ашық қыспаққа ұрынды. Соған
қарамастан, ұлттық əдебиеттің идеялық-көркемдік
бағыттары, ақындық мектептер мен ағымдар бұрынғыдан
да айқындалып жаңа
тақырыптарға барды. Жер, ел теңдігі, тəуелсіздік, оқу-
ағарту, қалың халықты ояту - бұл
аралықтағы əдебиеттің өзекті тақырыбына, өзекжарды
сөзіне айналды. XIX ғасырдағы күрделі рухани толысу
үрдісі əдебиет пен өнердегі ағартушылық, демократтық
бағыта аалып келіп, одан əрі өрісін кеңейтуге бастаса, XX
ғасырдың басында туындап отырған саяси-төңкерісшіл
дүмпулер мүлде жаңа мəселелер мен ой-толғамдарды алға
тартты.
2 сұрақ Сүйінбай Аронұлы шығармашылық өмірбаяны
Сүйінбай ақын Алматы облысының Жамбыл ауданы,
Қарақыстақ ауылында дүниеге келген, сонда қайтыс
болды. Қазақ халқының ақыны, айтыс өнерінің шебері.


Аронұлы Сүйінбай (1815 — 1898) – қазақтың əйгілі
ақыны, айтыс өнерінің майталман жүйрігі. Туып өскен
жері Алматы маңы, Жамбыл ауданына қарасты
Қарақыстақ елді мекені. Осы өңірден топырақ бұйырған.
Шыққан тегі Ұлы жүз Шапырашты тайпасының ішіндегі
Екей руы. Шежіре дерегі бойынша арғы атасы Күсеп
дəулескер қобызшы болған. Күсептен Арон, одан
Сүйінбай туған. Сүйінбайдан туған Малыбай, Бағыжан,
Жетібай есімді балаларының ұрпағы өсіп өнген.
Сүйінбайдың ақындық дарының алтын бесігі халқының
ежелден қалыптасқан өнерпаздық дəстүрі. Əсіресе, ел
ішінің сөз өнерін əспеттеген ұлы дəстүріне жастайынан
ерте ұштап, төңірегіне ерте танылады.Бұл өлеңдері, ол бір
жағынан елдің мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын,
табанды да турашыл азаматтың тұлғасын танытып
отырса, екінші жағынан айтар ойын ұрымтал образ, ұтқыр
ой арқылы жеткізуге шебер ақынның тегеурінді қарымын
танытады.
|Ақынның бұлайша ел ісіне араласуы оның қоғамдық
бетін айқындайды, бетіне адам қаратпаған əрі ақын, əрі
əкім төренің аузын буып, оның төріне именбей шығып,
табағынан ас, малынан бас беруге мəжбүр еткен —
Сүйінбайдың тас жібітер өткір де батыл тілі. Табиғатынан
талантты ақынға ел артқан сенім, ол көрсеткен сый-
құрмет өшпес даңқ əперіп, бойындағы сарқылмас талант
бұлағының көзін ашты. Ақын енді үй айналасыңдағы
əкесінің шағын шаруашылығымен айналыспай, ағайын
арасы ұсақ дау-шарға бөгелмей, ел кезіп, өмір көру,
ділмар-шешен ақындармен кездесіп, олармен дидарласу
арманын алға қояды.
Сүйінбай — халқымыздың поэтикасына жетік шебер
тілді, жүйрік ақын. Бұған оның билер мен төрелердд
сынап, мысқылдап айтқан өлеңдерінің өзі дəлел.
Ақынның „Кəріілік» атты өлеңін еске алсақ, бұл да оның
адамның қартая бастаған өмір белестерін айқын бейнелеп,
шендестіре сөйлеуге ұста екенін танытады.
Сүйінбай Аронұлы 1815 жылы Алматы облысы Жамбыл
ауданы Қарақыстақ ауылының Бұлақ деген жерде дүниеге


келген.Жастай жетім қалып, байдың малын бағып,
тамағын асыраған.Ол жасынан жыраулығымен елге
танылған, өлеңге жасөспірім шағынан үйір болып, 13-15
жасынан ақындық жолын қуады.Жамбыл ақын «Менің
пірім- Сүйінбай, сөз сөйлемен сыйынбай» деп оны ұстаз
тұтқан. Арғы атасы Күсеп Жиенқұлұлы- жауынгер, ақын,
жыршы, күйші, қобызшы болған. «Өтеген батыр» жырын
шығарып, «Мың бір түн», «Шаһнама», «Көроғлы»,
«Тотының тоқсан тарауы» дастандарын
жырлаған.Күсептің үлкен ұлдары Жаңбыршы мен
Жаманақ қазақ арасына жыршы, қобызшы, күйшілігімен
белгілі болса, кенже баласы Арон жастайынан
өткірлігімен, мəмілегер шешендігіменел аузына іліккен.
Атадан балаға жалғасқан ақындық, шешендік өнер
Сүйінбайға дарыған.Сүйінбайдың өзінен үлкен
Жаманшал, Жұмық деген ағалары, Оспан атты інісі
сыншыл, бірқақпай өлеңдерімен ауыл арсына
танылған.Сүйінбай сал-серіліктен гөрі қоғамдық-
əлеуметтік істерге белсене қатысқан.Өлеңдерінде Қоқан
билеушілері мен жергілікті əділетсіз сұлтан , төрелерден,
бай- болыстардан жасқанбай, турасын айтып
отырған.Қазақ халқының тарихи- қоғамдық даму
сатылары мен өткен ғасырлардағы өмір шындығы ақын
шығармаларында жан- жақты көркем
суреттелген.Сүйінбай поэзиясы терең философиямен, ой
сұлулығымен, ақын тіліндегі соны поэтикалық өрнек
айшықтарымен ерекшеленеді.
Шапырашты тайпасының Екей руынан шыққан. [1]
Жасынан жыраулығымен елге танылған. Жамбыл aқын “
Менің пірім – Сүйінбай, сөз сөйлемен сыйынбай” деп оны
ұстаз тұтқан. Aрғы атасы Күсеп Жиенқұлұлы (1701 –
1791) жауынгер ақын, жыршы, күйші, қобызшы болған. “
Өтеген батыр” жырын шығарып, “Мың бір түн”, “
Шаһнама”, “Көроғлы”, “Тотының тоқсан тарауы”
дастандарын жырлаған.
Күсептің үлкен ұлдары Жаңбыршы мен Жаманақ қазақ
арасына жыршы, қобызшы, күйшілігімен белгілі болса,
кенже баласы Арон (1750 – 1835) жастайынан
өткірлігімен, мəмілегер шешендігімен ел аузына іліккен.
Атадан балаға жалғасқан ақындық, шешендік өнер
Сүйінбайға дарыған. Сүйінбайдың өзінен үлкен
Жаманшал, Жұмық деген ағалары, Оспан атты інісі
сыншыл, бірқақпай өлеңдерімен ауыл арасына танылған.
Бұл жөнінде Жаманшал Сүйінбайға: “Отбасында мен


жүйрікпін, шаршы топта сен жүйріксің” дейді екен.
Тарихи деректерде Қоқан хандығы шапқыншылығының
əсерінен жан-жаққа бытырай көшіп, қиын-қыстау кезеңде
(1840 – 1860) іргесі ыдыраған қазақ руларының басын
біріктіруде Сүйінбай мен Сарыбай бидің ықпалы зор
болғандығы айтылады. Осы тұста ақын халықты
қоқандықтарға қарсы тұрып, тəуелсіздік үшін күресуге
шақырды.
“Өтеген батыр”, “Саурық батыр”, “Сұраншы батыр”, “
Жабай батыр”, “Қарасай батыр” сияқты толғаулар
шығарды. Аумалы-төкпелі қоғамда өмір сүргендіктен,
Сүйінбай сал-серіліктен гөрі қоғамдық-əлеуметтік істерге
белсене араласқан. Өлеңдерінде Қоқан билеушілері мен
жергілікті əділетсіз сұлтан, төрелерден, бай-болыстардан
жасқанбай, турасын айтып отырған.
Əсіресе, ақын Тезек төремен, қырғыз ақыны Қатағанмен
айтыстарында, сондай-ақ “Датқаларға”, “Үмбетəліге”, “
Төрт биге”, “Момын малын зұлымға алып беріп”, т.б.
өлеңдерінде қиянатшылдықты, озбырлықты аяусыз сынға
алған. Оның шешендік нақылдары, болыс-билерге
арналған сықақ өлеңдері (“Мақсұтқа”, “Қасымға”, “
Болыстарға баға”, т.б.) сaқталған.
Қазақ халқының тарихи-қоғамдық даму сатылары мен
өткен ғасырлардағы өмір шындығы ақын
шығармаларында жан-жақты көркем суреттелген.[2]
Сүйінбай поэзиясы терең философиясымен, ой
сұлулығымен, ақын тіліндегі соны поэтикалық өрнек-
айшықтарымен ерекшеленді. М.Əуезов Сүйінбайды “
айтыс өнерінің алтын діңгегі” атаған. Қазақ халқы əділет
үшін күресте қорғаушысы, жақтасы болған ақиық
ақынның өлең, толғау, айтыстарын күні бүгінге дейін
сақтап, “Сүйінбай осылай деген” деп əрдайым
зерделерінде тұтқан. Сүйінбайдың айтыстары мен өлең-
толғауларын жинау, жариялау ісі 20 ғасырдың бас кезінде
қолға алына бастады. 1920 жылы Түркістан АКСР-і халық
ағарту комиссариаты жанынан құрылған қырғыз (қазақ)
ғылым комиссиясы ауыз əдебиеті үлгілерін жинау
мақсатында Сырдария, Жетісу облыстарына экспедиция
ұйымдастырып, этнограф ғалым Ə.Диваев Сүйінбайдың
өлең-толғауларын, айтыстарын жазып алған.
1929 жылы алғаш рет “Жаңа əдебиет” журналында (ғ6)


ақынның “Апырмау, мынау жатқан Сарыбай ма?” деген
өлеңі басылды. Ақын шығармалары əр кезеңде жарық
көрген хрестоматия оқулықтарға енгізіліп, ел ішінде
насихатталды. С.Сейфуллин құрастырған “Қазақтың ескі
əдебиет нұсқалары” атты жинаққа (1931) “Шапырашты
Сүйінбай ақынның қартайған шағында айтқаны” деген
өлеңі енген. 1935 жылы Қ.Жансүгіров пен Ф.Ғабитованың
құрастыруымен ақынның бір топ шығармасы “Сүйінбай
ақын” деген атпен тұңғыш рет жеке жинақ болып жарық
көрді. С.Мұқанов пен Қ.Бекхожин 1939, 1940, 1941 жəне
1944 жылы орта мектептің 8-сыныбына арналған
хрестоматиясына Сүйінбайдың бірнеше өлеңін енгізген (“
Сүйінбай мен Тезек төре”, “Сүйінбайдың Тезектің өлген
баласына көңіл айтқаны”, “Кəрілік туралы”).
Қазақстан ҒА құрылғаннан кейін (1946) Сүйінбай ақын
мұрасын жинап, жариялаумен айналысқан ғалымдар
Диваев, С.Бегалин, Б.Жақыпбаев, қырғыз фольклористері
Ш.Уметəлиев пен Э.Мұқанбетовтардың еңбектерін
айрықша атауға болады. Сондай-ақ Сүйінбай мұрасының
біршамасы Ж.Жабаевтың мемориалдық мұражайының
əдеби қорында сақтаулы. “Ақын жырлары”, “17 – 19
ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармалары”, “Үш
ғасыр жырлайды” атты жинақтарда Сүйінбай шығарм-на
кеңінен орын берілген, “Айтыс” жинағының 1-томында “
Сүйінбай мен Тезек төренің айтысы” жарияланған.
Сүйінбай ақынның “Ақиық” атты жинағына (1976)
таңдаулы шығармаларымен қатар, тыңнан қосылған
көптеген өлең-толғаулары, айтыстары енген,
шығармалары жүйеге келтіріліп, тақырыптарға бөлінген,
кітапқа көлемді ғылыми алғысөз жазылып, соңынан
түсіндірме сөздік берілген. Мəскеуде “Əлем əдебиетінің
кітапханасы” сериясымен жарыққа шыққан 200 томдық
жинақтың 102-томында Сүйінбайдың “Кəрілік” атты
өлеңі жарияланған. Бұл ақын шығармаларының
дүниежүзілік сөз өнеріне қосылған асыл мұра, аса құнды
əдеби ескерткіш екендігін танытады. Сүйінбайдың
Малыбай, Жетібай, Əзірбай атты ұлдары, Бағжан, Қойжан
деген қыздары болған.
Сүйінбай мазары
Ақынның сүйегі Қарақыстақ өзінің шығыс жағындағы
биік жотаға қойылған, қабіріне кесене тұрғызылған.
Алматы облысы филармониясы, сондай-ақ Алматы


қаласындағы үлкен даңғыл, туған ауылы, ондағы мектеп,
көшелер Сүйінбай есімімен аталады. Туған жерінде
Сүйінбайдың мемориалдық мұражайы жұмыс істейді
3 сұрақ
Абай Құнанбайұлының «Ылай суға май бітпес қой
өткенмен»
Абайдың 1895 ж. жазған өлеңі. Əрқайсысы 4 тармақты 7
шумақтан турады, көлемі 28-жол. Үлкен үміт күткен
баласы Əбдірахманның өліміне байланысты шығарылған.
Қараңғылық шырмауына шатылған елдің надандығына
ыза болған ақын жан наласына сырын қапысыз қабылдар,
айтса түсінер, ақылдасса ой бөлісер сүйікті ұлынан
айрылу қайғысы қосылып, «берген бе тəңірім саған өзге
туыс» деп мұңданады, ақын көңіл жайлауынан ел
көшкендей болып құлазиды. Мағынасыз «бос қуыстай»
дүниеден уақап таппай, «бір-ақ уыс» болып отырған ақын
дінге иек артады. Қошы жоқ құлазыған көңіл күйін ғажап
шыншылдық суретпен бейнелеп, шарасыз халін «халық»,
«махлүқ», «дəһрі», «лəмəкан» сияқты діни лексикамен
бедерлейді. «Содан ары созерцание ретіндегі ойларын
тере келіп, ақын өзінің наным женін толғайды. Болып
еткен ауыр қазаларға жоғарыда танылмаған кейбір түңілу
сарындары қосылып келіп, ыза мен қазадантуған бір
алуан діншілдік ойлар, күйлер шығады» (Əуезов М.
Шығ.жинағы, А., 1985, 20-т., 164-165-6.).
Абайдың діні - ақылдың, сыншыл ойдың діні. Тəңіріні
тани алмай қор болатын шалалықты, мақсатсыз құр
мүлгуді шенейді. Əрине, бұлай сынау - тəңіріне шек
келтіру емес. «Түп иесін көксемей бола ма екен?» дей
тұрып, тəңіріні іздеу, дінге сенудің өзі мейлінше ақылды,
саналы болуы керектігін айтады. Өлең - осындай қарама-
қайшы пікірге толы, драмалық қуаты күшті туынды. 11
буынды қара өлең ұйқасымен өрнектелген. Алғаш рет
1909 ж. Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны
Ибраһим Құнанбайүғылының өлеңі» атты
жинақтажарияланды. Өлеңнің кейбір басылымдарында
аздаған текстологиялық өзгерістер бар. Мүрсейіт
қолжазбаларында 4-шумақтың 4-жолы «Талапты тағы да
ойлап зор қылады» деп жазылса, 1909, 1939, 1957, 1977
жылғы басылымдарда «Талпынып тағы да ойлап зор
қылады» болып басылған. Ал 1933, 1939 жылғы


жинақтарда 7-шумақтың 1-жолы «Өмір жолы - тар соқпақ,
бір иілген жақ» түрінде берілсе, 1909, 1957, 1977 жылғы
жинақтарда Мүрсейіт қолжазбаларына сəйкес «Өмір
жолы тар соқпақ, бір иген жақ» - деп өзгертілген. Өлең
өзбек, қырғыз, тəжік, түрікмен, қарақалпақ тілдеріне
аударылған.[1]
8 билет
1 сұрақ
ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр басындағы поэзия: тақырыптық,
жанрлық дамуы
XIX ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың
басындағы қазақ поэзиясы сол кезде өлкеде болған тарихи
оқиғалар туралы мəліметтер көрініс тауып отырды. Қазақ
халқының тарихындағы ірі тұлғалардың атқарған іргелі
істері де қазақ поэзиясында жырланды. Қазақ
поэзиясының осы қасиеті туралы Ш.Уəлиханов былай деп
жазған болатын: «Қазақ өздерінің көне аңыздары мен
сенім-нанымдарын қайран қаларлықтай тазалықта сақтай
білген. Одан да өткен ғажабы сол, байтақ даланың əр
шалғайындағы, əсіресе, өлең-жырлар еш өзгеріссіз, бір
қолдан шыққандай қайталанатынын қайтерсіз. Көшпелі,
сауаттсыз ордадағы ауызша тараған үлгілердің бір-бірінен
қылдай ауытқымайтыны адам айтса нанғысыз қасиет,
алайда күмəн келтіруге болмайтын шындық» деп жазды.
Демек, қазақ халқының тарихы сақталған қазақ
поэзиясының үлгілерінің маңызы жоғары екендігіне
толық көз жеткізуге болады.
Ақмола облысы өңіріндегі күміс көмей, жезтаңдай
əншілер, төкпе ақындар, шешен билер, жыршылар XIX
ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басындағы
халықтың ауыз əдебиетінің, музыка өнерінің дамуына
үлесін қосты.
Ақмола облысы өңірі қашан да хас жүйріктер мен
таланттарға толы болды. Қазақ əдебиетінде, əсіресе,
Көкше өңірінен шыққан өзінің поэтикалық шеберлігімен,
шешендік өнерімен, тапқырлығымен, халық өмірін терең
білуімен ерекше көзге түсіп, зор ілтипатқа, даңққа
бөленген көптеген ақындардың есімі белгілі. Əн мен
жырдың ордасы болған Көкшеден Шал, Шөже,
Арыстанбай, Орынбай, айналасын əсем де сұлу, зарлы да
мұңлы əуезді əн мен жырға бөлеп Біржан сал мен Ақан


сері, Үкілі Ыбрай шықты.
М. Жұмабаев жазғандай: "Ұшы қиыры жоқ сары дариядай
Сарыарқаның ортасында аралдай көгерген Көкшетау,
Абылайдың ордасы құрылған, Кенесары, Наурызбайға
Отан болған Көкшетау алаштың ақындығының да
ордасындай жер еді. Бұл өңірден Бертағының баласы
Орынбай, Шөже, Тойлыбай бидің ұлы Арыстан, Атығай
соқыр Тоқжан, Атығай шал, Біржан сал, Ақан сері жəне
т.б. қазаққа кеңінен танымал болған ақындар шыққан».
Отаршылдық саясатқа қарсы күрес поэзиясы қазақ көркем
сөзінің дамуында озық идеясымен, халықтың
мазмұнымен жаңа белес саналды. Патша үкіметі мен
жергілікті билеушілерге қарсы наразылықты ашық айтқан
шыншыл поэзия пайда болды, адамды суреттеудің жаңа
бір тəсілдері қолданылды. Бұлардың барлығы өз
мүмкіндіктері жеткенше əдеби арнаны толықтырды, сол
кездегі болып жатқан өзгерістерді өзінше танып жырлады.
XIX ғасырдағы қазақ жыршыларының ішінде - Шөже
Қаржаубайұлы елеулі орын алды. Шөже 1808 жылы
бұрынғы Көкшетау облысының Қызылту ауданында кедей
жанұясында дүниеге келген. 1895 жылы қайтыс болып
сүйегі Айыртаудағы Абылай жотасында жерленген.
Шөженің əкесі құлдықта, ал шешесі күңдікте өткен екен.
Ол - айтыстың хас шебері. Айтыс үстінде ол өзінің
суырып салма ақын екенін көрсете алған. Ақын барлық
айтыстарында үміт пен күмəн, зұлымдық пен əділдік,
қайғы мен қуаныш, өмір мен өлім сияқты пəлсапалық
түсініктерді тілге тиек етті. Сонымен бірге, Шөже
айтыстары өзінің өткірлігімен де ерекшелене түседі.
Оның Балта, Орынбай, Кемпірбай, Тазбала жəне қыз
ақындармен айтыстары белгілі. Шөже сазгер жəне əнші де
болған. Ол орындаған "Қозы Көрпеш - Баян сұлу"
поэмасының көркемдігі жағынан ең үздік жəне толық
нұсқасы халық арасында кең таралды. Ш. Уəлихановтың
бағалауы бойынша, Шөже халықтың ауыз əдебиетінің
асыл үлгілері мен ел шежіресінің асқан білгірі екенін атап
көрсеткен. Оның кейбір өлеңдері жекеленген адамдарды
мадақтап құрылған. Сөйте тұра, Шөже ел билеуші, бай,
сұлтандардың зұлымдығын, парақорлығын, сараңдығын
батыл сынға алған болатын.
Мысалы, бір өлеңінде ақын Мұса деген байдың болыс


болып тұрғандағы, тəкəппарлығы мен сараңдығын сынап
жырлаған. Оның шығармаларына арқау болған
отаршылдық қанау, ел билеу жүйесіндегі саясатты, қазақ
қоғамының мешеу күйін сынауда Шөже өлеңдері едəуір
көркемдік табысқа жетті.
Осы өңірде дүниеге келген ақындардың бірі Арыстанбай
Тобылбайұлы. Ол да Көкшетау облысында туып өскен.
Кенесары Қасымұлы қозғалысы кезінде Ұлытау даласына
жіберілген орыс экспедициясына қатысқан. Кенесарының
қолына түсіп қалған Арыстанбай туған жерімен
қоштасады. Ақындық өнерінің құдіреті арқылы ғана
басына бостандық алады. Ол сан қырлы талант иесі
болған. Қолына домбырасын ұстап, күмбірлетіп əн
шырқап, қисса дастандарды нəзік, əдемі даусымен
созылта, сыңғырлата жырлаған. Ол əсіресе, эпикалық
жырларды орындауды машық еткен. Оның аузынан
эпикалық жырлар тыңдаған Шоқан Уəлиханов: «Қазақ
халық поэзиясының түрлері жөнінде» деген еңбегінде «Ер
Көкше», «Ер Қосай» қиссаларын əдемі əрі тұтас айтатын
бір ғана өнерпаз бар еді, ол Көкшетау дуанындағы Қойлы
Атығайдан шыққан Арыстан болатын», - деп жазады.
Арыстанбай ақынның шығармасының негізгі саласы -
айтыс. Ақын Орынбай, Шөже, Сералы тағы басқа
ақындармен айтысқа түскен. Арыстанбайды айтыс
өнерінің, дүлдүл көгі, «ақиықтай саңқылдаған» ақпа ақын
деуге болады. Келесі ел арасында белгілі ақындардың бірі
- Орынбай Бертағыұлы. Орынбай 1813 жылы Көкшетау
облысы, Айыртау ауданында туып, 1891 жылы қайтыс
болған. Орынбайдың өз əкесі Байқожа, арғы атасы
Бертағы ақын, жыршы болған. Орынбай 13-14 жасынан
өлең шығарып, ақындық жолға түскен. Ақан серіні
ерекше құрмет тұтып, бір-бірімен сыйласып өткен.
Орынбай ақын өз кезінде Арыстанбай, Серəлі,
Шортанбай, Шөже, Балта, Тоғжан, Құлтума тағы басқа
ақындармен айтысқан. Оның ақындық өнерін
Ш.Уəлиханов, В. Радлов поляк зерттеушісі А.Янушкевич,
Ы.Алтынсарин. С.Сейфуллин, С.Мұқанов, Е.Ысмайлов
тағы басқа зерттеушілер жоғары бағалап, өлең, толғау,
айтыстарын жинап жариялаған. Мысалы, ақынды өз
көзімен көрген поляк жазушысы А.Янушкевич өзінің
қазақ жеріне жасаған сапары туралы жазған «Қазақ
даласына саяхат кезіндегі хаттар мен күнделіктер» деген
еңбегінде Орынбай ақынды талантты, суырып салма,
ерекше орындаушылық қабілеті бар, отыз жастағы пысық
ақын екенін көрсетеді. Орынбайдың Шөжемен,


Арыстанмен айтысына қатысты ел арасында дерек
сақталған. Орынбай Шөжемен айтысқанда жиырма жаста
екен. Шөже қырық жаста болса керек. Екеуі он екі ата
Атығай, сегіз ата Қарауылдың рубасылары бас қосқан
жиында айтысады. Орынбайдың, əсіресе, Серəлімен
айтысы ерекше екенін атап өтуге болады. Бұл айтыста
қазақ халқының əлеуметтік-тұрмыстық мəселелері,
отаршылдық езгі кезіндегі ауыртпашылық жағдайы, билік
басындағыларға олардың жүргізіп отырған
саясаттарының əділетсіздігін, қаталдығын, өзімшілдігі
туралы сөз қозғалды. Ол жайлы əдебиетші Сүйіншіəлиев
былай деп жазды: «Орынбай өз жырларында үстем тап
өкілдерінің озбырлығын қатты сынға алады. Ары қарай ол
дінді бұзып, жемқорлыққа салынған қожа-молдалардың
жемқорлығын ерекше əшкерелейді.
Орынбай тек қана айтыс ақыны ғана емес, оның көптеген
өлеңдері де болған. Ақынның бір топ өлеңін арнау
ретіндегі толғауға жатқызуға болады. Олар: «Ерден
батырға», «Базылға» сияқты негізінен мақтау
мақсатындағы толғаулар. Өлең арнауының екінші тобы
сын-сықақ ретінде келеді. Олар: «Нүркей ақынға»,
«Бексұлтан байға», «Бари ахунға» айтқандары. Орынбай
ақынның мұралары ішінде халықтың əдет – салт өлеңдері
стилінде тараған шығармалары да кездеседі» дейді.
Қазақ халқының ауызша шығармашылығының
туындыларын туғаннан бойына біткен дара қасиетті бар
суырып салма ақындар жасаған. Олардың
туындыларының мазмұны мəнді, терең болуы, халықтың
арасында зор құрметке ие болып, ауыздан-ауызға,
болашақ ұрпаққа таралып, халық зердесінде сан ғасырлар
бойы сақталып келді. Х.Сүйіншіəлиев XIX ғасыр əдебиеті
өкілдері туралы еңбегінде «Ақын атаулы халық
қайғысына үн қосып, əлеуметтік шындықты тайға таңба
басқандай бейнелеп, ерлік күрес шежірелерін жазды» деп
атап кеткен. Сондықтан осы дəуірде азаттық рухты аңсап,
ерлікке үндеген күресшіл қазақ поэзиясы өмірге келді.
XIX ғасырдың екінші жартысындағы Ресей
империясының отаршылдық əрекеттері қазақ қоғамының
дəстүрлі жағдайын өзгертіп, қазақтың жазбаша
əдебиетінің пайда болуына өз ықпалын тигізді. Яғни, осы
кезде қазақ халқы орысша білім алып, еуропалық
мəдениетпен танысып, сонымен қатар, өз еліне қызмет
етуді өмірлік мұратына айналдырды. Олар жаңа заманның


өнерін, білімін, ғылымын, мəдениетін меңгеруді мақсат
етіп қойды жəне сол арқылы алдыңғы қатарлы елдерге
теңелуге, теңдікке жетуге болатынына сенді.
XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ халқының
мəдениеті мен əдебиетінің дамуы аса көрнекті ағартушы,
ғалым жəне зерттеуші Шоқан Уəлихановпен тығыз
байланысты. Ол патша үкіметінің отаршылдық
саясатының зардаптарын түсіне отырып, одан құтылудың
жолы қазақ халқы қолына қару алып күресуде емес, қайта
орыс оқуы, білімі мен ғылымы арқылы дамыған елдердің
қатарына қосылған жағдайда ғана отаршылдықтың
бұғауынан құтыламыз деп сенді. Бұл жайлы Ш.
Уəлиханов былай: «Халықтың қалыпты өсу жəне дамуы
үшін ең алдымен бостандық пен білім қажет. Демек,
алдымен оқып үйрену керек»- деп жазады».
Ш.Уəлихановтың ғылыми еңбектерінде қазақ халқының
əлеуметтік-саяси қарым-қатынастарға байланысты:
«Абылай», «Қырғыздың ата-тегі», «Көне дəуірдегі
қырғыздың қару-жарығы жəне əскери жабдықтары»,
«Сахарадағы мұсылмандық туралы», «Қырғыздың
шамандық қалдықтары», «Қырғыздың көші-қоны туралы»
еңбектері бар. Сонымен қатар, Шоқанның «Ыстық көлге
сапарының күнделігі», «Қытай империясының батыс
өлкесі жəне Құлжа қаласы», «Қашқар сапары жайлы»
«Жоңғар очеркі» т.б. тағы басқа еңбектері де жарық
көрген.
Қазақстанда жаңа мектептерді ұйымдастырушы, көрнекті
ағартушы, этнограф, фольклоршы, қазақтың жазба
əдебиетінің жəне тілінің негізін қалаушылардың бірі -
Ыбырай Алтынсариннің есімімен тығыз байланысты.
Əуелде орыс-қазақ мектептерінде оқытушы болған Торғай
облыстық халық училищесінің инспекторы қызметін
атқарған ол сахарада светский (зайырлы) білім беретін
оқу орындарын ашу, сөйтіп қазақ жастарын жаңаша оқыту
жолында көп күш жұмсады. Еуропалық үлгідегі сабақ
орыс жəне қазақ тілінде жүретін бұл мектептерге оқуға
ұлдар мен қыздарды да тартты. Ол өз шəкірттерін орыс
тілін жетік білуге, сол арқылы орыс əдебиеті мен
мəдениетін игеруге, еуропаның ғылым, білімімен
танысуға шақырды.


Ыбырай Алтынсарин қазақ балаларын орысша сауатты
жəне басқа да пəндік ғылымдарды толық игерген
мəдениетті адам етіп тəрбиелеу үшін, мектеп ашумен ғана
қанағаттануға болмайтынын түсініп, оған ең алдымен,
қабілетті ұстаздар қажет екенін, лайықты оқулық,
əдістемелік құралдар керектігін жақсы түсінді. Əсіресе,
орыс тілін оқытудың міндет-мақсаттары жөнінде ол көп
ойланған. Ал, сол кезде қолданылып жүрген кітаптардың
бəрі де орыс балаларына арналған еді. Сондықтан да Ы.
Алтынсарин Ушинский, Паульсон, Водовозов,
Бунаковтың əліппе, оқулықтарын негізге ала отырып жəне
өзі де қазақ балаларының қабілет-ерекшеліктеріне сай
«Оқу құралын» жазды . Ы.Алтынсарин əдебиетке деген
ұғым, түсінікті жаңартып, оның қазақ балаларын
тəрбиелеудегі ұлы күш екенін көрсетті.
Ұлы ағартушы-педагогтың ұстаздық, тəрбиешілік
қызметінің өзі негізінен қазақ балаларын оқуға, өнер-
білімге, техниканы игеруге шақыру, сол арқылы қазақ
өлкесіндегі қараңғылық пен надандыққа қарсы батыл
күрес ашуға бағындырылды. Оның əйгілі орыс-қазақ
мектептерінің оқушыларына арнап «Қырғыз (қазақ)
хрестоматиясы» жəне «Қырғыздарға (қазақтарға) орыс
тілін үйретуге алғашқы басшылық» атты оқу құралдары
жоғарыда айтылған міндеттерге сəйкес жастарды білімді
игеруге шақырған еңбектер болатын. Сондағы «Бір
құдайдың атымен, Кел балалар оқылық» атты өлеңде
ақын оқу-білімнің пайдасы мен қараңғылық-надандықтың
зиянын салыстыра отырып сипаттайды. Ең алдымен,
оқудың өмірдегі орнының аса зор екенін көрсетеді.
Сонымен қатар Ы. Алтынсарин орыс педагогтарының
еңбектерін басшылыққа ала отырып орыс-қазақ
мектептерінің мұғалімдеріне арналған оқу-əдістемелік
құралдар, аудармалармен қоса үлкенді-кішілі 115
шығарма жазады.
Ы. Алтынсарин өзі жазған төл өлең, көркем əңгіме, мысал
мен ертегі, қазақтардың ауызша шығармашылығының
əдеби үлгілерінен басқа орыс əдебиетіне мəні өшпес
ғажайып аудармалар қалдырды. Ол қазақ халқының жазба
əдебиеті мен мəдениетін, қазақ əдеби тілін
қалыптастыруда үлкен еңбек етті. Сонымен қазақ
халқының болашағы үшін теңдесі жоқ жұмыс атқарған.
XIX ғасырдың екінші жартысында қазақ əдебиеті
дамуында жаңа дəуірдің басталғанын білдіреді. Яғни


халықтың ауыз əдебиетімен бірге қазақтың жазба əдебиеті
де дамыды. Оның негізін қалаушы ұлы ақын жəне ойшыл
Абай Құнанбаев болды. Ол Семей қаласында Ахмет Риза
медресесінде оқып, діни ілім алған. Парсы жəне араб
тілдерін үйреніп, Фердауси, Сағди, Омар Хайям
шығармаларының түп нұсқасын оқыған ұлы ақын. Қазақ
əдебиеті мен Шығыстың таңдаулы поэзиясы, орыс жəне
Батыс классикалық үлгілерінен нəр алған Абайдың
өлеңдер, дастандар, қарасөзбен жазылған қағидалары
адамгершілік пен шыншылдық, рухани тазалыққа үндеді.
Сонымен қатар, ол Еуропа мен орыстың классикалық
əдебиетін еркін меңгеріп, көркемдік таным мен талғамға
жаңа талаптар қойды, жаңа сипатты поэзия туызды. Орыс
тілінен классикалық əдебиет үлгілерін қазақ тіліне
аударды жəне бұл аудармалардың арқасында қазақ халқы
орыс жəне батыс əдебиетімен танысуға мүмкіншілік
алды. Абай шығармашылығы қазақ əдебиетінде жаңа
эстетикалық принцип қалыптастырды. Абай
Ш.Уəлиханов, Ы.Алтынсарин сияқты қазақ халқының
мүддесін, ел намысын қорғап, өз халқының жырын
жырлап өткен. Яғни бұқара халықтың ауыр тұрмысы мен
өмірі оның творчествалық арқауы болды.
XIX ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың
басында Ресейдің Қазақстанды толық жаулап алуына
байланысты отар елдің қоғамдық-экономикалық, саяси-
əлеуметтік жəне мəдени жағдайын зерттеуге мүдделі
болды. Сондықтан қазақ даласына көптеген орыс
саяхатшылары, зерттеушілері – ғалымдары келді. Олар
жергілікті халықтың тұрмысы мен өмір салтын, тарихы
мен əдеби туындыларын зерттеп, қағаз бетіне түсірді.
Əіресе «бұл кезеңде қазақ фольклоры мен этнографиясын
зерттеу жұмысы бірнеше бағытта жəне түрлі əдіспен
жүзеге асырылды. Арнайы тапсырмамен келген əскери
адамдар, саяхатшылар Қазақстанның топографиясын
жасаумен қатар, жер-су, тау-тас, мекен-жайына
байланысты əңгіме, аңыздарды хатқа түсірсе,
чиновниктер мен миссионерлер қазақ тілін зерттеп,
қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздіктер жасады, орыс
əрпіде жазылған оқулықтар дайындалды. Сондай-ақ олар
жазып алған көптеген халық ауыз əдебиетінің үлгілері
«Саяхатшылар жазбалары» атты журналда жарияланып
тұрды.
XIX ғасырдың екінші жартысында қазақ халқының ауыз


əдебиетін жинаумен жəне жариялаумен айналысқан орыс
ғалымдары В.В. Вельяминов-Зернов, Г.Н. Потанин, В.В.
Радлов, А. Янушкевич жəне т.б. болған. Қазақстан
жайында ізгілікті істер мен еңбектер қалдырған орыс
саяхатшыларының, ғалымдарының, əдебиетшілері мен
шығысты зерттеушілердің қатары көбейе түсті.
Қазақ халқының фольклорын, этнографиясын, тарих жəне
мəдениетін зерттеуге оны қағаз бетіне түзіруге зор үлес
қосқан ірі орыс ғалымы, этнограф, фольклорист
Г.Н.Потанин болды. Потанин Қазақстанның Далалық
өлкесінің аз зерттелген жерлеріне бірнеше саяхат жасап,
олардың барысында көптеген құнды экспедициялық
материал жинап, сол кездегі қазақ халқының рухани
өмірінен дерек беретін мұралары аз емес. Ол белгілі қазақ
ағартушысы, ғалым жəне этнографы Ш.Ш.Уəлихановтың
ең жақын достарының бірі болған. Г.Н.Потанин 1895
жылы Шоқанның əкесі Шыңғыстың ауылын аралап,
өзімен жүздесіп, əңгімелесіп қайтқан болатын. Жаз
жайлауда жайбарақат отырған Шыңғыс ауылын суреттеу
арқылы Потанин бүкіл қазақ халқының тұрмысын көзімен
көріп, бейнелегендей болады.
2 сұрақ
Мұрат Мөңкеұлы шығармашылық өмірбаяны
19 ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген көрнекті
ақын Мұрат Мөңкеұлы 1843 жылы қазіргі Атырау
облысының Қызылқоға ауданына қарасты Қарабау
ауылында дүниеге келген. Жастайынан жетім қалған бала
Мұрат ағасының қолында тəрбиеленеді.
Алғашқы білімін ауыл молдасынан алып, сонда араб тілін
үйренеді. Бала кезінен бастап өлең жазуды қолға алған
Мөңкеұлы өз ортасында «ақын бала» атанып кетеді. Өз
заманында Есет би мен Абыл ақыннан өнеге алып, Мұрын
жырау Сеңгірбайұлына ұзтаздық еткен. 1860 жылы
Жылқышы ақынмен кездескен болашақ ақын сол сəттен
бастап айтыстарға қатыса бастайды.
Ол 17 жасында Жылқышы ақынмен, 20 жасында Бала
Оразбен жиырма бесінде Жаскелең, Жантолы, Шолпан,
Тыныштық сынды ақындармен айтысып, шаң қақтырған
жеңімпаз атанады. Бұл айтыстар Мұратқа нағыз


поэтикалық шеберлік мектебінен өтуге көмектесті. Өжет
мінезі, қағытпаға жүйріктігі, тапқырлығымен
ерекшеленген Мөңкеұлы əрдайым биіктерден көрінді.
Мұрат Мөңкеұлы есімі əдебиет тарихында айтыс өнерінің
асқан шебері ретінде ғана емес, сондай-ақ үлкен эпик
ақын ретінде де қалды.
Мұрат қазақ əдебиеті тарихындағы айтулы тұлғалардың
бірі, зар заман ақындарының ішіндегі аса белді өкілі. Жас
шағында белгілі Есет шешеннен өнеге алады. Ерекше
дарын иесі Мұрат Мөңкеұлы халықтың рухани байлығы
мен батырлар жырын жатқа біліп өседі. Сыпыра жырау,
Асан қайғы, Қазтуған, Жиембет, Шалкиіз жəне тағы
басқа да тарихи тұлғалардың шығармалары бізге осы
Мұрат ақынның айтуымен жеткенін бірі білсе, бірі
білмейді.
Қазақтың ақын ұлы ел тарихын əсерлі де мəнді
шығармаға айналдырып, көпке насихаттап кеткен. Мұрат
Мөңкеұлы елінің тəуелсіздігін аңсап, бодандыққа қарсы
жыр толғады. Осылайша, зар заман ақыны атанды. Ата-
қонысының талауға түскеніне налыған ақын өзі туып
өскен даланың кешегі күнін сағынышпен еске алады.
Мұрат өз өлеңдерінде туған жеріне деген сүйіспеншілікті,
ерлік пен батылдылықты жырлап, тарихқа бет бұрды.
Атап айтқанда, Мөңкеұлы өмірдің өтпелі кезеңі, уақытша
əлемнің өзгермелілігі туралы айтады.Мұрат
Мөңкеұлының шоқтығы биік шығармасы «Үш қиян».
Мұнда ақын ескі дəстүрдің ісгесі шайқалғанын,
адамдардың ниетінің бұзылуын сөз етеді. Құнарлы
қоныстарды тартып алған отарлау нəтижесінде тұрмысы
нашарлап, тығырыққа тірелген ел тағдыры ақынды
тербентпей қоймады.
Зар заман ақындарының ішінде Мұраттың ерекшелегі ол
арғы тарихты да қозғап, үн шертті. Ол ұдайы елдік, ерлік
жайын назарда ұстап сөйлеген, шығармашылық ауқымы
өте кең мықты тұлғаның бірі. «Үш қиян» толғауы мен
«Сарыарқа», «Əттең, қапы дүние-ай», «Қазтуған»
жырлары бір-бірімен үндес. Бұл шығармалардың басты
тақырыбы жер дауы, құтты қоныс жайы.
Ол «Қарасай-Қази», «Шəлгез», «Ғұмар Қазиұлына
айтқаны» жырларына діни аңыздарды негіз еткен.
Майталман жыршы, термеші ретінде де танылған Мұрат
Мөңкеұлы «Өлім», «Қыз», «Арғымақ сыйлап не керек»,
«Аттан сұлу болар ма?», «Жалғаншы фəни жалғанда»
атты термелердің авторы.
Ақын өзінің шығармаларында кітап поэзиясының стилін
қолданды. Мəселен, «Қыз» поэмасында Мұрат жас


сұлудың бейнесін жасайды. «Үш қиян» поэмасында
халықтың жағдайын, өз армандары мен жақсы өмірге
деген үмітін суреттейді. Бұл шығарманың маңыздылығы
онда ақынның идеологиялық қарама-қайшылықтары
айқын көрінеді.
Рулық араздықтан жəне дұшпандықтан арылу мəселесіне
қатысты ақын «Сарыарқа» толғауын жазды. Онда
Мөңкеұлы қазақтарды өзінің даму жолында ескінің
барлық жұғындысын жойып, сыпыруға шақырады. Ал
білімді болмайынша елінің өркендей қоймасын түсінген
ақын халықты оқу-білімге шақырып, «Оқудан қайтқан
азаматқа» өлеңін жазды.
Сондай-ақ, «Қазтуған» поэмасында жəне «Қарасай-Қазы»
қисса-дастанында Мұрат Мөңкеұлы қазақ халқының
өткен уақыттағы тарихи оқиғаларын баяндайды. Бұл
шығармалар автор өз халқының жалынды патриоттары,
туған жерінің батыл жəне ержүрек қорғаушылары ретінде
көрсететін батырларға арналған.
Жалынды ақын өз шығармаларында ғасырлар бойы
ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан əдет-ғұрыптар мен
наным-сенімдерді қолдануға тырысады. Сонымен қатар,
ақын кейіпкерлерді қалыптастыруда шынайылыққа,
нақтылыққа, айқындылыққа ұмтылып, өз ойын жеткізу
үшін прогрессивті тəсілдерді қолданды. Мұрат Мөңкеұлы
қазақ əдеби тілінің дамуына үлкен үлес қосты.
Ақынның шығармаларында кедейлердің зұлым адамдарға,
əсіресе патшалық билікке қарсы наразылықтары айқын
көрінеді. Мұрат Мөңкеұлы маңызды мəселелерді көтерді
жəне оларды түсінуге тырысып, жиі өз халқының өткеніне
жүгінетін. Сондықтан да оның шығармашылығында өткен
мен бүгінгінің арасындағы байланыс айқын көрініп
тұрады.
3сұрақ
Абайдың 8 (сегізінші) қара сөзі
Осы ақылды кім үйренеді, насихатты кім тыңдайды?
Біреу – болыс, біреу – би. Олардың ақыл үйренейін,
насихат тыңдайын деген ойы болса, ол орынға сайланып
та жүрмес еді. Олар өздері де үздік кісіміз, өздеріміз
біреуге үлгі беріп, ақыл айтармыз деп сайланды. Өздері
түзеліп жеткен, енді елді түзерлігі-ақ қалған. Ол не қылып
тыңдасын жəне тыңдайын десе де, қолы тие ме? Басында


өзіндік жұмысы бар: ұлығымызға жазалы болып қаламыз
ба, елдегі бұзақыларымызды бүлдіріп аламыз ба, немесе
халқымызды бүлдіріп аламыз ба, яки өзіміз шығындап,
шығынымызды толтыра алмай қаламыз ба? - деген ебіне
қарай біреуді жетілтейін деп, біреуді құтылтайын деген
бейнетінің бəрі басында, қолы тимейді.
Тағы оқыңыз: Мағжан Жұмабаев туралы не білеміз?
Байлар, олар өздері де бір күн болса да, дəулет қонып,
дүниенің жарымы басында тұр. Өзінде жоқты малыменен
сатып алады. Көңілдері көкте, көздері аспанда, адалдық,
адамдық, ақыл, ғылым, білім – ешнəрсе малдан қымбат
демейді. Мал болса, Құдай Тағаланы да паралап алам
дейді. Оның діні, құдайы, халқы, жұрты, білімі, ұяты, ары,
жақыны – бəрі мал. Сөзді қайтіп ұқсын, ұғайын десе де,
қолы тие ме? Ол малды суармақ, тойғызбақ, саудасын
жиғызбақ, күзеттірмек, ұры-бөрі, қыс, суық-сұғанақ –
солардан сақтанбақ, солардан сақтарлық кісі таппақ.
Оның бəрін жайғастырып, аяғын алып келіп мақтанға
орналастырғанша қашан? Қолы тимейді.
Енді ұры-залым, сұм-сұрқия өздері де тыңдамайды.
Онша-мұнша қой жүнді қоңыршалар күнін де көре алмай
жүр. Аналар анадай болып тұрғанда, білім, ғылым,
ақылды не қылсын? Жəне де білім, ғылым кедейге керегі
жоқтай-ақ: "Бізді не қыласың, ана сөзді ұғарлықтарға
айт!" дейді. Оның өзгеменен ісі жоқ, ана алдындағы
үшеуіндей болған жанның ойында ешбір қайғысы, мұңы
болмаса керек.
9 билет
1 сұрақ ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр басындағы əдебиеттегі
проза жанры
Прозалық шығармалардың қарыштап дамуына Кеңес
Үкіметінің ықпалының мол болғандығын тарих
сахнасында болған оқиғалар тізбегінен білеміз. Кеңестік
дəуір жалпы қазақ əдебиетінің дамуы мен шарықтау
шегіне жетуіне үлкен ықпал жасады. Қоғамда болып
жатқан саяси оқиғаларды таразыға салып талдаған
жазушылардың қатары толықтырылып, қазақ əдебиетінің
арнасына мол шығармалардың дүниеге келуіне үлкен
ықпал жасалынды. Прозаның қазақ даласында таралып,
шарықтау шегіне дейін жеткен шағы сонау ХІХ ғасыр мен
ХХ ғасыр аралығы болды. Бұл тұста қазақ зиялыларының


мектеп ашумен қатар қоғамдық өмірге етене араласқан
дəуірімен тұспа-тұс келген уақыт аралығын қамтиды. Осы
аралықта жазылған шығармалардың тақырыптық
жағынан заман көрінісі мен ұлт тағдырының сипатын
анық байқауға болады.
Расында да ел арасындағы саяси оқиғалар мен тұрмыс-
тіршіліктің барлығы да осы проза жанрында көрініс
тауып, əр заманға өзіндік баға береді. Қазақ прозасының
алдыңғы қатарларында тұрған жазушыларға Ыбырай
Алтынсарин, Абай Құнанбайұлы, Міржақып Дулатов,
Бейімбет Майлин, Əлихан Бөкейханов жəне тағы да басқа
қазақ əдебиетінің ірі тұлғаларын жатқызуға болады. Қазақ
əдебиетінің арнасының кеңейген тұсы да осы дəуірдің іші
еді. Расында да қазақ даласының отырықшылдық
саясатының белең алып тұрған кезеңінде отырықшы
халықтың өмірін сипаттайтын, заман көрінісін
анықтайтын шығармалардың дүниеге келуі де құба-құп.
Барлық зиялы қауымның ең негізгі мақсаты – халықты
сауаттандыру болды. Алғаш Торғай жеріне мектеп салып,
қазақ даласында білім нұрын сепкен ұстаздың бірі
Ыбырай Алтынсарин. Ұстаздың алғашқы прозалық
шығармалары кезіндегі қызғыз бүгінгі қазақ балалар
хрестоматиясынан бастау алды. Бұл хрестоматияда
баланың өміріне қажетті тəрбиелік-дидактикалық
шығармалардың арнасы молайды.
ХХ ғасыр басы қазақ халқы үшін соқтықпалы-соқпалы
кезеңдерден бастау алды. Алғаш қазақ романы дүниеге
келіп, қағаз беттерін көре бастады. Қазақ əдебиетінде
тұңғыш роман 1910 жылы «Бақытсыз Жамал» деген
атаумен жарық көрді. Проза жанрының тууына алғаш
септігін тигізген Міржақып Дулатов болатын. Ең алғашқы
романның жазылуынан кейін қазақ əдебиеті тарихында
жазушылардың саны арта түсті. Өзінің өміршеңдігімен
төрткүл ғаламға дəлелдей білген туындылардың бірі
Мұхтар Əуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясы еді.
Қаншама зиялылардың шығармашылығына кері əсерін
тигізіп жатқан заманның талабына қарамастан, жазушы өз
еңбегін керемет жазып шыққан.
Мұхтар Əуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясы əдебиет
тарихына қосылған үздік туынды ретінде дүниежүзілік
əдебиетінде тиісті бағасын алған. Ол туралы Луи Арагон:
«ХХ ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі», - десе,


Николай Тихонов «Бұл тамаша эпопея бізге тұтас бір
əлемді сыйға тартты. Табиғаттың, тұрмыстың небір
ғажайып картиналарымен адам құштарлықтарын
сипаттауымен бізді іңкəр етті», - дейді. Осындай
əдебиеттанушылардың жоғары бағасы «Абай жолы»
роман-эпопеясының əдебиет əлеміндегі көркем құбылыс
екендігін айқындайды. Сондай-ақ бұл роман-эпопея қазақ
халқын, тіпті түркі тектес халықтардың мəдениетін
дүниежүзіне танытқан ұлы шығарма ретінде танылды.
Бұл шығарма жазушының ұзақ жылғы ғылыми
ізденістерінің жемісі. Абайтану ғылымы соқтықпалы,
соқпалы жылдары дамып, жетілді. Отызыншы-елуінші
жылдардағы кереғар пікірлер көрігінде шыңдалды.
Абайдың заманы, өмір мен өнерпаздық, қайраткерлік,
ұстаздық өнегесі жайында кесек көркем шығарма жазуға
Əуезов мол дайындықпен келді. Жазушы Абайдың өмірі
мен ақындық жолын үнемі зерттеу үстінде болды. Мұхтар
Əуезовтың өлшеусіз еңбегіне сол кездегі мемлекеттік
марапаттың көрнектісі болып есептелетін Лениндік
сыйлық берілді. Мұхтар Əуезов Абайдың мəңгілік
тұлғасын сөз өнерінің өзгеше даралықпен сомдаған тұтас
бір тарихи дəуірді, қазақ халқының ұлттық өмір салтын
алуан сипатты кейіпкерлер бейнесін, іс-əрекетін, бір-
бірімен қарым-қатынасын Абайдың өмір жолымен
қиюластыра суреттеді. Бес жүзден аса кейіпкерлер өмір
додасында іс-əрекеттерде тығыз қарым-қатынас үстінде
жан-жақты ашылды. Оқиғалар мен эпизодтардың
көптігіне қарамастан, шығарма сюжет құрылысының
шынайылығымен, көркемдігімен композицияның
шымырлығымен ерекшеленеді.
Қазақ əдебиетінде Мұхтар Əуезовтан кейін Абайдың
шығармашылығына тоқталып, оның өмірі жайында
жазылған шығармадан кейін басқа жазушылардың келуіне
не себеп болды деген сұраққа ақын Мұзафар Əлімбаев
былай деп тіл қатты: «Мұхтар Əуезовтің жалпақ əлемге
жайылған «Абай жолы» дəуірнамасынан кейін Абай
бейнесіне бару – тайғанақ-тайғақтағы тəуекел емес,
дəрменсіз дəме де емес, көзжұмбайдың кеудемсоқ
өлермендігі де емес, өнериеттегі өжеттілік, талант
табандылығы!». Осылайша Абайды танимын деген
адамның бойында тұнығы мол таланттың жататынын
ақын өз сөзінде тілге тиек етеді. Расын да Абайды
қаншалықты танимын деп тереңдігіне үңіле түссең,
жаңаша ақпараттарды табарың анық. Осылайша Абайды


қанша зерттесең да, тұнығы мол тұлғаның қыр-сырының
ашыла түсетінін айтқан.
Абайдың балалық шағынан бастау алып жазылған
Рамазан Тоқтаровтың «Абайдың жұмбағы» атты роман-
хамсасы бірнеше бөлімнен тұрады. Алғашқы кітабының
атауы «Толғақ» деп аталса кейінгі кітаптары: «Жұлдыз
құрбандық», «Қызғаныш», «Хақиқат мектебі»,
«Нұрсипат» деген атаулармен аталады. Бұл кітаптар
Абайдың балалық шағынан бастап, кемелденген шағына
дейінгі өмір иірімдерінен сыр шертеді. «Абай жұмбағы»
роман-хамсасының бастауы Абайдың дүние есігін ашумен
басталады. Дүниеге келер алдында Құнанбайдың түсіне
Əнет бабаның еніп, есімінің Ибраһим деп қойылуына
үлкен ықпалын тигізгенін жазушы өз шығармасында айта
кетеді. Жазушы Абайдың балалық шағынан бастап,
кемелдеген дəуірін ерекше сипаттап жазады. Оның өмір
тартысындағы күресі мен алдына қойған мақсатын
айқындай түсіп, жалпы болашағына деген көзқарасын
ерекше бағалайды. Жазушы бұл шығармада Абайдың
жанында жүргендей күй кешіп, шығарманың
шынайылылығына көп көңіл бөлген.
Қазақ əдебиетіндегі адам бейнесінің көрінісі оның тек
қана сырт келбетінің суреттелуімен ғана шектелмейді.
Сонымен қатар жазушы кейіпкердің жалпы өмірге деген
көзқарасының қыр-сырын аша түседі. Расында да
шығармадағы кейіпкердің образын ашу əрбір жазушы
үшін ең үлкен жұмыстың нəтижесі деп білемін. Абайдың
бейнесі «Абайдың жұмбағы» роман-хамсасында былайша
суреттеледі: «Абайдың осындай қақтығыстар кезіндегі
орамды тілді шешендігі, əсіресе үлкен отыр екен деп
қаймықпай қарсы шабатын түр-тұлғасы тым ерте
қалыптасты. Мұндайда төбесінен нұр шалқығандай боп,
даусы да саңқылдап ашықжарқын шыға бастайтын еді.
Тегінде адам баласы жарық дүниеге келгенде көзін
тырнап ашқаннан не нəрсеге бұрын əсерленсе, ғұмыр
бойы соған ұмытылып өтетін сияқты».
Бұл романдағы басты ерекшеліктердің бірі Абай мен
Шоқанның үндестігі еді. Расында да Шоқанмен тығыз
байланыста болған Абай қаншама өнер-білімді, ғылыми
ізденістерді осы Шоқаннан алып еді. Жалпы адамдық
тұлғасына Абайдың маңайында жүрген ақындардың,
əншілердің, қазақ зиялылаларының ықпалы көп еді.


Осылайша ол бүгінгі таңда теңдесі жоқ ақын болып шыға
келді. Ақынның əрбір өлеңінің астында жатқан құпия
сырды ашуының өзінде де үлкен философиялық
ойлардың тізбегі жатыр.
Байқап қарасақ, қара сөздің құдыретімен кез-келген
жансыз затқа жан бітіріп, жанды дүниені жансыз қылып
тастауға болады. Сол сияқты шындықтың астарында
қалып қойған ақиқатты ел назарына ұсына білу де осы
прозалық шығармалардан бастау алады. Кез-келген
прозалық шығарма дидактикалық тəрбиеге арналып
жазылды десек, екінші жағынан заман көрінісін сипаттау
барысында ұлт тағдырының көрінісі жататыны анық.
Олай болса, бүгінгі замандағы қазақ прозасының көрнекті
шығармаларының бастауын осы прозалық
шығармалардан басталады десек, артық айтпағанымыз
болар.
Прозалық шығармалардың өзі де тақырыптары жағынан
əр түрлі болып келеді. Фантастикалық бағыттағы, балалар
əдебиетіне арналған шығармалар жəне тарихи прозалық
шығармалар деп бөліп қарастыруға болады. Соның
ішіндегі бүгінгі əдебиет саласында кеңінен таралған
прозаның бір түрі – тарихи прозалық шығармалар. Ұлт
тарихы мен мəдениетін күллі қазақ даласына паш етіп, əр
оқырманның оң бағасын алып келе жатқан тарихи
шығармалардың жас ұрпақ үшін қашан да маңызының
жоғары екендігін білеміз. Олай болса, сонау прозалық
шығармалар поэзиядан бөлініп шыққан тұсындағы ұлт
тағдырын сипаттау сынды таырыптар көне замандардан
бастау алды десек, қателеспейміз.
Міржақып Дулатұлының проза жанрын
қалыптастырудағы ролі
Ағартушы-педагог ақын, күрескер – азамат ақын
Міржақып Дулатовтың «Оян, қазақ» жинағындағы
өлеңдері – негізінен, саяси-əлеуметтік тақырыпқа
жазылған, əсіресе, патша өкіметінің отаршылдық,
озбырлық саясатын əшкерелеуге арналған саяси лирика.
Жинақтағы өлеңдердің соңғысы «Сөз ақыры» деп
аталады. Ол өлеңінде: бұл шығармалары туралы
сыншылардың пікір айтып, қатесі болса, ғибрат алу үшін,
көрсетулерін өтіне келіп, өлең жазудағы себебін, негізгі


мақсатын айтады. Үлгі-өнеге алған ұстаз ақындарын тілге
тиек етеді.
Бұл сөзді жазғаным жоқ ақын болып,
Халық тентек, бір өзім мақұл болып.
Қайғы мен хал мүшкілін білдіргенім,
Ұйқыда жұрт жатқан соң ғафіл болып.
Міржақып - өз халқына қызмет етуге бойындағы бар
жақсы қасиетін, бар саналы өмірін арнаған, сол жолда
қандай қиындық, ауыр азап, қауіп-қатер болса да, бəріне
басын байлаған қайраткер, азамат ақын. Сондықтан да ол
өзінің əдеби есімін (псевдонимін) «Азамат» деп атаған.
1910 жылы «Бақытсыз Жамал» романы басылып шығады.
Өлеңмен жазылған «Сөз басынан» үзінді келтірейік:
...Оқуға емес жұрттың бəрі құмар,
Оқыған романды не деп ұғар.
Демеймін жалпақ жұрттың бəрі кеше,
Мағынасын түсінетін бар да шығар.
«Бақытсыз Жамал» - қазақ əдебиетінің тарихындағы
тұңғыш роман. Жүсіпбек Аймауытовтың 1926 жылы
жарық көрген «Қартқожа» романына дейін «Бақытсыз
Жамалдан» асырып роман жазған қазақ жазушысы болған
жоқ.
Міржақыптың көркем əдебиеттегі ұстазы – Абай. Жан-
жақты терең білімді, əдебиетші, сыншы Ыдырыс
Мұстамбаев 1927 жылы «Қызыл Қазақстан» журналында
жарияланған «Көркем əдебиет туралы» атты көлемді
мақаласында: «...Абайдың əдебиетке əсері қандай болды?
Мол болды.
2 сұрақ
Мəделі Жүсіпқожаұлы[1] (1816-1888 ж.) - Қазақтың
байтақ даласында көрнекті ақын əрі батыр атанған
азаматтың бірі . Мəделінің кіндік қаны тамған жері қазіргі
Түркістан облысының Қызылқұм ауданының қожатоғай
кеңшары (бұрынғы Ақбұлақ болысы, Бадам жері). Зерек,


болашақ ақын жігіт жастайынан діни медреселерді оқып,
жан-жақты болып өседі. Қолына түскен кітаптарды көп
оқып, мұсылманша оқыған білімі арқасында Құранды да
оқып жатқа білетін болған. Кезінде кеңінен тараған
шығыс əдебиеті, оның ішінде араб əдебиеті үлгілерінен,
ертегі, дастан, қиссаларды көңіл қоя оқиды. Мəделінің өз
заманында діни білімімен молдалық құрған кездері де
болған.
Шығыстың классикалық əдебиеті мен фольклорын көп
оқып, он бес жасынан лирикалық-дидактикалық толғау
өлеңдер шығара бастайды. Əзіл-қалжың өлеңдерін айта
жүріп, суырыпсалма ақындық өнерге де төселеді. Мəделі
əдеби мұрасы — толғаулар, айтыстар, арнау өлеңдер.
Мысалы, “Батырбек пен Байзаққа”, “Əбділда қожаға”, “
Айналайын, Əзірет”, “Аман бол, Қосжарсуат туған
жерім!”, “Датқа-еке, мен осында туып едім”, “Қанайға”, “
Шəріпке”, “Кетпейді бастан бұлт күн жайланып”, тағыда
басқа арнаулары мен толғауларында əлеуметтик ортаның
қайшылықтары, атамекенін қорғап, Хиуа хандары
озбырлығынан құтқарған ерлердің тарихи тұлғалары
жырланады. ұұмырнамалық өлеңдерінде адамның ана
құрсағында пайда болуынан бастап жүз жасқа дейінгі
фəнилік кезеңдегі тағдырына дидакт.-филос. шолу
жасалады. Ақынның айтыстарында (“өлбике мен Мəделі”,
“Айым қызбен жұмбақ айтысы”, тағыда басқа) айтыскер
ретіндегі шеберлігі аңғарылады. Ол атақты Майлықожа
ақынмен де өнер жарыстырған (“Бес ғасыр жырлайды”, 1-
т., 1989). Мəделі шығармалары баспасөз беттерінде (“
Түркістан уəлаяты”, 1875, 1878; “Жас Қайрат”, 1924; “
Оңтүстік Қазақстан”, 1973), хрестомататиялық-
антологиялық жинақтарда (“Ертедегі қазақ əдебиеті
хрестоматиясы”, 1967; “Бес ғасыр жырлайды”, 2-том,
1984, 1989, 1991), жоғары оқу орындарына арналған
хрестоматиялық оқу құралдарында жарияланған.
Ақынның шығармашылығы туралы əдебиеттанушы
ғалымдар Х.Сүйіншəлиев, Ə.Оспанұлы, тағыда басқа
зерттеген.
3 сұрақ Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңіне
əдеби талдау
Тақырыбы – Шығыста Ескендір, орыс пен Европа
елдерінің атауынша Александр Македонский туралы
аңызды өмір шындығына жақындатып өзінше толғаған.


3. Жанр түрі – поэма (дастан)
4. Негізгі идеясы – ізгілік пен бейбітшілікті, ғылым мен
білімді, яғни рухани биіктікті дəріптеу. Зұлымдық пен
қатыгездікті, мансапқорлықты əшкерелеу.
5. Шумақ саны – 42
6. Тармақ саны – 168
7. Буын саны – 3 бунақты
8. Ұйқас түрі – қара өлең ұйқасы (ааба)
9. Шығарманың композициялық құрылысы:
9. 1. Сюжеттің басталуы. Филипп патша қайтыс болған
соң Ескендірдің таққа отыруы. Əскер жиып көрші елдерді
жаулауы.
9. 2. Сюжеттік байланыс. Елсіз шөлге тап болуы. Өлдім -
талдым дегенде мөлдір бұлаққа кездесуі.
9. 3. Шиеленісуі. Алтын қорған. «Бұл – Құдайға
бастайтын қақпа» деп ашпай қоюы. Қақпаның ар жағынан
алған сый.
9. 4. Шарықтау шегі. Алғаш сыйдың қу сүйек екенін біліп
ашуға булығу. Аристотельдің ақылы. Таразыға түскен қу
сүйек.
9. 5. Шешімі. Хакім Аристотельдің жауабы: Жеміт көз
жер жүзіне тоймаса да,
Өлсе тояр көзіне құм құйылғанда.
10. Шығарма кейіпкерлері
Абай дастанында əділдік, данышпандық, жауыздықтар сөз
болады. Бірақ мұндағы əділ де, данышпан да, философ та
Ескендір емес, Аристотель. Дастанда екі образ бар. Бірі -
Ескендір, екіншісі - Аристотель. Көлемінің шағындығына
қарамастан, дастанның идеясына сəйкес, екеуі де көркем
жасалған образдар.
Абай Аристотель есімін құрметпен айтады, «ақылы мол»,


«жеке - дара», «хакім адам» деп бағалайды.
Ал Ескендір болса, дəріптелмей, сыналады. «Мақтан
сүйгіш, қызғаншақ, қанішер, тойымсыз, қаһарлы, өзімшіл,
тоқтау көрмей өскен жан, даңғой, долы, кекшіл, есер» деп
суреттеледі.
11. Əдеби теориялық ұғымдар
Теңеу – дарияның суындай қандар ақты;
таспадай бейне арықтан шыққан құлап.
Эпитет – сар дала, мөлдір бұлақ, алтын қорған, қу өмір,
жеміт көз, кəпір көз.
12. Түсіндірме сөздік =)
Жеміт – қанағатсыз, тойымсыз, обыр
Араны ашылды – тойымсыз, ашқарақ, қанағат тұтпау,
құнығу
Даңғой – елірме, есер, желікбас
Долы – ыза кернеген, булықпа, ызақор
Ант ұру – айтқанына тұрмайтын тұрлаусыз оңбаған
Кəпір – мұсылман дінінен басқа діндегілер, құдайсыз,
дінсіз
13. Шығарманың негізгі түйіні, тəрбиелік мəні
Соңғы 4 шумақты оқу. Жауыздыққа жетелейтін нəрсе
күншілдік, тойымсыздық, мансапқорлық. Осындай жаман
əдеттерден сақ болу. Иманды болуға, қанағатшыл болуға
үндеу.
10 билет
1 сұрақ ХХ ғасыр басындағы алғашқы драмалық
шығармалар
Қазақ сөз өнерінде драматургия 20 ғасырдыңдың басында
қалыптасты. Қазақ жастары ұйымдастырған əдебиет,


ойын-сауық кештері ұлттық сахналық өнер мен
драматургияның бастамасы болды. Бұлардың
тəжірибелері отандық драматургияның пайда болуына,
ұлттық драм. шығармалардың жазылуына ықпал жасады.
Қазақстанның əр түкпіріндегі алғашқы сахналық
талпыныстар Қазан төңкерісімен ілесе, ұлттық
драматургияның дүниеге келуіне негіз болды. 1915 жылы
К.Тоғысовтың “Надандық құрбаны” драмасы жеке кітап
болып Уфада басылып шықты. Төңкеріс қарсаңында жəне
одан кейін Ж.Аймауытов, М.Дулатов, Қ.Кемеңгеров,
М.Əуезов, С.Сейфуллин, Ж.Шанин, т.б-дың алғашқы
драма шығармалары ұлттық драматургия жанрының
негізін қалады. Еуропа үлгідегі драматургияның қыры
мен сырын меңгеруге қазақ топырағында алғаш рет ден
қойған Аймауытов. Оның тұңғыш үш пьесасы (“Рəбиға”,
“Мансапқорлар”, “Қанапия — Шəрбану”) 1916 — 1917
жылы, ал “Ел қорғаны”, “Шернияз”, “Сылаң қыз” 1920 —
1925 жылдар ішінде жазылған. Бұларда сол уақыттағы
қазақ қоғамындағы тұрмыс-салттан бастап, əлеуметтік
оқиғалар суреттелген. Аймауытов қазақтың ауыз
əдебиетін жетік біле тұра, көне дəуірді бейнелейтін пьеса
жазбаған. Оның пьесаларының барлығында өз кезеңінің
болмысы суреттелген. Жəне басқа драматургтердің
шығармаларына ұқсамайтын өзіндік ерекшеліктері де
айқын. Барлық пьесаларының шымылдығы жеке
кейіпкерлердің психология толғанысынан бастау алады.
Аймауытов пьесалары сол жылдары жеке-жеке кітап
болып басылып шыққан.
Ұлттық драматургияда төңкеріс тақырыбын алғаш
көтерген Сəкен Сейфуллин болды. Оның “Бақыт
жолында”, “Қызыл сұңқарлар” пьесаларында драмаға
лайықты сипат сақталған. Бұл аталған пьесалардың
үгіттік бағытынан, көркемдік жəне тарихи шындықтың
тұтастығынан, оқиғаның құжаттық дəлділігінен, этнограф
бедерінің сақталуынан көрінеді. Осы тақырыптың
жалғасы ретіндегі Шаниннің “Шахта” пьесасы бірнеше
рет жөнделіп, өңделген нұсқасында қазақ
жұмысшыларының өмірін, саяси күреске араласуын
суреттейді. 20 ғасырдың 20-жылдарындағы отандық
драматургияда əйел бостандығы мен теңдігі басты
тақырыпқа айналды. Солардың бірі 1926 жылы
Кемеңгеровтың “Алтын сақина” мен “Ескі оқу”
пьесалары Қазақ драма театрының сахнасында қойылды.
Театрдың алғашқы жылдарындағы репертуарынан
Б.Майлиннің шағын комедиялары, Ж.Тілепбергеновтің “
Сүйіскендер”, “Перизат — Рамазан”, Р.Малабаевтың “Үй


тұтқындары”, “Ғұрып күні”, С.Аблановтың “
Күндеспейтін қатын”, А.Тоқмағанбетовтың “Екі заң”, т.б.
пьесалары орын алды. Бұлардың ішінде театр
репертуарында ұзақ сақталғаны — “Перизат — Рамазан”
жəне А.Оспанов пен Е.Өтеулиннің “Зарлығы”.
20 ғасырдың 20 — 30-жылдарындағы драматургияда
трагедия жанрының дамуы айқын көрініс берді. Олардың
көбісі тарихи-эпостық жырлардың негізінде жазылған.
Кезінде театр репертуарынан берік орын алған Шаниннің
“Арқалық батыры” 1924 жылы жеке кітап болып басылып
шықты. Екі бөлімнен тұратын пьеса премьерасы сахнада
қатарынан екі күн жүрген. “Арқалық батыр” трагедиясы
— отандық драматургиядағы фольклорлық материалды
игерудің тұңғыш қадамы. Шаниннің бірнеше шағын
комедиялық шығармалары да сахнаға шықты. Олар — “
Торсықбай” мен “Айдарбек”, бұлардың сюжеттерінің
желісі — ауыз əдебиетінің негізіне құрылған, қазақтың
əйгілі əзілкештерінің төңірегінен өрбитін аңыз-əңгімелер
мен олардың күлдіргі əрекеттері. Комедия жанрына
ерекше көңіл аударып, негізін қалаушылардың бірі —
Майлиннің көптеген шағын күлкілі шығармалары театр
мен үйірмелердің репертуарынан берік орын алды. Атап
айтқанда “Шаншар молда”, “Ел мектебі”, “Неке қияр”, “
Айша”, “Сəлде”, “Көзілдірік”, т.б. Бұларда комедияның
шағын үлгілері — скетч, водевильге тəн түрлері кездеседі.
2 сұрақ
Ыбырай Алтынсариннің шығармашылық өмірбаяны
Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының ағартушылық
тарихында жəне ұлттық мектебінің қалыптасуында терең
із қалдырған тұлға. Ол 1841 жылы қазіргі Қостанай
облысының аумағында дүниеге келген. Əкесінен ерте
айырылған ол атасының - белгілі би жəне старшын
Балқожа Жаңбыршиннің қолында тəрбиеленді. Ыбырай
бала кезінен бастап білімге жəне өз бетінше оқып білуге
бейім екенін байқатты. Көп оқыды, Ресей қоғамының
білімді адамдарымен жиі араласып тұрды. Орынборда
оқып жүрген кезінде шығыстанушы ғалым В.В
Григорьевпен жақын танысып алды. Ол өзінің бай
кітапханасымен Ыбырай Алтынсариннің еркін
пайдалануына рұқсат етті. Білімге құштар жас бос
уақытының бəрін де сол кітапханада өткізді. Білген үстіне
біле түссем деген құмарлық пен өз халқыма неғұрлым


көбірек пайда келтірсем деген абзал арманға ұмтылыс жас
Ыбырайдың өмірлік кредосына айналды. Өзінің мінез-
құлқы жағынан қарапайым əрі еңбексүйгіш еді, көп
оқыды, өзге халықтардың қол жеткен табыстарын
неғұрлым көбірек біле түссем деп армандады. Алған
білімін өз халқының пайдысына асыруға талпынды.
Ыбырай "Қазақ хрестоматиясына" кірген өлеңдерінде де
халық-ағарту идеясын көтерді. Оның "Кел, балалар,
оқылық!", "Өнер-білім бар жұрттар" өлеңдері осындай
мақсатта туған. "Кел, балалар, оқылық!" өлеңі жастарды
оқуға, білім алуға шақырады:
Оқысаңдар, балалар,
Шамнан шырақ жағылар.
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар.
Кел, балалар, оқылық!
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық!
Өлеңнің əр шумағында оқудың əр жақты пайдасын айта
отырып, ақын соңғы жолдарды ылғи қайталап отырады.
Мал, дəулеттің байлығы –
Бір жұтасаң, жоқ болар.
Оқымыстың байлығы–
Күннен күнге көп болар,
Еш жұтамақ жоқ болар.
Сөйтіп, ақын, бір жағынан, жастарды оқуға, білім алуға
үндесе, екінші жағынан, оқу, өнер, ғылым-білімге, оның
жалпы халық үшін керектігіне еш мəн бермейтін ескі
көзқарасқа соққы береді. Өмірдегі сарқылмайтын мол
байлық – білім екендігін айта келіп, білімге адамның қолы
жету үшін, ерінбей оқу, қажымай еңбек ету керектігін
түсіндіреді. Ыбырай "Өнер-білім бар жұрттар" атты
өлеңінде оқу, білім алудың мақсатын кеңінен сөз етеді.
Өлеңнің негізгі идеясы – қазақ қауымына озық мəдениетті
елдерді үлгі етіп көрсету.
3 сұрақ Шəкəрім Құдайбердіұлының «Қалқаман-Мамыр»
поэмасын əдеби талдау
екінші Абайымыз деп танып, ерекше құрметтеген. Бұл
пікір ғұлама ақынға берілген əділ баға. Шəкəрім атамыз
Абай ағасының ақындық дəстүрін жалғастырып, сол
заман шындығын тап басып суреттей білген. Сол


шығармаларының бірі «Қалқаман Мамыр» дастаны.
Балалар, үйден мазмұнымен танысып келдіңдер. Енді
жырдағы басты оқиғаларға назар аударып, мазмұндап
көрейік. Оқиға қай кезеңді суреттейді?
(Поэма тарихи шығарма. Ақтабан шұбырынды
оқиғасының алдында 1722 ж. болған.)
Оқиға кейіпкерлері кімдер? (Əнет баба, Мəмбетей,
Қалқаман, Мамыр, Көкенай)
Осы аталған кейіпкерлердің арасында туыстық байланыс
қандай? (Кішік, Мəмбетей ағайынды бір туғандар.
Кішіктен: Əнет, Əйтеке. Əйтекеден: Олжай, Байбөрі,
Қалқаман. Мəмбетейден Мамыр.
Қалқаман мен Мамыр немере ағайынды.)
Поэмада Мамыр қалай суреттеледі? (Байдың ерке шора
қызы. Қыз деп əкесінен батып айта алмайды.
Қалқаманмен жылқы бағып жүріп кездесіп, бір бірін
ұнатады.)
Жыр желісі бойынша осы екі жасты жақындастырған
оқиға не еді? (Сəмеке деген хан қалмақты жеңіп елді
жинап той жасайды. Сол тойға тобықты елі тегіс
шақырылады. Үлкендер кеткеннен кейін жастар бастаңғы
жасайды.
Осы бастаңғыда Мамырдың Қалқаманға айтқан жұмбағы
(кездесуге шақырады, өзіне құда түсетінін айтады.
Ұнатысқан екі жас алып қашуға бел байласып, қашады)
Осы жерде Əнет баба қандай кейіпкер болып танылды?
(ел бірлігін ойлаған, ақылды, жанашыр бейнесінде
көрінеді. Қалың малды аямайды, бірақ Көкенай мен
Мəмбетей көнбей қояды.)
Көкенай кім? (Мəмбетей елінің батыры, ел ағасы, салт
дəстүрді қатаң ұстанушы, қатыгез жан. Үйін сағынып,
төркіндеп келген Мамырды атып өлтіреді. Мамырдың өз
қанымды кештім, Қалқаманды өлтіре көрме, екі адамның
қанын мойныңа жүктеме» дегеніне қарамайды. Əнет
бабаға кісі салып, ақыры туыстықтан кетеміз деп
көндіреді. )
Жыр оқиғасы немен тынады? (Көкенай Əнет бабаның
шешімімен Қалқаманды жүйрік атпен шауып өткізеді, сол
кезде Көкенай мергендігі рас болса, Қалқаманды атып
түсіруі керек. Екінші рет оқ атылмайды. Садақ жебесі
Қалқаманның санына тиіп, аман қалады. Мамырды
өлтіріп, өзімді оққа тіккен елде қала алмаймын деп,
өкпелеп елден кетеді. Ұлы жүздегі нағашысы Еділбайға
Бұхараға кетеді. Сол жақта жүріп үйленіп, қазірде
солардан тараған ұрпақ ұлы жүзде деген дерек бар)


ƏДЕБИЕТ 3-4. ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫ
1-билет.
1.Азатшыл демаократтық бағыт: зерттелуі, өкілдері,
тақырыптық жанрлық ерекшеліктері, ағартушылық
XX ғасырдың бас кезінде демократтық ағартушылық
бағытта дамыған қазақ əдебиеті бір ғана
белгілі кезеңнің жемісі емес, қайта өткен ғасырда
Ыбырай, Аьайлар негізін салған прогресшіл
демократиялық-ағартушылық бағытта дамыған жаңашыл
əдебиетіміздің заңды жалғасы, жаңа
кезеңдегі көрінісі болып табылады.
XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ əдебиетінің көптеген
өкілдерінің шығармалары өз кезінде баспасөз
беттерінде, əсіресе “Айқап” журналында жарияланып
немесе өз алдына жеке кітап болып басылып
шығып, жарық көріп отырды.Мысал ретінде осы дəуір
əдебиетінің көрнекті өкілдері болып
табылатын С. Торайғыров, С. Дөнентаев, С. Көбеев, Т.
Жомартбаев, М. Сералин, Ə. Тəңірбергенов,
Б.Өтетілеуов, Ə. Ғалимов шығармаларын атауға болады.
Бұл аталған ақын, жазушылардың,
демократтық бағыттағы əдебиет өкілдерінің
шығармаларында XIX ғасырдағы классикалық
əдебиетімізде, əсіресе Ыбырай мен Абай творчествосы
арқылы келіп қалыптасқан жаңашыл
дəстүрлер əрі қарай дамыды.
Бұл дəуірдегі демократтық-ағартушылық бағыттағы
əдебиет өкілдері өздерінің шығармаларында
қазақ тұрмысындағы ескілік қалдықтарын, патша үкіметі
мен қазақ феодалдарының халыққа, еңбек
адамына істеп отырған озбырлықістерін батыл
сынады.Əйелдердің бостандығы мен теңдігін сөз ете
отырып, қалың мал тəрізді ескі салт-сананы, қожа-
молдалардың бойындағы теріс істерді
əшкереледі. Халықты еңбекке, оқу-өнерге, мəдениетке
шақырды. Олар осы тəрізді қоғамдық,
тарихи үлкен маңызы бар соны тақырыптарды кеңінен сөз
ете отырып, жаңа өмірді, əділет заманын,
бақытты тұрмысты болашақтан күтті, келер күнге зор
үмітпен, сеніммен қарады.
Сөйтіп, XX ғасырдың бас кезіндегі, ұлы төңкеріс
қарсаңындағы демократтық бағыттағы əдебиетіміз
сол кезеңнің ілгерішіл сипатымен сана-сезімі ояна
бастаған халқымыздың қоғам дамуы алып келе
жатқан жаңалыққа барынша бой ұрып, еркіндікке ұмтылу


талаптарымен тығыз байланысты болады.
Қазақ халқы өзін ілгері ұмтылып іргелі, мəлениетті ел
болуға, еңбекке, өнер-білімге, ғылымға
шақырған демократ жазушылардың, ақындардың
прогресшіл үніне қатты құлақ қойып, олармен
бірге келер жаңа заманды, əділдіктің туан көтерер
еркіндік заманын асыға ынтыға күтті.
XX ғасыр басындағы демократтық-ағартушылық бағытта
жазған ақын, жазушылар саны жағынан
да, шығармашылық сапасы жағынан да біршама
баршылық.
2. Нұржан Наушабаевтың шығармашылық өмірбаяны
Нұржан (Нұрмұхамбет) (1858, қазіргі Қостанай облысы
Алтынсарин ауданы – 1919) –
ақын. Діни-ағартушылық бағыттың көрнекті өкілі. Анасы
Қадишадан (Шал ақынның қызы)
жастайынан айырылған ол нағашыларының қолында
тəрбиеленген. Троицк қаласында
З.Расулов медресесінде білім алған. Жастайынан араб-
парсы тілдеріндегі кітаптар мен
татар, башқұрт жазушыларының шығармаларын оқыды,
əнші, сері, балуан атанып,
дидактик. үлгідегі нақыл, терме, толғау, мысал жəне
назым, ғақлия жырларын жазды.
Оның 40 шақты өлеңі мен айтыстары “Жұмбақ. Нұржан
мен Сапарғалидың жұмбақ
айтысы” (1903), “Маңзұмат қазақия” (1903), “Алаш”
(1910) атты жинақтарында Қазан
қаласында басылған. Наушабаев өлеңдерінің негізгі
тақырыбы – өнер-білім мен
адамгершілік қасиеттерді насихаттау. “Заманның қалпына
айтылған сөз”, “Тақпақ”,
“Терме”, “Леп ұрған жігітке” өлеңдерінде, сондай-ақ А.И.
Крыловқа еліктеп жазған “Түлкі
мен əтештің хикаясы”, “Өгіз бен есек”, т.б. мысалдарында
адамның мінез-құлқы мен
жамандық-жақсылық, əділдік жайын, замана бағытын,
қоғамдық құбылыстарды
сипаттады. Адам бойындағы қараулық, дүниеқорлық,
тойымсыздық көріністерін сынады.
Дидактикалық жанрда жазылған “Қырық тілек” атты 13
жұмбақтан тұратын ғақлия өлеңі
көркемдігімен ерекшеленеді. Қоғамдық жайларды
исламдық тұрғыдан таразылап, діни
өлеңдерінде Құран Кəрімнің маңызын, қасиетін


түсіндіруге талпынған ақын мұсылманның
парыз-уəжіптеріне талдау жасайды (“Қырық парыздың
баяны”, т.б.). Наушабаев
шығармаларында татар ақыны, əнші Сапарғали
Қуанышұлымен жұмбақ айтысының орны
ерекше. Хат үлгісіндегі жазбаша сөз сайысында
қарсыласы тарапынан қойылған 25
жұмбаққа Наушабаев тапқырлықпен жауап беріп,
білімдарлығын көрсеткен. Айтыс көркем
тілімен, заман ағысы мен қоғамдық өзгерістерді шебер
бейнелеуімен құнды. Айтыс мəтіні
359 жолдан тұрады, алғаш “Манзұмат қазақия” (1903)
кітабында, кейін “Айтыс”
жинағының 2-томында жарық көрді. Ы. Алтынсаринге
арнаған өлеңінде ағартушының
еліне, замандастарына өнеге көрсеткен биік азаматтық
тұлғасы айқын көрініс тапқан.
Өлеңнің 3 шумағы Ы. Алтынсарин құлпытасына қашап
жазылған. Ақынның “Көкем-ай”,
“Көңіл ажар”, “Жан сəулем”, “Асылай”, “Мұқидаш”, “Бес
тілек”, т.б. əндері көп тараған .
3. Мұхамеджан Сералиннің «Топжарған» поэмасы:
идеялық мазмұны,
тақырыбы
М.Сералиннің бізге жеткен əдеби шығармалары аса көп
емес. Ақынның алғашқы поэмасы -
"Топжарған" 1900 жылы Троицкіде жеке кітап болып
басылды, одан кейін 1903, 1907, 1915
жылдары қайта басылады. Бұл поэманың тақырыбы қазақ
халқының өмірінде ХІХ ғасырдың
отызыншы-қырқыншы жылдарында болған оқиға, яғни
Кенесары, Наурызбай бастаған ұлт азаттық қозғалысқа
байланысты.
Поэма адай жігітінің қолға түсуінен басталады, тез өрбіп,
оқушыны тартып əкетеді. Ал ол жігіттің
кім екені, ниеті - бəрі поэманың соңына дейін жұмбақ
болып отырады. Тек ақырында ғана құпия
ашылады. "Топжарған" поэмасында ақынның тілі таза,
бұрынғы діни кітап сөздерін, татар
сөздерін аз қолданған, тіпті қолданбаған десе де болады.
Тарихи шындықты, реалдық өмірді таза
қазақ тілінде, реалистік сөздермен, салыстырулармен
суреттеген. "Топжарған" - тарихи реалистік,
көркем поэма.
2 БИЛЕТ
1. ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр басындағы əдебиеттегі лирика


жанры:
тақырып арнасы, көркемдік ерекшелігі
Лирика – шындықты адамның ішкі көңіл-күйіне бөлеп,
ойы мен сезімін астастыра суреттейтін
терең психологиялық шығарма. Ол əдебиеттің Аристотель
заманынан бері келе жатқан дəстүрлі
үш тегінің бірі. Көбіне өлеңмен жазылады, сюжетке көп
бара бермейді. Оқиғадан гөрі отты
сезімге, бас-аяғы тұжырымды философиялық ойға
жинақталады. Лирика тілсіз түйсіктерге сөз
береді, оларды тар кеуденің қыспағынан көркемдік
өмірдің таза самалына алып шығады да,
ерекше өмірге бастайды. Лириканың бас қаһарманы –
ақынның өзі. Мұның эстетикалық қасиеті
де, тəрбиелік күші де айрықша үлкен. Себебі, бұл арада
өлеңді жазған адам оқыған адамға
айналып, ақын мен оқырманның көңіл-күйлері бір-біріне
ұштасып, бірігіп, біте қайнасып кетеді.
Əр халықтын лирикалық өлеңдері оның ауыз əдебиетінен
басталған. Мəселен, қазақ лирикасының
басы тұрмыс-салт өлеңдерінде - той бастар мен жар-
жарда, сыңсу мен беташарда немесе мұң-шер
өлеңдерінде, қоштасу мен көңіл айтуда, естірту мен
жоқтауда жатыр. Онан бергі қазақ
поэзиясында Шалкиіз, Махамбет толғауларында
лирикалық толғаныстар арқылы
бүкіл қазақ халқының аңсаған арман-мұраттары
көрсетілген.
Лириканың жанрлық сипатын сөз еткенде, оның белгілі
бір нақты түрін бөліп көрсету мүмкін бола
бермейді, дегенмен шартты түрде бөлінген түрлері бар
екенін де жоққа шығара алмаймыз.
Мəселен, мысал, мұң өлеңі (элегия), мадақ өлең (ода),
төрттаған (рубай), нəзира т.с.с. бұрыннан
бар, дау тудырмайтын лирика түрлері бар. Ал, жоқтау,
арнау, айтысты т.с.с. А. Байтұрсыновтың
1926 жылғы «Əдебиет танытқыш» кітабынан бастап
ұлттық өлең түрі, ұлттық үлгі деп қарастырып
келгеніміз белгілі. Сонымен бірге, ойлану (медиативті),
жұмбақ, хат өлең түрлері де кеңінен
жайылған. Қ.П. Жүсіп: «Əрине, лириканың жанрлық
сипаты, жанр түрі ретінде дамуы сөз
етілгенде, оның шартты түрде болсын ішкі бөлінісін:
толғау; публицистикалық, немесе шолу өлең;
дидактикалық, немесе үгіт өлеңі; арнау, хат өлеңі; сондай-
ақ азаматтық лирика, көңіл-күй, табиғат,


махаббат лирикасы болып тарамдалу мүмкіндігін т.б.
ескеру керек», - деп жазады. Ал ХХ ғасырда
жалпы лириканы тақырыптық тұрғыдан жанрларға жіктеу
орнықты. Осы орайда С. Мақпыров:
«Лирикалық шығармаларды тақырыптық тұрғыдан
саралап, жіктеуге болады. Мəселен, қоғамдық əлеуметтік,
саяси мазмұндағы өлеңдерді əдетте азаматтық лирика,
өмір-болмыс сырлары жайлы
толғанысқа құрылған пəлсапалық лирика, ғашықтық-
сүйіспеншілік немесе жеке бастық сезім
күйлерін толғайтын өлеңдерді ғашықтық, əйтпесе
интимдік лирика, көңіл-күй лирикасы, сондай ақ, табиғат
лирикасы деп талдау-таразылау əдебиеттану ғылымында
бұрыннан бар үрдіс», - деп
жанр мен тақырыптың үндестігін атап көрсетеді.
ХХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы қазақ лирикасының
жанры сипаты дегенде, азаматтық,
табиғат, махаббат, философиялық лирика деп жіктеп
қарастырамыз. ХХ ғасырдың 20-40 жылдары
жемісті еңбек еткен қазақ лириктерінің
шығармашылықтарына көз салғанда олардың қай
қайсысының да айналып өтпейтін нысанасы бар екенін
көруге болады. Ол – табиғат. Табиғат
лирикасының алғашқы белгі, нышандарын халық
поэзиясынан байқауға болады. Шындығында да,
қазақтың халық поэзиясында табиғат суреті, жаратылыс
көріністері үлкен орын алатыны белгілі.
Бұлай болуы заңды нəрсе еді. Кең далада көшіп жүрген,
күнделікті өмірі жылдың төрт мезгілінде
де кең сахарада, ашық аспан астында, өзен-судың
жағасында өтетін қазақтың өзін əрдайым
табиғаттың аясында, бауырында отырғандай сезінуі
таңғаларлық құбылыс емес. Жыраулар
поэзиясында табиғат салыстыру, егіздеу тəсілі арқылы
суреттелді. Табиғатқа, ондағы түрлі
құбылыстарға арқа сүйей отырып, əлеуметтік-
философиялық ойларға терең бойлаған жыраулар
дəстүрі кейінгі жазба поэзияда да жаңа арнамен байыды.
ХІХ ғасыр басында өмір сүрген Д.
Бабатайұлы, М. Мөңкеұлы тəрізді ақын-жыраулар
толғауларында табиғат қосалқы, жанама нысан
ретінде негізгі ойға тірек болып, салмақты көркемдік жүк
көтерді. Ал Ы. Алтынсариннің табиғат
суретін жырлаған екі өлеңі жазба поэзиядағы табиғаттың
реалистік қалпын берген алғашқы
туындылар болып саналады. Дəл осы кезеңдегі бұл


саладағы үлкен жаңалық ұлы Абайдың
өлеңдері еді. «Ыбырай мен Абайдың жаз мезгілін
бейнелеген өлеңдерінде табиғаттың сұлу суретін
жалаң суреттемей, ел тіршілігімен байланыстыра
жырлауын жəне тақырып ауқымынан шықпауын
олардың жетістігі деп білеміз. Ал, тереңге үңілсек
Ыбырай Алтынсариннің өлеңі жалпылау да,
Абай салған картина нақтылы екенін байқаймыз», - дейді
М. Əуезов. Абай пейзажды адам
баласының өмір сүретін ортасы, əлеуметтік өмірмен,
көшпелі тіршілікпен байланыста ғана
суреттемей, адамның жан сезімімен ұластыра бейнеледі.
Абай дəстүрі кейінгі ақындарға, оның
ішінде С.Сейфуллинге бет түзеп, бағыт алар нысан болды.
Қазақ əдебиетінде, Абай шығармашылығында халықтың
əлеуметтік тағдырын
бейнелеген, адам сезімдерінің нəзік түйсінулерін
көрсететін лирикалық шығармалар өте
көп. Абай лирикасы кең көлемді мол қазына; биігі бітпес,
тереңі таусылмас сырлы мұра. Абай
лирикасы сала-сала. Жалпы лирика деген ұғымға қандай
қасиеттер тəн болса, Абай өлеңдерінде
соның бəрі бар. Абайды бірыңғай қайғының, яки
қуаныштың ақыны деуге, не мұңшыл, не
күлкішіл ақын деуге тіпті де болмайды. Абай
лирикасында осының бəрі түгел, тұтас жатыр. Оның
сырлы жырларындағы сəл ғана, ең бір жай сезінудің өзі
оқырманның жан жүйесін, көңіл-күйін
түгел тебіренте толқытып, барлық пернені түгел басып,
барлық шекті түгел сөйлеткендей
сайрайды. Бұл - ғажайып құбылыс.
Сонымен қатар, С. Сейфуллин, Ш. Құдайбердіұлы, М.
Жұмабаев, I. Жансүгіров, М. Дулатов, С.
Мұқанов, С. Мəуленов, Ə. Тəжібаев, F.Орманов, Ж.
Молдағалиев, М. Мақатаев шығармаларында
қазақ лирикасының көркемдік ерекшеліктері айқын
көрініс тапқан.
2. Тұрмағанбет Ізтілеуұлы шығармашылық өмірбаяны
Тұрмағамбет Ізтілеуұлы (9 шілде 1882, қазіргі Қызылорда
облысы Қармақшы ауданы
Тұрмағамбет ауылы – 15 мамыр 1939, сонда) – ақын,
аудармашы. Алғаш Алдашбай ахуннан сауат
ашқан. Бұқара қаласында əуелі “Мир араб” (1896 – 1899),
кейін “Көкілташ” медреселерінде (1896 –
1905) оқыған. Араб, парсы, шағатай тілдерін жетік
меңгерген. “Көкілташ” медресесінде тəжік


жазушысы Садриддин Айнимен достасып, қабырға
газетін бірге шығарысқан. Өзі медреседе оқи
жүріп қарақалпақ елінде бала оқытқан. Осы тұста “
Шəкірттерге”, “Ұстаз ұсынысы”, “Шөлмек”
өлеңдерін жазған. 1905 – 1925 жылы ауыл мектебінде
мұғалім, 1936 – 1937 жылы Қазақстан Халық
ағарту комиссариатында ғылыми қызметкер болған.
Тұңғыш мысал өлеңін (“Қара қоңыз”) 14 жасында,
алғашқы дастанын (“Мəрді диқан”) 18 жасында
жазған. Нəзиралық дəстүрмен шығыстық сюжеттер
негізінде оннан астам дастан (“Данышпан қарт”,
“Тұтқын қыз”, “Рауа бану”, т.б.) жазған.
• “Тұрмағамбет пен Ермұраттың айтысы” діни айтыс
• “Тұрмағамбет пен Жүрсіннің айтысы” хат айтыс
• “Тұрмағамбет пен Əбдікəрімнің айтысы” хат айтыс
• “Тұрмағамбет пен Шəді төренің айтысы” жұмбақ айтыс
• “Көкқұтан мен шымшық” мысал айтыс
Ол жазбаша айтыстың дамуына өзіндік үлесін қоса
отырып, Сыр бойындағы жазба айтыс мектебін
қалыптастырушылардың бірі болды.
Тұрмағамбет бастаған ақындар тобы халықтық игі
үрдістердің бірі – топтық өнер жарысын
қалыптастырды. “Алты ақынның өмір туралы айтысында”
поэтик. пікір жарысы филос. сұхбат
түріне жалғасса, Шəді төремен жұмбақ айтысында
адамның жас ерекшеліктері табиғаттың түрлі
құбылыстарына, жан-жануарлардың қасиеттеріне
теңестіріледі. Тұрмағамбет ақындарға аралық сөз
айтып, бітістіруші би-шешеннің рөлін де атқарған. Омар
мен Таубайдың Жүсібіне, Омар мен
Нұрмаханға, Қаңлы Жүсіп пен Кете Жүсіпке, Кете Жүсіп
пен Даңмұрынға арнаған аралық сөздері
Тұрмағамбет ақынның адамгершілік ұстанымын
дəйектейді. Тұрмағамбеттің “Құрбанғалиға”,
“Құлжан биге” атты сатиралық эпиграммасынан сарказм
байқалады.
Ақын 1936 жылы Фердоусидің “Шаїнамасын” қазақ тіліне
еркін аударма жасады (40 мың жол). Бұл
шығарманы М.Əуезов, С.Сейфуллин, Т.Жүргенов, т.б.
зерттеушілер жоғары бағалаған. Туындының
“Рүстем – Дастан” аталатын бөлімі 1961 жылы, “
Шаxнамауылы Рүстем – Дастан” деген атпен
толықтырылған нұсқасы 2004 жылы жарық көрген.
Өлеңдері “Үш ғасыр жырлайды” (1965), “Бес
ғасыр жырлайды” (1985), “Қасиетті Қармақшым” (2003), “
Ғасырлар толқыны” (2004) жинақтарына


енген. Зерттеуші Байділдаев Тұрмағамбеттің ел аузында
жүрген жырларын, тапқырлық сөздерін
жинастырып, “Назым” деген атпен 1972, 1982 жылдары
жарыққа
шығарды. Ө.Күмісбаев Тұрмағамбеттің “Рүстем –
Дастанын” жүйелі түрде қарастырып, парсы
тіліндегі “Шаїнамамен” салыстыра зерделеді (“Т.Изтлеуов
и его Рустем – Дастан”). Ұ.Жанбершиева
ғылыми-зерттеу еңбегінде ақын шығармаларының
жанрлық ерекшеліктеріне тоқталып, поэтик. сөз
жүйесін саралады (“Т.Ізтілеуовтің поэтикалық
творчествосы”). Ақын қолжазбалары ҚР ҰҒА
Əдебиет жəне өнер ин-тының қолжазба жəне мəтінтану
бөлімінде сақтаулы.
3. Сəбит Дөненетаевтың «Заман кімдікі?» өлеңін əдеби
талдау
Сəбит қоғамдық əділетсіздікті, халық басындағы қанау
мен зорлық-зомбылықты да жіті көре
білген. Ол халық өмірін ел билеушілер мен
қанаушылардың жыртқыштық бейнесіне қарсы қоя
суреттейді. Бұл əсіресе ақынның "Заман кімдікі" деген
өлеңінде айқын көрсеткен. Ол өлең сұрақ
түрінде айтады да, оған өзі жауап береді.
Бұл заман байқағанға күштінікі,
Азулы, тырнақты мен тістінікі.
Дүниенің патшалығы, батырлығы -
Тыпырлап тыныш жатпаған істінікі.
Жуас қой ен жайылған - қасқырдікі,
Құл еркі қожайыны - «тақсырдікі».
Құр қалмақ, əр орнында қырсық шалмақ,
Тартыншақ, жалқау қара басқырдікі.
Даулы мал - ебін тапқан шешендікі,
Пыш-пышқа бағы ашылған көсемдікі.
Еті мол, қымызы мол, қалтасы тоқ,
Мінеки мені-ақ кісі десеңдікі.
Жаным - хақ, қара басым - патшанікі,
Абырой, кісілігім - ақшанікі.
Билігім, жиған малым, сөйлер сөзім,
Ашулы, жұдырығы зор саспанікі.
Жансыздық - іссіз қарап тұрғандікі,
Құр тілек құдай əбден ұрғандікі.
Күш-қуат жанталасып жинамасаң,
Мал, басың бұрын үміт қылғандікі.
Ақын əлеуметтік теңсіздікті, біреуді біреу езіп қанауға,
өктемдікке негізделген қоғамды бейне бір
жыртқыш аңдардың дүниесі ретінде көрсетеді. Ол


қарапайым халықты қан қақсатқан, үстем тап
өкілдерін күштілер мен азулылар, тырнақтылармен бірге,
көлгірсіп аярлық мінез жасайтындығын,
олардың қорқау құлқынын, мал құмарлығын да қоса
аңғартады.
3 БИЛЕТ
ХХ ғасыр басындағы қазақ əдебиетіндегі Абай дəстүрі:
Ш.
Құдайбердіұлы, А.Байтұрсынұлы, С.Торайғыров
шығармалыр негізінде
ХХ ғасырдың басындағы қазақ əдебиетін ерекше
атауымыздың себебі, ол – Абай дəстүр еткен ұлы
үрдістен жалғасын тапқан, əрі басқа кезеңдерден
бөлекше, қоғамдық ой-сананың қаймағы
бұзылмай тұрғанда туған əдебиет. Сондықтан да бұл
кезең əдебиеті қазақ даласындағы
əлеуметтік қайшылықтарды ашып, халық өмірін
сыншылдықпен де, шыншылдықпен де суреттей
алды.
ХХ ғасыр басындағы əдебиет сыншыл реализм айқын
бедерленген кезең болып табылады.
Сыншыл реализм ерекшеліктері М. Сералин,
С.Торайғыров, С. Көбеев, т.б. шығармаларынан нақты
көрініс тапты. Сондай-ақ осы кезеңдегі қазақ əдебиеті
тарихи-əлеуметтік қайшылықтарды көрсетіп
қана қоймай, отаршылдыққа қарсы бағытталған
күрескерлік ұлт-азатшыл идеяларды да алға
тартты. Əдебиет дамуының бұл ерекшеліктерін Ахмет
Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мағжан
Жұмабаев жəне т.б. шығармаларынан байқаймыз.
Олардың шығармалары ресейлік
отаршылдыққа, қоғам өміріндегі надандыққа, əлеуметтік
теңсіздікке қарсы бағытталды.
ХХ ғасыр қазақ даласына да жаңа дəуірдің жаршысы
болып келді. Абай дəстүрін дамытып,
жалғастырған ізбасар ақындар Шəкəрім, Ахмет,
Міржақып, Сұлтанмахмұт, Мағжандар тарих
сахнасына шықты. Осы кездегі Ресейдегі саяси-
əлеуметтік өзгерістердің қазақ жеріне жаңғырып
жетуі қоғамдық-əлеуметтік ойдың өрісін кеңейтті.
Жоғарыдағы ақын-жазушылар бастаған қазақ
ақын-жазушылары ұлттық сана-сезімді оятар бағыт-
бағдар іздеді. Оны əрқайсысы өзінше тапты, өз
пікірлестерін бір бағытқа түзеді.
ХХ ғасырдың басы – қазақ халқының тарихында ұлы
өзгерістер мен үлкен асулар кезеңі, яғни,


айбынды да айлалы саяси күрес, ащы ыза мен кекке толы
көтерілістер дəуірі болды. Дəл осы тұста
қазақ арасында оқу-ағарту жұмыстары өркен жайып,
қазақ зиялылары алдыңғы қатарға шыға
бастады. Қазақ тілінде кітап бастыру, газет-журнал
шығару жолға қойылды. Халықтың сана-сезімі
оянып, руханияттың басты қайнар көзіне айналды.
Əдебиетіміздің ақтаңдақ беттері аршылғалы ХХ ғасыр
басындағы əдеби ағым-бағыттар
айқындалып, сол ағым-бағыттардың көшбасшысы болған
ақын-жазушылардың
шығармашылықтары кең түрде зерттеліне бастады.
Абай негізін қалаған жазба əдебиеттің ең бір шырқау
биікке көтерілген тұсы – ХХ ғасырдың бас
кезі. Бұл тұста қазақ əдебиетіне бірі кеш, бірі ерте қос
арнадан нəр алған, батыс пен шығысты тел
емген, Абай туын биікке көтерген Шəкəрім, Мəшһүр
Жүсіп, Ахмет, Міржақып, Сұлтанмахмұт,
Мағжан сынды əдебиет алыптары келді. Бірінің қанатын
кеңге жайып, алыс-жақынды биіктен
шала бастаған, екіншілерінің əдебиет биігіне енді қанат
қаға бастаған тұсы – осы. Оларды
біріктіретін де, ерекшелендіретін де бір ғана ұлы күш –
ұлтын ояту атты ұлы арман. Осы асқаралы
мақсатқа жету жолындағы сан тарау соқпақты əрқайсысы
өз ой-өрісі межесінен таңдады,
таңдағанын нақты сара жол деп таныды.
ХХ ғасырдың басында əйел теңдігі мəселесі қазақ
қоғамындағы əлеуметтік теңсіздіктің нақты
көрінісі ретінде көзге айқын шалынады. Оны шешу бір
қадам болса да алға басқандық болып
табылар еді. Сондықтан да ағартушы-демократтар бұл
мəселені өз шығармашылықтарының алтын
арқауы етті.
ХІХ ғасырда дана Абайдың жас сұлуы жартастан терең
суға құлап мерт болса, Шəкəрім,
Сұлтанмахмұт кейіпкерлері де əйел теңсіздігін тудырып
отырған ескілікті салт-сананың тегеурініне
шыдай алмай, кейде қарсыласып, кейде бұйығы күйде
өмірден өтеді. Сұлтанмахмұт тұрпайы
салттың қасіретіне душар болған қазақ қызының
жігерсіздігіне қынжылады. Əділетсіздікке жаны
қас ақын қазақ қыздарын өз бақыты мен еркіндігі үшін
күресуге шақырады. Мұратқа тек күрес
арқылы жетуге болатындығына сендіруге тырысады.
Сұлтанмахмұт алға тартқан ой арнасы ағартушы-демократ


ақын-жазушылардың бəріне тəн десек,
артық айтқандық емес. Бұл көзқарас тіптен сол кездегі
барлық ақын-жазушыларға ортақ.
Ағартушы-демократтар да, ұлт-азатшылдар да, діни-
ағартушы бағыттағылар да ұлтымыздың
ертеңі анаға байланысты екенін терең ұғынып, қыздарды
шалға сату ұрпақ өркениетіне кесір
екенін көрсетуге əрқайсы шама-шарқынша, өз ұғым-
таным биігінен келді. Тəрбиелі, оқыған
анадан өнегелі ұрпақтың өнетінін, надан, сауатсыз анадан
тəрбиесіз ұрпақ туатынын
санаткерлеріміз ұдайы тілге тиек етіп отырды.
Сонымен, ХХ ғасырдың басында əйел теңдігі кезек
күттірмей, тез шешуді қажет ететін басты
мəселеге айналды. Бұл сияқты үлкен тақырыпты дəуір
тілегіне лайық суреттеу жолында шағын
өлең формасы тарлық жасай бастады. Өмірдің, əдебиеттің
алдында тұрған түбегейлі
проблемаларды замана талабына сай бейнелеу үшін кесек
те күрделі шығармалар жасау қажеттігі
туды. Міне осы қажеттілік Мұхаметжанның “
Гүлкашимасын”, Міржақыптың “Бақытсыз Жамалын”,
Шəкəрімнің “Еңлік-Кебек”, “Қалқаман-Мамырын”
туғызды.
ХІХ ғасырда Абай қазақ қыздарының аяулы бейнесін
өзінің лирикалық шығармаларында жасаса,
ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ қызы көркем шығарманың
белсенді кейіпкері ретінде көрініп,
заман сырын танытуда, жұртшылықты əділеттілікке,
адамгершілікке шақыруда үлкен қызмет
атқарды.
ХХ ғасыр басындағы əдебиет жəне Абай дəстүрі. Қазақ
ақын-жазушыларының бүкіл
шығармашылығы Абай атты ұлы арнадан бастау алады.
Сондықтан ХХ ғасыр басындағы əдебиетті
сөз еткенде, Шəкəрім, Ахмет, Міржақып, Сұлтанмахмұт,
Мағжан сынды ұлы тұлғалар поэзиядағы
Абай салған дəстүрдің сан қырын ашып, жаңашылдықпен
жалғастырғанын атап өту лəзім. Онсыз
сол кездегі поэзияның даму барысын, көтерілген биігін
аша алмаймыз.
Абай дəстүрін жалғастырушылар ХХ ғасыр бас кезіндегі
қазақ поэзиясын əлемдік деңгейге
көтерген Шəкəрім, Ахмет, Міржақып, Сұлтанмахмұт,
Мағжан сынды біртуар дарындар еді.
Бұлардың бəрі өз кезегінде Абай ұлылығын тануға


ұмтылып, ақындығын бағалауға тырысқан
болатын. Осы орайда Абай ақындығын бағалаудағы
олардың ұлы ақынға берген атаулары да əрі
қызық, əрі ой саларлық. Ең жақын шəкірті Шəкəрім “Ұлы
ұстаз” тұтса, Ахмет “Қазақтың бас ақыны”
деп біледі, Мағжан үшін “Ақындар хакімі” болса,
Сұлтанмахмұт “Ақындар пайғамбары” көреді.
Шəкəрім Абайдың қоғам туралы толғамын, адам
болмысын танудағы ізденісін, адамның адам
болып қалу жолындағы имандылықты, ар-ұяты,
адамгершілікті уағыздау өнегесін, білім мен өнер
шашпақ үлгісін, теңіздей терең ойшылдығын ұлы ұстаз
дəстүрін сақтай отырып, жаңаша
жаңғыртып, жасампаздықпен дамытты.
Ахмет бас ақынға қоғамның ең көкейкесті мəселелерін
қозғаған ой-толғаныс, отарлық уысындағы
ұлттың қамын ойлаған тұстан үндесіп, азаматтық
ұстанымнан туындаған азаттық сарынды алға
тартуымен жаңаша жол тапты.
Сұлтанмахмұт əлеуметтік өмірдегі теңсіздік көрінісін
шыншылдықпен суреттей біліп, қоғамдық
қайшылықтың негізін “көкірек көзімен” көріп, нақты
танып-біліп, ащы шындықты ақындар
пайғамбары санаған Абайша айта алып, шыншылдық пен
сыршылдықтың өрісін кеңейтті.
Қарап отырсақ, ХХ ғасыр басындағы ақын-жазушылар
Абай ақындығынан үлгі өнеге ала отырып,
ұлы тұлғаның сан қырлы, мол сырлы поэзиясының
жандарына жақын, рухына үйлес, өз ой пікірімен үндес
келер тұсын үйіріп əкетіп, жаңғырта да жаңаша
дамытқанын байқаймыз.
Спандияр Көбеев шығармашылық өмірбаяны
Спандияр Көбейұлы – Ыбырай Алтынсарин үлгісіндегі
педагог-жазушы. Өз ұстазының жолын
үлгі тұтып, ағартушылық идеясын педагогтік қызметі
арқылы насихаттаған. Сол бағытта
Спандияр Абай мен өз ұстазы Ыбырай Алтынсарин
негізін салған қазақ əдебиетіндегі
демократтық, ағартушылық идеяны əрі қарай
жалғастырды жəне жаңа жағдайға лайық дамытты.
Спандияр Көбейұлы 1878 жылы 1 қазанда бұрынғы
Торғай облысы, Николай уезі Обаған
болысына қарасты №3 ауылында дүниеге келген.
Спандиярдың əкесі Көбей – мұсылманша хат
таныған, шыншыл, қолөнерімен күн көрген адам. Ол
балаларын оқыту жағына көп көңіл бөлген.


Анасы Айтбоз да, жазушының өзінің айтуынша, өте
қайратты жəне есті, ауылдың ортақ анасы
сияқты қадірлі адам болған. Жарастықты отбасының
үлгілі тəрбиесі болашақ педагог-жазушының
мінез-құлқының қалыптасуына да əсер еткен. Болашақ
педагог-жазушы өзінің өмірлік мұратын
мұғалімдікпен ұштастырады. «Ыбырайдың өлімі менің
оқытушы боламын деген ынта-ниетімді
біржолата баянды етіп бекітті», - дейді. Сол ниетпен
Орынбордағы оқытушылар семинариясына
түсуге талаптанады да, оның сəті түспей қалған соң
Қостанайдағы екі жылдық педагогикалық
курсы мұғалімдікке жол ашады. Курсты 1901 жылы
бітіріп, бастауыш мектепке мұғалімдік құқық
алады. Жүрегі надандық торына шырмалған өз халқына
деген сүйіспеншілік пен оған білім
шырағын жағу үмітіне толы жас жігіт жердің
шалғайлығына қарамай Қостанайдан мың
шақырымдай Ырғыз уезіндегі Толағай болысына
қарайтын Кішіқұм деген жерге оқытушы болып
барады. Арнаулы салған мектеп үйінің жоқтығы,
жабдықтар мен оқу құралдарының жетпеуі,
балаларын орысша оқытуға наразы ел ішіндегі надан
көзқарас – бəрімен жас мұғалім жалғыз
күреседі. Сөйте жүріп, балаларға арнап «Үлгілі тəржімə»,
«Үлгілі бала», «Орындалған арман»
секілді асыл туындыларды дүниеге əкеледі. Осылардың
ішіндегі 1951 жылы жарияланған
«Орындалған арман» мемуарлық кітабының орны ерекше.
Кітап өңделіп, 1954 жылы екінші рет
басылды. «Орындалған арман» - педагог-жазушының
өткен өмір жолы, қоғамдық қызметі, ортасы
мен дəуірі жайлы шығарма. Онда автор заман шындығын
əр қилы оқиғалар мен адамдар тағдыры
арқылы көрсетеді. Кітапты оқып отырып, ең алдымен, өз
ғұмырын халқына арнаған, талай қилы
кезеңдер, қалтарысы мол жылдардан өтіп, өз еңбегінің
жемісіне ие болып, республиканың
көрнекті қоғам қайраткері дəрежесіне көтерілген қарт
педагог-жазушының бейнесі көз алдыңнан
өтеді. Кітапта сол адамның күрескерлікке толы ескі жəне
жаңа өмірі нанымды суреттеледі.
Айналасында болып жатқан өзгерістерге бақылаушы
болып сырттан қарап тұрмай, біте араласып
жүреді. Сондықтан оның қандай оқиғаға болмасын өз
көзқарасы, өз қатынасы бар. Ескі қазақ


ауылындағы тап тартысы, байлар мен кедейлер
арасындағы кейін саяси бағыт алған стихикалық
соқтығысулар, жер дауы, жесір дауы, 1905 жылғы
алғашқы орыс революциясының қазақтарға
əсері, 1916 жылғы көтеріліс, орыс-қазақ достығының
нығаюы жайын кейде кесек оқиғалар, кейде
шағын эпизодтар арқылы айқын көрсетіп отырады.
Шығарманың негізгі кейіпкері ел басындағы
ауыртпашылықты бірге көтереді, қолынан келгенін халық
мүддесі жолына жұмсайды.
Қараңғылық пен надандықтан халқын құтқарып, ілімнің
ұрығын себуге талаптанған ол бала
оқытады, елді тəрбиелеуге көмектесерлік əдеби
шығармалар жазады. Қазан революциясынан кейін
ол халық арасында Кеңес өкіметінің мəнін, оның саясатын
насихаттаушылардың алдыңғы
қатарында жүреді. Кітапта Ыбырай Алтынсариннің
халықтық қызметін көрсетуге бірсыпыра көңіл
бөлінеді. Автор қазақ даласында алғаш мектептер ашқан,
сол мектептердің біріне өзін оқуға
орналастырған ағартушы-педагогтің образын жасайды,
онымен кездесулерін əсерлі баяндайды.
«Қара бақсының хикаясы», «Надандық құрбаны» атты
тарауларында ескі ауылда етек жайып, оны
рухани жүдеткен қараңғылық пен надандықты
əшкерелейді. Ауылдағы тап тартысы, кедейлердің
егіндік, шабындық жерлерін тартып алған байларға қарсы
бой көтеруі, байлардың олардан «кек
қайтару» озбырлығы – кітаптың бірқатар тарауларының
(«Зорлық», «Мұз үстіндегі айқас», т.б.)
мазмұнын құрайды.
XX ғасыр басындағы революциялық оқиғалардың қазақ
ауылына əсері, орыс большевиктерінің ісі,
прогресшіл мақсаттағы оқытушылардың қызметтері
кітапта нанымды баяндалады. Осы оқиғаларға
ере автор өзі де өсе түседі. Кітаптың соңғы бөлімін
Спандияр өзінің Кеңес өкіметі жылдарындағы
қызметіне арнаған.
Спандияр Көбейұлы тек оқу-ағарту майданында ғана
емес, сонымен қатар қазақ əдебиетінің
тарихында да елеулі орын алады. Оның ағартушылық,
педагогтік жəне жазушылық қызметі өзі
өмір сүрген заманның талабынан туды, халықтың рухани
тілегіне жауап берді.
Сəбит Дөненетаевтың «Көркемтай» əңгімесін талдау
Прозалық шығармаларының ішінде идеялы- көркемдік


жағынан елеулісі- “Көркемтай” атты
əңгімесі. Бұл Сəбиттің 1916 жылы жазатын “Өгей ұл”
атты сюжетті өлеңімен тақырыптас, үндес
сияқты.
Інісі өліп бір байдың.
Жазуы деп құдайдың,
Некеленді келінге.
Қалды ініден жалғыз ұл,
Өз ұлынан кем бе бұл.
Игілігін көруге?
Өсті бала ер жетті,
Байдан қайғы шер кетті
Жалшы іздеуге алыстан.
Неткен бала жұмыскер
Ертеңді-кеш ағып тер
Шаруамен алысқан.
Атқарылып қарыздан,
Мойындағы парыздан,
Жағасы жайлау бай қалды.
Ырзалық деп қол сермеу,
Сол ма, жоқ па ол сермеу
Кім тексерсін жай-халді?
Осы кезде жазылған (1924 ж) Мұхтар Əуезовтың “Жетім”
атты əңгімесімен де ұқсастығы жоқ
емес. Бəрінде де жетім балалар дүние қоңыз жауыз
ағайындарының қорлығын көріп, аянышты
тұрмысты басынан кешіп, ақыры өледі. Сəбит
Көркемтайдың басынан кешкен ауыр азапты,
қорлық тіршілікті реалистік тұрғыдан жарқын суреттей
отырып, шығармасына дұрыс қортынды
жасайды. “Ақтығында жас өмірінің қызығын көре алмай,
жаратылыстың қаһарына көне алмай,
жаңа тұрмыстың гүлін, жемісін ора алмай қорғансыз,
бақытсыз өскен Көркемтай... қызарып батқан
күнмен бірге ақтық демалысын бітіріп, қайтпас сапарға
кетті. Қош, арманда кеткен Көркемтай!
Кеңес өкіметі тамыр жайып, таралып келе жатқанда енді
мұнан былай сен секілді жетімдерге көзін
салар. Оларды жоқтаусыз тастамас” – деп үмітті ойын
қорытады.
“Екеуі де дұрыс” атты оқшау сөзінде ақын жастардың
ішінде біліммен қаруланудың орнына
сыртын сəндеп, жалаң сөзге құмар болатын кейбір
жағымсыз мінездерін айнытпай дəл суреттейді.
Сəбиттің шаруа тұрмысы, əйелдер теңдігі, оқу-ағарту
жұмысы туралы жазған мақалалары сөйлем


құрылысы, сөз ұстартуы жақтарынан да көңіл бөлерлік
өзіндік стильмен, мақал- мəтелдерді
орынды пайдаланып, жатық тілмен жазылады.
4 БИЛЕТ
ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр басындағы қазақ əдебиетінің
зерттелуі:
С.Мұқанов, Б.Кенжебаев, Д.Қамзабекұлы зерттеулері
негізінде
Қазақ əдебиетінің тарихының күрделі кезеңі мен тұтас
дəуірінің болмыс-бітімін
тануда əр ғасырдың алар орыны айрықша болып
табылады. Б.Кенжебаев ХХ ғасыр
басындағы қазақ əдебиетін зерттеуде орын алып отырған
басты кемшіліктерді:
«Бізде ХХ ғасыр басындағы қазақ əдебиетін
менсінбеушiлік, жете бағаламаушылық
болды; кейбір даурықпалар ХХ ғасыр басындағы қазақ
əдебиеті идеялық, көркемдік
дəрежесі төмен, ескішіл, ұлтшыл əдебиет, тіпті ХХ ғасыр
басында бізде шын
мағынасындағы əдебиет болған жоқ десті. Осыдан ХХ
ғасыр басындағы қазақ
əдебиетін зерттеп, бастыруға жете көңіл бөлінбеді» [1;
136], — деп көрсетті. Əсіресе
өткен дəуір мұрасын бағалау мен зерттеудің əдіснамалық
негіздерінің қателіктерін
дұрыс көрсетіп, ақын-жазушылар дүниетанымындағы
қайшылықтардың
туындауына жете үңілу керектігін, əдебиеттің тұтас
тарихын жазу, оған назардан тыс
қалып келе жатқан қаламгерлердің барлығын да енгізу
туралы келелі ойларын
бүкпесіз жеткізді. Ғалым: «Дұрысында, тарихта болған,
заманында өзінің шамасы
келгенше қоғамдық, прогресшіл қызмет атқарып,
əлеуметтік, мəдени, əдеби мəні
бар азды-көпті шығармалар қалдырған ақын,
жазушылардың бəрінің де аттары
аталуға, қызметтері мен шығармалары көрсетілуге,
зерттелуге тиісті; саяси жəне
басқа үлкен қылмысы барлары болмаса, аттары
аталмайтын, қызметтері мен
шығармалары көрсетілмейтін ақын, жазушылар болмауға
тиісті» [1; 146], — деген
таза ғылыми жəне азаматтық ұстанымда болды. Сол
арқылы ХХ ғасыр басындағы


қазақ əдебиетін кешенді зерттеу мəселесін күн тəртібіне
өткір қойды. Зерттеуші
пікірінің астарында Алаш қалам қайраткерлерінің де
мұрасы ескерілуі тиіс деген
емеурін жатқанын аңғарамыз. Өйткені ғалым өзінің
«Өтелмеген парыз» [2]
мақаласындағы елдікпен сабақтасып жатқан ойларынан,
азаматтық ұстанымынан
бір табан шегініс жасағаны жоқ. Əдебиетші Қ.Ергөбеков
атап өткеніндей,
«идеология жегіндісіне айналғысы келмеді. Саясаттан
ғылым, ғылымнан саясат
жасағысы келмеді» [2; 115]. 1959 жылғы əдебиеттану
ғылымына арналған
конференцияда Алаш арыстарының əдеби мұрасы мен
шығармашылығы назардан
тыс қалғанын, аталғанның өзінде қараланғанын айтар
болсақ, тек Б.Кенжебаев қана
М.Жұмабаев есімін ілтипатпен атады. А.Нұрқатовтың
Ақан сері туралы жасаған
баяндамасымен ой бөліскенде: «Ақан серінің
шығармаларының жиналуына сын
көзімен қарауы керек еді. Тіпті Ақан сері шығармаларын
бірінші жинап бастырған
М.Жұмабаевты да ескеруі керек еді» [1; 294], — деп дерек
көздерін дұрыс игерудің
ғылыми мəнін əдебиетшілер зердесіне құйды.
Б.Кенжебаев ХХ ғасыр басындағы қазақ əдебиетіндегі
мынадай бағыттарды
атайды: Феодалдық-клерикалдық, буржуазиялық-
либералдық бағыт
(А.Мұхамедияров, Ə.Шоқанов, М.Қалтаев, Н.Наушабаев,
М.Ж.Көпеев, Ш.Жəңгіров).
2. Демократиялық-ағартушылық бағыт (М.Сералин,
С.Торайғыров, Ə.Тəңірбергенов,
С.Көбеев, С.Дөнентаев, Б.Өтетілеуов, Ə.Ғалымов) [1;
138–140]. Бұл ретте ғалымның
қазақ əдебиеті тарихын зерттеуін диссертациялық
еңбегінде арнайы қарастырған
Д.Сартбаеваның «Профессор Б.Кенжебаев жүйелеуінде
«қайтсем ақын жазушыларды ақтап алам» деген мақсат
бар. Сондықтан да ХХ ғасыр басында өмір
сүрген ақын-жазушылардың бір шоғырын біресе
«клерикалдық-феодалдық»,
біресе «буржуазиялық» деп, ақыр соңында «ағартушы
ақын-жазушылар» деп


эволюциялық тұрғыдан ұғымды жетілдіріп, өсіріп
отырады. Бұл — ХХ ғасыр
басындағы ақын-жазушыларды біртіндеп ақтап алып,
əдебиет тарихына енгізу
амалында жүрген ғалым əрекеті» [1; 14] деген пікірімен
толығымен келісуге болады.
Онсыз да саясат қысымы ХХ ғасыр басындағы қазақ
əдебиетінің тарихын тұтастықта
зерттеуге жол бермеген еді. Сондықтан да Б.Кенжебаев
ХХ ғасыр басындағы
əдебиет тарихына өзі енгізген өкілдерін қорғап қалуға бар
күш- жігерін жұмсады.
Ғалымның ұлт əдебиетінің мақсат-мүддесін көздеген
көзқарасын Ə.Қоңыратбаев та
қолдады. Ғылыми-зерттеушілік ізденістегі таяздықтардан
арылуды: «Кейбір
ғалымдарымыздың сөзінен олардың өмірді, тарихты аз
білетіні байқалды. Бізде бір
кезде өткеннің барлық мұрасын байларға сыбағалап беріп,
халықтан түк
жаратылмады дейтін əдет болды. Міне, осы догматикадан
біз құтылуымыз керек»
[1; 244], — деп нұсқай отырып, көркем өнердің ғана емес,
тарихтың жаратушысы да
халық екенін мойындауымыз керек деп түйді. ХХ ғасыр
басындағы қазақ əдебиеті
тарихының мəселелеріне қатысты өз пікірін білдіргенде,
Н.Наушабаев, М.Ж.Көпеев,
Ғ.Қарашев, Əбубəкір Кердер, Балқы Базар, Ш.Бөкеев
шығармашылығына жете көңіл
бөлінбей отырғанын орынды ескертті. М.Ж.Көпеевтің
саяси-əлеуметтік лирикасына
талдау жасап, басты тақырыптар — ұлт, жер мəселесі
болғанын ғылыми тұрғыда
екшеді.
ХХ ғасыр басындағы қазақ əдебиетіндегі түрлі бағыттың
өкілдерін тұтастықтан
зерттеуге де саяси тосқауылдар қойылды. Мəселен,
феодалдық діни идеяларды
уағыздаушы деп анықталған Кердері Əбубəкір,
Н.Наушабаев сынды ақындар
шығармашылығына сын көзімен қарау, ағартушы-
демократтық бағыттағы
ақындарға қарсы қою тұрғысынан қарастыру міндеттелді.
Шығармашылықтары
орта мектеп бағдарламасынан алынды. Сонымен қатар


Шəңгерей Бөкеев
шығармашылығы «таза өнер» аталатын ағымның қазақ
əдебиетіндегі көрінісі болып
табылатыны дұрыс байыпталғанымен, орта мектепте
ақын шығармашылығын
кеңінен өткізілуіне тұсау салынды. М.Қалтаев,
Ш.Құдайбердиев, Ғ.Қарашев,
М.Ж.Көпеев шығармаларының иедеялық мазмұны мен
бағытын айқындау қажет
делінгенмен, сол тұста ақталған Шəкəрім мұрасы дау-
дамайға айналып, тек
партиялық қаулы-қарарлар күшін жойған соң ғана ұлттың
рухани игілігіне айналды.
Ғ.Қарашев шығармашылығы да «ұлтшылдық» əдебиеттің
өкілі тұрғысынан дұрыс
бағаланбай келгені мəлім. Ал ХХ ғасыр басындағы Алаш
арыстарының мұрасы,
шығармашылығы мүлдем атаусыз қалды.
Б.Кенжебаевтың «Қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы
демократ жазушылары»
еңбегі əдебиет тарихын жүйелі зерттеуімен ерекшеленеді.
Ғалым ХХ ғасыр
басындағы қазақ қоғамының саяси- əлеуметтік
жағдайларына, рухани жəне
көркемдік дамудың келелі мəселелерін жан-жақты
қарастырып, қазақ тілінде
жарық көрген басылымдар мен кітаптар туралы құнды
деректер келтіреді.
Біріншіден, сол кездегі əдебиеттануда қарастырыла
бермеген ұлт санасын оятуға
қозғау салған жəдитшілдік маңызы алғаш ғылыми
тұрғыда байыпталды. Бұған
қатысты: «Рухани өмірге өзгеріс енді. Қазақ даласындағы
мектеп, медреселердің
көпшілігі жаңа оқу — ұсули жəдитті үйренуге көшті, яғни
мектеп, медреселерде
діни сабақтармен қатар ана тілі, дүниетану ғылымы, есеп,
география, тарих оқылды,
кейбір медреселерде орыс тілі де үйретілді... Жалпы
алғанда, мектеп, медресе қазақ
арасынан сауатты, оқыған адамдардың шығуына,
қазақтың жаңаша оқыған
зиялыларының көбеюіне, халықтың оянуына біраз себеп
болды» [3; 13], деген
пікірін мысалға алуға болады. Екіншіден, ХХ ғасыр
басындағы қазақ тілінде жарық


көрген кітаптар туралы құнды мұрағат деректері берілді.
Ғалым: «Қазақ тілінде кітап
бастыру ХХ ғасырдың басында тағы да күшейе түсті.
1900 жыл мен 1917 жыл
арасында осындай 200 кітап басылып шықты. Демек, ХІХ
ғасырда 70–80 жыл бойы
70 шамалы кітап басылса, ХХ ғасырдың алғашқы 17 жыл
ішінде 200 кітап басылды»
[3, 18], — деп жазады.
Мұхаметжан Сералин шығармашылқ өмірбаяны
Қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы белгілі қоғам
қайраткері, ақын, журналист
Мұхамеджан Сералин қазіргі Қостанай облысы,
Қарабалық ауданы, Өрнек колхозы
жерінде туып өскен, сол жерде қайтыс болған.
Үш-төрт жасында əкесінен жетім қалған Мұхамеджанның
балалық шағы Тройцк
қаласында қиындықпен өтеді. Кір жуатын кəсіпорында
жұмыс істейтін шешесі баласын 8
жасында медресеге оқуға береді. Алты-жеті жыл
мұсылманша орта дəрежелі білім алған
ол одан кейін 1891 жылы Қостанайдағы 2 кластық орыс-
татар мектебін өте жақсы бітіріп
шығады. Оқуды бітірген соң ауылдық жерлерде түрлі
қызмет атқарады: кеңсе қызметкері,
хатшы, оқытушы болып істейді.(Арал теңізі жағасында).
1900 жылы Тройцкіге барып, он шақты жыл сонда
шаруашылық, сауда қызметкер
болады.(миллионер татар Яушевте) Осы жылдары ол өз
бетімен оқыды: əдеби журналистік қызметке əзірленді,
қоғам жұмысына араласты. Ел ісіне араласа жүріп
орысша, татарша газет-журналдар алып оқып, жұмыстан
қолы босағанда түрлі кітаптар
оқып, білімін, мəдениетін көтереді: шығармашылық жəне
саяси-əлеуметтік қызметке
араласады: орыс халқының классикалық əдебиетін, көне
шығыс əдебиетін шұғылданып
оқиды: қазақтың тарихын, бұрын-соңғы əдебиетін
зерттеді. Осының нəтижесінде
М.Сералин біршама мысал өлеңдер жазды: 1900 жылы
"Топжарған", 1903 жылы
"Гүлқашима деген поэмалар жазып, бастырып шығарады.
Оның бұл поэмалары өз
заманында жаңалық, зор еңбек болды.
3. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Таныстыру» поэмасын
талдау


Ақынның халқы үшін, мен үшін көркемдік құндылығы
жоғары шығармасы - «Таныстыру»
поэмасы. Поэманың стилі-арнау. Ақын өзі сияқты қараңғы
қапаста жатқан халықтың елдігін,
еркіндігін аңсайтын қазақ даласының Абай, Шəкəрім
сынды ұлы даналарын, Алаш зиялаларын
таныстыру мақсатында "Таныстыру" поэмасын жарыққа
шығарды. Поэманың бір ерекшелігі - ол
оқыған адам мен қара қазақтың диалогіне құрылған. Қара
қазақ аумалы-төкпелі кезеңде кімге
сүйеніп, кімге сенеміз?-деген сұрақ қояды да, оқыған оған
жауап береді.
Сұлтанмахмұт Торайғыров таныстыруды Алаш орда
үкіметінің тұңғыш төрағасы Əлихан
Бөкейхановтан бастайды. Ұлт көсемі атанған қайраткер
жайлы:
Елі үшін құрбандыққа жанын берген,
Бит, бүрге, қандалаға қанын берген,-
деп Əлиханды өз заманындағы нағыз елін сүйетін адал
адамы ретінде суреттейді. Екінші ретте
тумай жатып жастарға даңқы кеткен жас жігіт Əлихан
Ермекұлын таныстырады. Ақын Алаш
қозғалысына ат салысқан жас қайраткердің ақ жүрегі,
ақтығы, адалдығына бір ауыз сөз қарсы айта
алмайтындығын атап өткен. Сонымен қоса поэмада бірі
ұйықтап жатқан қазақты «Оян, қазақ!» деп
жар салып оятса, бірі маса боп ызыңдап оятуды көздеген
М,Дулатұлы мен А.Байтұрсынұлының
халқы үшін жасаған игі істерін:
Дулатов, Байтұрсынов, Бөкейханов,
Білемін бұл үш ердің айтпай жайын
Кешегі қара күнде болмап па еді,
Бірі-күн, бірі-шолпан, бірі-айым, -
деп жырға қосқан. Ал қазақ даласының тұңғыш заңгері
Жақып Ақбаев жайлы қаламгер:
Белгілі Жақып мырза Ақбайұлы,
Қызмет қылар кісінің бұ да бірі
Азды-көпті атағын былай қойып,
Тексергенде мынау ғой оның сыны, -
деп ұлт зиялысының əділдігін жоғары бағалаған. Мен
үшін поэмадағы атап айтуға тұрарлық бір
нəрсе -Сұлтанмахмұттың Абай мұрасын жаңғырта
дамытуының көрінісі. Ол қазақтың ұлы ақыны
Абайға берген мінездемесінде Абайды басқа ақындар
тобынан бөліп алады:
Абайды дейін биік бұлтқа жетті,


Аз білімі жетуіне жəрдем етті
Алты алашқа атағы айқындалып
Сүйікті, тағзым мінді суретті.
Ал өз заманының ойшыл қаламгері Шəкəрімді «Ертеден
бұл алашқа аты мəлім, ерте оянған кісінің
бірі осы» дей келе оған деген ерекше құрметін көрсетеді.
Сұлтанмахмұттың «Таныстыру» поэмасындағы негізгі
проблема-қазақ зиялаларын халыққа
таныстыру. Поэмадағы есімі аталған əр қаһарман - өршіл
арманның, биік мақсаттың иесі, ары да,
жаны да таза, патриот, асқақ жан. Қаһармандардың
өмірге, еліне деген сүйіспеншілігі бар,
болашаққа деген қасиетті сенімі бар. Дарынды ақын əр
ұлт зиялысын, көсемін таныстырғанда
əдеби көркемдегіш құралдарды ерекше қолданған.
Мысалы, «Күн», «Шолпан», «Айым» деп.
М.Дулатұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Ə.Бөкейханов сынды
айбарлы алаш ардақтыларын
метафорамен бейнесін асқақтай суреттейді.
Сұлтанмахмұт терең білімді, көркем-мінезді
замандасы Əлімхан Ермеков жайлы:
Меніңше, Ермеков-деген бала,
Ұшады ұшқыр қыран қаршығадай, -
деп жазған. Бұл өлең жолдарында ақын эпитетті
қолданып, яғни жас алаш ордашыны ұшқыр
қыран қаршығаға балаған. Қаламгер өз поэмасында
ассонасты қолдану арқылы туындының
көркемдік қуатын арттырды деуге болады. Ақынның «А»
дыбысын құбылта ойнатуы - ассонасты
шебер қолдана білуінен деген ойдамын. Талантты
ағартушының арнауында халықтың мақал мəтелдері
көрініс табады. Мысалы, Сабатаев Сатылғанды
таныстырғанда:
Сəтекеңдей жандардың бұл дүниеге,
Тууының мəнісін білемісің?
«Талантсыз құр оқумен түн болмайды»,
Деген сөзге жаралған дəле үшін,-
деп көрсеткен. Ең бастысы - ақынның əрбір өлең
жолындағы өлең өрнектемесін өз танымы, өз
жүрек сүзгісінен өткізетіндігі тайға таңба басқандай жарқ
етіп көрініп отырды.
Бүгінгі күнге аманат сөзін арнаған, ұрпағына мол мұра
қалдырған Сұлтанмахмұт атамыз өткен
ғасыр биігінен біздерге үн қатқаны қазіргі жастардың
жүрегіне жол тауып, өміріне бағыт-бағдар
болары анық. Егеменді Қазақстанның жоспары тарихтың


қатал кезеңінде өмір сүрген азамат
ақынның асыл өсиет сөздерін, алты алашқа танымал абзал
азаматтар есімін жырлап таныстырған
арнау өлеңін өмірлеріне серік етсе, ештенеден ұтылмайды
деп ойлаймын.
5 БИЛЕТ
ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр басындағы əдеби байланыс:
шығыс,еуропа,
орыс əдеби байланыстары
Орыс-қазақ əдеби қатынастарының ХІХ ғасырдың екінші
жартысы мен ХХ
ғасырдың бірінші онжылдығы К.Ш. Кереева-Канафиева
зерттеуіне арқау болды [4].
Автор орыс-қазақ əдеби қатынастарын қарастыруда орыс
əдебиеті мен
журналистикасындағы қазақ халқы мен Қазақстан
тақырыбының уақыт өткен
сайынғы өзгерісін басты нысанаға алады. Оны қазақ-орыс
қоғамындағы саяси идеологиялық көзқараспен
байланыстыра көрсетіп, төңкеріске дейінгі Ресей
баспасөзіндегі материалдарды кеңестік саясат
тұрғысынан бағалайды. Яғни патша
үкметінің отарындағы халықтарды қанағандықтан, екі
халық арасындағы қарым қатынастардың дамуына, алға
басуына кедергі жасалды, ал ол өз кезегінде əдеби
байланыстарды біршама тежеді деп тұжырым жасайды.
ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бірінші
онжылдығындағы
орыс-қазақ əдеби қатынастарын К.Ш.Кереева-Канафиева
екі кезеңге бөліп
қарастырады. Бірінші кезең 1730-1868 жылдар аралығын
қамтыса, екінші кезең 1869-
1917 жылдар аралығы. Көптеген əдеби-тарихи деректерді
саралай келіп, зерттеуші
бірінші кезеңнің ерекшелігі деп қазақ даласымен
танысқан көптеген орыс
саяхатшылары, жазушылары, ғалымдарының халық ауыз
əдебиеті үлгілерін жинап,
жазып ала бастауын атаса, ал екінші кезеңнің ерекшелігін
қоғам өміріндегі саяси экономикалық
өзгерістермен
сипаттайды.
Екінші
кезеңде
Л.Н.Толстой,
Ф.М.Достоевский, С.Т.Аксаков, Н.С.Лесков, Д.Н.Мамин-


Сибиряк, Г.И.Успенский,
В.Г.Короленко жəне т.б. орыс жазушыларының
шығармашылығындағы қазақ
тақырыбының игерілуін қарастырады.
Кітапта қазақ-орыс əдеби қатынастар шежіресіндегі
жарқын мысал
Ш.Уəлиханов пен Ф.Достоевский арасындағы
шығармашылық байланыс көрініс
тапқан. Ш.Уəлихановтың жазушы, əдебиеттанушы,
аудармашы, журналист ретіндегі
іс-əрекетінен мағлұматтар келтіріліп, осы көпқырлы
қайраткерлігі алдыңғы қатарлы
орыс баспасөзінің, орыс демократтарының идеяларының
ықпалы деп түсіндіріледі.
Жалпы байланыс, қарым-қатынастың ешқашан
сыңаржақты болмайтынын ескерсек,
аталған кезеңде «орыс əдебиетінің қазақ əдебиетіне
ықпалы ұзақ, нəтижелі,
біржақтылау болды» деген зерттеуші тұжырымы қайта
қарастыруды қажет етеді
Орыс-қазақ əдеби қатынастарының ХІХ ғасырдың екінші
жартысы мен ХХ
ғасырдың бірінші онжылдығы К.Ш. Кереева-Канафиева
зерттеуіне арқау болды [4].
Автор орыс-қазақ əдеби қатынастарын қарастыруда орыс
əдебиеті мен
журналистикасындағы қазақ халқы мен Қазақстан
тақырыбының уақыт өткен
сайынғы өзгерісін басты нысанаға алады. Оны қазақ-орыс
қоғамындағы саяси идеологиялық көзқараспен
байланыстыра көрсетіп, төңкеріске дейінгі Ресей
баспасөзіндегі материалдарды кеңестік саясат
тұрғысынан бағалайды. Яғни патша
үкметінің отарындағы халықтарды қанағандықтан, екі
халық арасындағы қарым қатынастардың дамуына, алға
басуына кедергі жасалды, ал ол өз кезегінде əдеби
байланыстарды біршама тежеді деп тұжырым жасайды.
ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бірінші
онжылдығындағы
орыс-қазақ əдеби қатынастарын К.Ш.Кереева-Канафиева
екі кезеңге бөліп
қарастырады. Бірінші кезең 1730-1868 жылдар аралығын
қамтыса, екінші кезең 1869-
1917 жылдар аралығы. Көптеген əдеби-тарихи деректерді
саралай келіп, зерттеуші
бірінші кезеңнің ерекшелігі деп қазақ даласымен


танысқан көптеген орыс
саяхатшылары, жазушылары, ғалымдарының халық ауыз
əдебиеті үлгілерін жинап,
жазып ала бастауын атаса, ал екінші кезеңнің ерекшелігін
қоғам өміріндегі саяси экономикалық өзгерістермен
сипаттайды.
Екінші кезеңде Л.Н.Толстой, Ф.М.Достоевский,
С.Т.Аксаков, Н.С.Лесков, Д.Н.Мамин Сибиряк,
Г.И.Успенский, В.Г.Короленко жəне т.б. орыс
жазушыларының шығармашылығындағ
ы қазақ тақырыбының игерілуін қарастырады.
Кітапта қазақ-орыс əдеби қатынастар шежіресіндегі
жарқын мысал
Ш.Уəлиханов пен Ф.Достоевский арасындағы
шығармашылық байланыс көрініс
тапқан. Ш.Уəлихановтың жазушы, əдебиеттанушы,
аудармашы, журналист ретіндегі
іс-əрекетінен мағлұматтар келтіріліп, осы көпқырлы
қайраткерлігі алдыңғы қатарлы
орыс баспасөзінің, орыс демократтарының идеяларының
ықпалы деп түсіндіріледі.
Жалпы байланыс, қарым-қатынастың ешқашан
сыңаржақты болмайтынын ескерсек,
аталған кезеңде «орыс əдебиетінің қазақ əдебиетіне
ықпалы ұзақ, нəтижелі,
біржақтылау болды» деген зерттеуші тұжырымы қайта
қарастыруды қажет етеді
2. Сəбит Дөненетаев шығармашылық өмірбаяны
ХІХ ғасырдың басында қазақ əдебиетінің тарихында
іргелі орны бар ағартушы-демократ
ақындардың бірі. Сəбит Дөнентаев Павлодар облысы
Ақсу ауданында дүниеге келген. Жас кезінен
ескіше хат танып, кейіннен Павлодар медресесінде
оқиды. 1913 жылы «Айқап» журналында
ақынның «Қиялым» деген өлеңі жарияланды. Бұл –
ақынның баспа бетін көрген тұңғыш туындысы.
Осы кезден бастап өз заманының маңызды мəселесінің
бəріне үн қосқан ақын өлеңді үзбей
жазады.
1915 жылы Уфа қаласында «Ұсақ-түйек» деген атпен
өлеңдерінің алғашқы жинағы жарық көрді.
1919–1922 жылдар арасында қазақ ауылдарында мұғалім,
халық соты қызметтерін атқарды. 1928
жылдан бастап С. Дөнентаев «Қазақ тілі» газетінің
редакциясында жұмыс істеп, барлық күш- жігерін
қазақ əдебиетін дамытуға жұмсайды. Ал 1957 жылы


шығармаларының академиялық жинағы
шықты. С. Дөнентаевтың ақындық қызметі екі кезеңге
бөлінеді. Бірінші кезеңі – 1912–1918 жылдар
арасы, екінші кезеңі – кеңес дəуіріндегі шығармашылығы,
яғни 1918–1928 жылдар арасы. Ақынның
«Заман кімдікі», «Досқа», «Замандастарға», «Балалық»
жəне т.б. өлеңдері халықтың азаттыққа
ұмтылу арманын суреттейтін реалистік шығармалары
болды. Ақын шығармалары тақырып, жанр,
көркемдігі жағынан да əр алуан болып келеді. С.
Дөнентаев өз дəуірінің қоғамдық шындығын кең
жырлаған, қазақ əдебиетінің өткір сатиралық стильді
қалыптастырған ірі суреткер ақын.
3. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Жылы кеш» өлеңіне
əдеби талдау
Жазғы кеш, жарық айлы, қоңыр самал,
Рахат таза ауасын жұтқанда бал.
Сұлу жұлдыз жымыңдап шақырғандай
Көрікті нұр сəулеме «өзіңді сал.
Алтын ай толықсыған сар дөңгелек,
Нұр сепкен жер жүзіне аспанды өрлеп.
Жұлдыздар да тұрған жоқ босқа қарап,
Ай сəулесін күшейтеді көтермелеп.
Көк ауа, мөлдір аспан бейне жібек,
Көргеннің көңілі өсер, ойы түлеп.
Ай бауыры, көк орайдың қойнында
Сырласар сыбырменен сүйген жүрек.
Оранып гүл-шешекке жұпар иіс,
Жайқалған жапырағы жасыл бүліш.
Құшақтап қалқатайды орман кезсең,
Бақыт табар, жаның да болар тиыш.
Ол жерің су жағасы болса мүйіс,
Тоқталса демалыс боп ұзақ жүріс.
Аспаннан ай сəулесі тіктеп түскен,
Басталса ақ тамақтан тəтті сүйіс.
Сол түннің кетпес еді суреті естен,
Ондай сүйген махаббат болмас өшкен.
Қартайып көр аузында тұрсаң-дағы,
«Ау, дариға» дегізіп, ойға түскен.
1-билет
1. ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр басындағы əдеби үрдіс:
тарихи-саяси, əлеуметтік, экономикалық жағдай
Қазақ əдебиеті тарихындағы өзіндік ерекшелігі басым
тұстардың бірі - XХ ғасыр басындағы он бес-жиырма
жыл. Бұл кезең шиеленісті қоғамдық-саясиоқиғаларға


толы болды да, мəдени-рухани дүниеде күрделі де
шешуші құбылыстарды тудырды. XIX ғасырдың соңына
қарай қалыптасып, өзіндік даму сатысына көтерілген
ағартушылық, демократтық бағыттағы əдебиет
кайраткерлеріне енді жаңа ХХ ғасыр табалдырығында
туындаған казақ халқының ұлттық-əлеуметтік сан алуан
мəселелеріне араласып, сан-салалы ұлттық маңызы зор
тақырыптарды қозғауына тура келді. Бұл кезде қазақ жері
тұтастай Ресей империясының отаршылдығына өтіп
болған еді. Ресей билігіне біржолата түскен қазақ елінің
көкейкесті тарихи мəселелерін саяси жолмен, Ресей
Думасына катысу, Ресейде білім алған қазақ
зиялыларының қайраткерлігі арқылы жүзеге асыруға
талап жасау көзқарасы байқалып келе жатты. Бірақ бұл
шын мəніңде суға кеткен тал қармайдының керіндей
əлжуаз, келешегі көмескі əрекеттер болатын. Ресей
ықпалына біржолата көшкеннен кейін, ол мемлекеттің
ішкі-сыртқы шиеленісті жағдайларының барлығы Қазақ
еліне де тікелей əсер етті. Бірінші орыс революциясы
(1905 ж.) 1916 жылғы дүрбелең, патша самодержавиесі
мен большевиктер партиясының арасындағы текетірес
тудырған ахуал, қазақ жеріне орыс переселендерінің
бұрынғыдан да көптеп келуінің үдей түсуі, түрлі қуатты
саяси ағымдар мен партиялардың қазақ жеріне де дендеп
ене бастауы қазақ қауымының тіршілігін ширек
ғасырдан астам уақыт бойы аласапыранға түсірді.
Экономикасы Осы кезеңдегі əдебиеттің даму
заңдылықтарының басты сипаттарын профессор
Бейсенбай Кенжебаев өткен ғасырдың алпысыншы,
тоқсаныншы жылдарда жарық көрген зерттеу
еңбектерінде мүмкіндігінше толымды көрсетіп берді. XIX
ғасырдың ортасынан бастап Қазақстанда да капитализм
дəурен сүрді [8,
19-б].- деп түйіндеген ғалым XХ ғасыр басындағы саяси-
əлеуметтік жағдайдың алғышарттарын мынадай
деректермен байланыстырады. 1904 жылғы орыс-жапон
соғысы, Россиядағы 1905-1907 жылдардағы
буржуазиялық-демократиялық төңкеріс, 1914-1918
жылдардағы бірінші империалистік соғыс, қазақ
халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі, 1917
жылғы ақпандағы буржуазиялық- демократиялық
төңкеріс, сол жылғы қазан төңкерісі - осының бəрі
Россияда
империализм өркендеуінің нəтижесі еді. Экономикалық
зор өзгерістер, саяси күрес, көтерілістер, сұрапыл
соғыстар, төңкерістер өз кезеңдерінде қазақ арасындағы


оқу-ағарту жұмыстарына, қазақ тілінде шыққан кітап,
журнал, газеттердің мазмұнына, ақын-жазушылардың
көзқарастарына, қазақ əдебиетінің бағытына үлкен əсер
етті [9, 4-б]. ХХ ғасыр басындағы қазақ əдебиетінің
үрдісін сол тұстағы қазақ қауымының саяси-əлеуметтік
ахуалынан бөліп қарау мүмкін емес. Əдеби
шығармалардың көркемдік-идеялық табиғатын, жанрлық
түрлену ерекшеліктеріне дейінгі ішкі құбылыстарын тек
қоғамдағы қарым-қатынастар мен сол мазасыз дəуірдегі
дүниетаным аясында ғана парықтауға болады. Ал бұл
кезең қазақ қауымы үшін аса күрделі тарихи белес еді.
Нақ осы белесте алашшылдардың көкейкесті мүддесі бой
көрсетіп, біртіндеп қозғалыс қатарын түзеп, Алашорда
қайраткерлері ықпалды əлеуеті күшке айнала бастады.
Большевиктер партиясының да қазақ жеріне тамыр
жайып, белсенді күшке ие болуы қарама- қайшылықты
үдете түсті. Сөйтіп екі ғасырға жуық мерзімді қамтыған
Қазақстанның Ресейге қосылуының ұзақ процесі
аяқталып, Ресейде қанат жайған империализмнің темір
құрсауы дала өміріне шеңгелін еркін салды.
2.Дулат Бабатайұлы шығармашылық өмірбаяны
Дулат Бабатайұлы (1802-1874) Дулат Бабатайұлы
(1802, Шығыс Қазақстан облысы,Аягөз ауданы Сандықтас
қонысы — 1874, сонда) — көрнекті ақын. Өлеңдері ел
ішінде көп тараған. Дулат шығармалары негізінен
дидактикалық негізде жазылған. 1880 жылы Қазанда
жарық керген «Өсиетнама» деген жинағына ақынның
заманы туралы толғаулары енген.Ал, “Еспембет” поэмасы
алғаш рет 1957 жылы “Жұлдыз” журналының 5-нөмірінде
жарияланды. Дулат шығармаларын барынша зерттеп,
жинап баспаға əзірлеген Қ.Өмірəлиев болды. Ақынның
жеке жыр жинағы “Замана сазы” деген атпен 1991 жылы
жарық көрді. Дулаттың өлең-жырларының басты сарыны
— XIX ғасырдың алғашқы жартысындағы отаршылдық
əрекеттерге рухани қарсылық көрсету. Ақын “Тегімді
менің сұрасаң”, “О, Сарыарқа, Сарыарқа”, “Асқар таудың
сəні жоқ”, т.б. жырлары мен жеке кісілерге айтқан “
Сүлейменге”, “Бараққа”, “Кеңесбайға”, т.б. арнау
өлеңдерінде қазақ жерінің отарлануын, ел билеушілердің
отаршыл саясаттың шылауында кетуін “Сауыр жерден
айрылып, Қазақ елі жұқарды..., Орыстың көрсе ұлығын,
Қыздан дағы қылықты..., Майырдың алса бұйрығын,
Борбайға қысып құйрығын, Ел пысығы жортады”, — деп,
кекті де отты жыр жолдарына айналдырған.Дулат
шығармаларының тақырыптық, стильдік, жанрлық


ерекшелігін айқындады. Дулаттың уытты, шыншыл
сөздерінің кімдерге арналғанын оның: “Халыққа емес
сыйымды, Парақор баспақ биіңді, Ел бүлдіргіш бегіңді,
Улы тілмен улаттым”, — деген өлең жолдары көрсетіп
тұр. Туған халқының екі жақты езгіге түсіп, көз жасының
көл боп ағуы, қайғысы мен мұңы ақынның жан сыры
ретінде жыр болып төгілді. Дулаттың образ жасау, өлең
өрнегін жетілдіру, замана сазына қарай ақындық өнерде
жанрлық, стильдік, сонылық таныту ерекшелігі кейін
Абай шығармаларында дамытылып, жалғастық тапқан.
Дулат ендірген қазақ өлеңі құрылысындағы жаңалықты,
яғни “а а а б” түріндегі желілі ұйқасты Абай ақындық
дəстүр ретінде қабылдап, “Келдік талай жерге енді”
өлеңінде одан əрі дамытты. 19 ғасырдың 1-жартысында
ертеректе туған батырлық жəне лиро-эпос жырлары
сияқты фольклорлық туындылар немесе тарихи жырлар
болмаса, қазақ топырағында көне тақырыпты алып, ойдан
сюжет құрып, поэма жанры үлгісінде шығарма жазу
дəстүрге енбеген еді. Дулат өзінің “елге қорған ер туса”
деген идеясын халыққа жеткізу үшін, қазақ-қалмақ
соғысы тұсындағы сюжетті алып, “Еспембет” поэмасын
жазған.
3.Дулат Бабатайұлының «Ақжайлау мен Сандықтас»
өлеңіне əдеби талдау
Ақынның өмір сүрген кезі қазақ даласындағы хандық
дəуірдің жойылып, патша өкіметінің отарлау саясаты
кеңінен өріс ала бастаған шаққа тура келді. Бір жағынан
патша өкіметінің, екінші жағынан аға сұлтандар мен би,
болыстардың алым-салығы титықтатқан шақ бұқара
халық үшін ең бір ауыр кезең болды. Осындай аумалы-
төкпелі шақта өмір сүрген ақынның туындыларына сол
тұстағы өмір шындығы арқау болды. Қазақтың бай ауыз
əдебиетімен, ақын, жыраулардың көне мұраларымен
сусындап өскен ақын өз заманындағы көзіқарақты, білімді
адамдардың бірі болды. Сарыарқадағы аты шулы
ақындардың қатарынан орын алып, аузының
дуалылығымен ел құрметіне бөленген ол 1874 жылы
дүниеден өтті (1965, 1989 жылы жоғарыда аталған
жинақтарда ақынның туған жылы дұрыс көрсетілген де,
өмірден қайтқан уақыты жаңсақ берілген ). Сөз қадірін
түсінген ақын қаламынан үлкен əлеуметтік мəселелерді
көтерген туындылар туды. Оның «Қазақ деген ғаріп
жұрт», «Тырнақтай меңі болған соң», «Тегімді менің
сұрасаң», «Ал қарағай сұлу сындардай», «О, Сарыарқа,
Сарыарқа», «Асқар таудың сəні жоқ», «Ақжайлау мен


Сандықтас», «Ата қоныс Арқадан», «Сөзім барда, көзім
жоқ» деп аталатын толғауларында сол тұстағы шен-
шекпен үшін елі мен жерін сатқан қуларды қатты шеней
отырып, олардың іс-əрекеттерін əшкерелейді. Ақын
поэзиясының негізгі кредосы – ел бірлігі. Ол елі мен
жерінің тұтастығын барлық толғауларына арқау ете білді.
Ата қонысы болған Ақжайлау мен Сандықтас туралы
ақын толғауында «Атам қонған кең далам, Мендей сені
қызғанар, Бауырыңда өскен қай балаң?» деп өзінің туған
жерге деген ыстық сезімін білдіре отырып, қазақ
халқының кешегі жайма шуақ өмірін аңсайды. Ата-
бабаның қонысы ендігі жерде кімнің қолына көшкелі
тұрғаны да ақынды бей-жай қалдыра алмайды. Ол
шығармаларына негізінен жеке бастың қамын емес, елдің,
жердің мүддесін арқау еткен. Мынау азған заманда,
Қарасы – антқор, ханы – арам, Батыры көксер басы аман,
Бəйбіше – тантық, бай – арам, Бозбаласы – бошалақ,
Қырсыға туды қыз балаң. Нары – жалқау кер табан, Құсы
– күйшіл, ат – шабан, Жырғалаң жоқ, жобалаң, Ебі кеткен
ел болды, Енді қайда мен барам? - деген ақын өзі өмір
сүрген тұстағы заманды кері кетті деп сынай отырып,
сауал тастайды. Болыс сайлауларының жең ұшынан
жалғасып өтуі, ел билейтін би, болыстардың елдің мұңын
мұңдамай, қара басының күйін күйттеуінен осындай кер
заманға тап болдық деп түсінеді ақын. «Балық басынан
шіриді» деген халық даналығын ақын ел билеушілерді
шеней отырып, қайта жаңғыртады. «Қайырсыз байдан
пайда жоқ, Нашарға жəрдем бермесе, Кем-кетікті
көрмесе» деген ақын малды жандардан қайырымды
болуды талап етсе, «Би мен бектің сəні жоқ, Елін қорғай
алмаса» деп би, болыстарды бұқара халықтың қамын
ойлауға шақырады.
Қырсыға тудың қыз балаң.
Нары - жалқау кер табан,
Құсы - күйшіл , ат - шабан,
Жырғалаң жоқ , жобалаң.
Ебі кеткен ел болды
Енді қайда мен барам?
Ой, Сандық тас, Сандық тас,
Атамның қонған жайлауы,
Қайнардан суық қайнауы,
Шалғынға жонын көмілтіп,
Құлынды қазақ байлауы.


Бал татыған бағланның
Езілтіп етін шайнауы.
Сенің арқаң емес пе,
Лықсытып малды айдауы.
Мынау азған заманда
Сөзіңнің кетіп байлауы,
Келесі биде кезек жоқ.
Қу тиын болып сайлауы...
Басалқа жақсы кеткен соң,
Іс айналып батылға
Ер қайраты қор болып,
Ақыл салды қатынға,
Түзелмес енді іс болып...
Атамның қонған қонысы
Түн асса, тұтам түгі өскен,
Басылмайтын қонысы.
Аққан бұлақ сай-салаң,
Шытырман тоғай айналаң,
Жоның жайлау кең алаң,
Атам қонған кең далам,
Мендей сені қызғанар,
Бауырыңда өскен бай-балаң?
Көл қорығын қызғыштай
Сен десе салам бай-балам.
Жайлауыңды көргенде,
Жадыраймын, жайланам.
Өксігіңді ойласам,
Ұйқы беріп қайғы алам.
Қилы-қилы заманды,
Заманға сай адамды
Салғастырып қарасам,
Су мүйіз болған танадай
Шыр көбелек айналам,
Кешегі бір заманда,
Қайран қазақ , қайтейін,
Мынау азған заманда,
Қарасы - антқор, ханы - арам,
Батыры көксер, басы аман,
Бəйбіше - тантық , бай - арам,
Бозбаласы - болашақ ,
2-билет
1.ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр басындағы əдеби үрдіс -
баспасөз ісі: «Түркістан уалаяты» (1870-1882), «Дала
уалаяты» (1888-1902), Қазақ» газеті (1913 - 1918 ),
«Айқап» (1911-1915) журналы


Мерзімді басылымдардың тарихи дерек ретіндегі қызметі
айқындалып, олардың тарихтағы орны көрсетілді. Қазақ
баспасөзінің тарихы ХІХ ғ. аяғында басталып, бүгінгі
күнге дейін жеткендігі жəне тарихи дамудың əр
кезеңдерінінен өткен отандық газет-журналдардың жалпы
жағдайы туралы баяндалады. ХІХ ғ. аяғы – ХХ ғ.басында,
кеңес кезеңінде жəне тəуелсіздік жылдарындағы
Қазақстанда басып шығарылған газеттер мен
журналдарға салыстырмалы талдау жасалды. Мерзімді
басылымдарды зерттеу барысында қосымша дерек
ретінде цензура мен цензура құжаттарының рөлі
талданды.
Тарихи деректердің бір түрі мезгіл-мезгіл шығып тұратын
ұзақ мерзімді басылымдар болып табылады. Оның
атқаратын қызметтері — қоғамдық ой-пікірді
ұйымдастыру, мемлекетке идеологиялық тұрғыдан ықпал
ету, экономикалық, саяси жəне мəдени ахуал бойынша
ақпарат беру, басқару жүйесінде кері байланыс орнату.
Газеттердің пайда болуын қарастыратын болсақ, оның үш
себебін бөліп көрсетуге болады: көбінесе экономикалық
сұранысқа қызмет ете алады, қоғамдық топтардың
қызығушылық танытқан көпшілік пікірін
қалыптастырады жəне мемлекетік идеологияны жүргізеді.
Сол себепті өткен ХХ ғ. басында мерзімді басылым
ретінде газеттің негізгі қызметі түбегейлі айқындалды —
қоғамдық пікірмен бөлісу жəне қоғамды жүйелеу бүгінгі
күнге дейін сақталып отыр.
Журнал — мерзімділігі жағынан аптасына, 10 күнде, 2
аптада, айына, 2 айда, тоқсан сайын, жарты жылда 1 рет
шығатын басылым. Мазмұны жағынан журнал, қоғамдық-
саяси, əдеби-көркем, спорттық, сатиралық, өндірістік-
техникалық, ғылыми-көпшілік, ғылыми-ақпараттық,
библиографиялық журнал болып, оқырмандарына қарай
бұқаралық жəне оқырмандардың белгілі бір
категорияларына (балаларға, жасөспірімдерге) арналған
болып бөлінеді. Бұқаралық, қоғамдық-саяси жəне əдеби
көркем журналдарда ақпараттық, публицистикалық,
көркем шығармалар, танымдық, сəндік, көркем өнер
туындылары сипатындағы материалдар, фотосурет
түрлері мен бейнелеу өнерінің туындылары; ғылыми-
көпшілік, ғылыми-ақпараттық журналдарда ғылыми-
зерттеулерде мақалалары, аннотациялар, ғылыми
хабарлар, спорттық жəне өндірістік-техникалық
журналдарда өзі арналған салаларға қатысты
материалдар, ал сатиралық журналдарда сын-сықақтар,
фельетондар, тағы басқалар басылады


Қазақ баспасөзінің тарихы 1870 ж. шыққан «Түркістан
уалаяты газетінен» басталады. Газет сол кездегі Түркістан
генерал-губернаторлығының орталығы болған Ташкент
қаласында 1870 жылдың 28 сəуірінен бастап, орыс тілінде
шығатын «Туркестанские ведомости» газетіне қосымша
ретінде айына төрт рет (екі саны өзбекше, екі саны
қазақша) шығып отырған. Бұл газеттен басқа да мерзімді
басылымдардың бар екені баршаға аян. Олар ұзақ жылдар
бойы ұлттық мерзімді басылымдардың тарихын
зерттеуші, олардың мазмұндалған библиографиялық
көрсеткішін жасап, мəтіндерін қайта бастыру арқылы
бүгінгі оқырманға жеткізуші ғалым Ү. Субханбердинаның
еңбектері арқылы мəлім. Ғалымның «Айқап»
энциклопедиясындағы «Қазақ баспасөзінің тарихынан»
атты кіріспесін оқи отырып [2; 6–9], алғашқы
басылымдарды жарық көрген мерзімдеріне байланысты
былайша көрсетуге болады:
ХІХ ғасырда жарық көрген басылымдар — «Түркістан
уалаятының газеті» (1870–1882), «Дала уалаятының
газеті» (1888–1902); ХХ ғ. басындағы газет-журналдар —
«Серке» (1907), «Бірлік туы» (1917), «Қазақ газеті»
(1907), «Дала» (жылы белгісіз), «Қазақстан» (1911–1913),
«Ешім даласы» (1913), «Қазақ» (1913– 1918), «Айқап»
(1911–1915), «Алаш» (1916–1917), «Сарыарқа» (1917),
«Ұран» (1917), «Үш жүз» (1917), «Тіршілік» (1917).
Бұл басылымдарды ұстанған бағыттарына байланысты
ресми жəне бейресми газет-журналдар деп жіктеуге де
болады. Ресми бағытты ұстанған газет-журналдарға
«Түркістан уалаяты», «Дала уалаяты» басылымдары
жатады. Өйткені бұл газеттер патша үкіметінің ресми
органы еді. Оған дəлел бұл басылымдарда барлық
патшалық губерниялық газеттердегідей ресми жəне ресми
емес бөлімдері болды. Ресми бөлімінде үкімет жəне
əкімшілік органдардың жаңалықтарымен қатар, олардың
жарлықтары, түрлі нұсқаулары мен бұйрықтары басылып
отырған. Сонымен бірге «ақ патшаға» арналған немесе
оған деген адал берілгендікті білдіретін мақалалар да
жарияланған.
Отандық ғалымдардың ерен еңбектерінің арқасында
«Дала уалаятының газеті» (1994), «Қазақ» газеті (1998)
жəне «Айқап» журналы (1995) жеке-жеке жинақ болып
құрастырылып шыққан болатын. Ал 2014 ж. Орал
қаласында «Ұран газеті. 1917–1918 жыл» жинағы
бысылып шықты. Осы жинақтармен танысу барысында
мерзімді баспасөз беттеріне жарияланған мақалалар
авторларының басым бөлігі қазақ зиялыларының өкілдері


екені бірден байқалады.
«Түркістан уалаяты» мен «Дала уалаяты» газеттерімен
қатар зор маңызға ие болған басылым — «Айқап»
журналы. Журнал 1911–1915 жылдардың аралығында
жарық көрген. Ол туралы Ү. Субханбердина былай деп
жазды: «Троицк қаласындағы «Энергия» баспасында
қазақ тілінде үзбей шығып тұрған «Айқап» журналы
халқымыздың əлеуметтік, саяси өмірінде, əдебиет пен
мəдениетімізді насихаттап, таратуда елеулі роль атқарды»
[2; 24]. Бұл «Айқап» журналына байланы- сты айтылған
шынайы пікір.
«Айқап» журналының шығарушысы жəне оның
редакторы танымал жазушы, белгілі журналист
Мұхамеджан Сералин. Зерттеуші-ғалымдар М. Сералинді
қазақ журналистикасының негізін салушылардың бірі деп
есептейді. Оған дəлел М. Сералиннің қазақ халқының
ауыз əдебиетін зерттей отырып, өзінің де өлеңдер жаза
бастауында. Орыс, парсы, татар тілдерін жетік меңгере
отырып, «Топжарған» жəне «Гүлһашима» поэмаларын
жазып, көпшілікке танымал болады. «Айқап» журна-
лында М. Сералин алдымен қолға алған, көп жазған
негізгі, маңызды тақырып — жер мəселесі, отырықшы
болу, егін кəсібімен айналасу, қала салу мəселелері болды.
Бұл мəселелер жөнінде М. Сералин өзінің «Жер
мəселесі», «Ескі жыр», «Қазақ халқының мұқтаждығы»
деген мақалаларын жазып, оны «Айқап» журналының
беттерінде жариялайды. Мұхамеджан Сералин тек
журнал шығарып қана қоймай, ел арасындағы ағарту
мəселесіне де көңіл бөледі. Журнал жабылып қалғаннан
кейін ол 1919–1920 жж. «Ұшқын» газетінде де қызмет
атқарады.
1913 ж. шыққан «Қазақ» газеті ел арасына ресми түрде
ұлттық идеяны насихаттауда үлкен қызмет атқарды. Қазақ
тарихындағы ең алғашқы ірі қоғамдық ұйым — ұлттық-
демократиялық «Алаш» партиясының ұйымдасуына
ұйытқы болған да осы «Қазақ» газеті. Газеттің № 1
санында «Аталы жұртымыздың, ауданды ұлтымыздың
аруақты аты деп, газетіміздің есімін «Қазақ» қойдық. Ұлт
үшін деген істің ұлғаюына күшін қосып, көмектесіп,
қызмет ету қазақ баласына міндет. Халыққа қызмет етемін
десеңдер, азаматтар, тура жолдың бірі осы. Жол ұзақ,
ғұмыр қысқа, қолдан келгенін ғұмыр жеткенінше істеп
кетелік...», — деп өз оқырмандарына ой тастауында үлкен
философиялық мəн бар.
2.Махамбет Өтемісұлы шығармшылық өмірбаяны
Махамбет шығармалары - бұқара өмірінің рухани-


поэтикалық шежіресі, шаруалар қозғалысының шынайы
бейнесі. Ол жыраулық поэзияның көркемдік əлемін
байытып, шығармаларында ұлт-азаттық идеяларын
көтерді, елдікті сақтап қалуға тақырлы. «Мұнар күн»
жырында ол ел басына түскен ауыртпалықты ашына
айтты. «Ереуіл атқа ер салмай», «Ұлы арман»,
«Жайықтың бойы көк шалғын», «Атадан туған ардақты
ер» жырларында ақын алдағы күндеріне үмітпен, зор
сеніммен қарады. «Біртіндеп садақ асынбай», «Арғымақ,
сені сақтадым», «Арғымақтың баласы», «Азамат ердің
баласы», «Қара нар керек біздің бұл іске», «Еменнің түбі -
сары бал», «Жалған дүние», «Еріскедей ер болса», т.б.
шығармаларында ұлт-азаттық қозғалыс рухы, ел тағдыры
мен арман-мүддесі терең əрі шынайы суреттелген.
«Халық қозғалса, хан тұрмайды тағында» дейді ол отты
жырларында. Ақын өлеңдерінің басты қаһарманы Исатай
батыр. «Исатай деген ағам бар», «Исатай сөзі»,
«Арғымаққа оқ тиді», «Тарланым», «Соғыс», т.б.
өлеңдерінде Исатай батырдың көркем тұлғасы,
адамгершілік, қайсарлық, тапқырлық қасиеттері жан-
жақты сипатталды. Оның «Жəңгірге», «Баймағамбет
сұлтанға» арнаған 106 өлеңдері патшаның жергілікті
билеуші өкілдері - хан-сұлтандарға қарсы жазылған,
олардың бет пердесін ашатын жырлар болды. Ақын
өлеңдерін дəстүрлі үлгіге негіздей отырып, түр, мазмұн
жағынан байыта, жетілдіре түсті. Махамбеттің лирикалық
өлеңдері, көбіне, толғау, жыр, терме үлгісінде жазылды.
Исатайға арнаған өлеңдерінде жоқтау сарыны басым.
Махамбет шығармашылығы қазақ поэзиясы
жанрларының қалыптасуына (сатира, элегия, монолог,
арнау, т.б.), стилінің дараланып, поэтикалық тіл
құралдарының артуына, философиялық тереңдіктің
орнығуына үлес қосты. Халық нақылына құрылған
философиялық толғаулары мен жігерге толы ерлік
жырлары, жауынгер рухты биік өлеңдері ақын
шығармашылығын жоғары деңгейге көтерді. Махамбет
жырлары дəуір шындығын бейнелеп, көтеріліс айнасы
болып қана қойған жоқ, асқақ рух пен болашаққа деген
сенімнің ерекше үлгісін көрсетті («Мұңайма», «Желп-
желп еткен ала ту», «Жайықтың бойы көк шалғын», «Ұл
туса», «Толарсақтан саз кешіп»). Ақын жырларында орыс,
араб, парсы сөздері көп кездесіп, шағатай тілінде
жазылуымен ерекшеленеді. Махамбет жыраулық поэзия
дəстүрін шебер дамыта отырып, қазақ өлеңінің табиғатын
жаңартты. Махамбет шебер күйші де болған, оның 11 күйі
«Шашақты найза, шалқар күй» деген атпен жарық көрді


(1982). Ақын өлеңдерінің халық арасына тарауына
Ш.Жарылғапұлы, Қуан ақын, кішкене Кобыланды,
Қубала, Лұқпан, Мұрат, Ығылмандар əсер еткен. Алғаш
«Мұрат ақынның Тұмар қажы оғлына айтқаны» деген
жинақта (Қазан, 1908) Махамбеттің 100 жолдан астам екі
толғауы басылды. Ғ.Мүштақ құрастырған «Шайыр яки
қазақ ақыңдарының басты шығармалары» жинағында
(Орынбор, 1911) Махамбет толғауынан үзінділер берілді.
1939 ж. Қ.Жұмалиев Махамбет өлеңдерінің жинағын
шығарды. Ақынның 200 жылдық мерейтойы аталып өтіп
(2003), 4 томдық жинағы жарық көрді.[3] Ақын халық
бұқарасының зор күшіне сенеді. Егер ел болып бірігіп,
əділетсіз хандарға қарсы шықса, ханды тақтан
тайдыратынына күмəн келтірмейді. Махамбет халықтың
ханнан көрген жəбір жапасын жырға қосып айтады.
3.Махамбет Өтемісұлының «Мұнар күн» өлеңіне əдеби
талдау
Мұнар да мұнар, мұнар күн,
Бұлттан шыққан шұбар күн,
Буыршын мұзға тайған күн,
Бура атанға шөккен күн,
Бұлықсып жүрген ерлерден
Бұрынғы бақыт тайған күн,
Қатарланған қара нар

Арқанын қиып алған күн,
Алма мойын аруды
Ат көтіне салған күн,
Бұлаңдай ерді кескен күн,
Буулы теңді шешкен күн,
Сандық толы сары алтын
Сапырып судай шашқан күн -
Түс қыла гөр, құдайым,
Біздей тақ мейманасы тасқанға
Біздің ер Исатай өлген күн!
Он сан байтақ бүлген күн!
​Орта белін сырлаған
Оқ жаңбырдай жауған күн;
Оң қанатын теріс жайып,
Лашын қуға төнген күн,
Желпілдеген ала ту
Жиырылып ойға түскен күн;
Жез қарғылы құба арлан
Жез қарғыдан айрылып,
Қорашыл төбет болған күн,
Аса шапқан құлаша ат
Зымырандай болған күн,
Арқаулының бойынан


Теріскей дауыл соққан күн;
Сағағы болат қылыштың
Балдағынан сынған күн.
Хас бəйтерек жығылып,
Жығылғаны естіліп,

Алыстағы дұшпанның
Қуанып көңілі тынған күн!
«Мұнар күн»-ақынның исатай батырдың өліміне арнап
шығарған элегиялық (мұң мен өкінішке толы өлең элегия
деп аталады) сарындағы туындысы. Көтеріліс басшысы
Исатай Тайманұлы патша əскерімен шайқаста қаза
табады. Бұл Махамбетке де, халыққа да қатты батқан ауыр
қаза болды. Ақын исатай өлген күн шексіз қайғылы,
қаралы, ауыр күн екенін өлеңде «шұбар», «мұнар»
«буыршын мқзға тайған», «бұрынғы бақыт тайған» деген
ауыр күйді, өкінішті сəтті танытатын эпитеттерді қолдану
арқылы ұтымды аңғарта алған.
«Мұнар күн» ұғымдарын мұнартып көрінген сағымның
пайда болуымен түсіндіруге болады.38 тармақтан,аралас
ұйқасқа құрылған,
8 буынды,3 бунақты өлең.Исатай өлгеннен кейін
жабырқау көңілмен жазған өлеңі еді. Бұл өлеңде
буыршын мұзға тайған күн,бура атанға шөккен күн,буулы
теңді шешкен күн,Лашын қуға төнген күн,Қорашыл төбет
болған күн т.б сөз тіркестері бар.Эпитеттер: «Бұрынғы
бақыт тайған күн», «Буыршын мұзға тайған күн», «Мұнар
күн», «Шұбар күн» т.б Бұл-елім деп еңіреген ердің
бастаған ісінің жеңіліс тауып тұрған сəті.Күн-
мұнар,бұлттан шыққан күн-щұбар.Бура атанға шөккен
соң ақырзаман емей немене?Ақын жүрегі қан
жылайды,күн де жылайды,дауыл теріс соғады.Хас
бəйтерек жығылған,қылыш балдағынан
сынған,дұшпанның көңілі тынған күн. «Буыршын»
түйенің бір түрі, табаны бүртік келеді.Ол мұзға
таймайды.Егер мұзға тайса жақсылықтың белгісі емес.
Махамбет поэзиясы- саф таза тілімен,от-жалын шешендік
интонациясымен,көркемдік шеберлігімен,жоғары
ақындық мəдениетімен,ұлттық дүниетаным
тереңдігімен,суреткерлік қолтаңбасымен өзгешеленеді
3-билет
ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр басындағы əдеби үрдіс -кітап
бастыру ісі: қазақ кітаптары, баспа орындары, авторлар
XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда да (сауда-
саттық, ұсак кол өнеркəсібі, өндіріс брындары, темір


жолдар салынды. Өндіріс күші дамып, шаруашылық,
егіншілік өріс
ала бастады. Қазақ арасында халықтың тапқа жіктелуі,
таптар арасындағы күрес айқындала түсті; оқу-ағарту
жұмысы да едəуір жанданды; қазақ тілінде кітаптар,
газеттер шыға бастады.
Бəрі де қазақ халқының санасы ояна түсуіне зор əсер етті.
XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында Россияда
капитализм империализмге ұласты. В. И. Ленин өзінің
«Импе-
риализм - капитализмнің жоғарғы сатысы» деп аталатын
еңбегінде империализм ерекшеліктерін жан-жақты
айқындап көрсетті. Ал XХ ғасырдың басынан бастап
империалистік даму жолына
ашықтан-ашық ұмтылған орыс капитализмі Россия
халықтарының ғана емес, отар елдер халықтарының
тұрмысын да өте-мөте күйзелтті. Орыс-жапон соғысы мен
бірінші дүние жүзілік империалистік соғыстың
ауыртпалықтары бұрыннан ызалы да кекті халықты
ашындыра түсті. Қапиталистік дүниеге, оның Россиядағы
мұрагері патшалық үкіметке деген халық өшпенділігі
шексіз өсе берді. Бірақ Россияда шектен шыққан қанау
мен езгініңде күні бітіп, капиталистік дүние күйрейтін
мезгіл де жақындап келе жатқан-ды. Өйткені қоғамдағы
таптар тартысын түпкілікті шешетін революция күні
жақын тұрды.
Қазақ арасында мұсылманша оқу Қазақстан Россияға
қосылмай тұрып та бар еді. Қейде жеке ауыл болып, кейде
бірнеше ауыл бірігіп, молда ұстайтын да, балаларын соған
оқыттыратын-ды. XIX ғасырдың аяқ кезеңі мен XX
ғасырдың басынан бастап төте оқудың, ұсули жəдит
оқуының, шығуына байланысты, қазақ арасындағы
мұсылманша оқу да -- Бұхара, Қазан тəрізді қалалардағы
мұсылманша оқудың үлгісі бойынша - мектеп (бастауыш
оқу), медресе (орта дəрежелі оқу) болып
аталды. Бірақ қазақ арасындағы мектеп, медреселердің
аты бар да, заты жоқ еді. Олар - мейлі үй, шаруашылық-
тұрмыстық жағынан болсын, мейлі оқу-тəрбие
жұмыстарының жайы, сапа-
сы жағынан болсын -- төмен дəрежеде, өте нашар халде
болды.
Тек XIX ғасырдың аяғында халық санасының оянуымен
байланысты, қазақ арасындағы мектеп, медреселердің
көпшілігі төте оқу -- ұсули жəдит - тəртібіне көшті. Бұл -
оқытудың жаңа
тəртібі еді. Мектеп, медреселердегі діни сабақтармен


қатар ана тілі, есеп, география, тарих пəндері, ал кейбір
медреселерде орыс тілі оқытыла бастады. Оқытудың бұл
тəртібінің арқасында балалар аз уақыт ішінде хат танып,
бастауыш мектеп дəрежесінде білім алып шыға алатын
болды. Ескі оқу мен жаңа оқудың нəтижесіне
байланысты, ел ішінде оқуға деген жаңа ынта-жігер
пайда болды. Ұсули жəдит оқуы ескі, діни оқуға қарсы,
төте оқуды жүргізуде, қазақ арасындағы орта ғасыр
қалдықтарына қарсы күресуде прогресшіл роль атқарды.
Сөйтіп, ұсули жəдит
ағымы қазақ арасында үстемдік алды. Бірақ революция
тұсында ұсули жəдитшілерінің көпшілігі буржуазия
мүддесін қорғап кетті, реакцияшыл пантюркизм,
панисламизм бағытына түсті.
Солай бола тұрса да, бұндай мектеп, медреселер қазақ
арасынан мұсылманша оқыған сауатты адамдардың,
əсіресе дүние тану білімі бар оқыған адамдардың,
шығуына, танымдық санасының
оянуына біраз себеп тигізгендей болды.
Патша үкіметі қазақ даласын өз қол астына түгел қаратып
алған соң, XIX ғасырдың ақырынан бастап, Қазақстанның
əр жерінде жүйелі оқу орындарын -- орыс-қазақ мектебін
ашқыз-
ды. 1860 жылдан бастап мұндай мектептер əр жерде-ақ
(Торғай, Қостанай, Орал, Қызылжар, Ақмола, Семей,
Түркістан, Ақмешіт, Қазалы т. б.) ашылды. Бұл орыс-
қазақ мектептері алты жылдық болатын. Оларда орыс тілі,
есеп, табиғат тану, сурет сабақтары
оқытылатын, географиядан, тарихтан жай мəлімет қана
берілетін. Орыс-қазақ мектептерін бітіргендердің көбі
сотта, уезде тілмаштық, болыста хатшылық жұмысын
атқарды. Ал қаладан
тысқары жерлерде болыстық, ауылдық мектептерде оқу
жұмысын жүргізді. Бұндай мектептер бір жылдық, екі
жылдық бастауыш мектеп боп саналды. Онда көбінесе
сауат ашу сабақтары
ғана жүргізілді.
XIX ғасырдың ақырында орыс-қазақ мектептерінде сабақ
оқытатын мұғалімдерді дайындау үшін арнаулы оқу
орындарын ашуға тура келді. 1883 жылы Орскіде
мұғалімдер мектебі ашыл-
ды. Мұнан кейін қазақ арасындағы ауылдық мектептерге
мұғалімдер даярлау жұмысы Оралда, Ақтөбеде, Ақмолада
жүргізілді. 1902 жылы Семейде мұғалімдер семинариясы
ашылды.
Қазақ тілінде кітап бастыру ісі, бұрынғыға қарағанда, XX


ғасырдың басында едəуір дами түсті. Егер XIX ғасырда 70
қана кітап басылса, XX ғасыр басында яғни 1900-1917
жыл-
дар арасында қазақ тілінде 200 кітап жарық көрді. XX
ғасыр басында қазақ тілінде шыққан кітаптар арасында
діни кітаптармен қатар қазақтың ақын, жазушылары
Абайдың, Ыбырайдың,
Ақмолданың, Нұржан Наушабаевтың, Мəшһүр Жүсіп
Көпеевтің, Мақыш Қалтаевтың, Мұхаметжан Сералиннің,
Сəбит Дөнентаевтың, Ə. Тəңірбергеневтің, Т.
Җомартбаевтың, Спандияр Қөбеевтің шығармалары; А. С.
Пушкиннің «Қапитан қызы», И. А. Қрыловтың
мысалдары сияқты орыс тілінен аударылған кітаптар
болды. Қазақ ауыз əдебиеті нұсқаларынан батырлар
жыры, ғашықтық дастандары, ертегілер, тарихи жырлар,
мақал мен жұм-
бақтар; араб, фарсы ауыз əдебиетінің нұсқаларынан «Мың
бір түн», «Шаһнама»; қазақ оқу құралдарынан ана тілі,
əдебиет, есеп, география кітаптары жарық көріп, басылып
шықты.
Қазақ халқының тарихында тұңғыш рет XIX ғасырдың
ақырында қазақша газет шықты. Ол «Дала уалаятының
газеті» деп аталды. «Дала уалаятының газеті» 1888
жылдан бастап Омск қа-
ласында, Ақмола, Семей, Жетісу облыстық ведомстына
қосымша ретінде екі тілде басылып, жетісіне бір рет
шығып тұрды.
Оның қазақшасының редакторы Дала уалаяттық генерал-
губернаторлығының бас тілмаштары (əуелі Сұлтанғазин,
кейін Абылайханов) болды. «Дала уалаятының газеті» -
патша үкіметі-
нің, Дала уалаяттық генерал-губернаторлығының ресми
газеті. Патша үкіметі қазақ халқының қамын ойлап, саяси-
шаруашылық, мəдени-ағарту тілектерін ескеріп «Дала
уалаятының газе-
тін» шығарған жоқ, қазақ даласында отарлау жұмысын
жүргізу, саяси бағытын, бұйрық-жарлықтарын тарату
мақсатымен шығарды. «Дала уалаятының газеті» патша
мен оның чиновниктерінің жарлықтары мен бұйрықтарын
орындау жолында қыз-
мет етті.
«Серке газеті». Бұл газет Петербургта татар тіліндегі
«Үлфəт» деген газетке қосымша ретінде 1907 жылдан
бастап шықты. Бірақ бір нөмері шыққан соң тоқтап
қалды. Редакторы Хажы Ыбыраимов деген кісі болды.
«Серке» туралы «Үлфəт» газеті редакторларының бірі


«Нажат» (Азаттық) деген жинақта: «1906 жылдың
ақырында «Үлфəттің» қазақ оқушыларына арнап, қазақ
тілінде «Серке» атты екі жетілік газет шығаруға қарар
болды. Қелесі жылы март айының басында сол газеттің
жариялауы шықты. Артынша, 28 мартта бірінші саны
шықты. Ол «Үлфəт» газетінің 67-санына қосымша болып
шықты.
«Айқап» журналы. Бұл 1911 жылдың январынан 1915
жылдың авгусына дейін Троицк қаласында шығып тұрды.
Алғашқы жылы айына бір рет, басқа жылдары айына екі
рет шығарыл-
ды, Оның не барлығы 89 саны шықты. Қөлемі бір-бір
жарым, екі-екі жарым баспа табақ еді. «Айқаптың»
тиражы жөнінде еш мəлімет жоқ, бірақ «Айқап» көбірек
санмен қазақ даласының
барлық жерларіне тараған, кезінде əйгілі, беделді журнал
боп саналды.
XX ғасырдың басында қазақ тілінде 200-дей кітап
басылып шығып тұрды. Солардың ішінде 70 шамалы
кітап -- қазақ ақын-жазушыларының күнделікті өмір
тақырыбына жазған шығар-
маларының жинақтары еді, олар дастан, поэма, əңгіме,
роман түрінде жазылды. Бұлардың ішінен тақырыбы,
мазмұны, көлемі жағынан айтуға тұрарлықтары мыналар
деуге болады:
«Насихат қазақия», өлеңдер жинағы, авторы Орынтай
Құрымбайұлы, Қазан, Қаримовтер баспаханасы, 1900
жыл, 20-бет
«Топ жарған», поэма, авторы Мұхаметжан Сералин,
Троицк, Ф. Селянкин мен Х. Сосновский баспаханасы,
1900 жыл, 13-бет.
«Əдебиет қазақия», өлеңдер жинағы, бірінші кітап,
авторы Əбубəкір (Қердері), Қазан, Қаримовтер
баспаханасы, 1902 жыл, 44-бет.
«Гүлқашима», поэма, авторы Мұхаметжан Сералин,
Орынбор, Қаримовтер баспаханасы, 1903 жыл, 97-бет.
«Манзұмат қазақия», өлеңдер жинағы, авторы Нұржан
Наушабаев, Қазан, Қаримовтер баспаханасы, 1903 жыл,
72-бет.
«Ақмолда əпендінің манзуматы», өлеңдер жинағы, Қазан,
Харитонов баспаханасы, 1904 жыл, 24-бет.
«Əдебиет қазақия», өлеңдер жинағы, екінші кітап, авторы
Əбубəкір (Қердері), Қазан, Қаримовтер баспаханасы, 1905
жыл, 35-бет.
«Жапон соғысы», поэма, авторы Ғарип Сафиуллаұлы,
Қазан, Университет баспаханасы, 1906 жыл, 23-бет.


«Жас өмірім яки жастықтағы өкініш», роман, авторы А.
А. Җандыбаев, Қазан, Шəріп баспаханасы, 1907 жыл, 15-
бет.
«Мəшһүр шағыр Ақмолданың мəрсиясы жəне басқа
шиғырлары», өлеңдер жинағы, Қазан, Шəріп
баспаханасы, 1907 жыл, 36-бет.
2.Шортанбай Қанайұлы шығармашылық өмірбаяны

Шортанбай шығармалары халық арасына, негізінен,
қолжазба күйінде, біреуден біреу көшіріп алу, жатталу
арқылы тараған. Жарық көрген дүниесі – кезінде Қазанда
1888 жылы (кейін бірнеше рет басылған) шыққан “Бала
зар” деген кітабы, жалпы көлемі 1300 жолдай өлеңдер.
Ғылым Академиясы қорындағы қолжазба нұсқаларымен
салыстырғанда, кітаптағы көп өлеңдер бұрмаланып, кейде
ұйқасы толымсыз, кейде жолы ауысып басылған. Сірə,
татар баспаханасының қызметкерлері түсінбей
шатастырған болу керек. Академия кітапханасы мен
Əдебиет жəне өнер институтының қорында өлеңдерімен
қатар оның Орынбаймен, Асанмен, Шөжемен айтыстары
сақталған. Оның шығармашылығы жөнінде кезінде
М.Əуезов, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Т.Нұртазин,
Ы.Дүйсенбаев, т.б. жазған.
Шортанбай – шығармашылық жолы күрделі, өз
заманының ұлы ақындарының бірі. Оның өлеңдерін,
шығармашылық жолын түсіну оңайға түскен жоқ.
Коммунистік идеология режимі тұсында ақын еңбектері
бір- жақты ғана талданды, оның көзқарасы мен
өлеңдерінің өзгешеліктерін түсінуге, оларды бар
болмысымен, жетістік-қайшылықтарымен тұтас күйінде
қарауға мүмкіндік болмады. Соған қарамастан ол жөнінде
жазғандар Шортанбайды “керексіз” деп жауып қоя алмай,
одан қалған мұраға айналып-үйіріліп, бірде матап, бірде
сынап, сыңаржақтап болса да көңіл аударуға тырысты.
Мұның бəрі біздің рухани мұрамыздағы ақын орнын
түсінгендіктен, оның өз заманы шындығы мен
қайшылықтарын жоғарғы көркемдікпен суреттеген ақын
екенін мойындаудан туған еді.
Шортанбай заманы – патша өкіметі отаршылдығының
əбден күшіне кіріп, қазақ өлкесін емін-еркін билей
бастаған тұсы болатын. Ең алдымен, ел билеу жүйесіне
өзгерістер кірді. Олардың басына бұрынғыдай елге ұйтқы
болатын дана көсемдер мен қол бастаған батырлар, сөз
бастаған шешендер емес, орыс əкімшілігіне ұнай білетін


пысықтар мен жағымпаздар қойылды. Олар ел мұңын,
халық мұқтажын жоқтауға емес, отаршылдық саясат пен
өз құлқынына ғана қызмет етті. Даланың байлығын
пайдалану мақсатымен сауда-саттық күшейіп, қазақ елі
тұтастай орыс капитализмінің құшағына кіре түсті. Сауда
бұрын мұндайды көрмеген қазақтың натуралды
шаруашылығын бөлшектеп, ақшаға айналдырды. Кең
жайылып жатқан есеп-қисапсыз елге есеп кірді.
Осылардың бəрі қазақтың ескі өмір қалпын ыдырата
бастап еді. Мұндай тарихи үлкен процестің заңдылығын,
қазақтардың көшпелі тұрмыс күйімен оңашалану дəуірі
өткенін ол заманда түсіне қою оңай емес-ті. Жаңа өмір
салты халықтың қалыптасқан ұғымымен қайшылыққа
келді де, “заман бұзылып барады” деген түсінік тарады.
Шортанбай бір өлеңінде оны “зар заман” деп атады. Ол
осы идеяның жыршысы болды. Оның жырлары, негізінен
өз дəуіріне риза болмай, түңілуге, үмітсіздікке құрылады
да, бəрі зар болып, сары уайым боп келеді. Осыдан барып
торыққан Шортанбайдың тірелер жері дін болып, ол бұл
дүниенің опасыздығын айтып, жақсылықты о дүниеден
іздеуге барады. Шортанбайдан шыққан осы бір “зар
заман” деген сөз кейін біртұтас дəуірдің атына айналды.
Шортанбай шығармаларының біз үшін жəне əдеби-
эстетикалық қозғалыстағы маңызы – оның бұл идеясында
емес, суреткерлік көрегендігінде. Ол қазақ қоғамы
тарихындағы осы бір күрделі дəуірдің суретін, ондағы
өзгерістер сыпатын дəл бейнелеп, алдыңа жайып салады,
ескі салтпен қайшылыққа келіп, өмірге өктем кіре
бастаған тіршілік сыпаттарын жіті көзбен көреді. Бірақ
заман ағысының бағытын өз ұғымымен сиыстыра алмай
қиналады. Оның зары да осыдан туады. Оның өлеңдері: “
Зар заман”, “Тар заман”, “Бала зар”, “Опасыз жалған”, “
Осынша азды ел неден”, “Байды құдай атқаны” – бəрі де “
Заман азды” деген пікірді дəлелдеу үшін жазылған. Бұл
өлеңдер, сондықтан да, біркелкі “Асылық азған заманда”
деп басталып, “Заман азуының” белгілерін танытатын
өмірдің əр қилы саласын суреттеуге арналады.
3.Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңіне əдеби
талдау
Зарлап өткен бір заман.
Сөздің басы — бисмілла,
Біз айталық, сіз тыңда
Мұсылманның тарихын:
Төрт аяқты хайуан —


Бұ дүниенің жарығы.
Бағасы кеткен жігіттің
Бетінен алар зайыбы.
Бір алладан басқаның
Көпті қылған айыбы.
Сол себептен қорқамын!
Əуелгі қорлар зор болды,
Сондай зорлар қор болды,
Əуелгі барлар жоқ болды,
​Сондай жоқтар тоқ болды,
Жөн білмеген жамандар
Ел билеген бек болды,
Көтере алмай билігін,
Ұласқан үлкен кек болды,
Ниетіне қазақтың
Тым - ақ тəуір еп болды —
Заманақыр болар деп,
Сол себептен қорқамын!
Қыс көбейді — жаз аз боп,
Бай таусылды — мал аз боп,
Ағайыны көре алмай,
Атаға бала араз боп.
Кесапаттың кесірі Шортанбай Қанайұлының «Зар заман»
өлеңінің бүгінгі жастар тəрбиесіне қатысты өзектілігі.
Шортанбай Қанайұлы - XIX ғасырдағы қазақ əдебиеті
тарихынан елеулі орын алатын, өзіндік сөз өрнегі бар
өнерпаз. Туған елінің тағдырын болжап, халқының
басына түскен ауыртпалықтарды көкірегі қарс айрыла
жырлаған өз дəуірінің тамаша жырау-ақыны. Ақынның
сырлы толғауларының ішіндегі ең айтулысы «Зар заман»
өлеңі қай заман үшін де маңызды саналатын түйіткілді
мəселелерге толы. Əсіресе, өлеңнен бүгінгі жастар
тəрбиесіне қатысты аса өзекті ойларды көптеп
кездестіреміз.
«Зар заман» өлеңіндегі ақын сынаған сол замандағы ұл
мен қыз бойындағы жағымсыз қылықтардың бүгінгі
жастардан да орын алып жатқаны өтірік емес. Мəселен,
Шортанбай ақын:
Бұл асылық асқан заманда,
Ұл туады атаменен егесіп,
Қыз туады анаменен теңдесіп,
Баласы кетіп тыюдан
Масқаралар таймайды
Жас сыйласып тұрудан,-деп, «зарлы заманның» ұл-


қызының сыпайылық, кішіпейілділік тəрізді адамдық
қасиеттерден алыстап бара жатқандығын айтады. Қазіргі
заман қыз-жігіттерінің де көпшілігінің аталмыш
қылықтардан аулақ емес екендігін олардың ата-анаға,
үлкен кісіге деген құрметінің азайып кеткендігінен анық
байқауға болады. Басқасы былай тұрсын, өз ата-анасын
«сен» деп атап, олармен құдды бір құрдастарындай
сөйлеседі. Менің ойымша, бұлай жалғаса берсе, «атасы
тұрып ұлы, анасы тұрып қызы сөйлегеннен без» дейтін
халқымыздың ұлттық құндылықтарынан айырылып
қалуымыз ғажап емес. Сонымен қатар, өлеңнің:
Ұлың киді дүрия,
Ұстараның жүзіндей
Аударылған дүние
Қызың киді биқасап,
Тергеп кимей байқастап
Кешкітұрым болғанда
Құлан менен бұландай
Үйде тұрмас ойқастап.
Қыз-жігітте əдеп жоқ ,-деген жолдарынан да сол дəуір
жастарына тəн сауықшылдық, ойыншы-күлкішілдік
тəрізді татымсыз қылықтарды көреміз. Əрине, бүгінгі
заманауи қыз-жігіттердің де сауыққұмарлық,
қыдырымпаздық, жеңілтектікке бой алдырып, жаман
əдеттерге əуес болып жүргені бəрімізге аян. Осыған
қарап, ақынның ашына жырлаған ұл мен қыз бойындағы
қасиеттердің қазіргі жастарда кең етек алғаны жайлы
ойлана түсеміз.
Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңінің бүгінгі
жастар тəрбиесіне қатысты өзектілігі аса зор екенін
байқадық. Бұл туынды сол заманның ащы шындығын
айтып қана қоймай, өскелең ұрпақты жамандықтан сақ
болып, жақсылыққа жақ болуға, ізгілікті қасиеттерді
бойға сіңіруге шақырады. Сондықтан да, ақын
шығармасы əлемнің көптеген тілдеріне аударылып,
жастар тəрбиесіне көмекші құрал ретінде таратылуы тиіс.
4-билет
1. ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр басындағы əдеби үрдіс -оқу-
ағарту ісі: діни оқу медреселері (қадим, жəдид), орыс-
қазақ мектептері (орыс тілді)
Қазақстанның ХХ ғасырдың бас кезіндегі оқу-ағарту ісі
Қазақ халқы ерте заманнан-ақ білімді де сауатты болуға


ұмтылған, надандық пен топастықты əжуа етіп, күлкіге
айналдырған. Əрбір ата-ана баласына əдептілікті
үйреткен, сауатты да білімді болуға баулыған. Бұған
мысал ретінде қазақтар арасында «Қара күш бірді жығар,
білімді мыңды жығар» деген мақал кеңінен тараған. ХІХ-
XX ғасырлардың бас кезінде Қазақстанда халыққа білім
беру ісі екі: діни жəне зайырлы бағытта жүргізілді. XIX
ғасырдың орта кезіне дейін қазақ балалары мектептер мен
медреселерде мұсылманша білім алды. Оларды негізінен
молдалар оқытты. Оқу ата-аналарының қаржысы есебінен
жүзеге асырылды. Мұсылмандар мектебінде негізінен ер
балалар оқыды.
Халық арасында медреселердің беделі күшті болды. Олар
молдалар мен мектеп мұғалімдерін даярлады. Оқу мерзімі
3—4 жылға дейін созылды.
Медресе шəкірттері ислам дінінің негіздері бойынша
бастауыш білім алумен қатар философия, математика,
медицина, тарих, тіл білімі (лингвистика) жəне
астрономия жөнінде де едəуір хабардар болып шықты.
Діни оқу орындарының басты қызметінің бірі жастардың
бойына əдептілік өнегесі мен адамгершілік қасиеттерді
дарыту болды. 1870 жылдан бастап патша үкіметінің
бастамасы бойынша медреселерде міндетті түрде орыс
тілінің негіздерін үйрету енгізілді.
Медреседе бірнеше сынып бөлмелері болды. Олар
шəкірттер тұратын, дəрет алып, жуынып-шайынатын,
сондай-ақ тамақтанатын бөлмелер еді. Медреседе
ұстаздыққа əдетте жасы 40-тан асқан адамдар ғана
қабылданатын. Олардың медресені бітіргені туралы
дипломының болуы талап етілетін. Кейіннен патша
үкіметі мұсылманша оқытуды да өз бақылауына алуға
тырысты. Мəселен, 1867—1868 жылдардағы əкімшілік
реформалар бойынша мектептер мен медреселер ашу
үшін уезд бастығының арнайы рұқсатын алу керек болды.
Патша үкіметі мұсылмандардың оқу орындарын
ашықтан-ашық кемсітіп, қорлау саясатына көшті.
Жаңа əдістемелік мектептер
XX ғасырдың бас кезінде дəстүрлі мектептер мен
медреселер коғамның өскелең талаптарын
қанағаттандырудан қалды. Мұсылман мектептерін
реформалау қозғалысы басталды. Оны
ұйымдастырушылар жадидшілдер болды. XX ғасырдың
бас кезінен бастап жаңа əдістемелік мектептер пайда бола
баста- ды. Оқытудың бұл əдісінің негізін қалаушы белгілі
түркі тілдес халық ағартушыларының бірі, қоғам
қайраткері И. Гаспринский болды.


Жадидшілдер мектептерде арифметика, география,
жаратылыстану, тарих сияқты басқа да зайырлы пəндерді
оқыту қажеттігін дəлелдеді. Жаңа əдістемелік
мектептерде білімді де білікті мұғалімдер сабақ берді,
оларда қажетті оқу құралдары мен жабдықтары жеткілікті
болды. Оның үстіне, оқыту əдістемесі де əлдеқайда тиімді
еді Қазақстандағы ең алғашқы жаңа əдістемелік мектеп
1900 жылы Түркістан қаласында ашылды. Ондай
мектептер Ақтөбе, Жаркент, Верный, Қазалы, Қостанай,
Перовск, Семей сияқты басқа да қалаларда пайда бола
бастады. Қазақ зиялыларының едəуір бөлігі жаңа
əдістемелік мектептерде білім алып шыққандар болатын.
Мəселен, Уфадағы «Ғалия» медресесінде Б. Майлин,
Орынбордағы «Усмания» медресесінде Қ. Болғанбаев
жəне басқалары оқыды. Абай Құнанбаев та Семейдегі
Ахмет Риза медресесінде жаңа əдістемелік оқыту мето-
дикасын жақтаушы ұстаздардан дəріс алған болатын.
Алайда жаңа əдістемелік мектептер елге кең көлемде
тарай алмады. Патша үкіметі жаңа əдістемелік
мектептердің ашылуына барынша қатты қарсылық
көрсетті. Себебі ондай мектептерді панисламизм мен
пантүркизмнің ошақтары деп білді. Соның салдарынан
1917 жылы Қазақстан аумағында 100-ге тарта ғана жаңа
əдістемелік мектеп бар еді.
XIX ғасырдың бірінші жартысында қазақ өлкесінде
зайырлы мектептер мен оқу орындарының ашылуы
1813 жылы Омбыда, ал 1825 жылы Орынборда əскери
училищелер ашылды. Кейіннен олар Сібір жəне Орынбор
Неплюев кадет корпустарына айналды. Бұл оқу
орындарына қазақ балаларын қабылдауға едəуір шек
қойылды. Ұлты қазақ кадеттер бірқатар əскери пəндерді
оқып үйренуге жіберілмеді. Омбы кадет корпусын белгілі
қазақ ғалымы, зерттеуші əрі ағартушы Шоқан Уəлиханов
бітіріп шықты.
1841 жылы Бөкей хандығында Жəңгір ханның бастамасы
бойынша алғашқы қазақ мектебі ашылды. Ол мектептің
оқушылары орыс тілін, математиканы, географияны,
бірқатар шығыс халықтарының тілдерін, сондай-ақ ислам
дінінің негіздерін оқып үйренді. Қазақ балаларының сабақ
үйренуін Жəңгір ханның өзі тікелей бақылауға алып,
тексеріп жүрді. Неғұрлым қабілетті деген балаларды ол
Қазанға, Ресейдің басқа да қалаларына оқуға жіберіп
отырды. Казак станицаларында, бекініс-қамалдарда діни
шіркеулер жəне казактардың балалары оқитын мектептер
болды. Олардағы оқыту деңгейі тым төмен еді.
Мұғалімдердің басым көпшілігін шала сауатты дьяктар,


сондай-ақ қызметтік міндетін өтеген солдаттар мен
казактар құрады.
Жалпы алғанда, Қазақстанда халыққа білім беру ісі мен
сауаттылық деңгейін қанағаттанарлық болды деп айтуға
келмейтін. Зайырлы мектептер өте аз еді. Маман
мұғалімдер жетіспеді. Көшпелі жəне жартылай көшпелі
өмір салты жағдайында тұрақты мектептер ашу қиын
болды.
XIX ғасырдың екінші жартысы - XX ғасырдың бас кезінде
зайырлы мектептердің ашылуы
Қазақстанды өнеркəсіптік тұрғыдан игерудің басталуына
байланысты сауатты да білімді адамдарға деген сұраныс
арта түсті. Сондықтан да 1850 жылы Орынборда оқу
мерзімі жетіжылдық жаңа үлгідегі мектеп ашылды. Онда
негізінен хатшылар мен аудармашылар даярланды, орыс
тарихы, математика, география, геометрия, сондай-ақ
исламның негіздері оқытылды. Ал 1857 жылы осындай
мектеп Омбыда да ашылды.
1861 жылы Троицкіде, басқа да қалаларда орыс-қазақ
мектептері ашылды. 1867—1868 жылдардағы əкімшілік
реформалары енгізілгеннен кейін жəне қоныс аударып
келуші шаруалар қатарының арта түсуіне байланысты
зайырлы мектептердің қатары көбейді. Олардағы оқу
бағдарламаларын генерал-губернатордың өзі белгілеп,
Халық ағарту министрлігімен келісіп алып отырды.
Қазақтардың балалары орыс поселкелері мен казак
станицалары жанындағы мектептерде тегін немесе азын-
аулақ ақы төлеп оқуға құқықты болды.
1879 жылы Ташкентте мұғалімдер институты ашылды.
1879 жылы Торғай облысында алғашқы екі сыныптық
орыс-қазақ мектебі пайда болды. 1883 жылы Орынбор
губерниясының Ор қаласында қазақтарға арналған
мұғалімдер мектебі түңғыш рет ашылды. Ол мектептің
ашылуына Ыбырай Алтынсариннің қосқан үлесі орасан
зор болды.
1885 жылдан бастап барлық уездерде ауыл шаруашылық
мектептері ашылды. Олар қазақ өлкесінде білім жəне
қолөнер түрлерін дамытуға бағыт ұстады. 1887 жылы
барлық жерде бірдей болыстық орыс мектептері пайда
бола бастады. Ал 1891 жылы Торғай, Ақтөбе, Қостанай
жəне басқа қалаларда қыз балаларға арналған бастауыш
мектептер ашылды. 1892 жылдан бастап қазақ балалары
үшін ауылдық көшпелі мектептер ұйымдастырылды.
XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап Омбы, Семей,
Орал, Ақмола қалалары халыққа білім беру
орталықтарына айналды. Қазақстандағы орыс тілді


халықтың арасында сауатсыздардың пайызы тым жоғары
болды. Мұны 1897 жылғы халық санағы айқын көрсетті.
Атап айтқанда, халықтың 8,1 пайызын ғана сауатты деуге
болатын еді. Соның ішінде ерлердің 12 пайызы, ал
əйелдердің 3,6 пайызы ғана хат таныды. Орысша сауат
ашқан қазақтардың пайызы бұдан да төмен болды. Ал
мұсылманша оқып сауат ашқан дала қазақтарының саны
өте көп еді. Бірақ олардың қанша пайызының сауатты
екеңдігі халық санағын өткізу кезінде есепке алынбады.
Ресей империясы қазақтардың орта жəне жоғары білім
алуына жол бермеуге тырысты. Сауатты қазақтардың
қатары өскен сайын олардың Ұлттық сана-сезімі тезірек
оянады деп қауіптенді. Мəселен, 1885 жылы Қазақстанда
орыс мектептерін ашудың басты идеологта- рының бірі
Ильминский былай деп ашықтан-ашық жазған болатын:
«Бізге тиімді болатын бір жағдай бар. Ол — бұратана
халықтың əрбір өкілінің орысша сөйлегенде шатасып,
қысыла қызарып тұратын болуы. Ол — орысша жазғанда
да аяқ алып жүргізгісіз қыруар қате жіберіп, өз ойын
дұрыс жеткізе алмауы. Олар губернаторлардың алдында
ғана емес, сонымен қатар кез келген бастықтардың
алдында да қалтырап-дірілдеп тұруы керек». XIX ғасырда
ауыл шаруашылық жəне фельдшерлік мектептері ашыла
бастады. Олар орта білімді дəрігер мамандарын даярлап
шығарды. Алайда Қазақстанда бірде-бір жоғары оқу орны
ашылған жоқ
2.Сал-серілердің шығармашылық өмірбаяны:Ақан сері,
Біржан сал, Мəди Бəпиұлы
Ақан сері Қорамсаұлы (1843 жылы, Үлкен Қоскөлдің
маңы, Ақмола облысы, Ресей империясы – 1913 жылы,
сонда) — қазақ ақын, əнші, жəне сазгер.
Ақан серінің “Ақтоқты”, “Алтыбасар”, “Тер қатқан”, “
Мақпал”, “Балқадиша”, “Сырымбет”, “Майда қоңыр”, т.б.
əндері əйел жанының сұлулығын жарқырата көрсетуімен
бірге, махаббат құдіретін асқақтата суреттеуімен де
құнды. Кеңінен танымал бұл əндер əйелдер образының
галереясын жасап, шынайы махаббат рухын ту етіп
көтереді. Ақан сері ақын-əнші ғана емес, саңлақ аңшы,
атбегі де. Ақынның сүйікті досына, қимас өмірлік серігіне
айналған сəйгүлігі мен қыран құстарына арналған “
Маңмаңгер”, “Қараторғай”, “Көкжендет”, “Құлагер”
əндерінде Ақан серіның ішкі жан дүниесіндегі бұрқаныс,
қан жылаған жүрек, телегей теңіз мұң мөймілдеп
тұрғандай. Ақан сері басындағы трагедиялық күй кез
келген жүректі толқытады. Əсіресе “Құлагердегі”


экспрессивті интонация, толқыған мұңлы əуен, драмаға
суарылған қайғылы оқиға шынайылығымен баурайды. Əн
ақын өмірінің трагедиялық сəтін бейнелеумен қатар, сол
қоғамдағы өнер адамдарының тағдырын қамти отырып,
өзі өмір сүрген қоғамның əділетсіз бет-бейнесін ашады.
Ақан серінің музыка туындылары қазақ өнерінің
өркендеуіне зор ықпалын тигізді. Оның шығармаларын
белгілі əншілер Ə.Қашаубаев, Ж.Елебеков, М.Ержанов,
Ж.Кəрменов т.б. ел игілігіне айналдырды. Қазақстан
композиторларының симфониялық жəне опералық
шығармаларында кеңінен енгізіліп, Ақан əндері екінші
өмірін бастады. Серінің өмірі мен тағдыры туралы Ілияс
Жансүгіров “Құлагер” поэмасын, Ғабит Мүсірепов “Ақан
сері — Ақтоқты” драмасын, С.Мұхамеджанов осы аттас
операсын, С.Жүнісов “Ақан сері” романын жазды.
Ақтоқты есімі Ақан шығармаларынан кең орын алды. «Ақ
көйлек», «Аужар», «Алтыбасар», «Ғашық жарға»,
«Тағрипың», «Ж-ға» – Ақтоқтыға арналған махаббат
толғаулары. Құлагердің мерт болуы (1880-жылдардың
ортасы) да егде тартқан серінің өмірі мен
шығармашылығында ұмытылмас оқиға болды. Өмір
соққысын көрген ол жайлауға көшпей, баласы Ыбан екеуі
қыстауда қалады. Дұшпандары оны əр саққа жүгіртіп өсек
таратады. Ақан Серінің «Ақтоқты», «Алтыбасар», «Тер
қатқан», «Мақпал», «Балқадиша», «Сырымбет», «Майда
қоңыр», т.б. əндері əйел жанының сұлулығын жарқырата
көрсетуімен бірге, махаббат құдіретін асқақтата
суреттеуімен де құнды. Кеңінен танымал бұл əндер
əйелдер образының галереясын жасап, шынайы махаббат
рухын ту етіп көтереді. Ақан Сері ақын-əнші ғана емес,
саңлақ аңшы, атбегі де. Ақынның сүйікті досына, қимас
өмірлік серігіне айналған сəйгүлігі мен қыран құстарына
арналған «Маңмаңгер», «Қараторғай», «Көкжендет»,
«Құлагер» əндерінде Ақан Серіның ішкі жан дүниесіндегі
бұрқаныс, қан жылаған жүрек, телегей теңіз мұң
мөймілдеп тұрғандай. Бірақ Ақан өмірден де, өнерден де
қол үзбейді. Осы тұстағы əн-өлеңдерінің елеулісі –
«Балқадиша». 1890 жылдардағы шығармашылығында
айтыс едəуір орын алды. Ақанның елдің жер-судан,
қоныстан айырылуына наразылық білдірген азаматтық
лирикалары мен сықақ өлеңдері де өткірлігімен
ерекшеленеді. Қонысынан айрылған елдің мұң-мұқтажын
ақын халық атынан айтады. 1913 ж. Ақан өзінің туған
жерінде дүние салды.
Музыка жəне əдебиеттегі үлесі
Ол қазақтың ұлттық өнерін кəсіби биікке көтеріп,


дəстүрлі өнердің классикалық үлгісін жасады. Елуге жуық
музыкалық мұрасы қазақ мəдениетінің алтын қорына
енді. Оның шығармаларын белгілі əншілер Əміре
Қашаубаев, Жүсіпбек Елебеков, Манарбек Ержанов,
Жəнібек Кəрменов, т.б. ел игілігіне айналдырды.
Қазақстан композиторларының симфониялық жəне
опералық шығармаларына кеңінен енгізіліп, Ақан əндері
екінші өмірін бастады. Серінің өмірі мен тағдыры туралы
Ілияс Жансүгіров «Құлагер» поэмасын, Ғабит Мүсірепов
«Ақан сері – Ақтоқты» драмасын, Сыдық Мұхамеджанов
осы аттас операсын, Сəкен Жүнісов «Ақан сері» романын
жазды.Əуезов «Казак халкының эпосы мен фольклоры»
атты зерттеу еңбегінде Ақан серінің ақындық өнерін
жоғары бағалап, оның жел жетпес жүйрігіне арнаған
«Құлагер», қыран бүркітіне арнаған «Көк жендет»
əндерін жоқтау өлеңіне жатқызған.
Біржан сал Қожағұлұлы (1834, Ақмола облысы Біржан
сал ауданы — 1897, туған жерінде) — Қазақтың əйгілі
ақыны, сазгер.
Біздің заманға Біржан салдың алпысқа жуық əндері
жеткен. Оның əндері нəзік сезімді, сұлулықты жырлаған
сыршылдығымен қоса («Ғашығым», «Қаламқас», «Лəйлім
шырақ», «Айтбай», «Ақтентек», т.б.), əлеуметтік мəн-
мазмұнымен де («Жанбота», «Адасқақ», «Көлбай –
Жанбай», «Шідер», т.б.) құнды. Сара ақынмен айтысы
оны дарынды, суырыпсалма ақын ретінде дүйім елге
танытты. Біржан салдың ақындық өнерінің өріс ашып,
өрби түсуіне Сара, Əсет, Доскей, т.б. қатарлы тұтас бір
сала буын игі əсерін тигізген.
Өмірінің соңғы кезінде ру арасындағы талас-тартыстар,
ағайын ішінің кикілжіңі Біржан салдың жеке басына да
қатты əсер еткен. Қиянатшылар тіпті оны «жынданды»
деген лақап таратып, қол-аяғын байлап тастауға дейін
барады. Аталмыш оқиға Біржан салдың «Теміртас» əнінде
үлкен қасіретпен айтылады. Оның «Айтбай», «Адасқақ»,
«Жамбас сипар», «Жонып алды», «Алтын балдақ»,
«Көкек», «Жанбота», «Теміртас» сияқты əндері дəстүрлі
қазақ əндерінің классикалық үлгілері ретінде қазақ
мəдениетінің алтын қорынан орын алды. Олар Ғаббас
Айтбаев, Қали Байжанов, Əміре Қашаубаев, Жүсіпбек
Елебеков, Манарбек Ержанов, Қосымжан Бабақов, Қуан
Лекеров, Мəжит Шалқаров, Темірбек Арғынбаев, Қайрат
Байбосынов, т.б. əншілердің орындауында ел арасына кең
тарап, халық игілігіне айналды. Біржан салдың
музыкалық мұрасы бірнеше рет жинақ болып басылып


шықты. Мұқан Төлебаев «Біржан – Сара» операсын
жазды.[2][3]
Біржанның өмірінен қысқаша үзінділер:
1865 жылдың жайма шуақ жаз айы. Көк майсалы
Көкшетау етегіне тігілген ақ шаңқан үйлер шапқан ат
шаршайтындай аймақты алып жатыр. Себебі Сары
Арқаның астанасы Омбыдан "генерал-губернатор келе
жатыр" деген хабар алыс-жақын аймақты түгел шарлап,
қалың ел əуре-сарсаңға түскен. Əсіресе болыс,
старшындар қатты əбігер үстінде. Үй тігу, қонақ күту, сəн-
салтанат көрсету жөнінде бірінен-бірі асып түскісі келіп
жанталасуда. Бұл аймақтағы көп болыстың ішіндегі ең
көрнектілері - Азнабай мен Жанбота. Азнабай - жуан
тұқым Қоңырқожаның баласы болса, Жанботаның "сегіз
болыстан шені артық" (Біржан салдың сөзі)...
Түске салым Жанбота тіктірген үйлер жақтан шырқау əн
естілді. Бұл - "Сары Арқаны əнмен сандалтқан"
Біржанның дауысы екенін естіген жұрт сол жаққа құлақ
түріп, аңсары ауа бастаған. Басқа шаруа былай қалып,
əсіресе жас жігіттер, қыз-келіншек əн шыққан жаққа
ағыла бастады. Бұл - Жанботадан абыройын асырғысы
келіп жүрген Азнабай болысқа ұнаған жоқ. Генерал-
губернатор келмей жатып, Жанбота ауылының той-
думанға айнала бастағанын жақтырмай, араға кісі салып
көріп еді, бақталас болыс: "Жастардың қолқалауымен əн
салып отырған Біржанға мен не деймін?" - деп қырсық
жауап қайтарыпты.
Біржан отырған үйдің иесіне: "генерал-губернатор
келгенше қоя тұрсын" - деп сөз айттырса, ол да:
"Жиналып тұрған көпшілікке топырақ шаша алмаймын", -
десе керек. Бұған ашуланған Азнабай мінезі дөкір, дойыр
қамшылы поштабайын жұмсап: "Тоқтат Біржанды!" - деп
бұйырады. Поштабай барып бұйрықты жеткізсе, Біржан
тоқтамайды. Поштабай əуелі қолындағы домбырасын
тартып алмақ болады. Өзі де балуанға түсіп жүрген
қарулы Біржан домбырасын бермейді. Сосын поштабай
қолындағы қамшымен Біржанды бір тартып жібереді.
Мұның аяғы төбелеске айналып, отырған жұрт
поштабайды үйден қуып шығады. Бірақ денесіне қамшы
тиген Біржан бұған қатты намыстанып, жан айқайы
"Жанбота" əнін шығарған. Мұнда өзін қолқалап ертіп
келген Жанбота болысқа:
"Жанбота, осы ма еді өлген жерім? Көкшетау боқтығына
көмген жерің?!" -
деп ашулана шырқаса да, "қарғаның көзін қарға
шұқымайды" дегендей, "азуы алты қарыс" Азнабайға


ештеңе істей алмасын байқаған соң, атақты "Адасқақ"
əнін шығарған. Онда бұл дүниеде əділеттің жоқтығын, кім
болса да біреуге жағынудың, жағымпазданудың керек
еместігін, өз күшіңе, біліміңе, қабілетіңе қарай өмір сүру
керектігін өкіне, ашына айтқан.
Бұдан кейін Біржан сал өз ауылында тұрақтамай, ел кезіп
кетеді. "Үш жүзді сайран қылған Біржан едім" деп
өлеңінде өзі айтқандай, қазақ жерінің барлық түкпірін
аралайды. Ел көреді, жер көреді, талай той-думандардың
сəні, көркі болады. Жүрген жерлерінің бəрінде бүгінге
дейін ел аузында жүрген, халқымыздың өшпес мəдени
қазынасына айналған əндер шығарады. Бүгінгі
əншілеріміз айтып жүрген "Лəйлім шырақ", "Теміртас",
"Жайма шуақ", "Айтпай", "Бурылтай", "Айбозым", "Асыл-
Ақық", "Керкекіл", "Ақ серкеш", "Мəті-Дəулен", "Алтын
балдақ", "Телқоңыр", "Аққошқар", "Көкек" т. б. əндері -
мəңгі өлмейтін туындылар. Бұлардың бəрі бұрын жеке
дауыста орындалса, ұлы композиторымыз Мұқан
Төлебаев біразын "Біржан - Сара" операсында
пайдаланған. Арқаның ақиығы Біржанның Жетісу
бұлбұлы атанған ақын Сарамен айтысы да - өлмес
қазынамыз.
Біржанды өз құлағымен тыңдаған данышпан Абай:
Құлақтан кіріп бойды алар,
Əсем əн мен тəтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Əнді сүйсең - менше сүй, -деген мəңгілікке жетерлік сөз
қалдырған.
Қазақ өнерінің саңлақтары: Мəди Бəпиұлы .Мəди
Бəпиұлы (1880-1921) 1880 жылы қазіргі Қарағанды
облысы, Қарқаралы ауданында кедей шаруаның
отбасында дүниеге келген. Жас кезінен-ақ əн айтып,
домбыра тартып аты шыққан. Арғы аталары атақты би
Қазыбек екен. Болашақ сазгердің балалық шағы əсем
табиғат аясында өтеді. Алғашқы өлеңдерінің тақырыбы
туған жер, шетсіз де шексіз кең дала. Əнші əрі дəулескер
күйші ретінде де ерте танылады. Ақан сері, Біржан сал,
Балуан Шолақ, Үкілі Ыбырай сияқты cаңлақтармен
кездесіп, өнеге, тəлім алады. Сол кездегі үстем тап
өкілдерінің "ұры" деген жалған жаласымен Атбасар,
Карқаралы, Семей, Омбы түрмелерінде болады. Қамауда
елін, жерін сағынып, əділетсіз заманға налыған Мəди
өзінің атақты "Қаракесек" əнін шығарады. 1915 жылы
Мəди түрмеден қашып шығады. Бұл кезде оның əндері
халыққа тарап кеткен еді. Мəди жөнінде талай аңыздар да


айтыла бастаған. Атқамінер жандайшаптардан
жасырынып, ұзақ уақыт туған жерге ат ізін сала алмайды.
"Шіркін-ай" əні осы кезде туған. 1916 жылы ол еліне
оралады. 1917 жылы болыс билеуші Айтқожа Теміржанов
Мəдиді "жылқы ұрлады, түрмеден қашты" деп айыптап,
тағы да түрмеге жөнелтеді. Қазан төңкерісін Мəди
Қарқаралы абақтысында қарсы алады. 1918 жылы
бостандыққа шығады. Композитордың халық арасына кең
тараған атақты "Мəди" əні осы кеңестік кезеңмен
байланыстырылады. Кеңес өкіметі кезінде 1919 жылы
Мəди Колчакқа қарсы шайқастарға қатысады. Ақ
гвардияшыларды Қарқаралыдан қуып шығысымен, жаңа
өмірді нығайтуға кіріседі. Ал Кеңес қызметіне кіріп алған
жаулары оны ебін тауып өлтіруді ұйғарады. 1921 жылдың
ақпан айында Мəди қаза табады. Атақты əнші-композитор
Мəди Бəпиұлы өз шығармаларында бостандықты, адам
жанының тереңдігін, қазақ халқының тамаша дəстүрлерін
жырға қосады. Кең тынысты, салтанатты, шаттыққа толы
оның əндері күні бүгінге дейін ел аузында. Олар
опералардан, сиюталардан, кантаталардан тұрақты орын
алды. Композитордың тағдыр-талайынан терең сыр
қозғайтын Мəди Бəпиұлының əндері талайларды
тебірентумен келеді. Мəдидің шығармашылық мұрасы
толық жиналмаған. Оның халық жадында сақталған
əндері əлі күнге сыр - сымбатын жоғалтқан жоқ. Биік
пафосы, еркін, жан-дүниені баурайтын оның сұлу əндері
қазіргі кезде сахна мен радиодан жиі естіледі. Оның
əндері Е. Г. Брусиловскийдің "Қаракесек", "Ер Тарғын",
"Шіркін-ай", "Мəди", "Қыз Жібек" операларында
қолданылды. Мəдидің өмірі мен шығармашылығына А.
Жұбановтың, А. Бектасовтың зерттеулері, Ə. Əбішевтің
"Найзағай" романдары арналған.
3.Мұрат Мөңкеұлының «Үш қиян» толғауына əдеби
талдау
Мұрат ақын орыстың озбырлығын өте ерте кезден
бастайды. Батыс өлкесін ақын «Үш қиян» деп атаған.
Еділдің бойы – қанды қиян,
Жайықтың бойы шаңды қиян,
Маңғыстаудың бойы – майлы қиян,
Адыра қалғыр, үш қиян!
Үш қиянның ара бойынан
Жеті жұрт көшіп жол салған.
Ақын Ресей патшалығының отаршылдығы үздіксіз
жүргізілгені жəне жеріміз¬ге шеттен бастап кіріп, ішімізді
жай¬лай бергені өте өрнекті тілмен бейнелі көрсетіледі.


Еділді тартып алғаны –
Етекке қолды салғаны.
Жайықты тартып алғаны –
Жағаға қолды салғаны.
Ойылды тартып алғаны –
Ойындағысы болғаны, – деген жолдарда бір озбырдың
екінші адамға жасаған зорлығындай сурет адам көз
алдына келеді.
Жаппай талап, топан, таптай келген «аузы түкті» жұрт
өзінің əдет-ғұрпын, сұмпайы мінез-құлықтарын қазақ
халқына енгізе бастағанын, халқымыздың бұрынғы өте
əдепті, əділ ғұрпымызды лайлап, бүлдіргенін де бейнелі
көрсетті.
Дастанның соңында сұмпайы за¬манның бейнесін өте дəл
береді. Ақын өзге жұрттың əдепсіз ғұрпы бірден-бірге
дендеп еніп, қазақты бүлдіріп жатқанын айтып,
зорлықпен келген заманға жиіркене қарайды жəне
болашақтан түңіледі:
Мен қауіп еткеннен айтамын,
Ақ борықтай иілген
Кейінгі туған баланың
Ұстай ма деп білегін,
Шая ма деп жүрегін.
Шашын, мұртын қойдырып,
Ащы суға тойдырып,
Бұза ма деп реңін.
Адыра қалғыр заманның
Мен жаратпаймын сүреңін.
«Үш қиян» дастаны – Мұрат ақынның жүрегін жарып
шыққан ең мұңды, ең зарлы жыр. Ол – ақын тілімен
айтқан халық үні, халық мұңы болды.
5-билет
1. ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр басындағы əдеби жанрлар:
проза, поэзия, драматургия
өзгеріс тұсында қазақтың ұлттық əдебиеті де түлей
түскендей еді. Солай десек те, ендігі жерде ұлттық
əдебиеттің бодандығы айқын сезіліп, цензура,
қадағалаудың құрсауы қапы бүре түсті. Жаңа ашылып,
бой түзей бастаған қазақ баспасөзі мен баспа орындары,
кітаптары ашық қыспаққа
ұрынды. Соған қарамастан, ұлттық əдебиеттің идеялық-
көркемдік бағыттары, ақындық мектептер мен ағымдар
бұрынғыдан да айқындалып жаңа тақырыптарға барды.
Жер, ел теңдігі, тəуелсіздік, оқу-ағарту, қалың халықты
ояту – бұл аралықтағы əдебиеттің өзекті тақырыбына,
өзекжарды сөзіне айналды. XIX ғасырдағы күрделі


рухани толысу үрдісі əдебиет пен өнердегі ағартушылық,
демократтық бағыта алып келіп, одан əрі өрісін кеңейтуге
бастаса, XX ғасырдың басында туындап отырған саяси-
төңкерісшіл дүмпулер мүлде жаңа мəселелер мен ой-
толғамдарды алға тартты. Қазақ қоғамында əдебиеттің,
əлеуетті əлеуметтік көркем сөздің, ақын-жазушылардың
қызметі елді ұйытып, бұрын-соңды болмаған
бастаушылық мəнге ие болды. Бірінші орыс төңкерісінің
халық ішіне жеткен дүмпулерінен кейінгі тұста қазақ
даласында көптеген газеттер, журналдар мен кітаптар əр
түрлі таралыммен түрлі деңгейде жарық көріп таралды
[11]. 1907-1917 жылдар
аралығында Қазақ газеті, Серке, Қазақстан, Ешім даласы,
Қазақ. Айқап, Алаш, Бірлік туы, Сарыарқа, Үш жүз, т.б.
басылымдар жарыққа шықты.
Проза (лат. прōса) — əдеби жанр, қара сөзбен жазылған
көркем шығарма (əңгіме, повесть, роман).[1]
Проза əдебиеттің эпикалық тегімен байланысты,
лирикалық проза немесе прозалық өлеңдер кездеседі.
Проза ХВЫЫ ғасырдың ортасына дейін сөз өнерінде
поэзиямен аралас өмір сүрді. Тарихи шежірелер,
жылнама, трактаттар, естелік, сапарнама, діни уағыздар,
т.б. өлең жанрына тəн шығармалар болып есептеледі.
Шын мəніндегі проза Қайта өрлеу дəуірінде қалыптасып,
поэзиядан бөлініп шықты. Осы кезден бастап əдебиеттің
дамуында проза жетекші орынға ие болды. Рабғузи,
Бабыр, М.Сервантес, Д.Дефоның шығармаларынан бастау
алатын проза сөз өнерінің дербес, айрықша түрі ретінде
қалыптасты. Сөз өнері тарихында проза поэзиямен тығыз
байланысты дамыды. Прозада өмір құбылыстары, адам
характерлері кең ауқымды қамтылып, жан-жақты
суреттеледі.Бүгінде дүние жүзі оқырмандарының қолына
тиіп отырған күрделі, көркем туындылары бар, биік даму
дəрежесіне, кемел шағына жеткен, танымдық, тəрбиелік,
эстетикалық əсері күшті қазақ совет прозасының
эволюциялық өсу жолында жиырмасыншы жылдарда
туған əр түрлі идеялық-көркемдік ізденістердің жемісі
саналатын алғашқы үлгілердің маңызы зор. С.
Сейфулиннің «Жер қазғандар», «Айша» повестері, «Тар
жол, тайғақ кешу» романы; Б. Майлиннің «Раушан –
коммунист» повесі, «Қадыр түнгі керемет», «Шариғат
бұйрығы», «Жол үстінде» жəне т.б. əңгімелері; М.
Əуезовтің «Қорғансыздың күні», «Жетім», «Қаралы
сұлу», т.б. шығармалары жиырмасыншы жылдардағы
қазақ прозасының даму қарқынын, саяси-əлеуметтік
нысанасын, идеялық-көркемдік деңгейін танытатын


қатардағы шығармалар ғана емес, əдебиетіміздің алтын
қорына қосылатын ұлттық классика үлгілері.
Поэзия(гр. поіесіс, поіео — жасаймын, тудырамын) —
өлең үлгісіндегі əдеби туындылар. Поэзия сөздің
ырғақтық құрылысына, ұйқасына негізделеді. Поэзия
ұғымы өлеңмен жазылған шығармаларды көркем
прозадан ажырату үшін қолданылады. Поэзия мен
прозаның айырмасы тек сыртқы белгісіне қарап
анықталмайды. Поэзиялық шығармаға сезім күйі,
əсерлілік тəн, ал прозалық туындыларда баяндау,
бейнелеу жағы басым келеді. Поэзияның көркемдік
сипаты мен бейнелеу құралдарын, тілдің ырғақтық,
интонация байлығын қолдануында елеулі өзгешеліктер
бар. Поэзиялық шығармаларға тəн айрықша қасиет —
өмір құбылыстарын терең эмоциялық сезімталдықпен
қабылдап, соған сəйкес əсерлі, тартымды көркем
бейнелеу. Алайда поэзияда адамның ой-сезімі əдейі
сырттай көркемделмейді, əдебиет пен өнердің басқа
салаларындағы көркемдік, бейнелілік ойлау жүйесіне,
сезім дүниесіне тəн. Ой-сезімнің бейнелілігі шығарманың
көркем пішініндегі əр алуан өзгешеліктердің тууына негіз
болады. Поэзия ұғымы тарихи тұрғыдан ерте
қалыптасқан. Қай халықтың əдебиетін алсақ та, поэзиясы
ерте заманнан дамып өркендеген. Сөз өнеріндегі ертегі-
аңыздар қара сөз түрінде келгенімен, поэзиямен жалғас
туындады, ал көркем проза кейін қалыптасты. Сөз өнерін
поэзия мен прозаға бөліп қарауданыың мəні зор. Орыс
əдебиеттанушысы В.Г. Белинский: “Поэзия — тұтас өнер,
онда үн де, сурет те, айқын айтылған пайымды түсінік те
бар. Ол бар өнердің ерекшелігін бойына жиып, бүкілінің
ұйытқысы болады” дей келе поэзияны тегі мен түріне
қарай лирикалық, эпикалық, драмалық жанрларға жіктеді.
А.Байтұрсынов “Əдебиет танытқышында” атап көрсеткен
дарынды сөз үлгісіндегі толғау түрі поэзия ұғымына
сəйкес келеді. Зерттеуші еңбегінде толғаудың мазмұнына
қойылатын ішкі жəне сыртқы шарттарды белгілейді:
а) шын көңілден шыққан сырлы;
ə) былғаныш пікірден таза;
б) терең күйден хабар беретін, терең із қалдыратын болуы
керек.
Сыртқы шарттары:
а) көңіл күйінің бейне бір билеуі тəрізді, күй мен би
үйлесімдігі;
ə) қысқа;
б) əуезді болуы тиіселосы Байтұрсынов “Қазақтың бас


ақыны” атты мақаласында классик.
Поэзия үлгісін Абай шығармаларынан көретіндігін
айтады. Қазақ əдебиеті 19 ғ-ға дейін негізінен поэзия
үлгісінде дамып өркендеді. Халық поэзиясы түрлі
жанрларды қамтыды: өлең, эпостық жырлар, дастандар,
т.б. Поэзия тарихи-əдеби процестің дамуына орай
өркендеп, жаңа сипат-қасиеттермен толығып отырды.
Қазақ поэзиясында Абайдан кейінгі дəуірде
Ш.Құдайбердіұлы, С.Торайғыров, Байтұрсынов,
М.Дулатов, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, т.б.
қаламгерлер сөз өнерін жаңа мазмұн мен образдық жүйе,
көркемдік бояу-нақыштармен байыта түсті. Қазақ
поэзиясында лириканың көптеген жаңа үлгілері
қалыптасты, публицистикалық поэма секілді жанрлық
түрлер кеңінен орын алды.
Драматургия (гр. δρᾱµᾰτουργῐ́ᾱ) — қандай да бір
халықтың немесе жазушының белгілі бір дəуір мен
кезеңдегі драмалық шығармаларының жиынтығы.
Драматургия шығармалардың алғашқы үлгілері Ежелгі
Грекияда діни дəстүрлерден (Дионис құдайға табынудан)
басталған. Олардың сюжетінің негізін құдайлар мен
мифтік кейіпкерлер құрады. Ежелгі гректер
драматургиясы құдайлардың əділеттілігі мен əлемдік
тəртіп туралы ой толғады (Эсхил), адамның құқығы мен
оны қайғы-қасіретке душар ететін жағдайларға қарсы
наразылықты бейнелеп көрсетті (Софокл, Еврипид),
адамдардың кемшіліктері мен кемістіктеріне, олардың
бір-бірімен қарым-қатынастарына күліп, діни
табынушылықтарына күмəнмен қарады (Аристофан, б.з.б.
445 — 385). Осылайша драматургияның комедия жəне
трагедия жанрлары туды.
Қазақстанның драмматургиясы
Ұлттық драматургияда төңкеріс тақырыбын алғаш
көтерген Сəкен Сейфуллин болды. Оның “Бақыт
жолында”, “Қызыл сұңқарлар” пьесаларында драмаға
лайықты сипат сақталған. Бұл аталған пьесалардың
үгіттік бағытынан, көркемдік жəне тарихи шындықтың
тұтастығынан, оқиғаның құжаттық дəлділігінен, этнограф
бедерінің сақталуынан көрінеді. Осы тақырыптың
жалғасы ретіндегі Шаниннің “Шахта” пьесасы бірнеше
рет жөнделіп, өңделген нұсқасында қазақ
жұмысшыларының өмірін, саяси күреске араласуын
суреттейді. 20 ғасырдың 20-жылдарындағы отандық
драматургияда əйел бостандығы мен теңдігі басты
тақырыпқа айналды. Солардың бірі 1926 жылы
Кемеңгеровтың “Алтын сақина” мен “Ескі оқу”


пьесалары Қазақ драма театрының сахнасында қойылды.
Театрдың алғашқы жылдарындағы репертуарынан
Б.Майлиннің шағын комедиялары, Ж.Тілепбергеновтің “
Сүйіскендер”, “Перизат — Рамазан”, Р.Малабаевтың “Үй
тұтқындары”, “Ғұрып күні”, С.Аблановтың “
Күндеспейтін қатын”, А.Тоқмағанбетовтың “Екі заң”, т.б.
пьесалары орын алды. Бұлардың ішінде театр
репертуарында ұзақ сақталғаны — “Перизат — Рамазан”
жəне А.Оспанов пен Е.Өтеулиннің “Зарлығы”.
20 ғасырдың 20 — 30-жылдарындағы драматургияда
трагедия жанрының дамуы айқын көрініс берді. Олардың
көбісі тарихи-эпостық жырлардың негізінде жазылған.
Кезінде театр репертуарынан берік орын алған Шаниннің
“Арқалық батыры” 1924 жылы жеке кітап болып басылып
шықты. Екі бөлімнен тұратын пьеса премьерасы сахнада
қатарынан екі күн жүрген. “Арқалық батыр” трагедиясы
— отандық драматургиядағы фольклорлық материалды
игерудің тұңғыш қадамы. Шаниннің бірнеше шағын
комедиялық шығармалары да сахнаға шықты. Олар — “
Торсықбай” мен “Айдарбек”, бұлардың сюжеттерінің
желісі — ауыз əдебиетінің негізіне құрылған, қазақтың
əйгілі əзілкештерінің төңірегінен өрбитін аңыз-əңгімелер
мен олардың күлдіргі əрекеттері. Комедия жанрына
ерекше көңіл аударып, негізін қалаушылардың бірі —
Майлиннің көптеген шағын күлкілі шығармалары театр
мен үйірмелердің репертуарынан берік орын алды. Атап
айтқанда “Шаншар молда”, “Ел мектебі”, “Неке қияр”, “
Айша”, “Сəлде”, “Көзілдірік”, т.б. Бұларда комедияның
шағын үлгілері — скетч, водевильге тəн түрлері кездеседі.
Əуезовтің үлесі
Ұлттық драматургияның пайда болып, қалыптасуы мен
дамуына ерекше еңбек сіңірген ұлы қаламгер Əуезов 20
ғасырдың 20-жылдары “Еңлік — Кебек”, “Ел ағасы”, “
Бəйбіше — тоқал”, “Қарагөз” пьесаларын жазып, сахнаға
шығарды. Бұлардың барлығында да өткен замандағы
қоғамның əлеуметтік қайшылықтарын суреттеп, сан қилы
кейіпкерлердің қайталанбас бейнелерін жасады. Күні
бүгінге дейін сахнадан түспей келе жатқан “Еңлік —
Кебек” халық жырының негізінде жазылып, бірнеше
өңдеу мен жөндеулерден кейін ұлттық драматургияның
қайталанбас көркем, классикалық дүниесіне айналды.
Трагедияның түпнұсқасы 1923 жылы жеке кітап болып
басылып шықты. 20-жылдардағы драматургияның
көркемдік шоқтығы биігі “Қарагөз” — махаббат пен жеке


бастың бостандығы жолындағы күресті суреттейтін
шығарма. Трагедия ауыз əдебиетінен ұтымды пайдаланған
“жар-жар”, “беташар”, айтыс жəне басқа өлең-жырлар
ерекше көрік, поэтикалық мазмұн береді. Фольклорлық
материалды пайдаланып жазылған осы пьесалар отандық
драматургия жанрының дамуына ерекше ықпал етті.
Драматургияның тақырыптық аясы кеңейіп, сюжет пен
тартыс ұйымдастырудың, кейіпкер бейнелерін сомдаудың,
диалог пен монолог құрудың тың үлгілері жасалған,
көркем-идеялық мазмұны терең пьесалар театр
репертуарын байыта түсті. Қазақстан топырағында өтіп
жатқан күрделі де сан қилы саяси-əлеуметтік
құбылыстарды бейнелеп, өткір тартысқа, жаңа тіршілік
жолындағы айқасқа құрылған Майлиннің “Майдан”,
Ғ.Мүсіреповпен бірігіп жазған “Амангелді”,
І.Жансүгіровтің “Кек”, “Түрксіб”, “Біздің жігіттер”,
Əуезовтің “Түнгі сарын”, т.б. пьесалар жазылып, сахнада
қойылды. Бұлардың кейбіреулері партиялық идеологияға
ыңғайлап жазылғанымен, тарихи шындық арқауы
үзілмей, шынайы бейнелеу тапқан.
2.Майлықожа Сұлтанқожаұлы шығармашылық өмірбаяны
ХІХ ғасыр əдебиетінде есімі ерекше аталатын «терең
ойлы шындықты ту еткен» шайырлардың бірі –
Майлықожа Сұлтанқожаұлы. Тəкен Əлімқұловтың:
«Абайға дейінгі ақындардың күллі қазаққа танымал алты
тарланы – Асан қайғы Сəбитұлы, Бұқар жырау
Қалқаманұлы, Тілеуке Құлекеұлы (Шал ақын), Дулат
Бабатайұлы, Шернияз Жарылғасұлы, Майлықожа
Сұлтанқожаұлы»,- деп көрсетуі сөзіміздің дəлелі болмақ.
ХІХ ғасыр əдебиеті жанрлық жəне көркемдік жағынан
қайта түлеп, тақырып аясын барынша кеңейтті. Дегенмен
Майлықожа ақынның жыраулар поэзиясының дəстүрін
мықтап ұстанғанын бəріміз білеміз. Осыған орай «Бес
ғасыр жырлайды» жинағында: «Майлықожа ақынның түр
жағынан енгізген тың жаңалықтары жоқ. Солай бола
тұрса да, ол Шығыс əдебиетінің үлгілерімен жақсы таныс
болғандықтан, өз шығармаларының өрісін кеңейтуге,
оларға жаңа өрнек, бояу беруге мүмкіншілігі мол екенін
аңғарамыз»,- делінген [1,25]. Бұл пікір ақын
шығармаларының өзіндік ерекшелігін тағы бір
аңғартқандай.
Біз, Майлықожа ақын шығармаларын тақырыбы жағынан
былайша топтастыруды жөн көрдік: адамның бойындағы


адамгершілік, ізгілік сынды жақсы, жаман қасиеттерді
жырлау; дүниенің өткіншілігі, адамдардың бір-біріне
қонақ екендігі туралы; адалдықты уағыздау, озбырлықты
əшкерелеу; еңбек туралы т.б. Енді осы мəселеге кеңінен
тоқталсақ.
Мысалы, «Дүниеге мейман, көңілім» атты толғауында
ақын:
Өлшеніп берген өмір бар,
Уақытыңмен жүрерсің.
...Сағынар сауық-күлкіні-ай,
Қызықтырған түлкідей,
Дүние өтер бір күні-ай,- деп [1,36], фəни
жалғанның өткінші екендігін айта келіп, қамшының
сабындай қысқа ғұмырда ойна да күл деп жырлайды.
Майлықожаның «Ажал бір келмес болсайшы», «Не
жүйрік өтті дүниеден», «Дүние», «Уа, замана» сынды
шығармалары - осы сарындас толғаулар. Ал,
«Тұрлыбекке», «Ескі мырза, манаптар бегі, салы»,
«Алдаберген байға» т.б. арнау өлеңдерінде ақын
адалдықты уағыздап, озбырлықты əшкерелейді. Мəселен:
Əкімі жүр ұрыны тыямын деп,
Тіл алмаса, желкесін қиямын деп.
Би мен болыс басының пайдасында,
Парасын ап дүниені жиямын деп.
Бейбақтардың басына бақ қылып жүр,
Арам жеңіп, адалды жақ қылып жүр.
Ақша беріп, билерді антқа салсаң,
Мөрін басып, қара істі ақ қылып жүр,- дейді [1,34]
«Ескі мырза, манаптар бегі,салы» арнау өлеңінде.
Майлықожа ақын шығармаларында ең көп жырланған
тақырыптардың бірі - адамгершілік мəселесі.


3.Ыбырай Алтынсариннің «Өнер, білім бар жұрттар»
өлеңіне əдеби талдау
Ыбырай Алтынсаринның «Өнер – білім бар жұрттар»
атты өлеңінде оқу, білім алудың мақсатын кеңінен сөз
етеді. Негізгі идеясы – қазақ қауымына озық мəдениетті
елдерді үлгі етіп көрсету.
Ыбырай жастарды оқыған адам болғандағы мақсаты – өз
халқының бір керегіне жарау, оны «Тастан сарай
салдырып, айшылық алыс жерлерден , көзіңді ашып-
жұмғанша, жылдам хабар алғызатын елдердің қатарына
жеткізу деп білді.» Келешекке сенімі мол Ыбырай өмір
көркі, болашақтың иесі-жастар деп сенді.
Ы. Алтынсариннің «Өнер – білім бар жұрттар» өлеңінде
адам өмірінде оқудың, білімнің маңыздылығы туралы
айтылған. Сонымен қатар өнер – білімнің арқасында
қандай жетістіктерге қол жеткізуге болатыны туралы сөз
қозғалған.
Өнер - білім бар жұрттар
Өнер - білім бар жұрттар
Тастан салай салғызды;
Айшылық алыс жерлерден,
Көзіңді ашып - жұмғанша,
Жылдам хабар алғызды.
Аты жоқ құр арбаны
Мың шақырым жерлерге,
Күн жарымда барғызды.
Адамды құстай ұшырды;
Мал істейтін жұмысты
От пен суға түсірді;
Отынсыз тамақ пісірді,
Сусыздан сусын ішірді.
Теңізде жүзді балықтай,
Дүниені кезді жалықпай,
Білгендерге осылар
Бəрі - дағы анықтай,
Білмегенде танықтай;
Біз де бекер жатпалық,
​Осыларға таныспай;
Ат өнері білінбес
Бəйгеге түсіп жарыспай;
Желкілдеп шыққан көк шөптей
Жаңа өспірім достарым,
Қатарың кетті - ау алысқа - ай,


Ұмтылыңыз, қалыспай.
Біз надан боп өсірдік
Иектегі сақалды.
Өнер – жігіт көркі деп
Ескермедік мақалды...
Біз болмасақ сіз барсыз,
Үміт еткен достарым,
Сіздерге бердім батамды.
16
21-билет
1.1916 жылғы Ұлт азаттық көтеріліске байланысты туған
өлең-жырлар: тақырыптық, мазмұндық арнасы, өкілдері.
Он Алтыншы Жылғы Көтеріліс Туралы Жырлар –
дəстүрлі халық поэзиясының жаңа мазмұны бір саласы.
1916 ж. Қазақстан жəне Орта Азия халықтары жəне т.б.
езілген еңбекші бұқара өздерінің азаматтық, теңдік
құқықтарын қорғап, шексіз қанауға, əлеуметтік өзгіге
қарсы ұлт-азаттық көтеріліске шықты. Осыған
байланысты туған поэзия үлгілері сол кездегі халық
өмірінің ерлік шежіресі тəрізді. Онда көтеріліс тұсындағы
ел басына төнген ауыр азап пен жұрттың ізгі тілек ой-
арманы, оның жарқын болашаққа деген зор сенімі, тап
жауларына қарсы күресте ту ұстап, қол бастаған халық
ұлдарының ерлік, табандылығы шебер сипатталды. 1916
жылғы көтеріліске байланысты туған жырлардың
айрықша бір түрі – үндеу, үгіт өлеңдері. Бұзаубақ


ақынның «Құты қашты патшаның», О.Шипиннің
«Аманкелдінің айбаты», К.Əзірбаевтың «Аттан»,
Батталдың «Туар ма екен бізге күн?», «Құбашаның
Əбдірахманға хаты», «Əбдірахманның жауабы»,
Б.Қожаевтың «Күнді бұлт құрсайды», тəрізді өлең-
жырлары үстем тап өкілдерінің жауыздық, екі жүзділік
əрекеттерін батыл əшкерелеп, ел-жұртты бірлікке, езуші
таптан кек алуға шақырды.
Бөлтіріктің «Ел жарыла көшкенде» атты толғауы мен
Қарсақ ақынның жырларында Маусым жарлығынан кейін
ата қоныстан ауып босқын болған елдің ауыр халі, шеккен
қорлық, азаптары сипатталса, Баттал, Құсайын, Есқайыр
толғаулары мен Сартайдың «Тар заман», Төлеудің
«Сарыарқаның сарыны» секілді жырларында жауыхдық
пен əділетсіздік билеген кешегі заман жайы, ішкі-тысқы
өзгіден күйзелген ел жағдайы сөз болады. Бұл сипат ел
аузындағы «Қоштасу», «Жұбату», «Естірту»,
«Дəметкеннің зары», «Асқардың үй-ішімен қоштасуы»
атты лирикалық өлеңдерінен де айқын аңғарылады.
Майданнан елге, елден майдан шебіне жазылған
сəлемдесу хаттарында («Ақбастың Нұржанға хаты»,
С.Бегімовтің «Туған елге хаты» жəне т.б.) жігіттердің
туған, өскен елге деген ыстық сезімі, еңбекші бұқараны
ашық күреске шақыратын жігерлі үн мен болашаққа деген
зор сенімі бар. Майдан өмірін бейнелейтін Б.Берденовтің
«Прием», Есқайырдың «Зарлы заман кезінде», Батталдың
«Туар ма екен бізге күн?», Ж.Жаңабаевтың «Ұзақ жолға
аттандық», Ə.Аманжолов пен Қарамолдаевтың «Еріксіз
кетіп елімнен» атты жыр, дастандарында елден аттанған
жігіттердің майдан шебіне дейінгі ұзақ сапары мен əр
алуан жол азаптары, олардың қайғы-мұңға толы көңіл
күйі мен ой-арманы, алдыңғы шептегі сұрапыл соғыстың
нақты көріністері жан-жақты суреттелген. Халық өмірін
арнаулы тақырып етіп сипаттайтын туындылармен қатар
Қ.Бозаевтың «Қарақойын көтерілісі», «Губернатор
келгенде» жыр, дастандарында сол қиын сəтте ел бақыты
үшін асылып, езілген бұқараны азаттық күреске бастаған
Аманкелді, Əліби, Бекболат, Ұзақ, Тайлақ, Иса, Күркебай,
Əли, Қырғызбай секілді батыр-қолбасшылардың ерлігі
мен жарқын бейнесі жырланды.
2. Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармашылық өмірбаяны
1908 жылы Баянауылда Əбдірахман деген молда медресе
ашып, Сұлтанмахмұг соған оқуға барады. Онда екі
жылдай оқыған болашақ ақын оқуын бітірмей кетіп
қалуға мəжбүр болады. Өз үйінде жатып оқыған баланы
молда малай орнына жұмсайды, оның үстіне қатал ұстап,


əр түрлі сылтаулармен ұрып-соғатын болады. Молданың
надандығын, қаталдығын айтып, Сұлтанмахмұт сықақ
өлендер шығарады. Молда баланы одан əрі жазалап, өлең
жазуына тыйым салады. Жасынан əр түрлі молда алдын
көріп, олардан жарытымды білім ала алмаған
Сұлтанмахмұттың дін мен молда жайлы көзқарасы осы
кезден қалыптаса бастағанға ұқсайды. Ол молдалардың
надандығын, ескі діни мектептің балаға ешнəрсе үйрете
алмайтын схоластикасы мен қатал тəртібін алғашқы
өлеңдерінің өзінде-ақ («Орнымыз медресе оқып жатқан»,
«Дін», «Соқыр сопы», т.б.) қатты сынға алады.
1911 жылы Сұлтанмахмұт бір қыс бойы Нұрғали деген
мұғалімнен сабақ алады. Ол жаңаша окыған адам екен,
оқушыларын пəн негіздерімен таныстырып, олардың
білімге деген ынтасын ұштайды. Нұрғалидың көмегімен
Сұлтанмахмұт қазақ, татар тілдерінде шығатын көркем
əдебиет кітаптары мен газет, журналдарды оқуға
дағдыланады. Болашақ ақын одан əрі оқуды армандайды.
Осы мақсатпен Сұлтанмахмұт 1912 жылы Троицк
қаласына барады. Онда Ахун Рахманқұли деген татардың
медресесіне түседі. Бірақ Сұлтанмахмұт мұнда да ұзақ
оқи алмайды. Тұрарға үй таппай, əрі қаражаты болмай
көп қиыншылық көрген ол өкпе ауруына шалдығады.
Медреседе қыс бойы ғана оқып, жазғытұрым Троицк
маңындағы бір ауылға бала оқытуға кетеді. Ондағы ойы -
бала оқыта жүріп, денсаулығын көтеріп, қаражат жинап
алып, қайта оқу іздеу болады. Мектептен бос кезінде ол
өзі ізденіп оқиды, өлеңдер жазады.
Күзге қарай Троицкіге қайта оралған Сұлтанмахмұт тағы
да оқудың ретін келтіре алмай, сонда шығатын «Айқап»
журналына жауапты хатшы болып қызметке кіреді. Қыс
бойы журнал редакциясында белсенді жұмыс жасаған ол
1914 жылдың көктемінде жұмыстан шығады. «Айқап»
хатшысы Сұлтанмахмұт Торайғыров хатшылықтан
шықты. Мұнан былай оның «Айқаппен» ешбір қатынасы
болмайды» - делінген хабар журналда жарияланады.
«Айқапта» жемісті қызмет істеп, бірқатар шығармаларын
бастырған, ақындыққа бет бұруына жол ашылған
шағында, Сұлтанмахмұттың журналдан қызметтен кетуі -
оның еркінен тыс болған оқиға. Оны өзі де «Мен өз
пікірімді дүниеге шығаруда кісі бетіне қарамадым.
Махмұт кайбір адамның көңіліне қарайтын адам?
Сондықтан келісе алмадым... «Айқапта» тұрған
минуттарда бүкіл ғаламға өзім ие болғандай көтерілдім.
Ойлап қарағанда, ақымақтық болмаса, көтерілетін не бар
еді?» - деп мойындап жазған.


Кейбір мəліметтерге қарағанда, сол кездегі «Айқап» пен
«Қазақ» газетінің арасындағы пікір таластары
Сұлтанмахмұттың тағдырына əсер еткен сияқты.
Содан ол туған еліне - Баянауылға кетуге мəжбүр болады.
Бұл кезде жаңа құрылған кеңес өкіметінін ықпалы ел
ішінде тарай бастаған еді. Ол Керекудегі революциялық
комитет жұмысына қатысып, елдің кедей шаруаларына
ара түседі, дау-жанжалдарды əділ шешуге араласады.
Елде ол қоғам дамуының жолы, таптар тартысы мен
күресі жайында көп ойланады. Саяси-философиялық
əдебиетке көбірек көңіл бөліп, К.Маркстің,
Г.В.Плехановтың, Н.Г.Чернышевскийдің, В.И.Лениннің
шығармаларын оқиды. «Адасқан өмір», «Кедей»,
«Айтыс» сияқты поэмалар мен «Осы да əділдік пе?», «Өң
бе, түс пе?», «Дауылдағы əбігер», «Ғайса кім?» деген
өлеңдер жазады. 1920 жылы 21 мамыр күні ұзаққа
созылған аурудан Сұлтанмахмұт қайтыс болады.
3. Ахмет Байтұрсынұлының «Қазақ қалпы» өлеңін əдеби
талдау
Негізгі идеялық қазығы — жұртшылықты оқуға, өнер-
білімге, рухани көтерілуге шақыру, адамгершілікті,
мəдениетті уағыздау, еңбек етуге үндеу. Ақын өлеңдері
жалпы, сол кездегі ағартушылық бағытпен үндес. Ақын өз
өлеңдерінде көбіне Шоқан, Абай, Ыбырай
қалыптастырып дамытқан өрісті ойды, қалып алған
дəстүрлерді, гуманистік əуендерді, демократтық
бағыттарды жаңа жағдайда өзінше жалғастырушы ретінде
көрінеді. Оның өлеңдерінің тақырып қойылысынан,
өрнектелуінен, ой жүйелеу мəнерлерінен Абай, Ыбырай
үлгілеріне жақындық, үйлесімдік, үндестік байқалады.
Солар сияқты А. Байтұрсынов та айнала қоршаған ортаға
ойлана, сын көзімен қарайды, қоғам қалпына көңілі
толмайды. Досыма хат», «Жиған-терген», «Тілек батам»,
«Жауға түскен жан сөзі», «Бақ» сияқты өлеңдердің
мазмұны осыны танытады.
«Қазақ қалпы», «Досыма хат» өлеңдерінде қазақ елінің
қалпы «Қалтылдақ қайық мініп еспесі жоқ, теңізде жүрміз
қалқып көшпесі жоқ», «Шығармай бір жеңнен қол, бір
жерден сөз, алалық алты бақан дертпен кірдік»,—
«Ақшаға абыройын, арын сатып, азған жұрт, адамшылық
қалмай сыны», «Жаны мал, жақыны мал, малдың құлы»
деген сипаттармен нақтылана түседі.
Қорыта айтқанда, Ахмет Байтұрсыновтың өлеңдер
топтамасы — көп ғасырғы қазақ поэзиясының
дəстүрлерін, демократтық-ағартушылык əдебиет үлгілерін
жаңа тарихи жағдайда дамытып, жалғастырған идеялық-


көркемдік деңгейі жоғары туындылар. Оларды қайта
бастыру туған əдебиетіміздің жалпы адамзаттық,
гуманистік, демократтық, тəрбиелік сипаттарын айқындап
аша түсетін мұра болмақ.
22-билет
1.Сал-серілер поэзиясы: ерекшелігі, өкілдері
Сал-серілер өздерін қоғамда ұстауы шектен тыс еркін,
ішкі дүниесі бөлек тұлғалар болған. Олар басқалармен
сөйлескен кезде бастарын шалқайта ұстап, қарсы
алдындағы адам кім болса да, оған жоғарыдан төменге
қарағандай кейіп танытатын. сал-серілердің киім
киістерінің өзі жұртты тамсандырмай қоймайтын.
Олардың киімдерінің тігілуі қандай өзгеше болса, түсі де
соншалықты ашық, түрлі-түсті болуымен менмұндалап
көздің жауын алатын. Бас киімдері шоқтығы биіктігімен,
ал сырт киімінің етегі мен шалбарларының балақтары
шектен тыс кеңдігімен таң қалдыратын. Айтуынша, сал-
серілердің шаш үлгілері де бөлекше еді. Олар шашын
толығымен алып тастамайтын, əдетте тұлым мен кекіл
қоятын. Сазды аспаптарын да ерекше көріп, түрлі
құстардың қауырсындарымен əрлендіріп, түрлі-түсті етіп
бояу олардың ежелгі салты. Олардың тағы бір ерекшелігі
– киімдері мен мінген аттарының түстері де бірдей
болған. Бұл қағиданы қатаң ұстанған Ақан сері
Қорамсаұлы тарихтан белгілі.
Ақан Серінің өмірі мен шығармашылығы XIX ғасырдағы
музыкалық – поэтикалық өнердің дарынды өкілдерінің
ішінде ерекше орын алады. Оның есімі халық есінде тек
қана дарынды ақын жəне композитор ғана темес, сонымен
бірге сирек кездесетін əнші ретінде де сақталған.
Ақанның шын жүректен айтылған нəзік əндері
тыңдаушылардың асыл ойлары мен сезімін, əр адамның
жан дүниесін меңгеріп, эмоционалдық болмысын
күшейте қабылдаған əннің ұзақ уақыт есте сақталуына
еріксіз мəжбүр етеді..
Біржан сал, Біржан Қожағұлұлы – əнші, композитор,
ақын. Ол 1834 ж. Ақмола облысының Еңбекшілдер
ауданында дүниеге келіп, 1897 ж. Алпыс үш жасында
туған жерінде қайтыс болған. Бозбала кезінен
əншіақындардың қасына еріп той-думанның сəніне
айналады. Шөже, Салғара, Толыбай, Орынбай, Нүркей,
Сегізсері, Арыстан тəрізді өнер иелері – Біржан салдың
ұстаздары. 1865 ж. Абаймен кездесуі Біржан салдың
композиторлық, əншілік, ақындық өнерінің дами түсуіне
үлкен əсер етеді. Біржан сал қазақтың дəстүрлі əншілік
өнерін, халық музыкасын жаңа белеске көтеріп, өз əн-


өлеңдерімен толықтырған ірі тұлға. Жаяу Мұса,
Басықараның Қанапиясы, Құлтума, Ақан сері, Балуан
Шолақ, Ғазиз, Естай, Үкілі Ыбырай, Жарылғапберді, т.б.
арқаның атақты ақын-əншілері – Біржан салдың
мектебінен өнеге алып, оның композиторлық өнерін
жалғастырып, ілгерілеуіне мол үлес қосқан өнерпаздар.
Осындай өнер майталмандары арқылы біздің заманға
Біржан салдың алпысқа жуық əндері жеткен. Оның əндері
нəзік сезімді, сұлулықты жырлаған сыршылдығымен қоса
(«Ғашығым», «Қаламқас», «Лəйлім шырақ», «Айтбай»,
«Ақтентек», т.б.), əлеуметтік мəн-мазмұнымен де
(«Жанбота», «Адасқақ», «Көлбай – Жанбай», «Шідер»,
т.б.) құнды. Сара ақынмен айтысы оны дарынды,
суырыпсалма ақын ретінде дүйім елге танытты. Біржан
салдың ақындық өнерінің өріс ашып, өрби түсуіне Сара,
Əсет, Доскей, т.б. қатарлы тұтас бір сала буын игі əсерін
тигізген.
2. Ғұмар Қарашұлы шығармашылық өмірбаяны
Бəрін айт та, бірін айт
Өнер менен білім жоқ,
Білімсіз қазақ, күнің жоқ. деп тебірене жырлаған көрнекті
ойшыл ақын Ғұмар Қараш. Ғұмар Қараш – ағартушы. Ол
қазақ халқын өркениетті елдердің санатына көтеру үшін
өзінің көзқарастары мен ой-пікірлерін халықты жаппай
ағартушылыққа, білім, өнер мен ғылымды меңгеруге
шақыруда аянып қалмады. Оның шығармаларының
барлығы сол заманның көкейтесті, зəру мəселелерін ашып
көрсетуге талпынған, олардан шығу жолдарын
іздестірген. Ақын бірнеше дүниелік пəндерді атай келіп:
Бұл пəндерді оқудағы мақсат – оларда баян етілген
қағидалардың мағынасын біліп, қолданып, адам баласына
түрлі жақтардан пайда келтіру болады – дейді, —
Бұларды арабша оқып біл, фарсыша оқып біл, түрікше
оқып біл, ия болмаса французша оқып біл – бəрібір тек
мағынасын жақсы біл де, халыққа пайда келтір — дейді.
Демек, Ғұмар Қараш білім, ғылымды қай тілде болмасын
меңгеріп, сол білімді халықтың пайдасы үшін қолданудың
қаншалықты маңызды екенін түсіндіргісі келген.
Ойшылдың ерекше көңіл бөліп, толғаған мəселесі – ұлт
жəне ана тілі. Ол патша өкіметінің қол астындағы
ұлттардың мəдениетін, тілін, дінін, əдет-ғұрпын жойуға
бағытталған саяси əрекеттерін ашына айтады.
Қайраткер 1907 жылдан бастап татар жəне қазақ тіліндегі
мерзімді басылымдарға мақала жариялай бастайды.
Оралда басылған «Қазақстан» газетін шығарысу кезеңінде


қазақтың саяси көзін ашатын, рухани байытатын «Ойға
келген пікірлерім», «Бала тұлпар» (Уфа, 1911), «Аға
тұлпар» (Орынбор, 1914), «Қарлығаш» (Қазан, 1911),
«Тумыш» (Уфа, 1911), «Тұрымтай» (Уфа, 1918) аталатын
бес поэзиялық, «Ойға келген пікірлерім» (Орынбор,
1910), «Өрнек» (Уфа, 1911), «Бəдел қажы» (Қазан, 1913)
дейтін үш зерттеу кітабы жарық көрген.
Ол Ғабдолла Мүштақ (Алланың зерделі құлы) атты
бүркеншікпен «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетіне
мақалалар жазып тұрды. Сол жылдары Орынбор
қаласында Шəңгерей Бөкеевтің қамқорлығымен ел
аузынан жинаған əдеби мұраларды құрастырып,
«Шайыр...» жəне «Көксілдер» атты екі жинақ шығарды.
Татардың "Шора" журналында 1911 жылы "Ар-ождан -
сенім өлшемі" атты мақаласы жарияланған.
1919 жылы «Мұғалім» атты журналда «Педагогика» атты
еңбегін жариялайды.
Ғұмар қаласы 1917 ж. Ақпан ревкомынан кейін
ұйымдасқан «Алаш» партиясына, Алашорда үкіметіне
үлкен үмітпен қарап, «Алаштың азаматтарына» атты
арман мен үмітке толы өлеңдерін жариялайды.
Ол қоғамды қан төгіспен, күшпен, зорлық-зомбылықпен
өзгертуді қаламаған («Неден қорқам?», «Күн туды»). Бірақ
амалсыздан кеңестік кезеңге икемделуге тура келгенін
сезініп, рухани толғанысқа түседі.
Ғұмap Қараш өлең-толғауларында, көсем сөздері мен
мақалаларында заман, өмір, дін-шариғат, табиғат,
махаббат, т.б. мəселелер туралы толғанады, патша
үкіметінің отарлаушылық саясатын, жергілікті əкімдердің
екіжүзділігін сынап, халыққа адал қызмет етуге үндейді.
Өз тілі мен мəдениетін сақтай отырып, ғылым, білімге
ұмтылуды, мəдениетті елдерден үлгі алуды насихаттайды.
Өлең-толғаулары философия ой-пікірлерге бай, бейнелі,
əсерлі келеді.
Оның мақалалары - 20-ғасырдың бас кезіндегі «Қазақ
дұрыстығы», «Қазақстан», «Айқап», «Дұрыстық жолы»,
«Шора», «Абай» сияқты газет-журналдарда жарияланған.
Ол өз шығармаларын Ғұмар Қараш баласы, Ғұмар
Қарашұлы, Ахунд Ғұмар Қарашұлы, Ғұмар əл-Қараши,
Бөкей елінің бір баласы, Ғұмар Қараш, Ғ.Қ., Ғ. Мұштақ,
Ғабдолла Мұштақ, Оразақай, Қазақаев, Ғұмар Қарашев
деген есімдермен жариялап отырған.
Ғұмар шығармалары мектеп оқулықтарында, орыс тілінде
жарық көрген «Қазақ поэзиясының антологиясы» (1958)
мен «Қазақстан ақындары» (Ленинград, 1978) жинағында,
мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған.


Өлең, толғаулары мен философия ой-толғамдары жəне
əңгіме, мақалалары «Замана» деген атпен (А., 1994)
жарық көрді.
3. Ахмет Байтұрсынұлының «Қазақтың бас ақыны»
мақаласын талдау
1913 жылы «Қазақ» газетінің №39-41 сандарына редактор
Ахмет Байтұрсынов «Қазақтың бас ақыны» атты көлемді
мақала жариялаған болатын. Байтұрсынов өзінің
мақаласының басын «Онан асқан бұрынғы-соңғы заманда
қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ», деп
бастайды. Расында да солай еді. Тіпті бұл мақаланың өзі
қазақтың бас ақыны туралы жазылған алғашқы мақала
еді. Жалпы, Абайды елге кеңінен танытудың, зерттеудің,
абайтанудың басында осы алаштықтар тұрады. Бүгін біз
Абайдың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында ақын
туралы жазылған алғашқы əрі толымды мақала болып
саналатын. Бірі білсе, бірі біле бермес Ахаң Абай туралы
қаншама құнды еңбек жазса да ұлы ақынмен жүзбе-жүз
кездесе алмаған. Бұл туралы мынадай дерек бар.
Міржақып Дулатов Абай шығармаларымен 19 жасында,
1904 жылдан танысқан екен. Сол Жақаң өзінің «Абай»
атты көсемсөзінде Абай өлеңдерінің жазбасын алғаш
Омбыға барғанда Ахмет Байтұрсыновтан көргендігін
айтады. Сонда Ахаң Абай туралы былай деген екен:
«Естуімше, Абай өз өлеңінін басылып шығуын тілемейді
həм бастыруға рұқсат бермейді екен. Күзде Қарқаралы
қаласына барамын, сонда əдейі бұрылып Абайға сəлем
беремін, танысамын həм өлендерін бастыру жайымен
сөйлесемін…»
Өкінішке қарай, Ахаңның бұл ойы орындалмайды. Абай
сол жылы 23 маусымда дүние салады. Ахаң Абаймен
таныса алмаса да, ақынның шығармаларымен жете
танысқан, кейін тіл туралы жазған оқулықтарына кеңінен
пайдаланған. Мəселен, Ахмет Байтұрсынов «Əдебиет
танытқыш» оқулығына қажетті жерлеріне мысалды Абай
өлеңдерінен көптеп келтірген.
Ахмет Байтұрсыновтың «Жиған-терген» деген өлеңі
Абайдың «Сегіз аяғының» жалғасы, жаңа көрінісі іспетті:
Қазағым – елім,
Қайқайып белің
Сынуға тұр таянып,
Талауда малың,
Қамауда жаның,
Аш көзіңді, оянып.
Қанған жоқ па əлі ұйқың,
Ұйықтайтын бар не сиқын !?


Ахмет Байтұрсыновтың елді бірлікке, «бас-басына түйе
айдаған» ырың-кезекке емес, ынтымаққа шақыруды Абай
ойларымен үндесіп-ақ тұр. Абайдың тарихи орнын,
рухани болмысын қазақ оқырмандарына тұнғыш рет
терең түсіндірген «Қазақтың бас ақыны» атты көсемсөзін
Ахмет былайша аяқтайды: «Абайды қолымыздан келген
қадірлі жұртқа таныту үшін мұнан былай кейбір өнегелі,
өрнекті сөздерін газетке басып, көпке көрсетпекшіміз».
Еліміздің əдебиеті, мəдениеті мен өнеріне, ұлттық ойлау
мен парасат əлеміне Абай мен Ахметтің қосқан үлесі
орасан зор.
23-билет
1. ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр басындағы əдебиеттегі
ғылыми трактаттар: Абай Құнанабаев, Ыбырай
Алтынсарин, Шəкəрім Құдайбердіұлы шығармалары
негізінде
Бұл кезеңдегі қазақ қоғамының саяси, əлеуметтік жағдайы
жəне ұлттық мəдениеттің даму бағыттары. Ресей мен
Қазақстан арасындағы қарым-қатынас. Орыс патшасының
отарлау саясатының орныға түсуі. Ресейдегі 1905 жылғы
оқиғалардың Қазақстандағы дүмпуі. 1916 жылғы
оқиғалар. Наразылықтың халықтық қозғалысқа ұласуы.
Қазақстанның əртүрлі аймақтарындағы көтерілістердің
ұлт санасын оятудағы маңызы.
Қазақстан оқу-ағарту ісінің жедел өрістеуі. Қазақ
мектептері мен оның түрлері. Ескі үлгідегі мектептер.
Өмір талаптарына жауап беру дəрежесі. Ауылдық
мектептердің пайда болуы. Жаңа сипаттағы оқу жүйесі.
Жəдитше оқытудың артықшылықтары.
Қазақстанда баспасөз ісінің қанат жаюы. Газет-журналдар
санының көбеюі. Қазақ баспасөзінің тарихы туралы
мəлімет. «Айқап» журналы, «Қазақ» газеті. Кітап шығару
ісінің жандануы.
Ауыз əдебиеті үлгілерінің жиналып, кітап болып шығуы.
Шығыс хисса-дастандарының көптеп аударылып, кітап
болып шығуы.
Əдебиеттің дамуы. ХХ ғасыр басындағы саяси,
əлеуметтік өзгерістер, мəдени жаңарулардың ұлттық
əдебиетке тікелей қозғау салуы. Қазақ əдебиетінің
тақырыптық, жанрлық, көркемдік жағынан өркендеуі.
Поэзияда жалаң насихаттық сарынның азайып, Абай
үлгісіндегі шыншыл лириканың орнығуы. Лирика тілінің
өткір сипат алуы, тақырып ауқымының кеңейюі,
əлеуметтік мəселелерді қозғаудағы батылдығы. өмір
құбылыстарын шынайы бейнелейтін оқиғалы, күрделі
шығармалардың пайда болуы.


Проза жанрының өркендеуі. Тұңғыш қазақ романының
дүниеге келуі. Күрделі проза үлгісінде жазылған алғашқы
романдардың тақырыптық бағыттары. Оларда дəуір
мəселелерінің көтерілгені. Шағын проза үлгісіндегі
шығармалардың жазылғаны. М.Дулатов, С.Көбеев,
Т.Жомартбаев, Ш.Құдайбердіұлының т.б. жазушылардың
қазақ прозасын өркендетужолында ерекше еңбек
атқарғаны.
Алғашқы драматургиялық шығармалардың дүниеге келуі.
/Б.Серкебаев «Бақсы», «Ғазиза», 1912; К.Төгісов
«Надандық құрбаны», 1915; Б.Майлин «Шаншар молда»,
1916; Ж.Аймауытов «Рабиға», «Мансапқорлар»,
«Қанапия-Шарбану», 1916-1917; М.Əуезов «Еңлік-
Кебек», 1917/.
Аударма жанрының өрістеуі. Заман талабынан туған
рухани қажеттілікті түсіне отырып, қазақ қаламгерлерінің
өзге елдер əдебиетінің озық үлгілерін қазақ
оқырмандарына жеткізуі. Абай, Ыбырай дəстүрлерінің
жалғасуы.
Көсемсөз дамуының жайы. Көсемсөз жанрының қуатты
күшке айналуы. Қазақ баспасөзінде тарихи кезең
тақырыбы көтерген ойлы да батыл мақалалардың көптеп
жариялануы. А.Байтұрсынұлының, М.Дулатұлының,
Шəкəрімнің, Сұлтанмахмұттың, М.Сералыұлының,
Ə.Бөкейханұлының мақалалары. Бұл еңбектердің дəуір
мəселелерін көтерудегі, халықтын санасын оятудағы жəне
ұлттық көсемсөз өнерін дамытудағы маңызының
айырықша екендігі.
Əдеби сынның ілгерлеуіндегі Шоқан, Ыбырай, Абай
дəстүрінің жалғасуы. Бұл кезеңнің толғақты мəселелерін
қозғалған көркем əдебиет пен əдеби сынның өзара
байланыста дамуы. Проблемалық сыңдардың көріне
бастау. «Айқапта» басылған С.Торайғырұлы,
М.Сералыұлының, С.Сейфулиннің, «Қазақ» газетіндегі
А.Байтұрсының, М.Дулатұлының əдебиет туралы сың
еңбектері.
Олардың қаламгер машығы, көркем шығармаларының
табиғаты туралы тұжырымдар жазылғаны. Сын жанрында
əдебиеттің көркемдік, эстетикалық мəселелерін көтеруге
талпыну. Кейбір сын əдебиеттерінде сыңаржақ
идеологияға, таптық көзқарасқа бой ұрушылық. Сынның
жалпы деңгейі туралы мəлімет. Алғашқы қадамға тəн
ерекшелік.
Əдебиет мəселелері, жекелеген қаламгерлердің
шығармашылығы, Абайдың əдеби мұрасы, халықтың ауыз
əдебиеті жөнінде ойлы мақалалардың жарық көруі.


2.Бернияз Күлейұлы шығармашылық өмірбаяны
«Б.Күлеевтің негізгі шығармашылық өрісі - лирика
жанры. Ол махаббат көңіл-күй лирикаларын көп
жырлаған ақын.Тіпті ақынның екі-үш поэмасының өзі
оқиғалы сюжетке құрмай, бірыңғай лирикалық
толғаныстарға құрған. Сондықтан да Бернияздың
ақындық қуаты мен шығармашылығының қайнар көздері
лирика жанрының төңірегінен табылмақ» (С.Жəмбеков.
Б.Күлеевтің ақындық мұрасы. Авторефераты). [5.15 бет]
Бернияз өлеңдерінің шығу, басылу, эволюциялық даму
кезеңдері сияқты мəселелерді қарастырудың қажеті жоқ.
Өйткені аз ғана — он шақты жыл шамасында шығарылған
өлеңдері бас-аяғы жинақы, əрқайсысының бітімі
тиянақты, тағдыр оты сөнуге жақын екенін ақын бейне
бір сезгендей, өлең жолдарынан іштей серпіліс, бұлқыныс
байқалады.
1916 жыл! Қайшылыққа толы, сол бір талайды əрі итеріп,
бері шыққан уақытта ол небəрі 19-ақ жаста екен. Бірақ
бұл да - болмысынан сезімтал жүректі, сергек ойлы
айрықша талант иесі үшін аса бір ауыз ашып, көз
жұмарлық аз ғүмыр емес-ау. Керісінше, қоршаған
ортаның ағы мен қарасы туралы толғаныс иіріміне түсіп,
сезгенін көргісі, көргенін танығысы келетін соншалықты
бір тынымсыз, соншалықты бір мазасыз шақ осы ма деп
қаласың... («Ойдағым», «Қыздың мінəжəті», «Қазақ
қызы»). Туғаннан екі аяғымен тік тұра қалған тірі пендені
кездестіргеніміз жоқ. Бұл жолдар торығудан туған деп
айтуға болмайды, керісінше, ойлы жас өз өмірінің сыры
мен мазмұны сан тарапты жолдың қайсысына
бағышталуы мүмкін деген толғаныстардан туған.
Келесі бір «Қызықты жаз» деген өлеңінде ақын:
...Халінше алға жылжып жан иесі,
Ой бар орын алсам деген төрден.
Бірі боп осылардың сен де тырыс,
Бұл күнгі қалған бала қазақ ерден.
Гүлденіп шашақ атқан жазғы күнді
Орын ал ізгергімен бірге өрден.
- дейді.
Мұнда ақын табиғат сұлулығын, жадыраған жас мезгілін
əдемі суреттеп келеді де, артынан ауыл жастарына мəз-
мейрам боп босқа жүре бермей, алға ұмтыл, əрекет жаса
деген ой тастайды.
Ақынның «Апама хат» атты өлеңі сол кездегі яғни 1916
жылдардағы қазақ қалпын, олардың өз еркіндігінен
айрылып, тұтқында жатқандай халде екендігін жырлап,
халқына жаны ашитындығын айта отырып, «Қамыққанда


туған жерді сағынып», «Тырс-тырс тамып кететін-ді
ыстық жас» деп сағынышымен мүңын хат ретінде
жолдайды.
3.Міржақып Дулатовтың «Қазақ жерлері» өлеңін əдеби
талдау
1907 жылы Петербургте бір ғана нөмері жарық көріп,
жабылып қалған "Серке" атты газетте "Жастарға" деген
өлеңін жариялайды.
1910 жылы Қазанда "Бақытсыз Жамал" романы, ал 1913
жылы Орынборда "Азамат" өлеңдер жинағы, 1915 жылы
"Терме" деген əдеби – публицистикалық кітабы шықты.
Міржақып Дулатовтың алғашқы кітабы - "Оян, қазақ!"
атты өлеңдер жинағы. Осы тұңғыш жинағының өзінен-ақ
автордың мақсаты мен беталысы анық
аңғарылады.Бейнефильм (М. Дулатовтың өмірі, қызметі,
шығармашылығы жайлы).Тұңғыш қазақ романы. ХІХ
ғасырдың екінші жартысында жəне ХХ ғасырдың бас
кезінде қазақ əдебиетінде прозаның шағын жанрлары –
новелла, əңгімелер туып, дами бастады. Алғашқы қазақ
романын Міржақып жазды. Ол 1910 жылы Қазанда
басылып шыққан "Бақытсыз Жамал" романы еді.
Міржақыптың "Бақытсыз Жамал" романының тақырыбы -
əйел теңсіздігі.
Қазақ жерлері
Мың жеті жүз отыз бір санасында,
Біз кірдік руссияның фанасына.
Үнерсіз бостығымыз көрінген соң,
Қызықпас кім қазақтың баласына? Өлеңде ол 1731 жылы
қазақтарды «панасына» алған Ресей патшасының 1868
жылы қазақ жерін түгелдей қазына қарамағына өткізгенін,
содан бастап қазақты атамекен жерлерінен ығыстыру
басталғанын, ақыр оған орыс мұжықтарын орналастыру
жүргенін əңгімелейді. Халықты қасіретке душар еткен
осы саясаттың зардаптарын суреттейді, жерінен
айырылған қазақтың мұң-зарына үн қосады.
14 шумақ,11-12 буынды,3 бунақты ,абаб шалыс ұйқас
24 билет
1. ХХ ғасыр басындағы роман жанры: тақырыптық-
идеялық ізденістер, авторлар, прозалық туындылары
Романда өмір құбылыстары, адамдар арасындағы қарым-
қатынастар молынан қамтылған, композициялық күрделі
құрылымнан тұрады. Романда лирика мен драма
жанрларының сипаттары да кірігіп отырады, əңгіме мен
повеске қарағанда онда түрлі оқиғалар жүйесі, сюжеттік
желі, қаһармандар қатары кеңірек қамтылады. Роман
адамдар тағдырын, замана шындығын суреттеу арқылы


дəуір мен қоғамды, салт пен сананы бейнелейді.
Ғұмырнамалық шығармалар қазіргі қазақ əдебиетінде өз
алдына бір жүйе болып, қатар түзе бастады. Көркем
əдебиет саласында ғұмырнамалық (автобиографиялық)
роман жанры бұрыннан қалыптасқан, методологиясы мен
теориясы бар жанрдың бірі болып табылады. Қазақ
əдебиетінде де бұл жанр ерте дамыды. Мəселен, М.Х.
Дулатидің «Тарихи-Рашиди» т.б. шығармаларды алуға
бола болады. Еліміз егемендік алғаннан кейінгі кезеңде
сөз еркіндігі, ой бостандығы күшейгеннен кейін
жазушылар өмірлік дерек негізінде ғұмырнамалық жанрда
шығармалар жаза бастады. Олардың көтерген
тақырыптары, пайдаланған формасы, айтар идеялары,
ұстанар концепциялары əр түрлі болғанымен,
шығармаларын жазатын жанры біреу ғана – ғұмырнама
(автобиография). Əсіресе, қазақ ғұмырнамалық
романдарының ішінде көлем мен көркемдігі тұрғысынан
ерекше деп танылатын Ə. Нұршайықовтың «Мен жəне
менің замандастарым», М. Мағауиннің «Мен», Қ.
Жұмаділовтың «Таңғажайып дүние» романдарының
қоғамдағы тарихи кезең ақиқатын бейнелеудегі шеберлік
қырлары ерекше. Оқырман қауымға суреткерлік
ғұмырдың болмысын танытатын бұл туындылар əдебиет
ғылымы үшін ғана емес, жалпы адамзаттық мəселелерді
қозғаумен де құнды дүниелер болып табылады. Міне, сол
себепті де бұл жазушылардың ғұмырнамалық
шығармаларындағы өмірлік деректерді зерттеудегі
əдебиетімізде көркемдік таным мəселелерінің оң шешімін
табуына зор септігін тигізеді.
Ə. Нұршайықов өзінің шығармашылық өмірінің жарқын
жақтарынан гөрі көлеңкелі тұстарын, ағалары мен
əріптестерінен көрген қорлықтары мен қиянаттарын
басымырақ суреттеп кеткен. Жəне осы бағытта айтылатын
əңгімелердің оқылуы қызық, автор тарапынан жасалатын
тұжырымдар да субъективизм нышандары
байқалғанымен, оқырманға ой салып, пікір түйетіндей
деңгейде. Өткен оқиғаларды дəлдікпен тірілте білуде
мұндай жазбалардың атқаратын міндеті ерекше
болатындығы көрінеді. Қазақ жазушыларының ішінен
қойын кітапшаларының жəрдемі жайлы көбірек
айтатындар – Ə. Нұршайықов пен М. Мағауин. Көп
жылдар журналист болып қызмет атқарған Ə.
Нұршайықовтың мұндай кітапшаларының саны үш
жүзден асып жығылады екен. Олардың басым бөлігінің
тікелей əдебиетке қатысы жоқ журналистік қолжазбалар
болса, М. Мағауинның «Алтын дəптері» – тек қана


əдебиет пен əдебиеттану ғылымының мəселелеріне
арналған таза шығармашылық жоспарлар
2.Ахмет Байтұрсынұлы шығармашалық өмірбаяны
Ахмет Байтұрсынұлы (1873 - 1938) XX ғасырдың басында
қазақ халқы аса ірі қоғамдық - саяси өзгерістермен қатар
ауқымды рухани жаңғыруларды да бастан кешті. Ұлттық
мəдениет пен əдебиеттің, білім мен ғылымның туын
көтерген, жұртшылықтың санасына демократиялық ойлар
сіңіріп, алға жетелеуге ұмтылған зиялы топ қалыптасты.
Халықтың зердесіне сəуле түсіріп, санасын оятқан осы
топтың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлы еді. Қазақ
əдебиеті мен əдебиеттану ғылымының, тіл білімінің
атасы, ұлы түрлендіруші - реформаторы атанған ол өзінің
алдындағы Шоқан, ЬІбырай, Абайлардың ағартушылық,
демократтық бағыттарын жалғастыра отырып, өз
заманындағы тұтас бір зиялы қауымның төлбасы болды.
Табиғатынан зерек əрі талапты бала Ахмет 1882 - 1884
жылдары көзі ашық ауыл адамдарынан сауатын ашып, хат
таниды да, кейін жақын маңдағы ауыл мектебінде оқиды.
1886 - 1891 жылдары Торғай қаласындағы екі сыныпты
орысша - қазақша училищеде, 1891 - 1895 жылдары
Орынбордағы мұғалімдер даярлайтын мектепте білім
алады. Бұл жылдары ұлы ағартушы Ыбырай
Алтынсариннің үлгісінде жұмыс істейтін, игі дəстүрлері
мол жаңаша мектептер саны көбейген болатын
Міне, осы тəрізді оқу орындарында оқып, сапалы білім
алып шыққан Ахмет Байтұрсынұлы 1895 жылдың 1
шілдесінен өзінің мұғалімдік, ұстаздық қызметін
бастайды. 1895 - 1897 жылдары Ақтөбе, Қостанай,
Қарқаралы уездерінде ауылдық, болыстық мектептерде,
екі сыныптық училищелерде сабақ береді. Мұғалім бола
жүріп ол қоғамдағы болып жатқан құбылыстарға,
əлеуметтік өмірге үңіледі. Халыққа білім берудің
жолдарын, қазақ тілі мен əдебиетінің мəселелерін зерттеу
мүмкіндіктерін қарастырады. Көп кітаптар оқиды, өз
бетімен ізденеді. Əдебиетпен айналысады, өлең -
жырларын жазады, ауыз əдебиетінің үлгілерін жинайды,
оқулықтар мен оқу құралдарын əзірлейді. Өзінің
білімімен, ақыл - парасатымен ел аузына іліге бастайды.
Бостандық аңсаған, күреске үндеген өлеңдер жазады.
Соның салдарынан 1910 жылы Қазақстанда тұру
құқығынан айырылып, Орынбор қаласына келеді. 1913 -
1918 жылдары өзі ұйымдастырған "Қазақ" газетінің
редакторы бола жүріп, кең ауқымды əлеуметтік істер
атқарады. Газет бетінде халық өмірінің аса күрделі
мəселелерін көтереді. Елді оқу - білімге, ілгері ұмтылуға


шақырады. 1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейін
қоғамдық өмірге белсене араласқан Ахмет Байтұрсынұлы
қазақ жұртының тəуелсіз мемлекетін құруды мақсат еткен
Алаш қозғалысы көсемдерінің бірі болады. Кейінірек
Қазақстанның тұңғыш халық ағарту министрі, Қазақстан
академиялық орталығының жетекшісі, Алматыдағы,
Ташкенттегі жоғары оқу орындарының профессоры
қызметтерін атқарады. Кеңес өкіметі тұсындағы
коммунистік идеология аласапыранының салдарынан
1929 жылы жазықсыз ұсталып, ұзақ уақыт түрме мен
лагерь азабын тартқан Ахмет, 1936 жылы елге қайтып
оралғанымен, 1937 жылы қайта тұтқындалып, 1938 жылы
атылады. Алаш қозғалысының көсемі ретінде "халық
жауы" деп атылған А. Байтұрсыновтың есімі де,
шығармалары да көпке дейін жұртшылық үшін жабық
болды.
Тек тəуелсіз Қазақстан жағдайында ғана ақынның
шығармалары жарық көрді, мұралары зерттеле бастады.
1988 жылы ақталғаннан кейін А. Байтұрсынұлы
шығармаларының жинағы (1989), "Ақ жол" кітабы (1991)
жарық көрді. Шығармашылық мұрасы. Ірі қоғам
қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының артында аса мол
əдеби, ғылыми еңбектер қалды. Ол өз заманында əрі
ақын, əрі аудармашы, əрі ғалым ретінде танылды.
Ахметтің 1909 жылы Петербург қаласында "Қырық
мысал" деген атпен жарық көрген алғашқы кітабына
негізінен орыс мысалшысы И. Крыловтан аударған
аударма мысалдар жинақталды. Бұрын мысал арқылы
тұспалдап айтылған ойларын Ахмет 1911 жылы Орынбор
қаласында шыққан "Маса" атты өлеңдер жинағында өз
сөзімен ашықтан - ашық жария етті. Бұл жылдары ол
қазақ тілі мен əдебиетінің əр түрлі мəселелеріне арнап
көптеген мақалалар жазып, баспа беттерінде жариялады.
3. Міржақып Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романын
талдау
I Авторы: Міржақып Дулатов 1885 жылы 25 қарашада
бұрынғы Торғай облысының Жангелдин ауданындағы
Қызбел атырабында дүниеге келген. Қазақтың тұңғыш
романының авторы.
II Шығарманың тақырыбы: Шығармаға арқау болған
оқиғалар ХХ ғасырдың басындағы қазақ өлкесінде жиі
кездесетін жас қыздардың қалың малға сатылып,
сүймеген адамдарына ұзатылуы, олардың теңдік үшін
күрес мəселелері суреттеледі. 1910 жылы «Бақытсыз
Жамал» романы Қазанда басылып шықты
III Əдеби жанр түрі: Эпос - өмір шындығын мейлінше


мол қамтып, кең суреттейтін, адам мінездерін
мүмкіндігінше терең ашып, жан-жақты танытатын
күрделі жанр. Проза.
IV Эпикалық жанр түрі: Кең көлемді поэма. Өйткені
өмірде болған құбылысты, алуан-алуан адам тағдыры
мен заман шындығын көлемді суреттеп берген. Қазақтың
тұңғыш романы. Бұл роман туралы алғашқы пікір айтқан
Ахмет Байтұрсынов: «Қазақты бұрын роман жоқ еді.
Біздің арамызды қазақша бірінші роман жазған Міржақып
Дулатов болды» - деп жазады.
V Шығарманың идеясы: Сол кездегі шындық өмірді
көрсету, сол шындық арқылы оқырманына ой салу. Қазақ
қыздарының тағдырын көрсету.
VI Шығарманың композициялық құрылысы.
VI.1. Шығарманың басталуы: Көктал қыстаған Құрман
атаның ауылы жайлауға қонып, көптен көріспеген ел
мəре-сəре болып жатқанда ауылға екі адам келіп түседі.
Ертесіне ауылға крестьянский начальник келеді. Бəрі
соның келуін тамашалап отырғанда топ ішінде
Сəрсенбайдан біреу Шолпан жеңешем «тақия тігіп
беретін» тапты деп сүйінші сұрайды.
VI.2. Шығарманың дамуы: Ары қарай оқиғаны
жалғастырмас бұрын Сəрсенбайдың кім екеніне тоқталып
өтеді. Ол еш оқымаған, момын адам. Бəйбішесі Қалампыр
бала көтермей бір күні қу бас деген сөз естіп, үйленуге
бел буып, ағайындарын жинап, Жарас молданың Шолпан
атты қызын алады. Сəрсенбай 45-ке, Шолпан 17-ге
келгенде манағы топ ішінде сүйіншілеген Жамал дүниеге
келеді. Бірінші көрген баласы болған соң Сəрсенбай үлкен
той жасайды.
VI.3. Шығарманың байланысы: Жамал сағынып көрген
баланың алды болған соң бетінен қақпай, ұл балаша
тəрбие береді. Бірде Сəрсенбайдың үйіне молда келеді.
Жамалжан деп əкесі жұмсап жібереді. Сонда молда
мырзаңызға қыздың есімін қойғансыз ба? – деп
таңданады. Сонда ұл баладан кем екендігін айтқанында,
молда қыз балаға тұлым қойып, оқыту керектігін ескертіп
кетеді. Содан кейін Сəрсенбай Ғазиз деген татар
оқытушысын ұстап, Жамалды оқытады, қызша киіндіреді.
Қалампыр: «Жамал əлі кішкентай, өссін, сосын тұлым
қойып, оқытамыз» - дейді. Сыртқа жаны ашып тұрғандай
болғанымен ішінен тоқалдың қызын жақтырмайды. Ғазиз
Жамалдың зеректігін байқап, сабақ соңынан алып қалып,
əріп таныта бастайды. Жамал қазақтың қисса-жырларын
жатқа білетін болады.
VI.4. Шығарманың шиеленісі: Сəрсенбай болыстыққа


сайлауға түседі де жеңіліп қалады. Кеткен шығынын
ойласа намысына тиетін болады. Сөйтіп жүргенде
болыспен құда Байжан таз Жұман баласына қыз іздеп,
Сəрсенбаймен құда болады. Жамал өсе келе атастырылған
жарының жаман, таз, ақылсыз екенін біледі. Өз көңілін
көтеру үшін үнемі жиын-тойларға барып жүреді. Сондай
тойлардың бірінде Ғалимен танысады.
VI.5. Шығарманың шарықтау шегі: Ғали мен Жамал
арасында махаббат оты орнап, үнемі хат жазысып жүріп,
бір күні екеуі қашып кетеді. Қаладағы саудадас досы
Фатихолла байдың үйін паналайды. Бұларды іздеп маза
бермегендіктен Ғалидың нағашылары жаққа кетеді. Онда
Ғали бара сала 13 күн ауырып, бейсенбі күні түс кезінде
көз жұмады. Жамалды шешесі келіп алып кетеді. Ғалидің
өлімі Жамалдың Байжан босағасына баруына себеп
болады.
VI.6. Шығарманың шешімі: Байжанның үйінде Жамал еш
бақыт таба алмайды. Боранды түнде қалаға барып,
Фатихолланың үйінде самауыр қайнатсамда, Байжанның
таяғынан құтылайын деп боранды түнде адасып өледі.
VII Кейіпкерлер келбеті.
VII. 1. Басты кейіпкер Жамал - өз тағдыры үшін күресуге
дайын, сауатты, саналы қыз. Бақыт жолында қандай
қиышылық болса да күресуге дайын.
VII.2. Ғали – медресе бітірген, мұғалім болып қызмет
атқарған. Саудамен айналысады. Ынталы жігіт. Сүйгені
үшін жанын құрбан етуге дайын.
VII. 3. Сəрсенбай – жүздеген жылқысы, үш жүздей қойы
бар бай, момын адам. Байлықтың буы басын айналдырып,
болыстыққа таласады. Байлығын босқа шашып,
сайланбай қалады.Өзіне жақтас іздеп, болыстың інісі
Байжанмен құда болуды ойлайды.
VII. 4. Байжан – құбылмалы, қатаң адам.
VIII Əдеби теориялық ұғымдар.
1. Тақия тігіп беретін – қыз бала
2. Мырзаңыздың есімі кім? – ұл баланы айтады.
3. Суреттеу, жұмбақтау бар.
4. Мақал-мəтелдер көптеп қолданылған. Мысалы,
«Үмітсіз - шайтан», «Мал бітпес жігіт болмас, құрарына
қара, ұл таппас қатын болмас, тұрарына қара»,
IX Түсіндірме сөздік.
1. Поштабай
2. Лау байлатып
3. Һəм – жəне; Һеш- ешбір
4. Мұқтаж – қажет еді.
5. Ғибрат – үлгі-өнеге


6. Уағда – уеде, сенім
X Қорытынды (шығарманың негізгі түйіні, тəрбиелік
мəні, өз ойым): Шығарманың түйіні өз сүйгендері үшін
құрбан болатын жас қыздардың тағдыры суреттелсе,
қазіргі таңда Бейбіт Сарыбайдың «Бақытты Жамал» атты
шағын хикаяты бар. Аталған хикаят Республикалық
«Алтын тобылғы» байқауынан 135 шығарма ішінен
бірінші орынды алған.
25-билет
1.ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр басындағы əдебиеттегі
сыншыл реализм: Абай Құнанабайұлы, А.Байтұрсынұлы,
М.Дулатұлы, С.Торайғырұлы шығармалары негізінде
Жиырмасыншы ғасырдың бас кезінде қазақ кітаптарының
шыға бастауы сыншыл ойлардың ояна түсуіне жағдай
жасады. Əсіресе 1909 жылы үш бірдей кітаптың – Абай
өлеңдерінің, Ахметтің «Қырық мысалының» жəне
Міржақыптың «Оян қазағының!» - шығуы қазақ
əдебиетінің ғана емес, сыншыл ойлар өрісін де кеңейте
түскен айтулы оқиғаға айналды. Қазақ əдеби ой-
пікірлерінің дамуында «Айқап» журналы мен «Қазақ»
газетінің шығып тұруы тарихи рөл атқарды. М.Сералин,
А.Байтұрсынов, М.Дулатов сынды ұлтжанды азаматтар
шығарып тұрған бұл басылымдарда қазақ халқының
тұрмыс-тіршілігіне, болашағына қатысты көтерілмеген
мəселе болмады. Əсіресе əдебиет пен мəдениет айрықша
назарда тұрды. Ұлттық бағыттағы өлеңдер жиі
жарияланды. Қазақ əдебиетінің жай-күйін, болашағын
айқындауға сол кездегі ұлт-азаттық бағыттағы қазақ
қаламгерлерінің дені қатысты.
Қазақ əдебиеті, оның аса көрнекті өкілі Абай туралы
пікірлер орыс тілінде қазақтар хақында жазылған
еңбектерде көріне бастады. Солардың бірі – 1903 жылы
атақты ғалым П.П.Семенов-Тянь-Шанский мен академик
В.И.Ламанскийдің басқаруымен Петербургта басылып
шыққан «Россия» атты көп томдық еңбек. Соның
«Қырғыз өлкесі» аталған 18 томы түгелдей қазақтарға
арналған. Кітаптың қазақтар туралы тарауын жазуға
А.Н.Сидельников, А.Н.Бөкейханов, С.Д.Чазов қатысқан.
Демек Ə.Бөкейханов та қазақ халқының мəдениеті,
əдебиеті жайлы тарауды жазысқан. Кітапта қазақтар Азия
құрлығын мекендейтін барлық түркі халықтарының
ішінде саны жағынан да, территориясы жағынан да
бірінші орындағы түріктерден кейінгі халық екендігін
ескерте келіп, оның əсіресе ойлау, есте сақтау қабілетін,
тіл байлығын, мəдениетін бағалаған. Қазақ халқының
рухани байлығын баяндағанда ауыз əдебиеті түрлеріне


тоқталған. Əсіресе «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» дастанына
көңіл бөліп, талдайды. Қазақ ақындарының Шортанбай,
Ноғайбай сияқты ақындардың шығармаларына назар
аударады. Абайға ерекше көңіл бөліп, оны қазақтың жаңа
жазба əдебиетінің негізін салушы ретінде жоғары
бағалайды.
Сонымен ХХ ғасырдың басындағы қазақ əдеби ой-
пікірлерінің жандана түсуіне ұлы Абайдың поэзиясы
негізгі қозғаушы күш рөлін атқарды. 1909 жылы шыққан
тұңғыш кітабына соңғы сөз ретінде берілген Кəкітайдың
ғұмырнамалық мақаласында, сондай-ақ орыс, басқа да
тілдерде шыққан түрлі жинақтардағы мақалаларда,
деректерде Абай поэзиясы жайлы бағалы пікірлер
айтылып, ақындық даңқы жайыла бастады. Орысша
жазылған еңбектерде Абайдың орыс əдебиетімен
байланысына назар көбірек аударылды. Абайдың досы
В.П.Михаэлис қайтыс болған кезде «Ертістің арғы
жағынан Ибраһим (Абай) Құнанбайұлындай поэзияның
таза алтынын ашқанын» оның үлкен еңбегі ретінде атап
өткен.
2.Міржақып Дулатұлы шығармашылық өмірбаян
Торғай топырағына білімнің ұрығын сеуіп кеткен Ыбырай
Алтынсарин мектебі жас ұрпаққа бұл кезде игі ықпалын
тигізді. Мұқан мұғалім де, Ахмет Байтұрсынов та, ағасы
Асқар да Ыбырай Алтынсарин мектебінің түлектері еді.
Міржақып өз бетінше ізденіп, орыс тілін жете меңгереді.
Орыс жазушылары шығармаларымен танысады. Мұғалім
болған 6 жыл ішінде оң мен солын танып, ұлт қамы үшін
күресуге дайындалады. Ақындық талантын да осы
жылдары таныта бастайды. Осы кезден бастап-ақ
Жақаңның бар ғұмыры халқымен тығыз байланысты
болды. Осы арада бір ғана «Серке» газетіндегі
«Жастарға» атты өлеңі мен жариялана түсіп жабылып
қалған.
Енді, міне, белгілі бір мөлшерлі мезгіл жеткенде, ел
жадындағы ұлы тұлғаның ғибратты ғұмырына көңіл
бөліп, тағзым етудің орайы келіп тұрғандай. Демек, бұл
тұста Міржақып Дулатұлы кім деген сұраққа мəн бермей
қоя алмаймыз. Оның халық деп соққан жүрегінің дүрсілі
ғасыр сағатының тіліндей тырсылдап естіліп тұратынына
ешкімнің күмəні болмаса керек. Ендігі сұрақ - біз оның
табиғи болмысын қаншалықты түсіне білдік.
Өткен ғасырдың ұшар басында Торғайдың қазақ-орыс
мектебін бітіріп, кейіннен Қостанайдағы бір жылдық
курсты бітіріп, мұғалімдік куəлік алып, Міржақып бір-екі
жыл ауыл мектебінде бала оқытады. Елге адал еңбек


көрсете жүріп, елдің əлеуметтік өмірінен хабардар болған
көзі ашық жігіт ауыл түлегіне көңілі толмады. Əр түрлі
салаға ой жүгіртіп, əлденелерге алаңдаулы
болды.Сондағы оны ең мазалағаны, ауыл балаларына
білім беруге жағдай жасалмағаны, оқулықтардың
жоқтығы.
Мектеп қабырғасында меңгерген ғылымы пəндерден
алған білімін əрі қарай жалғастыру керектігін
ойластыратыны. Əсіресе көбірек əуестенетіні - əдебиет.
Бос уақытында əдеби кітаптар оқуға тілін жаттықтырып,
азды-көпті өлеңдер де шығара бастайды. Көбіне
жазатыны - ел өмірінің ахуалы. Ана тілінде шығатын
елдің қамын ойлайтын зиялы азаматтар сөзін көп оқиды.
Сондайда көбірек көз тоқтататын екі есім бар. Бірі -
Əлихан Бөкейханов деген кісі де, екіншісі - бүгінде жұрт
аузында жиі айтылатын Ахмет Байтұрсынов.
Жас жігіт осындай екі ұлы тұлғаны бір көрсем деген
ниетке беріле бастайды. Ақыры 1904 жылы, омбы
қайдасың деп, солар тұрған қалаға қарай тартып отырады.
Айтқандай-ақ өз дегеніне жетіп, іздегенін табады.
Солардың жылы шырайын көріп, тығыз араласады.
Əлихан өзінен кішіге «шырақ» деп сөйлейді екен, ол
Ахмет ағасы мұны бір көргеннен-ақ, жақын тартып,
«інішек» деп атап кетеді.
ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамының өзекті
мəселелерін күн тəртібіне шығарған жəне қазақ
зиялылырының еркін пікір алаңына айналған. «Қазақ»
газеті жарық көре бастағаннан бастап оның бас редактор
Ахмет Байтұрсынұлының орынбасары қызметінде
Міржақып Дулатұлы болды.
Тарихшы Мəмбет Қойгелдиевтің пікірнше, сол кездері
көпшілікке танымал болған «Қазақ» газетін Міржақып
Дулатұлының қарымды қаламы, көксемсер сөзі, жалынды
публицистикасының елестету мүмкін емес. Ол
еңбектерінде ол Міржақып туралы: «Міржақып өте
жылдам жазған жəне өте өткір тақырыпқа жазған.
«Қазақ» газеті сондай сапада, сондай биіктіктен
көрінуіне, меніңше, бірден-бір Міржақып Дулатұлына
қарыздар. Жалпы Міржақып Дулатұлы – қазақ
журналистикасын жаңа сапаға көтерген адам»,- деген
пікір айтыпты.
Сөйтіп əйел теңсіздігін жоқтаған, өз заманындағы
озбырларды əшкерелеген Міржақып 1935жыл Сосновск
станциясындағы жазалау лагерінде ауыр науқастан көз
жұмады. Өмірден өтсе де, Міржақыптың рухқа толы
жалын жырлары ел есінде мəңгі жаңғыра бермек.


3.Міржақып Дулатовтың «Абай» мақаласын талдау
2020 жыл көптеген ардақты тарландарымыздың
мерейтойларымен тұспа-тұс келді. Ең бастысы – бұл
əрине, кемеңгер ақын, ағартушы, Ұлы Абай
Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуы. Сонымен
бірге, 2020 жыл тағы бір артынан өшпес мұра қалдырған
қоғам қайраткері – Міржақып Дулатұлының 135
жылдығын тойлануымен сабақтас. Кезінде екі дарабоз
тұлғамыздың аты бір баспа газетінде екі рет шыққан еді.
Солардың бірі, «Қазақ» газетіндегі Міржақып
Дулатұлының Ұлы ақынның қайтыс болғанына он жыл
өткеннен кейін жариялаған «Абай» атты мақаласы əлі
күнге дейін өз өзектілігін жойған жоқ.
Міржақып Дулатұлы басқа елдерде Абай секілді бірегей
ақын туылса, ол жайлы сегіздегі баладан сексендегі
ақсақалына дейін біліп, аты барша халыққа танылар еді
дей келе, «опатына он, жиырма бес, елу, жүз жыл толған
сайын бүтін жұрт ескеріп, мəтбуғаты кайнап, есімін
мəңгіге шейін қалдыруға өшпес белгілер орнатып,
құрметіне неше түрлі ізгі жайлар ашар еді», - деп, өзінің
іштей күйінішін білдірген еді. Міржақып Дулатұлының
бұл өкініші қазіргі тəуелсіз Қазақстанда толығымен
сейілгеніне, тілегі мен ұмтылысының барынша
орындалып жатқанына бүгінгі ұрпақ қынжылмаса
болатынына үлкен қанағат етеміз.
Публицист-ақын Абай Құнанбайұлының қаламгерлік
даналығы қайтыс болғаннан кейін бірнеше жылдар өте
белгілі болып, көзі тірісінде ол туралы ең алғаш Алихан
Бөкейханұлы жазған еді. Ал, Міржақып Дулатұлы болса,
өзі тек 1904 жылы Ахмет Байтұрсынұлының көрсетуімен,
Ұлы ақынның өлеңдерімен таныс болғанын еске алады.
Сол кезде, қазақ əдебиеттануын жетік меңгеріп, қазақ тілі
білімінің негізін қалаушы Ахмет атамыз, Абай
Құнанбайұлына барып кездесемін деп жоспарлап еді,
өкінішке орай, ақын күзге жетпей өмірден озды деп
жазады Міржақып Дулатұлы. Жəне де Міржақып атамыз
да Ұлы ақынның шығармашылын жария етуде Абай
Құнанбайұлы туыстарының ризашылығымен Алихан
Бөкейханұлының да қосқан үлесін айтып кетеді.
Міржақып атамыз мақаласында əдебиет пен тарихқа да
ерекше назар аударып, Ұлы ақынның
шығармашылығының тек өз туған өлкесінде ғана белгілі
болуы, ертең еліміздің басқа елдермен қатар дамуына
бөгет болуына əкелу мүмкіндігін пайымдайды. Бұл тұста,
автор əсіресе халықтың тарихи əдебиетінсіз, еліміз жат
мемлекеттерге əбден сіңісіп, кейін мүлдеп «жұтылып»


кету қатері ықтимал дей келе, «қайдан өрбігенін, қайда
өскенін, ата-бабалары кім болғанын, не істегенін білмеген
жұртқа бұл талас-тартыс, тар заманда арнаулы орын жоқ»,
- деп, отансүйгіштіке шақыру секілді тағы бір маңызды
үндеуін жасайды. Бұның барлығы не үшін керек
десеңіздер, бұған Міржақып Дулатұлы ертең Абай
Құнанбайұлы секілді кейін қазақтан шығатын талантты
да, көзі ашық азаматтарымыздың ұмытылып кетпеуі үшін
қажет деп жазып қалдырған өсиетінен түсіне аламыз.
Аталмыш мақалада Міржақып Дулатұлы Абай
Құнанбайұлының арқасында ХХ ғасырда жас қазақ
əдебиеті жанданып өсті, сол себепті, Ұлы ақынды қазақ
əдебиетінің «бірінші кірпіші» деп атады. Одан бөлек,
Міржақып атамыз орыс елінің тұңғыш жазушысы,
асқақтаған биігі – Михаил Ломоносов болса, біздің
жүйрігіміз – Абай деген тұжырым жасайды. Бұл тұста,
Міржақып Дулатұлы орыстардың Михаил Ломоносовты
жылдан жылға, ғасырдан ғасырларға шексіз құрметтеп,
ғалымның өмірі мен қызметіне бастарын иетіндігін айтып
кетеді. Барша қазаққа Абай Құнанбайұлы жайлы еске салу
əрі жариялап айту сол кездегі Міржақып Дулатұлының
бірінші парызы болса, оны халық жадында сақтап қалу,
Міржақып атамыздың жазғанындай «мəңгі ұмытылмастай
болуы» бүгінгі біздің борышымыз. Біз де өз
Ломоносовымызды құрметтеп, айтар ізгіліктерден
шаршамауымыз керек. Сонда ғана өзіміздің ардақты
азаматтарымыз халық жүрегінде мəңгі қалары анық.
Сонымен бірге, Міржақып Дулатұлы Семей қаласында
1914 жылы əзірленіп жатқан іс-шаралармен бөлісіп,
өңірде алғашқы рет Абай өлеңдерін оқу кеші
ұйымдастырылғанын мəлімдейді. Автордың сөзінен
бұның барлығы Ұлы ақынның рухына тағзып болып,
ақыл-насихаты ұрпақтан ұрпаққа жетіп, сақталуын
тілегенін байқаймыз. Тілі өткір автордың халық
даналығын қастерлеуде бұрыс пен дұрысты бөле тұра,
келешекке үміттенетінін түсіне аламыз. Сондықтан,
оймызды түйіндемесін құрметті Міржақып атамыздың
сөзімен аяқтаған жөн болар: «Абайдың өлген күнінен
қанша алыстасақ, рухына сонша жақындармыз. Үнемі бұл
күйде тұрмас, халық ағарар, өнер-білімге қанар, сол
күндерде Абай құрметі күннен күнге артылар, бірінші
ақынымыз деп қабірін халқы жиі-жиі зиярат етер, халық
пен Абай арасы күшті махаббатпен жалғасар. Ол күндерді
біз көрмеспіз, бірақ біздің рухымыз сезер, қуанар...».
Қазіргі таңда, Міржақып Дулатұлының арман-тілегі
орныдалды деп сеніммен айта аламыз.


11 билет
1.ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр басындағы əдебиеттегі
аударма жанры
Аударма əдеби байланыстардың ең маңыздысы өзара
əрекеттестігінің əркелкі қарым қатынастары мен
формалары арасында ең бастапқысы. Сонымен бірге
жекелеген бір тілдегі туындылардың басқа бір тілде
көрініс табу үдерісі тұрғысынан əдеби
шығармашылықтың жеке түрі болып саналады. Қай
кезеңде болмасын қоғам өмірінің ілгері жылжып дами
түсуіне аударма өнерінің қосқан үлесі айрықша. Аударма
жайын сөз еткенде көп айтылатын жаман мағынасындағы
еркіндік дегенді шығармашылық еркіндіктен айыра
білуіміз керек. Аударма əдебиетін төл əдебиеттің өз қоры
деп ұғуға болады. Қазақ тіліне орыс əдебиеті-орыс
классиктерінің аударылуы 19 ғасырдың екінші
жартысынан басталды делінеді. Осындай игілікті іске əр
дəуірде жанашырлық танытып отырған сыншылар болды.
Солардың жəрдемімен газет журнал беттерін де
мақаллалар жариялау арқылы кеңес берумен қазақ
аударма саласы дами бастады. Сыншылардың айтуынша
аударманың түп нұсқаға сөзбе сөз ұқсатамын деп
кітаптың оқушыға түсініктілігін ауырлатып алған. Мұхтар
Əуезов бұл пікірге қарсы болған себебі ол аударманың түп
нұсқадан айнымай оқыманға жеткенін қалаған, оған дəлел
Тургеновтан аударған Дворян ұясы шығармасы. Бұл
шығарма да Мұхтар Тургенов прозасының нəзік
психологиялық суреттерін толық жеткізе алмаған деп
айтқан пікіріне толық қосылуға болады. Бұл Мұхтар
Əуезовтың көзі тірісінде айтылған сыни пікір
болатын.Алайда бұл аударма (дворян ұясы) дер кезінде
зерттеуді етеді. Өткені мұнда бұрын аударма өнерінде
небір тамаша үлгілер көрсетіп, еркіндік пен дəлдікті
шебер ұштастыра білген классик жазушының үлкен
бетбұрысы бар. Аударма ешқашан түпнұсқадағы
сөйлемнің көшірмесін беру керек деген сөз емес, көркем
аударманы аударуды бұл да бір жазушылық өнер деген
пікірді Ə. Ипмағанбетов айтқан болатын.
Аудармашылықтың қазақ əдебиетінде
қалыптастырушылардың бірі Абайды қарайық.
1889 жылы Абай аударған Пушкиннің Евгений Онегині
қазақ арасына кең тарап ерекше жаңалық əкелді. Ел
арасына бұл туындыны алғаш насихаттаушылар-Шəкəрім,
Əсет, Уəйіс, Мұқа сынды байдың өнерпаз шəкірттері еді.
Оны оқығанда Евгений Онегин романының оқиғасын


алып, еркін аударма жасап Пушкин шығармасының қазақ
поэзиясында өзінше бір нұсқасын тудыруы сөз жоқ тура
Абай əсері абай өнегесі деп таңдай қаққан.Жалпы 19 20
ғасыр ақын жазушылары өз парықтарынша аударма жасай
алды .олар халыққа өзге халықтың шығармасын сол күйі
жеткізбей қазақи мəнде ,қазақи тəлім тəрбие бере
алатындай ықшамдақ əр аудармаға қазақы иіс бере алды.
2. Шоқан Уəлихановтың шығармашылық өмірбаяны
Шоқан (Мұхаммед-Ханафия) Шыңғысұлы Уəлиханов
1835 жылдың қараша айында қазіргі Қостанай
облысы,Құсмұрын бекінісінде дүниеге келіп, 1865
жылдың сəуірайында Кербұлақ ауданы, Алтынемел
жотасының етегінде Көшентоған мекенінде дүниеден
өтті.Мұхаммед – Ханафия – кей ресми құжаттарда ғана
жазылатыны болмаса, ол бүкіл ғұмыр кешкен
ортасына,заманына Шоқан есімімен танылды, жаһан
ғылымыныңбиіктеріне, туған халқының жарқын
болашағына ұлы Шоқан болып, Шоқан Шыңғысұлы
Уəлиханов болып атанды. Балалық шағы Құсмұрында
(əкесі Шыңғыс сұлтан болған кезде), кейін ата қонысы
Сырымбет тауының бауырындаКөкшетауда өткен. Тегі
төре тұқымынан шыққан. Арғыатасы – Абылай хан. Оның
үлкен ұлы Уəли – Шоқанның бел атасы.Оның өмір жолы
шығармашлығы бəрімізге белгілі кадет корпусына оқуға
түскен бал Шоқаннан бастау алады. Сол кезден көзге
түскен шоқ жұлдыздың өмірі шығармашылығы сан қырлы
,жан жақты еңбектерден тұрады. Шоқан Уəлиханов 1853
жылы Омбы кадет корпусын бітіріп, «атты əскер корнеті»
атағын алған соң Шоқан сібір казак-орыс əскерінің 6-атты
əскер полкіне қызметке қабылданды. 1861-1862 жылдары
Санкт-Петербург университетінің тарих-филология
факультетінде дəріс тыңдаған. Құсмұрындағы ауыл
мектебінде оқып, хан тұқымының дəстүрі бойынша араб,
шағатай тілдерін жақсы меңгереді.Оның қазақ əдебиетіне
сіңірген еңбегі өте мол. Əдебиет теориясының
мəселелерімен шұғылданып қазақ поэзиясының жанр түр
өлең құрылысын зерттеген.Қазақ өлеңдерін ол 5 түрге
бөлген:жыр,жоқтау,қара өлең,қайым өлең.Бұл жөнінде
оның өмірдегі досы Потанин: «қазақ халқы оның
жазғандарын оқыса, Шоқан өз халқының данышпаны
болар еді жəне өз елінің əдебиетін өркендетуге негіз сала
алар еді» деген пікір айтқан еді.Шоқан жас кезінен –ақ
дастандарды шығармаларды жинап оқығанды жақсы
көрді ал есейгенде осыны нақты қолға алып бірқатар
бізге жеткен дастандардың толық нұсқасын жинады.Ол
алғашқы Қашқарияға сапарында ауыз əдебиеті үлгілерінің


бірнеше түрлері мен аса сирек кездесетін кітаптар алып
қайтқан. Қашқарда жүргенде қолына «Тазкиряи
Ходжагян» деген жазба түскен, ол жазбада қожалар
əулиетінің тарихы баяндалады. «Қожалар тарихы»,
«Тарихи-Рашиди» кітабының жалғасы екенін анықтай
түседі. Қазақ халқының ұлы перзенті Қашқардан «Сұлтан
Бұғрахан тарихы», «Тоғылық Темірхан тарихы»,
«Қожалар тарихы» т.б. сирек кездесетін шығыс
қолжазбаларын жеке қаржысына сатып алады. Бұларға
қосымша ұйғыр, иран тілдеріндегі тарихи жазбалар,
шежірелер алып қайтады.Ғалым мұнымен тоқтамай қазақ
əдебиеті фольклорына да көңіл бөлді.Ол Қозы Көрпеш –
Баян Сұлу» дастанын орыстың ақыны А.С.Пушкин
Оралға келгенде орыс тіліне аударып жазып алған. Қозы
мен Баянның құрметіне қойылған ескерткіш Аягөз
бекінісінен тоқсан шақырым жерде тұр. Дастанға 1500
жыл. Шоқан əсіресе Шөже ақынның айтқан нұсқасын
жазып алған. Шоқанның эпостық жырына Иманбеков
қосымша мынадай мəлімет жасады. Шоқан «Едіге туралы
аңызды» 1842 жылы Арыстанбай деген ақынның
айтуымен жазып алған. Шоқанның осы еңбегін 1905
жылы профессор П.М.Мелиоранский Петербургте
бастырып шығарған. Шоқан бұдан басқа «Ер Тарғын»,
«Қобыланды», «Алпамыс» т.б. эпостық жырларды
зерттеген. Шоқанның ұзақ зерттегені «Едіге
батыр».Шоқанның жазған əр еңбегіне саяхаттың рөлі
əсер етті.Ол əр саяхатында бос қайтпай еңбектенумен
болды.Соның дəлелі: 1855 жылы Шоқан Орталық
Қазақстанды, Жетісу мен Тарбағатайды аралайды. Қазақ
халқының тарихы мен əдет-ғұрпы, діни ұғымдары
жайында материал жинап қайтады. Кейін ол: «Тəңірі»,
«Қазақстандағы шамандықтың қалдығы» деген еңбек
жазады.1856 жылы Шоқан Қырғыз елін зерттеу
экспедициясына қатысады. Бұдан кейін Құлжа қаласында
болып, Жоңғария тарихымен шұғылданады. 1858-1859
жылдары Шоқан өзінің Қашқарияға барған атақты
саяхатын жасайды. Ол сол өлкенің жаратылысы, тарихы,
этнографиясы жайлы көп мəліметтер жинайды. Бұл
мəліметтер Шоқанның дүниежүзілік география ғылымына
қосқан зор жаңалығы болып есептеледі.Шоқанды
зертттеу оны бірнеше бөліктерге бөлуімізге мəжбүр етеді
себебі ол ғылымның көптеген саласына аз ғана
ғұмырында із сала білді.Шоқан-Жазушы деген тарау
ашатын болсақ оның еңбектеріне: "Жоңғария очерктері”
"Манас” "Ыстықкөл сапарының күнделігі "Алты
шаһарға сапар”Қырғыздар туралы жазбалар «Шығыс


Түркістан» «ХҮІІІ ғасырдың батырлары туралы тарихи
аңыздар» «Қырғыздың ата-тегі» жəне тағы басқа
еңбектері ғылыми тереңдігімен қатар,оқырманды баурап
алатын көркемдік қасиеттерімен де құнды.
3. Шəкəрім Құдайбердіұлының «Үш анық» трактатын
талдау
Шəкəрім Құдайбердіұлының «Үш анық» атты
фəлсафалық трактаты – отандық, гуманитарлық білім
жүйесінде ерекше орын алатын шығарма. Шəкəрім
Құдайбердіұлы «Үш анық» еңбегін жазуға ересен
даярлықпен келген. Қазіргі біз білетін авторлардың
еңбектерімен таныс болып қана қоймай, оларға талдау
жасаған. Ол сол замандағы сөздіктермен
энциклопедиялық еңбектерді пайдаланған. Оның үстіне
айтарым, Шəкəрім араб, парсы, түрік, тілдеріндегі шығар-
малармен таныс болған.Бұл тұста тағы бір ескертетін
жайт, Шəкəрім үшін ғалымның атағы, оның кең
танымалдығы басты мəселе емес, оның шындыққа
жақындығы ғана қызықтырған. Ол «Үш анықта» бірде-бір
автордың ығына жығылып, оның насихатшысына
айналмаған. Шəкəрім сыншыл. Ол адамзаттың сонау
Пифагор дəуірінен адасқандарына еш күмəн келтірмейді.
Біздің атақты деп жүргендеріміздің дені адасушылар.
Біразы адасып жүріп жол табушылар, ал бір парасы
адамзатты одан əрі адастырушылар. Білемін деп білмей
сөйлеушілер, түсінемін деп түсініксіз кітап жазушылар.
Жаратушының алғашқы білімін қиратушылар.
Ақылдымын дегендер менмендікке салынып, адамзаттың
алдағы замандарда ашар есіктерін жаптырушылар деп
сыни пікірін білдірген.Ал, Шəкəрімнің үш анығы не екен
соған көңіл бөлейік: Бірінші анық Бірінші анық
Жаратушы білімі. Шəкəрім мəселені мұнымен
аяқтамайды. Ол Жаратылыстың мазмұны туралы айтқан.
Егер себепсіз бар болған Атом немесе Нұр десек, олар
қозғалыста. Ал қозғалыстың өлшеулері бар. Осы ойды
ноқталап Шəкəрім: «Өлшеулі нəрсе өзі бар болған емес»,
дейді. Ол қозғалыстың абсолюттігін айтып отыр.
Қозғалыстың себебі – себепсіз себепте, яғни түп
Жаратушыда. Ал ол түп себеп өлшене ме? «Өлшеулі
нəрсе өзі бар болған емес», дейді Шəкəрім. Олай болса,
өлшеусіз нəрсенің бар болғанын қалай білмекпіз.
Өлшеусіз нəрсені ғылымда абсолют дейді. Түп себептің
өлшеуі жоқ. Ол Жаратушы білімі. Жаратушының өзі де
абсолют, Жаратушының білімі де абсолют. Хакім
Абайдың «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» дегеніндей.


Жаратушы абсолют – онтология. Жаратушы білімі де
абсолют (гносеология). Шартты түрде осылай бейнелеуге
болады. Негізінде Жаратушы да, оның білімі де – тұтас
абсолют.Жаратушы білімнің себебі өзінде, ол еш
нəрсемен өлшенбейді, құпия, сыр.Алла тағала – абсолют.
Негізінде «тағала» деген абсолют деген мағына береді.
Шəкəрім Абсолютті өлшенбейтін, өлшеуі жоқ нəрсе
деген.Шəкəрім бірінші анық Абсолют – Жаратушы
дегенмен ойын аяқтамаған. Ол Абсолютті – субстанция
десе, оның акциденцияларын атап өткен, олар: өлшеусіз
Құдірет оны ғылым тілінде – онтология деуге
болар;Өлшеусіз білім (Алла тағала білімі бізге беймəлім),
оны ғылым тілінде гносеология деңіз.Өлшеусіз шеберлік,
оны ғылым тілінде гармония деңіз. Хакім Абайдың
«Безендірген жер жүзін Тəңірім шебер» дегені осы
жағдайға саяды. Қорыта айтсақ, бірінші анық – Абсолют.
Жаратушы (Алла тағала).
Абсолютті – субстанция десек, оның акциденциялары:
– өлшеусіз құдірет
– өлшеусіз білім
– өлшеусіз шеберлік Демек, бірінші анық Жаратушының
білімі, құдіреті, шеберлігі. Бұл үшеуінің өлшеуі жоқ, олар
Абсолюттің акциденциялары. Екінші анықЖан туралы.
Адамзат тарихында жан мəселесімен айналыспаған, пікір
айтпаған ғұлама жоқ. Жан туралы айтылған,
жазылғандарда есеп жоқ.Шəкəрім жанды былайша
түсіндірген. Əуелі бар болған жан ешқайда жоғалып
кетпек емес, ол барлықтың ішінде жүре бермек. Жан əр
түрге түсуі мүмкін, бірақ жоғалмайды. Мысалы, дейді ол:
«Инстинкт – сезімді жан, сознание – аңғарлық жан.
Мысль – ойлайтын жан, ум – ақылды жан дегендей
əртүрлі қасиеттері болады».Ойланайық. Шəкəрім
алдымен Жанды денеге қатысты айтты. Жарайды.
Келістік. Бірақ бұл өте үлкен даулы мəселе екенін ескерте
кетелік. Бұдан əрі Шəкəрім Жанды ақылмен қоса өрбіте
баяндап, пікір айтуда. Ол кісі жанның нəпсіге қатысты
жағын айтпаған. Ол мəселені, əзірше қоя
тұралық.Сезімтал жан – инстинкт. Бұған талас жоқ. Ол
адамға дейінгі (тіптен, кейде адам баласына да қатысты –
Ғ.Е.) жандылар əлеміне тікелей қатысты жағдай. Шəкəрім
«сознание» дейді, оны біз «сана» дейміз, оның Жанға
қатысы күрделі. Сана – жан туралы түсінік, сонымен бірге
жанның құпиясын жабушы. Мен солай ойлаймын. Саналы
жан түсінеді, бірақ, шын мəнінде, бəрін санаға салса,
айнала дүние – тұйық түсініксіз, əншейін құмырсқа –
тіршілік. Келесіні Шəкəрім «Мысль» дейді, ол ой, ойлау.


Ойлаушы жан азап əлемінің есігін ашушы. Ой, ойлау əлем
құпиясына саяхат. Нағыз азапты жан. Себебі бəрі
түсініксіз, бəрі құпия. Содан үміт, қиял, армандар өсіп-
өніп шыққан.Ойшылдық «ум» – ақылды жан дегені
Жанның адамға қызметі. Шəкəрім: «толық, терең ақыл
адамнан шығады. Бірақ сол адам да табиғаттан шебер
емес». Тамаша ой!Шəкəрім жанның мəңгілігі деген
мəселені өлімге қатысты түсіндіріп көрген. Тыңдайық, ол
кісі не деген екен. «Мен жан жоқ, өлген соң өмір жоқ
дегенге таңғаламын. Оларға мұндай сөзді қандай ой
айтқызып отыр екен? Осы кезде жанның барлығына,
өлген соң да жоғалмайтынына күндей жарық дəлелдер
табылып тұрса да, нанып қалған, əдет алған шатақ діннен
шыға алмаған молдаларша қатып қалу – ақыл ісі ме? Бір
адам жанының өлген соң да жоғалмай, мұнан таза,
жоғары болатынын ақылымен қабылдап нанса жəне бір
адам жан өлген соң біржолата жоғалады деп таныса, осы
екеуі өлерде есі дұрыс болып, өлерін біліп өлсе, екеуі не
жаймен өледі? Əрине жанның өлген соң тазарып,
жоғарылайтынына нанған кісі қуанышта болып,
жоғалуына нанған кісі өкініште болып, біржола
жоғалдым-ау деп өлсе керек».Жан мəңгілігін қабыл
алмағандар дүниеден аса бір қиналыспен өтеді. Жанның
мəңгілігі деген иман мəселесіне тірелді. Осыдан əрі
Шəкəрім үшінші аныққа ауысады. Үшінші анықШəкəрім
пайымдауынша, жанның екі өмірдегі азығы ұждан-
совесть. Күрделі мəселе. Шəкəрімді тыңдалық, ол
«Адамдығы нысап, əділет, мейірім үшеуін қосып
айтқанда, мұсылманша ұждан, орысша совесть бар».
Ұждан араб сөзі, ол мұсылмандық түсінік. Оның
құрылымы ақын айтуынша нысап (қанағат деуге болады –
Ғ.Е.), əділет, мейірім. Негізінде бұл жердегі басты ұғым –
əділет, қалған екеуі оны айқындаушалыр.Абай да,
Шəкəрімнің өздері де ар деген ұғым қолданады. Ар білімі
дегенді Шəкəрім айтқан деп жүрміз. Ұждан деген
мұсылмандық түсінік. Ар білімі дегенде ұждан, нысап,
əділет, мейірім дегендер Ар білімі құрылымдары.
Шəкəрім ілгеріде өзі айтып жүрген Ардың орнына неге
Ұжданды айтты десек, сірə, ол араб тіліндегі оқыған көп
кітаптарының ықпалы болса керек. Сондықтан үшінші
анықты жанның екі дүниеге азығы болатын Ар білімі
десек, артық емес. Мұқият оқыған адам «Үш анықта» ар
білімі туралы айтылып отырғаны белгілі болмақ. Бірінші
анық Алла тағаланың алғашқы білімі (Алла тағала білімі
– Ғ.Е.) болса, екінші анық жанның мəңгілігі туралы
пайым, үшінші анық – ар білімі.Шəкəрім «Мен сол ұждан,


совесть (Ар деп түсіне беріңіз – Ғ.Е.) қайдан шығып тұр
десем, оған жауап жоқ сияқты» дейді. Жауап бар. Жанды
қиянатқа жұмсайтын нəпсі. Шəкəрімнің өзі айтқан нəпсі
қиянатты жастанып жатыр деп. Жан қиянатқа ұшыраса,
оның арашасы – Ар. Бұл екі дүниеде қатысты сөз. Нəпсі
жанды қинағанда, күнəлі болғанда «ар соты» деген
болады. Мұны жалғанның ісі десек, бақида қалай болмақ,
Шəкəрім пайымында ар соты о дүниеде болмақ. Пенде
Жаратушысына жауап бермек, пенде қойылатын
сауалдарға даяр болмақ. Олай болса, бұл жалғанда
пенденің жүретін бір ғана жолы бар, ол мұсылмандық
жолы дейді Шəкəрім. Данышпанның өзін тыңдалық:
«Адам атаулыны бір бауырдай қылып, екі өмірді де
жақсылықпен өмір сүргізетін жалғыз жол осы мұсылман
жолы сияқты».Осы тезиске талас бар ма, əрине пікірлер
болар, бірақ адам атаулы бір бауыр деп түсінуден биік
ұғым бар ма?!Шəкəрімнің үш анығы мұсылмандық жолға
бастамақ. Ол адамзатты бауыр ететін ізгілік жолы. Осы
жолды қабылдағандар адаса ма, əлде адамзатты тура
жолға сала ма? Ол үшін Алла тағала білімін анық деу, жан
мəңгілігін мойындау жəне оның екі дүниедегі азығы Ар
білімін үйрену керек.
Бұл əр Зиялының көңіл қалауына ұсынылатын Шəкəрім
пайымдауы.
12 билет
1.
​ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр басындағы əдебиеттегі
көсемсөздің дамуы
Көсемсөз, публицистика (лат. publіcus – қоғамдық) –
əдебиет пен журналистиканың қоғамдағы көкейкесті,
өткір мəселелерді қозғайтын саласы.Публицист сөзі
<<Публицистика>> деп аталатын жанрға қатысты пайда
болған. Публицист публицистикамен айналысатын адам.
Публицистика- латынның 
- қоғамдық деген
сөзінен шыққан, яғни өмірдің əлеуметтік, өндірістік,
ғылыми, мəдени жəне басқа құбылыстарын
өмірдеректерін негіз ететін əдеби жанр. Публицистика
белгілі бір күннің, сол дəуірдің саясатымен,
философиялық көзқарастарымен байланыстырады.
Көсемсөз халықтың рухын көтеретін ұшқыр да уытты
көркем тілмен жазылады, көпшілікті игі іске шақырады,
бір мақсатқа жұмылдырады
Ахмет Байтұрсынұлы публицистикалық очеркті
«көсемсөз» деп атаған, ол оның авторын «көсемсөзші»
деген. Бұл – қысқа көлемді көркем шығарма. Мұнда да
үлкен шындықтың кішкене бір бөлігі, адам өмірінің


аздаған эпизоды нəрлі тілмен əрлі суреттер арқылы
шебер, тартымды бейнеленуге тиіс. Көсемсөз – өз кезінің
үні, жаңаның жаршысы. Орыс жазушысы Максим
Горький публицистикалық очеркті ғылыми-зерттеу мен
əдеби шығарманың ортасында тұрған аралық зат деп
түсіндіреді. Себебі очерк болашақ көлемді көркем
шығарманың эскизі сияқты. Мысалы, А.Фадеев «Жас
гвардия» романынан бұрын дəл осы тақырыпқа очерк
жазып, барлау жасағаны мəлім. Сондай-ақ қазақ
əдебиетіндегі Мұхтар Əуезовтің - «Өскен өркені» Сəбит
Мұқановтың «Тыңдағы толқындары», Əбдіжəміл
Нұрпейісовтің «Курландиясы» тəрізді бірқатар күрделі
туындылар да əуелі очерктерден басталған. Көсемсөздің
тілі ұшқыр, лепті, жалынды үндеу ретінде келеді. Осы
белгілеріне орай Баубек Бұлқышевтің "Шығыс ұлына хат"
шығармасы көсемсөз жанрына жатады
2.
​Абай Құнанабайұлының шығармашылық
өмірбаяны
Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (10 тамыз 1845 жыл – 6
шілде 1904 жыл) — ұстаз, ақын, ағартушы, жазба қазақ
əдебиетінің, қазақ əдеби тілінің негізін қалаушы,
философ, сазгер, аудармашы, саяси қайраткер[1],
либералды көзқарасын исламға таяна отырып, орыс жəне
еуропа мəдениетімен жақындасу арқылы қазақ мəдениетін
жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық
шығармаларында қазақ халқының əлеуметтік, қоғамдық,
моральдық мəселелерін арқау еткен.[2]Абай Шығыс пен
Батыс мəдениетін жетік білген. Бірқатар əлем
ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған.
Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара
сөздері» – тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық
тереңдігімен, саяси-əлеуметтік салмақтылығымен құнды.[
Абай өлең жазуды 10 жасында («Кім екен деп келіп ем
түйе қуған...») бастаған. Одан басқа ертеректе жазылған
өлеңдері — «Йузи-рəушəн», екіншісі — «Физули,
Шəмси». «Сап, сап, көңілім», «Шəріпке», «Абралыға»,
«Жақсылыққа», «Кең жайлау» өлеңдері 1870 — 80
жылдар аралығында жазылған. Ақындық қуатын
танытқан үлкен шығармасы — «Қансонарда» 1882 ж.
жазылған. Алайда жасы қырыққа келгеннен кейін ғана
көркем əдебиетке шындап ықылас қойып, көзқарасы
қалыптасып, сөз өнерінің халық санасына тигізер
ықпалын түсінеді. Шығармалары үш жүйемен өрбиді: бірі


— өз жанынан шығарған төл өлеңдері; екіншісі — ғақлия
(немесе Абайдың қара сөздері) деп аталатын прозасы;
үшіншісі — өзге тілдерден, əсіресе орысшадан аударған
өлеңдері.Абай өлеңдері түгел дерлік лирикадан құралады,
поэма жанрына көп бой ұрмағаны байқалады. Қысқа
өлеңдерінде табиғат бейнесін, адамдар портретін жасауға,
ішкі-сыртқы қылық-қасиеттерін, мінез-бітімдерін айқын
суреттермен көрсетуге өте шебер. Қай өлеңінен де қазақ
жерінің, қазақтың ұлттық сипатының ерекшеліктері
көрініп тұрады. Ислам діні тараған Шығыс елдерінің
əдебиетімен жақсы танысу арқылы өзінің шеберлік —
шалымын одан əрі шыңдайды. Шығыстың екі хикаясын
«Масғұт» жəне «Ескендір» деген атпен өлеңге
айналдырады. Ислам дініне өзінше сенген діни таным
жайындағы философиялық көзқарастарын да өлеңмен
жеткізеді. Абайдың дүниетанудағы көзқарасы XIX
ғасырдың екінші жартысында Қазақ халқының
экономикасы мен ой-пікірінің алға ұмтылу бағытта даму
ықпалымен қалыптасты. Дүниетану жолында сары-
орыстың төңкерісшіл демократтарының шығармаларын
оқып, өз дəуірінің алдыңғы қатарлы ой-пікірін қорытып,
басқаларға қазақ өміріндегі аса маңызды мəселелерді
түсіндіруге қолданады. Дүниетану өңірінде екі қасиеттің
— сезім мен қыйсынның , түйсік пен ақылдың қатынасын
таразылайды. Сондықтан да: «Ақыл сенбей сенбеңіз, Бір
іске кез келсеңіз» деп жазады. Кез келген халықтың тарих
сахнасына шығуы — жүйеге бейімделген біртектес өмір
салттың ғана нəтижесі емес, сонымен бірге қасиеттік деп
саналатын- арман-аңсардың (идеал) да біртұтастығына
айғақ. Олай болса Абай сынының тəлкегіне түскен
еріншектік, дарақылық, жалқаулық, күншілдік,
өтірікшілік, өсекшілдік, мақтаншақтық, жағымпаздық,
жікшілдік сияқты қасиеттер қазақ баласының кейбірінің
бойындағы туа біткен кемшілік емес, сол Абай өмір
сүрген қоғамдағы саяси əлеуметтік қатынастардың
нəтижесі екеніне ден қою қажет. Сонда, Абай бұрынғы
бабаларымыздың бойынан көрген «кемшіліктерді» себеп
ретінде емес, сол замандағы саяси-əлеуметтік
қатынастардың салдары ретінде қарастыруға жол ашқан.
Абай тілінің негізі қазақтың жалпы халықтық сөйлеу тілі
мен ауызша əдеби тілі болғандықтан, оның лексика-
фразеолия қазынасы тегі жағынан, ең алдымен, қазақтың
төл сөздерінен, одан соң шағын мөлшерде араб-парсы
жəне орыс сөздері қабатынан құралады. Өз тұсындағы
қазақ қоғамының саяси-əлеуметтік, мəдени-экономикалық
күй-жағдайына орай қазақ лексикасында болған өзгеріс-


жаңалықтарды Абай тілі айқын көрсетеді. Мысалы,
кейбір атаулар ескіріп, қолданыстан шыға бастаса, Абай
ондай сөздерді көбінесе көнені суреттеу үшін немесе
образ үшін пайдаланады.Хан, уəзір, аламан, абыз, жылыс,
тоғыс, наурыздама сөздері көбінесе Қара сөздерінде
тарихты баяндайтын тұстарда қолданылады. Ал, өмірге
келген жаңа атауларды жатсынбай қабылдап, өзі де
бұларға қоса жаңаларын жасайды (қ. Жаңа сөздер). Абай
шығармаларының тақырыбына орай төл лексиканың
ішінен этнографизмдерді де (шілдехана, үш тоғыз,
қынаменде, ақшомшы, ықтырма, күзеу т. б.), көне киім-
кешек, сауыт-сайман, құрал-жабдық атауларын да
(дəндəку, жарғақ шалбар, пыстан, шақпақ, шөншік,
дулыға, шарайна т. б.) пайдаланады. Сондай-ақ сыртқы
тұлғасы жағынан көнерген сөздерді (мыс, Ұлы дегеннің
орнына ұлық, кіші сөзінің орнына кішік, тураның орнына
туғры тұлғалары) ұйқас құрау, мағыналық реңк үстеу
сияқты белгілі бір мақсатпен қолданады. Дегенмен, Абай
тұсында бірқатар сөздердің кенеру дəрежесі қазіргі
көздегіден əлдеқайда солғындау болғаны байқалады.
Мысалы, ағайын, туысқан мағынасындағы қарындас сөзі,
ел, жақын жəне жат, алыс семантикалы алаш, əскери
мағынасындағы қол сөздерінің əлі де осы ұғымдарда
еркін жəне жиі қолданылғандығын сол көзеңдегі қазақ
əдеби тілі де, Абай тілі де көрсетеді. Қоғам өмірімен етене
қабысқан тіл, əсіресе, оның лексикасы сол қоғамның əр
кезеңдегі тыныс-тіршілігіне орай өзгеріп отырады, яғни
бірқатар сөздердің мағыналары ауысады, бірсыпырасы
терминдік дəрежеге кетеріледі, енді бір алуанының
қолданылу жиілігі артады. Бұл процеске қалам
қайраткерлері белсене қатысады. Осы ретте Абайдың
еңбегі көзге түседі.Араб жəне парсы ықпалы:Абай тілі
лирикасының келесі қабаттары - араб жəне парсы сөздері.
Бұрыннан қазақтың жалпы халықтық тілінде қалыптасқан
шығыс сөздерін Абай жатсынбай, еркін қолданады. Олар
дінге, оқу-ағартуға, өнер-білімге, əкімшілікке, сауда-
саттыққа т. б. қатысты болып келеді. Араб-парсы
сөздерінің басым көпшілігін, жалпы халықтық тілдегі
сияқты, Абайда да дерексіз ұғым атаулары құрайды (ар,
абырой, мейір, нала, парыз, қаһар, қиял, қудірет, дəурен т.
б.). Абай тілі лирикасының бір ерекшелігі - мұнда қазақ
тіліне енбеген араб-парсы сөздерінің де
қолданылғандығы. Олар, негізінен, Абайдың
қарасөздерінде, онда да барлығында емес, тақырыбына
қарай белгілі біреулерінде ғана шоғырланған. Ол
шығармалар жүрегінің қуаты перзентлеріне арналған


атақты Отыз сегізінші сөзі мен қазақ оқырмандарына
иман деген - алла табарақа уатағаланың... жарлығына...
мойынсұнып, инанмақ» екенін баяндаған 13-сөзі. Бұларда
философия мен моральға қатысты ой-пікірін айтуда автор
осы салалардағы ұғымдардың араб тілінде қалыптасқан
атауларын қазақшаламай, сол күйінде пайдаланды.Орыс
сөздері:Абай лирикасының келесі қабаты - орыс сөздері.
Олар сан жағынан араб-парсы қабатынан əлдеқайда кем
болганымен, əрі қарайғы орын тебу бағыты жағынан
басым тұседі. Бұл бағытқа себепкер, ең алдымен, қазақ
қоғамының сол кезеңдегі жəне əрі қарай əлеуметтік,
саяси, экономика күй-қалпы болса, екіншіден, қазақтың
ұлттық жазба тілінің демократтық сипатта дамуы еді.
Абай мен Ыбырай орыс тілі элементтерін
текжалпыхалықтық сөйлеу тəжірибесінен емес, тікелей
орыс əдеби тілінен алды. Абайдың жалпы халықтық
қолданыс тауып пайдаланған сөздерінің көпшілігі
əкімшілік, заң, шаруашылық салаларына қатысты. Олар:
болыс, кандидат, ояз, сияз, старшын, майыр, шен, партия,
сот, шар, закун, закуншік, кателешке, бодан, расход, кір,
лапке, барқыт, самаурын, пəтер, сома, бақалшік, мəліш
(сауда), аршепке, барабан, зауыт, машине.Абайда өзіне
дейінгі жəне өз тұсындағы қазақ əдеби үлгілерінде
көздеспейтін бір топ орыс сөздері бар. Олар адвокат,
доктор, губернатор, начальник, визит, монастырь, ладан,
штык, картечь, такт, номер, химия, трагедия, единица,
ноль, образование, назначение, посредник, жеребе,
прошение, дезнание, прямота, икра, фабрик, электр,
румке, стакан, счет дегензат есімдер мен уөздный,
военный, здравомыслящий, уголовный, самородный (сары
алтын), виноват деген сын есімдер жəне гуляйттау, пошел,
занимайся деген етістіктер.[6]Абай жəне Пушкин
Аудармашыға екі қасиет қажет. Бірі талғампаздық,
екіншісі ой тереңдігі. Талғампаздық деп отырғанымыз
Абайдың хакімдігінің бір қыры. Абай бас салып кім
көрінгенді аудармағаң ол аудармақшы болған автормен өзі
бəсекеге түскен. Абайдың аудармалары, шын мəнінде, ой
жарыстыру. Сондықтан Абай жасаған аудармаларын оның
ой кеңістігінің өрісі деп қабылдаған жөн. Абай тілін еркін
меңгерген орыс халқынан таңдап, талғап, əсіресе екі
ақынды аударған олар Александр Пушкин жəне Михаил
Лермонтов. Абайдың талғампаздығына таң-тамаша
қаласың. Орыс елімен, оның мəдениетімен мəңгілік
қалатын, ешқандай өзге құндылық өлшемдеріне түспейтін
екі ғалымды Абай бұлжытпай таныған жəне қазақ
халқына таныстыру мақсатында, олардың шығармаларын


қазақтіліне аударған.Абай орыс ақыны Александр
Пушкиннің өлеңмен жазылған "Евгений Онегин" деген
романын толық аудармағаң одан үзінділер тəржімалағак
Абай: "Онегиннің сипаты," "Татьянаның Онегинге жазған
хаты," "Онегиннің Татъянаға жауабы," "Онегин сөзі,"
"Онегиннің Татьянаға жазған хаты," "Татьянаның сөзі,"
"Ленскийдің сөзінен" жəне "Онегиннің өлердегі сөзі" -
деп жеке-жеке сегіз шығарма етіп аударған Неге Абай
романды қазақ тіліне толық аудармаған, əрине оның
себебін дөп басып айту қиың бірақ мен ойлаймың егер
"Евгений Онегинді" толық аударса, оны қазақ
оқырмандары қабылдамас еді, сірə, Абай соны түсінген,
Қазақ оқырмандары махаббат, ғашықтық тақырыбына
"Лəйлі Мəжнүннен" бастап өңкей классикалық ғажап
туындылармен сусындап келе жатқан қауым, сондықтан
болар Онегиннің Татьянаға шалажансар сезімін қалайша
қабылдамақ. Əрине, қабылдай алмайды. Шығыстық
дəстүрде ғашықтар құрбандыққа дейін барулары керек,
айталық Қозы Көрпеш-Баян сұлу сияқты. Осыны түсінген
Абай "Евгений Онегиннен" үзінділерді таңдап алып
аударып, олардың өзін қазақы ұғымдармен сөйлетіп
қойғаң ол "Татьяна сөзін" "Тəңірі қосқан жар едің сен",
деп бастайды.[8]Музыкалық мұраТолық мақаласы: Абай
музыкалық мұрасы Абай, ауторы Абай Омаров[9]Ұлы
ақын, ағартушы Абай музыкалық саласында да айта
қалғандай мұра қалдырды. Өзінің асыл өлеңдерін, қара
сөздерін қағазға түсіріп, кейінгі ұрпаққа жазып қалдырса,
музыкалық жөнінде оның мұндай мүмкіншілігі болмады.
Өйткені, Абай өмір сүрген көзеңде қазақта музыканың
жазба мəдениеті жоқ еді, халықтық музыка ауыз дəстүрлік
қалыпта еді. Сондықтан Абай əндері де қазақтың басқа
халықтық əн-күйлері сияқты, ауыздан-ауызға, заманнан
заманға ауыса отырып жетті. Музыка саласында жазба
мəдениеттің болмауына қарамастан, Абай əндерінің бізге
толық жеткен себебі - олардың халықтың жүрегінде
сақталуға сапасы сай келетін шығармалар
болғандығында, халық санасынан өшпес орын
алғандығында. Абай əндерінің өзгешелігі - мелодиялық,
ырғақтық жақтарындағы жаңалықтарында, идеялық
мазмұнының ашықтығында. Бұл өзгешелік алғашқы көзде
тыңдағандардың бəріне бірдей тұсінікті бола қоймады,
болмақшы да емес еді. Мəдениеттің дамуына кедергі
болатын феодалдық жағдайда кейбіреулер үшін ол
əндердің жаңа тілдері қазақтың халықтық əн дəстүрінен
шығып кеткендік болып көрінуі де мүмкін еді. Бірақ жаңа,
прогресшіл мəдениет күрескері болған Абай өз бетінен


қайтқан жоқ. Сейтіп, Абай əндері алғашқыда оның өз
айналасына - ауыл-аймағына, кейін жалпы қазақарасына
тарай бастады. Абай əндері халықтық негізден нəр
алғандықтан, халық əндерімен тамырласып
жатқандықтан, нотаның жоқ кезінде-ақ, ауыздан ауызға
көше отырып, қалың бұқараның игілігіне айналды. Бұған
бұрын-соңды халықтың музыкалық салтында болмаған
жаңа өткір тілмен өлең тексіне құрылуы да себеп болды..
Абай қазақ əдебиеті тарихында тұңғыш рет өз заманында
халықты толғандырған қоғамдық жəне саяси өмір
проблемаларын күн тəртібіне қойды. Ол қазақ қоғамының
қайшылықты жақтарын, замандастарының алауыз
берекесіздігін, патшаның отаршылдық саясаты қоздырып
отырған рулық тартыстардың елдің бірлігіне келтірген
зиянын қатты сынай отырып, еңбекші елге іш тартты,
халықты озық мəдениетке сүйреді. Ол халықтардың
оңашаланып өмір сүретін дəурені өткенін, ендігі жерде ел
болудың кепілі - дамыған көрші елдермен қарым-қатынас
жасауда екенін айтты. Елді сол жолда бірігуге,
ынтымақтастыққа шақырды. Уақыт талабын заманынан
оза шауып түсіну - Абай даналығының белгісі. Ол
шындықтың ақыны болып туды, солай өмір сүрді. Оның
өлеңдерін оқи отырып, одан жалғандық табу қиын.
Өлеңдерінен қазақтың ұлттық табиғатына тəн шындық
мөлдіреп көз алдыңа келеді. Ұлы суреткер есебінде Абай
оны көркем бейнелеудің жаңа жолын тапты. Оның
өлеңдері өзінің қарапайымдылығымен, табиғилығымен
құйылып, ойға, сезімге ұялайды. Сондықтан ол қазақ
əдебиетіндегі тұңғыш ұлы суреткер саналады. Абай ақын
боп сөз жазып қана отырмаған, өз өлеңіне өзі əн шығарып
таратқан. Оның композиторлық шығармашылығы біздің
халықта ерекше бағаланады. Қазақ даласында бірінші
шырқалған Татьяна тек Пушкинді ғана насихаттап,
халыққа таратып қана қойған жоқ, сүйгеніне қосыла
алмаған мұңды орыс қызын қазақпен байланыстырды.
Абайдың жастайынан көргені, естігені - халық əдебиеті,
бай фольклор, жеке ақындар творчествосы болды.
Жасынан əке ырқымен ел ісіне араласқан Абай сөз сырын
жақсы білді, дау ұстағандардың талай сынынан өтті,
шешен атанды, төбе билікке де сайланды.
3.
​Шəкəрім Құдайбердіұлының «Насихат» өлеңін
əдеби талдау
Кел, байлар, балаңды оқыт, ғылым ізде,
Қазақты бастайтұғын қару сізде.
Партияға шашқанша, осыған сал,


Қолыңда қорегің бар кезіңізде.
Білгіштер, біліміңді өнерге сал,
Жарты өмір жалғыз күндік болмайды жал.
Тіленіп, тілің безеп қу атанбай,
Ғылым білсең, табасың қадір мен мал.
Насихат өлеңі Шəкəрімнің еліне деген жанашырлық
ниетпен жазған насихат іспеттес өлеңі.Ол бұл өлеңде
жарлы демей бай демей барлығын өнер білім үйренуге
шақырады,шақырып қана қоймай білім үйренгендегі
нəтижелердің артықшылықтарын түсіндіруге
талпынады.Шəкəрім өлеңдегі жеткізбек болған ойы
тіршілкте білім үйренгеннен артық рахат жоқ ,менің
сезінг енімді сенде сезініп көр дегендей жолдар кездеседі.
Ғылым тап жас күніңде буын қатпай,
Басында байқамассың дəмін татпай.
Менің көрген жайымды сендер білсең,
Ғылым үшін жүрер ең тыным таппай.
.Ақынның күйініші оның көш бастаған қазақ ұлын
көрмедім деп бастаған өлең тармақтарында сезіледі.Қазақ
үшін не істедің,қара бас қамын ғана ойлап жүргендерін
өнер білім үйренсе барлығы тегін қиналомай келетінін
жеькізгісі келеді тыңдайтын құлақ болса бұл өлеңде
Шəкəрім күні бүгінге дейін актуалды болып келе жатқан
тақырыпты қозғауда.
Көрмедім көш бастаған қазақ ұлын,
Кеңірдек, өңеш кетіп, қалды жұлын.
Бəрің есті, батырсың, айлалысың,
Қазақтың түзеттің бе жалғыз қылын?
Сол заманнан бері өзгерген біраз жəйт болса да қазіргі
жастарымыздың əлі де ғылымға бет бұра алмай
жүргендері шамалы ақшаға жалданып мəз болулары
барлығы барлығы сол Шəкəрім заманынынан еш
өзгермеген.
Жарлылар, жалаңдама, сендер де ойлан,
Кер кедей, кежірлікті шығар бойдан.
Бойың жалдап қор болма, ойың жалда,
Түк өнбес алты ай жүріп алған қойдан.
Өлеңдегі айта кетерлік ерекшелік Шəуəрімнің əр түрлі
тап өкілдеріне қаратып қаратпа сөз арқылы айтуы
.Мысалы Жарлылыар ,жалаңдама ең бастапқы шумақтағы
Кел байлар деуі сол кездегі əлеуметтік теңсіздіктің анық
көрінісі десе болады.Солай десек те ақынның бұлай
қаратпа етіп айтқаны тыңдар құлаққа естілік екені
байқалады.Білім бəріне ортақ бай да кедей де жарлы да
соқыр да өнер білімге ұмтылуға қақысы бар екендігін


білдіртеді.Өлең тек қазақ халқына қарап айтылды деу
өлеңді дұрыс бағаламау деп білемін өлеңде бүкіл
адамзатқа өнеге берерлік мағына жатыр.Қорыта келе
ақынның шығармада айтқысы келгені барлық мəселенің
шешімі ғылымда білімде ізденуде екендігі.Ғылымды
жастанып жатып ұйқтасаң еш қайғыны ойламайтыын
айтады.
13 билет
1.
​«Зар заман» ағымы: зерттелуі, өкілдері, зар заман
идеясы
Зар Заман Ақындары – қазақ əдебиеттану ғылымына
алғаш рет (1927) М.Əуезов енгізген термин, зар заман
кезеңінде ғұмыр кешіп, отарлық езгіге түскен қазақ
халқының тағдырын мұң-зармен жырлаған ақындар
шоғыры. Зар заман ақындары шоғырының белгілі
өкілдері: Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат
Мөңкеұлы, Əбубəкір Кердері, Албан Асан, т.б. Əуезов Зар
заман ақындары дəуірін Абылай хан тұсынан Абайға
дейінгі жүз жылға ұластырып, Нарманбетпен аяқтайды.
Зар заман ақындары тұсынан қазақ əдебиеті жазбаша
сипат алатынын атап көрсетеді. Дəстүрлі қазақ
қоғамындағы бұрынғы қалыптасқан құндылықтардың
өзгеруі, елді басқару жүйесінің басқа сипатқа ауысуы,
отаршылдықтың белең алуы, халықтың қатты күйзелуі
Зар заман ақындарын тарих сахнасына шығарған. Зар
заман ақындары халқының жай-күйін ойлаған ұлт
қайраткерлері ретінде танылды. Олардың шығармалары
халықтық салт-дəстүрлерді қаймағы бұзылмаған
қалпында сақтауға, ұлттық болмыс-бітім.Ресей
империясы отарлаушыларының озбырлығы мен сұрқия
саясаты Зар заман ақындарының өлең-жырларында жан-
жақты суреттеледі. Қазақ халқының шұрайлы жерлерін
тартып алып, ұрпағын аздырып, діннен аулақтату
сықылды империялық пиғылдың жүзеге асуына
қарсыласу қозғалысы Зар заман ақындарының
қайраткерлік поэзиясын өмірге əкелді. Бұрынғы жыраулар
поэзиясымен үндесіп жататын өршіл рух, əсіресе, Мұрат
Мөңкеұлының жырларынан айқын байқалады. Зар заман
ақындары шығармаларындағы ұлттық болмысты, қазақы
қадыр-қасиетті сақтап қалуға үндеген ой-пікірлер
жанайқаймен, шарасыздықпен, соңғы төзімді сарқа
айтылғандығымен ерекшеленеді. Мұндай өлеңдерден
бодандықтың бұғауына бас игісі келмеген ұлт
қайраткерлерінің өршіл үні айқын аңғарыладынен
ажырамауға үндейді.


Зар заман ақындарының шығармаларында сары уайымға
салыну, қайғы-мұңға берілу сарыны да байқалады. Бұл
кезең ақындары келер күннен үміт жоқтығына налиды,
тығырықтан шығатын жол таппай қиналады. Олар елдің
басына түскен нəубетті ақырзаманның келгені деп ұғады.
Бұл жердегі ақырзаман – ғаламдық апат, жарық дүниедегі
көзге ілінген нəрсенің тып-типыл болуы турасындағы
емес, отаршылдықтың шеңгеліне мықтап түскен ұлттың
күйреуі сипатындағы ақырзаман. Халықты қан қақсатқан
зобалаңның себебін Зар заман ақындарының бірі адам
қолымен жасалған зұлымдықтан, екіншілері діннің
бұзылғандығынан деп топшылайды. Əсіресе, Шортанбай
ақын шарасыздықтан дінді таяныш қылады.
Зар заман ақындарының өлең-жырларында елмен
қоштасу, туған жердің өткенін аңсау сарыны орын алған.
Жалпы “ауа көшу”, “қонысты тастау” ұғымы көптеген
халықтардың фольклорлық шығармаларына тəн. Талауға
түскен елден кетіп, жайлы жер, ыңғайлы қоныс іздеу
идеясы еркіндік, бостандыққа ұмтылу мұраттарымен
орайлас келеді. Туған жердің табиғатына қарап тұрып,
өткен күннің елесін іздеу, жастық дəуренді еске алу үрдісі
ата қоныстың бүліншілікке түсіп, өзгенің ойранына
айналған сəтте туындаған мұң-шермен астасып жатады.
Ақындардың бірқатары жұтаған жер мен көшкен елге
қайырылып сөз айтып тұрып, басқыншылық пиғыл мен
зорлықшыл əрекеттерді зарлана жырға қосады. Зар заман
ақындарының көпшілігіне тəн ерекшелік – келешекті
көрегендікпен болжап, алдағы уақыттағы ел сипатының
өзгерісін қолмен ұстап, көзбен көргендей бейнелеп айтуы.
Мұндай болжам өлеңдер Зар заман ақындары
шығармашылығының бастапқы кезеңінде, яғни
отарлаушылардың ойранынан бұрынырақ
айтылғандығымен құнды. Бүгінгі көзқарас тұрғысынан
қарасақ, олардың ойлаған қаупі расқа айналғанына куə
боламыз. Бұл ақындардың ішінде өлең-жырдың бар
қуатын пайдаланып, ата-баба дəстүрімен астарлай айтып,
батыс пен шығыстан келетін кесапатты бірдей болжап
бергені – Дулат Бабатайұлы.
Зар заман ақындарының қайраткерлік биікке көтерілуі
отаршылдықтың белең алуынан басталады. Жыр
жүйріктерінің бар құдіреті, бар қабілеті ел-жұртының
санасын оятуға жұмсалды. Олар қауіп-қатерді, зорлық-
зобалаңды алдын-ала ескертті, зардаптарын күн ілгері
тайға таңба басқандай етіп айтып берді. Елдің берекетін
кетірген отарлаушылардың құбыжық кейпіндегі бейнесін
жасады.[10] Солардың ойранына жол ашқан өз халқының


кейбір жандайшаптарын аяусыз сынға алды, кей тұста ел
бірлігінің кемістігін де түйреп өтті. Зар заманның
бүкпесіз баяндалған оқиғаларын кейінгі ұрпаққа аманат
етіп қалдырды. Зар заман ақындары шоғырының белгілі
өкілі – Дулат Бабатайұлы қазақ халқының дəстүрлі жыр
үлгісін түр жағынан өзгертіп, өлеңді көркемдеп
кестелеудің жаңа үлгісін жасады. Аталған ақындардың
қай-қайсысы да ұлттық поэзиямызды мазмұн жағынан
байытуға үлес қосты.[11] Кеңестік идеология үстемдік
еткен кезеңде Зар заман ақындарының шығармаларын
насихаттауға тиым салынды. Олар барлық оқулықтардан
алынып тасталды. Соған қарамастан Зар заман ақындары
шығарм. əр жылдарда зерттеу нысанасына айналды. Қазақ
əдебиетінің тарихын оқып-үйренуге арналған ғыл.
жинақтарда олардың кейбір өлең-толғаулары арагідік
жарық көрген тұстары да болды. Мысалы, 1978 жылы
Ленинградта басылып шыққан “Поэты Казахстана”
жинағында (құрастырған М.Мағауин) Зар заман
ақындарының отаршылыққа қарсы жазылған бірқатар
өлеңдері орыс тілінде жарық көрді.20 ғ-дың соңынан
бастап зар заманның тарихи сипаты, Зар заман ақындары
шоғырының белгілі өкілдері, əдеби ағым ретіндегі
ерекшеліктері, көркемдік кестелері туралы бірқатар
еңбектер жазылды. Зар заман ақындары шығарм. –
жаңалығы мол, өзгеше дəстүрі бар күрделі құбылыс
ретінде əдебиеттану ғылымының тұрақты зерттеу
нысанасы болып қала бермек.
2.
​.Шəкəрім Құдайбердіұлы шығармашылық
өмірбаяны
Өлеңмен жастайынан əуестенген Шəкəрім өмір бойы өз
шығармашылығында Абай салған жолды ұстанумен өтті.
Сондықтан да Абайдың шын мəніндегі шəкірті, рухани
мұрагері болып саналады. Шəкəрім өз бетімен заманына
сай жеткілікті білім алды. Шығыс жəне Батыс əдебиетін
зейін қойып оқып, араб, парсы, түрік жəне орыс тілдерін
еркін меңгерді. Алғашқы шығармаларында жастарды
Абайдан үйренуге шақырады («Жастық шақ туралы»,
«Кəрілік», «Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық»), адам
ниетінің түзулігін, адалдықты жырға қосты («Өмір»,
«Сəнқойлар», «Құмарлық», «Қалжыңбас»), оқу-білімге
шақырып, адал сезім, таза сүйіспеншілікті жырлады.
(«Жастарға», «Анық асық əулие», «Шын сырым»).
Шəкəрім өзі өскен ортадағы ру таласы, күншілдік, тақ
таласы сияқты жағымсыз кұбылыстарға сын көзімен


карады. Бұл мəселелерді «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-
Кебек», «Айсұлу-Нартайлақ» поэмаларында, «Əділ-
Мария» романында ашып көрсете білді.1905-1906
жылдары Шəкəрім қажылыққа барады. Жолжөнекей ақын
Парижде аялдама жасайды. Стамбұлда да тоқтаған деген
жорамал бар. Осы қалалардың кітапханаларынан алған
материалдары бойынша «Түрік», қырғыз, қазақ жəне
хандар шежіресі» жəне «Мұсылмандық шарты»
еңбектерін жазды. «Лəйлə-Мəжнүн» (1907) поэмасында
Шəкəрім көпшілікке белгілі шығыстық сюжетті негіз етіп
алып, махаббат пен кұштарлықты жырға қосты. 1917
жылғы Қазан төңкерісін үлкен үмітпен қарсы алып, оған
өзінің өлеңдерін арнады. Шəкəрімнің халық арасында
беделі жоғары болғанына қармастан, «Кеңес өкіметінің
жауы» деген жалған айыппен түрмеге жабылды. Көп
ұзамай абақтыдан босап шыққанымен, 1931 жылы
сатқындардың қолынан қаза табады. Шəкəрім
Құдайбердіұлы «Үш анық» аталатын философиялық
«Мұсылмандық шарты» деген трактаттар авторы,
көптеген орыс жəне Шығыс əдебиетінің озық үлгілі
аудармалары Шəкəрім қаламынан туған. А.С.Пушкиннің
«Дубровский» жəне «Боран» повестерін өлеңге түсіріп,
Л.Н.Толстойдың Физули мен Хафиздің туындыларын
қазақша тəржімеледі. Ұлы Абайдың реалистік дəстүрін
жалғастырушы ұлы ойшыл ақын Шəкəрім
шығармашылығы өзінің кең тыныстылығымен, шыншыл
да сыншыл əуенімен ерекшеленді.Оның əдеби мұрасы сан
алуан: философия, этнография, əдет-ғұрып жəне дін
тақырыбы. Шəкəрім ғұлама ғалым əрі композитор ретінде
де танылды. Қазақ əдебиетінің бірегей классигі, ұлы
Абайдың мұраттас мұрагер шəкірті, аса ірі ақын, ойшыл
философ, тарихшы ғалым . Шəкəрімнің əкесі Құдайберді
мен ұлы ақынымыз Абай ағалы-інілі туысқан адамдар.
Шəкəрім Құдайбердіұлы — шығармалары арқылы, өз
өмір жолы мен шығармашылық қызметі туралы мол
деректер қалдырған қаламгер. Ақынның көптеген
өлеңдері, «Мұтылғанның өмірі» поэмасы, «Түрік: қырғыз-
қазақ һəм хандар шежіресі», «Үш анық» кітаптарындағы
кездесетін өмірбаяндық деректер шоғыры мен танымдар
қайнары ақын өмірі мен шығармашылығын
зерттеушілерге біраз көмегін тигізетіні анық.Ақынның
талассыз ізденістері мен қажырлы еңбектері нəтижесінде:
«Түрік, қырғыз-қазақ һəм хандар шежіресі» (Орынбор,
1911 жыл), «Мұсылмандық шарттары» (Орын-бор, 1911
жыл), «Үш анық» (Алматы «Қазақстан» 1991 жыл),
«Иманым»— өлеңмен жазылған философиялық трактат


сияқты ғылыми еңбектер, «Еңілік-Кебек», «Қалқаман-
Мамыр», «Нартайлақ пен Айсүлу», «Лəйлі-Мəжнүн»,
«Дубровский» сынды эпикалық поэмалар, көптеген
лирикалық өлеңдер, жиырма шақты əндер дүниеге келіп,
əдебиетіміз бен мəдениетіміздің алтын қорына қосылды,
халқымыздың рухани қазынаына айналды. Ғалымның
1905—1906 жылдар аралығындағы Меккеге барған қажы
сапары туралы ақын шығармаларывда аз-ды-көпті
айтылғанына карамастан ол арнайы зерттеуге тұратын
кəделі нəрсе. Шəкəрім өзінің қажы сапары туралы: «…
Мен пақыр 1905 жылдан 1906 жылға қарай қажыға
барғанда тақияны кердім»— деп жазды, Семей
облысының сол кездегі уақытша генерал-губернаторы
генерал-майор Гал-киннын 1906 жылы 8 наурыздагы дала
генерал-губернаторына жазған № 637 қатынас қағазында:
«Предсгавляя при сем четыре заграничных паспорта за 88
6411, 64, 6443 и 64 4 отобранные от возвратившихся ог
паломничества киргиз Бугулинской волости
Семипалатинского уезда, Курманкожи Кубеиова, Кутана
Джулджасарова из Чингизской волости, того же уезда
Шакарима Худайбердина и Куранчи Чокина, донопшу,
что» означенные паломники, по прибытии в пределы
своего уезда, были сквидетельствованы в состоянии
здоровья и оказались здоровыми»,— деп жазған екен.
Бүған қарағанда Шəкəрімнің қажы сапарының бары келіс
жолы жөнінде толық ақпарат беретін архивтік құжаттар
табылып калар деген сенім бар. Ал жоғарғы архив
құжатын қарап, Шəкəрім Құдайбердіүлының Меккеге
барарда алған шетелдік паспорты 6443 нөмірлі екенін
білуге болады. Шəкəрімнің Мекке бару сапарының басты
мақсаты əдеттегі қыр қазағының құдай үйіне тəу етіп,
кажы ата» ту емсесті. Өзінің дін төркіндерін зерделеу
ниетінен туған ғылыми сапар деп үғыну керек. Оған оның
қажы болып келгеннен кейінгі жазған еңбектері далел
бола алады. XX ғасырдың алғашқы жылдары Шəкəрім
шығармашылық қызметінің өрлеу жылдары болды. Ақын
1911 жылы Орынбордан екі кітабын, «Түрік, қырғыз қазақ
һəм хандар шежіресі», і(Мұсылмандық шарттарын
бастырып шығарса, 1912 жылы Семейде «Ярдем»
басласынан, «Қазақ айнасы», «Қалкаман Мамыр»,
«Жолсыз жаза» («Еңлік-Кебек»), үш бірдей кітабын
бастырып шығарды.1931 жылы қазанда аяулы ақын
жазықсыз жалаға ұшырап, жолсыз жазаға тартылып ГПУ
қызметкерлері тарапынан оққа ұшып қаза болды. Ұлы
талант, ғұлама ғалым көмүсіз, кебінсіз айдалада ұзақ
жылдар бойы іздеусіз жатты.Ақын опат болғаннан кейін,


тоталитарлық кеңес өкіметі ұзақ жылдар бойында
буржуазиялық ұлтшыл «Алаш» партиясының қызметінде
болды, коллектив-тендіру науқаныңца бай кулактармен
ниеттес болып, кеңес құрылысына қастандық жасады деп
заңсыз, дəлелсіз қаралап келді, тек 1988 жылы ақталып
Шəкəрім Құдайбердіұлы халқымен қайта табысты.
3.
​Мəшһүр Жүсіптің «Шайтанның саудасы»
туындысын əдеби талдау
Сөз қылып жаза бердім жоқтан-бардан,
Далаға от жақтырдым қалап қардан.
Бір нақыл, жұртқа таңсық жəдігер сөз
Хазірет Ғайса рухолла пайғамбардан.
Бос сөзді ауызға алып айтпаймыз біз,
Ынсапты шын құлақпен тыңдаңыз сіз.
Базарға жұрт жиылған келе жатқан
Лағынға жол үстінде ұшырапты кез. Мəшһүр Жүсіптің
шығармаларынан ұзақ жылдар бойы қол үзіп біршама
жеткен жетпеген шығармаларына қанағат тұтып содан нəр
іздеп оқу барысында осы Шайтанның саудасы шығармасы
бірден көзге түсіп,көңілге ой саларлық
шығарма.Шығарманың бастапқы шумағынан ақ біз бұл
шығарманың адамгершілік пен ар ұят ынсап жайлы
екенін бірден ұғамыз.Шайтанның саудасы деп
аталғанымен онда адамның жағымсыз қасиеттерін
сарказммен көрсеткісі келген сияқты.Мəшһүр шайтанды
Лағын деп атайды.Пайғамбар сауда жасауға шыққан
шайттанның сатпақ болған заттарын ешкім алмайтынын
айтуы арқылы пайғамбардың жүрегінің тазалығын
танытады.
Он қашыр, бес есекке жүгін артып.
-Жаныңа шын сөйлесең пайда,-дейді,-
Дінің қатты, құр тілің майда,-дейді.
Сұрады тақсыр Ғайса тұра қалып:
-Барасың,-Лағынға айтты,-қайда?-дейді.
-Сен шықтың тура жолдан асып,-дейді,-
Біздерге жол қисығы нəсіп,-дейді.-
Жалпақ жұрт бара жатқан ду базарға
Барамын мен де қыла кəсіп,-дейді.


10 қашыр 5 есекке жүк артып алған лағындың жүгінде
бірінде-өтірік,бірінде –күншілдік,бірінде-қастық,айла
озбырлық ,зорлық ұрлық,зұлымдық болады.Пайғамбар
бұларың ішерге ас,киерге киім емес кім алады деп сұрақ
қояды бірақ артынша шайтанның заттарын би,болыс,бай
ишан бір сəтте қағып кеткенін көреді.Мəшһүрдің бұл
мысал өлеңі сол кезеңдегі саяси тəртіп,ақшаның үстемдік
құрған заманын сынайтын шығарма.Ақынның осындай
халыққа танымал мотивтерді мысал жанры арқылы
жеткізуінде мəн бар.Мысал жанры ежелден халыққа етене
жақын əрі таныс дүние болғандықтан ғибрат айтып
,дұрыстыққа шақырудың ең бір оңтайлы амалы еді.
14 билет
1.
​Діни ағартушылық ағым: зерттелуі, өкілдері,
тақырыптық-жанрлық ерекшеліктері, ағартушылық
идеясы
Қазақ əдебиеті тарихында діни-ағартушылық ағымның
ұзақ уақыт бойы ашылмай келгені туралы көрнекті ғалым
Т.Кəкішовтің:«…бізде ұлтшыл, алашшыл атаулыдан
кейінгі үлкен айып діншілдік қой.
бисмилə деп сөз бастаған, Алланы ауызға алған басқа
ақын-жыраулар, жыршыларды клерикал, діншіл деп
айтыптаудан алдымызға жан салмай келеміз», – [1.174]
деген сөзін ескерсек, əдебиетімізде діни ағымдар туралы,
олардың өкілдері туралы Тəуелсіздігімізге дейін
айтылмағаны белгілі. Оның басты себебі: Ресейдің
отаршыл саясаты екенін жақсы білеміз. Осындай тарихи
жағдайларды негізге ала отырып, ХІХ ғасырдың аяғы мен
ХХ ғасырдың басындағы саяси-əлеуметтік жағдай мен
əдебиетті байланыстыра отырып, зерттеу обьектсі ретінде
Т.Ізтілеуов, Базар Оңдасұлы, Сейтжан ақын, Қаңлы
Жүсіп, Қарасақал Ерімбет т.б. ХІХ ғасырдың аяғы мен
ХХ ғасырдың басында өмір сүрген ақындар
шығармаларын арнайы ғылыми-теориялық негізде
қарастырамыз. Бұрын зерттеу нысанына айналмаған
мəселелерге жүйелі түрде ғылыми баға беріледі.
Адамзаттың қазіргі биігінен көз салсақ, тарих көшінің бет
алысын түзеп, əлемге ұлы өзгеріс енгізген ірі құбылыс-
тарға куə боламыз. Соның бірі де, Ислам діні екені сөзсіз.
Бақытқа бастаймыз деп ұрандатқан күллі-бірегейі де
идеологиялардың тоқырауға ұшырауы жаңа ізденістерге
жол ашып, жыл өткен сайын Ислам дінінің əлемді баурап
бара жатқаны баршамызға аян. Бүгінгідей жаһандану
ғасырында мəдени-рухани фактор ретінде Ислам дінінің
маңызы неліктен еселеп артуда? Ол адамзатқа не берді?


Дамуға қандай үлес қосты? Құндылықтары не?
19 ғасырдың аяғымен 20ғасырдың юасында қазақ
əдебиетінде жалпы қазақ қоғамындағы жетекші наным-
сенім бағыты Ислам діні болды.. 19 ғасырдың аяғы мен 20
ғасырдың басындағы ислам діні жөнінде Жұмажанова
Фарида Тоқанқызы өзінің қазақ əдебиетіндегі шариғат
негіздерінің көрінісі атты кандидаттық диссертациясында
былай деді:Дін адамдарды қиын кезеңде төмен
түсірмейтін ,қажырлығын жоғалттырмайтын болашаққа
деген үмітін үздірмейтін сүйеу болып табылады.Бұл
сүйеніш сезімі дəуірдің шешуші сəттерінде заң əдет
қоғамдағы құндылықтар өмір шарттары жанұя денсаулық
күнделікті өмір қиыншылықтарында күйреген сəттерде
адамдарға өте қажет.Өкінішке орай адамзат тарихында
бұндай кезеңдерөте көп.Ал,19 ғасыр соңы мен 21 ғасыр
басындағы оқиғалар бұндай көңіл күйдің пайда болуына
жаңа серпіліс береді.Бұдан индивидтің қоғамдық жеке
өмірінде көрініс табатын діншілдіктің жаңа белгілері
шықты.Бұл ретте жазушының сана сезімін діни
əдебиеттерді жазуға талпынып қана қоймайды сондай ақ
оқырмандар да діни шығармаларды қабылдауға дайын
тұрғанын айту керек.
Діни-ағартушы бағыттағы ақын-жазушылар негізінен діни
білім алып, шығыстық өркениетті мұрат тұтқандықтан
замана сыры, қоғамдық-əлеуметтік өзгерістерге сол
көзқарас тұрғысынан қарайды. Сондықтан да, олардың
көпшілігі батыстық үрдістен өріс алған Ресейдегі
қоғамдық өзгерістердің шынайы себебін, олардың сан
қырлы сыр-сипатын нақты ажырата алмағанын ашық айту
керек. Бұлардың шығармашылығында ел қамын ойлаған
тынышсыздану, халықты қайтсем түзу жолға салам деген
қиналыс бары рас, бірақ бұл тығырықтан шығар нақты
жолды олар көрсетіп бере алмады.
Шығармашылық тұрғыдан алғанда бұл бағыттағы
ақындар өздері нəр алған шығыстың озық үлгілі
əдебиетінен үйреніп қана қоймай, шығыс шайырларының
көрнекті шығармаларының бірсыпырасын қазақ тіліне
аударды. Шығыс сюжетіндегі тақырыптарға өздері де
өлең шығарып, нəзирашылдық дəстүрді дамыта түсті.
Шығыстың классикалық əдебиетінің қазақ сахарасына
кеңінен таралуына ең игілікті еңбек еткен осы бағыттағы
ақын-жазушылар. Діни-ағартушы ақындар
шығармашылығына негіз болған қазақ поэзиясының арғы
арналарындағы Ахмет Яссауи, Рабғузи, Ахмет Игүнеки
т.б. шығармашылықтары мен əдебиеттегі діни сарындар.
Жалпы алғанда, діни-ағартушы ақындар өз дəрежесінде


қазақ поэзиясының көркемдік деңгейін биікке көтерді. ХХ
ғасыр басындағы поэзияның жанрлық тұрғыдан баюына
елеулі үлес қосты.
Діни-ағартушы бағытта шығармашылық мүмкіндіктері
əртүрлі ақындар еңбек етті. Бірақ шығармасының
мазмұны, түрі əрқилы, идеялық көзқарастары сан алуан,
шеберлік деңгейі түрліше болғанымен, бұл бағыттағы
ақындарға тəн бірнеше басты белгілер бар. Бірінші белгісі
– бұлар – діни мектептерде оқып мұсылманша білім алған
ақын-жазушылар. Олардың орыс оқуымен, орыс
жазушыларының шығармаларымен атүсті ғана таныстығы
болды. Екіншіден, бұлар – шығыс əдебиетін, оның түрлі
əдеби мектептерін жетік біліп, озық үлгілі дəстүрін,
көркемдік тəсілдерін өз бойына үйір етіп, өз
шығармаларын сол деңгейде жазуға талпынғандар.
Үшіншіден, бұлардың көпшілігі ірі медреселерде білім
алып, Ташкент, Бұқара, Қазан, Стамбул сияқты діни
орталықтарда болып, ислами əдебиеттің классикалық
үлгілерімен танысып, діни ілімнің қыр-сырын
меңгергендер. Бұл бағыттағы ақын-жазушылардың
кейбірі Шəді Жəңгіров, Ақылбек Сабалұлы, Жүсіпбек
Шайхысламұлы, Шораяқтың Омары, Мəулекей Жұмашев
жəне т.б. бірыңғай қиссашылдықпен айналысып, шығыс,
ислам сюжеттеріне шығарма жазып, нəзирашылдықты
дамытты. Олардың шығыс сюжетінен, діни кітаптардан
аударып, өз бетінше жазған шығарма-дастандарын
мынадай топтарға бөлуге болады. Діни тақырыптағы
қиссалар: «Зарқұм», « Кербаланың шөлінде», «Сал-Сал»,
«Мұхамед-Ханафия», «Сүлеймен пайғамбар», «Жұм-
Жұма» т.б. Қиял-ғажайып ертегі іспетті қиссалар:
«Шəкір-Шəкірат», «Шаһмарал», «Абушахма» т.б.
Ғашықтық қиссалар: «Жүсіп-Зылиқа», «Таһир-Зухра»,
«Лəйлі-Мəжнүн», «Боз жігіт» т.б. Батырлық қиссалар:
«Рүстем-Дастан», «Кескен бас», «Ескендір», «Қисса
Баһрам» т.б.
Шығыстық үлгідегі қисса-дастандарды көбірек жазу
арқылы қалыптасқан өзгеше əдеби дəстүр қазақ даласына
кеңінен қанат жайды. Ол Алатауда да, Атырауда да, Сырда
да, Жетісуда да өз жемісін беріп, небір майталман
жүйріктерді еліктірген. Ал бұл бағыттағы көрнекті
өкілдер діни ағарту тұрғысынан ұлттық поэзиямыздың
өресін биікке көтеріп, əдебиет тарихында өзіне ғана тəн
ақындық қолтаңбасын қалдырған өнерпаздар.


2.
​Мəшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармашылық
өмірбаяны
Мəшһүр-Жүсіп Көпейұлы (1858—1931, Павлодар
облысы, Баянауыл ауданында туған) — ұлы ойшыл,
фольклор танушы, этнограф, тарихшы, философ, қазақ
мəдениеті мен əдебиетінің белгілі тұлғасы.Мəшһүр
Мəшһүр-Жүсіп араб жəне парсы тілдерін жетік білгенімен
қоймай, көп тілді білген ғұлама.Ол өлең жазумен қатар,
ауыз əдебиеті үлгілерін жинап бастырумен де айналысты.
Шежірелер мен айтыстарды, көптеген тарихи жырларды
хатқа түсіріп, кейінгі ұрпаққа аманаттады. Сонымен бірге,
ол күллі ғұмырын қазақ халқын сауаттандыруға жұмсады
десек те болады. ҚАЗАҚТЫН ЖЕРІ, “Күн батысы –
Сырдария, күншығысы – ұзын аққан Ертіс, оңтүстігі –
Жетісу өзені, солтүстігі – Еділ, Жайық. Бұл қазақ иесіз
жатқан жерге келіп ие болған жоқ, ақ найзаның ұшымен,
ақ білектің күшімен кеше Қаракерей Қабанбай,
Қанжығалы Бөгенбай, қаз дауысты Қазыбек, Шақшақұлы
Жəнібек заманында жаннан кешіп, сусын орнына қызыл
қан ішіп, жаудай алысып, жаттай салысып, күні-түні
атысып, қара қанға батысып, шыбын жанын нысанаға
байлап, не маңғаз, сарбаздары жау жолында оққа ұшырап
өліп, сөйтіп алған жері еді...”Еңбектері10-15 жасынан
бастап-ақ өлең жазып, хат жазарлық болғаннан-ақ
Мəшһүр Жүсіп халық əдебиетін ел ау¬зы¬нан да, қағаз
бетінен де жинау¬мен айналысады.1887 жылы 29
жасында Мəшһүр Жүсіп Бұхара, Ташкент, Түркістан, т.б.
ша¬һарларға сапарға шығады. Ол заман¬да негізгі көлік
қатынасы түйе мен ат болғанын ескерсек, бұл
сапа¬рының өзі 2-3 жыл уақытты қамтыса керек. Мəшһүр
Жүсіп бір жыл Бұхарада тұрып оқып, білімін
толық¬тырады. Араб, пар¬сы, шағатай, түркі тілдерін
үйренеді. Өз-бек, тəжік, жəне т.б. тілдерді де біледі, əдет-
ғұрпын түсінеді. Көптеген ғылыми кітаптарды оқып,
танысады.Келесі жылы Бұхарадан қайтып,
Түр¬кістандағы атақты Қожа Ахмет Йасауи¬дің
басындағы Əмір Темір сал¬дырған көк күмбезін көреді.
Онда да бір¬сыпыра уақыт болып, бірнеше
ға¬лым¬дармен танысады. Одан əрі Сыр өңі¬рін
аралайды. Май¬лықожамен жолы¬ғады, жеті ата¬сы¬нан
бері ақын¬дық үзіл¬меген дуана қожа Көшек, Кү¬дері
қожа тұқым¬дарымен та¬ны¬сады. Одан кейін Шу мен
Сырдан өтіп, Ұлы¬тау мен Кіші¬т¬ауды басып, Есіл мен
Нұраны жайлап, мекен қыл¬ған жұрт¬ты арал¬ай¬ды.
Осын¬дай екінші сапа¬рына Мəшһүр Жү¬сіп 37


жасында, яғни 1895 жылдар ша¬ма¬сында шық¬са,
үшінші сапары 49 жасына (1907) сəйкес келеді.Мəшһүр
Жүсіптің үш кітабы: “Сары-ар¬қаның кімдікі екендігі”, “
Хал-ахуал”, “Тір¬ші¬лікте көп жа-сағандықтан көрген бір
тама¬шамыз” ат¬ты туын¬ды¬лары 1907 жылы Қазан
қа¬ласындағы Құ¬са¬йы¬н¬ов¬тар бас¬па¬хана¬сынан
жарық көреді. Кейіннен ол баспаханадан шық¬қан 14
қалам ие¬сінің шығар-ма¬ларын цен¬зура сот¬қа
тартады. Ішінде Мəшһүр Жүсіптің жоғарыда аталған
еңбектері де бар.Мəшһүр Жүсіп жинаған фольклор
үлгі¬лерінің басым көпшілігі – аңыз бен əңгі¬мелер.
Мұндағы аңыздар: жер-су аттары.Мəшһүр Жүсіп
Көпейұлы¬ның аңыз-əңгімелерді, тарихи əңгі¬мелерді,
шешендік сөздерді қағазға түсірумен ғана шек¬телмей,
фольклордың басқа да жанрлық түрлерін, атап айтқанда,
тұрмыс-салт жыр¬ларын, эпос, ертегі, мақал-мəтел,
ақын¬дар айтысын, т.б. жинағаны белгілі. Мəшһүр Жүсіп
Көпейұлы жинаған фоль¬клорлық үлгі¬лерге жанрлық
жағынан келетін болсақ, ел аузынан тұрмыс-салт
жырла¬рының 30-40 шақтысы топталған.Ол ел арасынан:
“Қамбар батыр”, “Ер Тарғын”, “Ер Көкше”, “Ер Са¬йын”,
“Нəрік ұлы Шора батыр”, т.б. тəрізді батырлар жырында,
“Қозы Көрпеш-Баян сұлу”, “Алтынбас-Күмісаяқ” т.т.
лиро-эпос¬тық жырларды да, сондай-ақ “Киік”, “Боз-
торғай”, “Дін үйренетұғын” тəрізді басқа шығармаларды
да жинаған. “Қозы Көрпеш-Баян сұлу”, “Ер Тарғын”
жырларын Мəшһүр Жүсіп 1866 жылы 8 жасында-ақ
Қамар хазіреттің қолжаз-басынан көшіріп алғанын
бі¬леміз. Ал “Алтынбас-Күмісаяқ”– 200 жол¬дан тұ¬рады
дей отырып, бұл жыр үлгі¬лерін жи¬наған В.Радлов
екендігін Мəшһүр Жүсіп көрсетіп кеткендігінің де куəсі
бол¬дық. Бұл үлгілерді Мəшһүр Жүсіп В.Радлов
жина¬ғынан ала отырып, олардың бəрін қол¬жаз¬баның
əр жеріне шашыратпай, бір же¬ріне ғана топтастыра
орналастырған. Сон¬дай-ақ, қолжазбалар ішінде “Сайын
батыр” жы¬рының көлемі 2000 жолдан тұрады деген де
дерек бар.Зерттеуші ел арасынан түрлі ер¬те¬гілер де
жинаған – “Еділ-Жайық”, “Көр ақ¬тар¬ған Жаманбай”, “
Баһырам патша ту-ралы”, “Есен тентек туралы”, “Ертеде
бір хан болыпты” , “ Ақтабан шұбырын¬ды, Ал¬қакөл
сұлама”, “ Еңсегей бойлы Ер Есім”, “Ала¬ша хан”, “ 7
жасар Жел¬кілдек”, “Ер Төс¬тік”, “Əз Жəнібек жəне бір
ұста”, “Екі пат¬ша”, “Əділ би”, “Сүйіндік:Олжабай батыр,
“Тама Сарыбас мерген”, т.б.Халық поэзиясы үлгілерін,
оның ішінде мақал-мəтелдерді Мəшһүр Жүсіп Көпеевтің
ерінбей ұзақ жинағаны мəлім. Фольклордың басқа


жанрларына қара¬ғанда, мақал-мəтел-дер¬ді жинаумен
ай¬налысу фольклорист-ғалымнан ұзақ уақыт пен
қажымас ізденуді, еңбектенуді қажет ететіні белгілі.
Себебі, мақал-мəтелдер дайын күйінде жеке-дара
кез¬деспейді. Оларды айтушының не ауызекі сөзінен, не
қолжазбалар ішінен, туындылар арасынан іздеп табу
арқылы қағазға түсіру керектігі аян.
3.Мəшһүр Жүсіптің «Бес парыз» өлеңіне əдеби талдау
Жігіттер, "Өнер алды - ғылым-білім" –
Деген жан, құлағың сал Ислам дінін.
Өз еркің өзіңде боп тұрған тақта,
Күн өтпей тірлікте сайра, тілім!
Өлімнің, келмес бұрын, көзде жолын,
Құдайым фазылыңа алсын момын құлын.
Бұл күнде зер танитын адам бар ма,
Білетін айтқан сөздің қадір, құнын?
Бес нəрсе бізге бұйрық бір Алладан,
Ықыласпен қылу керек білген адам.
Кетпейді күн туғанда көзі жастан,
Дүниеде бейпіл босқа күлген адам.
Исламның бес парызы: біреуі - иман,
Таппайды бұл бесеуін дүние жиған.
Ықтиқат, шын ниетпен жұмыс қылып,
Ерлерді айт Құдай үшін жанын қиған!
Аузында болсын дайым Құдай сөзі,
Таймасын қарарлықтан көңіл көзі.
"Бір!" - деп, "бар!" - деп, илану-бізге парыз,
Ғаламға он сегіз мың патша-өзі! Мəшһүрдің бұл өлеңі
тақырыбы өзі айтып тұрғандай мұсылманның бес парызы
жайлы өрбейді. Діни ағартушылық бағыттағы өлең.
Мəшһүр бұл өлеңде дін арқылы жастарды өнерді де,
білімді де таба алатынына сендіргісі келді. Ақын өлеңінде
мұсылманның бес парызын жеке жеке жіктеп, қайтсек
жұмақтық боламыз деген сұраққа жауап берген. Ол бес
парыздың жаңа қырларын пайдасын көрсетті
Екінші, намаз екен-бізге парыз,
Айтпасақ білмегенге бізге қарыз.
Нəпсіні құрбан қылып бауыздасақ,
Құдайға жетеді екен сонда ғарыз.
Бір құдайдан басқаны ойламаңдар,
Ой түбіне жетем деп, бойламаңдар.
Жалғыз қылда тұрғандай сол намазда,
Жан-жағыңа көз салып, ойнамаңдар.
Қайдағы жоқ нəрсені шайтан салар,
Жаңылып бұл намаздың көбі қалар. Намаз барысында
ешқандай бөтен ойға берілмей тек құдай жайлы ойлау


керегін айтады.
Үшінші, бізге парыз-Шаһи рамазан
Бұ дағы бір қаруың жетсе қазаң.
Ұмытпай, бір күн қастан қаза болса,
Алпыс күн кінарат, бар, осы-сазаң.
Төртінші, бізге парыз - зекет малдан.
Бұл пəле тосатұғын əр қамалдан.
Жүрмейді зекетіңе қабыл болып,
Ақсақ, соқыр, тып-типыл құйрық-жалдан.
Арық, қотыр, қыршаңқы-бəрі де бар.
Дауласып жалғыз басқа шалатын шар.
Алдыңа даугер болып шығатұғын,
Дəл осы - пəле басы, ей, жараңдар! Діндегі парыздардың
дұрыс орындалуына баса назар аударған Мəшһүр жүсіп
көпеев барлығының аражігін ажыратып осы өлеңде
тарқатқан.
15 билет
1.
​Ағартушы демократтық бағыт: зерттелуі, өкілдері,
тақырыптық-жанрлық ерекшеліктері, ағартушылық
идеясы
XX ғасырдың бас кезінде демократтық ағартушылық
бағытта дамыған қазақ əдебиеті бір ғана белгілі кезеңнің
жемісі емес, қайта өткен ғасырда Ыбырай, Аьайлар
негізін салған прогресшіл демократиялық-ағартушылық
бағытта дамыған жаңашыл əдебиетіміздің заңды жалғасы,
жаңа кезеңдегі көрінісі болып табылады.XX ғасырдың бас
кезіндегі қазақ əдебиетінің көптеген өкілдерінің
шығармалары өз кезінде баспасөз беттерінде, əсіресе “
Айқап” журналында жарияланып немесе өз алдына жеке
кітап болып басылып шығып, жарық көріп отырды.Мысал
ретінде осы дəуір əдебиетінің көрнекті өкілдері болып
табылатын С. Торайғыров, С. Дөнентаев, С. Көбеев, Т.
Жомартбаев, М. Сералин, Ə. Тəңірбергенов, Б.Өтетілеуов,
Ə. Ғалимов шығармаларын атауға болады. Бұл аталған
ақын, жазушылардың, демократтық бағыттағы əдебиет
өкілдерінің шығармаларында XIX ғасырдағы классикалық
əдебиетімізде, əсіресе Ыбырай мен Абай творчествосы
арқылы келіп қалыптасқан жаңашыл дəстүрлер əрі қарай
дамыды.Бұл дəуірдегі демократтық-ағартушылық
бағыттағы əдебиет өкілдері өздерінің шығармаларында
қазақ тұрмысындағы ескілік қалдықтарын, патша үкіметі
мен қазақ феодалдарының халыққа, еңбек адамына істеп


отырған озбырлықістерін батыл сынады.Əйелдердің
бостандығы мен теңдігін сөз ете отырып, қалың мал
тəрізді ескі салт-сананы, қожа-молдалардың бойындағы
теріс істерді əшкереледі. Халықты еңбекке, оқу-өнерге,
мəдениетке шақырды. Олар осы тəрізді қоғамдық, тарихи
үлкен маңызы бар соны тақырыптарды кеңінен сөз ете
отырып, жаңа өмірді, əділет заманын, бақытты тұрмысты
болашақтан күтті, келер күнге зор үмітпен, сеніммен
қарады.Сөйтіп, XX ғасырдың бас кезіндегі, ұлы төңкеріс
қарсаңындағы демократтық бағыттағы əдебиетіміз сол
кезеңнің ілгерішіл сипатымен сана-сезімі ояна бастаған
халқымыздың қоғам дамуы алып келе жатқан жаңалыққа
барынша бой ұрып, еркіндікке ұмтылу талаптарымен
тығыз байланысты болады. Қазақ халқы өзін ілгері
ұмтылып іргелі, мəлениетті ел болуға, еңбекке, өнер-
білімге, ғылымға шақырған демократ жазушылардың,
ақындардың прогресшіл үніне қатты құлақ қойып,
олармен бірге келер жаңа заманды, əділдіктің туан
көтерер еркіндік заманын асыға ынтыға күтті. XX ғасыр
басындағы демократтық-ағартушылық бағытта жазған
ақын, жазушылар саны жағынан да, шығармашылық
сапасы жағынан да біршама баршылық.Ағартушылық
демократтық бағыт өкілдері. Ш.Құдайбердиев.
Шəкəрімнің бай əдеби мұрасына оның өлеңдері,
поэмалары, мысалдары, нақыл сөздері, əңгімелері, роман,
мақалалары, аудармалары жатады. Ақынның бай əдеби
мұрасында өзі өмір сүрген дəуірдің қоғамдық көріністері
із қалдырды. Оның 73 жас өмірінің 13 жылы кеңестік
дəуірде өтті. ХХ ғасырдың алғашқы кезеңінде Шəкəрім
əдеби өмірге құлшына араласты. Ұлт əдебиетінде Шоқан,
Абай, Ыбырай орнықтырған арна-дəстүрлерді
жалғастырды. Октябрь төңкерісімен келген дүбірлі
өзгерістер тұсында да Ш.Құдайбердиев өзінің
демократтық, ағартушылық көзқарасына, прогресс
жолына қызмет ету мақсатына адалдық танытты. Ақын
жастарды ғылым-білім, өнерге баулуды мұрат тұтады.
Ағартушылық, адамгершілік идеяларды уағыздады.
Шəкəрім жас ұрпаққа арнап бірнеше өлең жазды.
Жастарға сенім артты. Қоғамның өрге өрлеуі келешек
ұрпақтың қолында екенін айтты. «Қазақ айнасы»
жинағына енген «Абай марқұм өткен соң өзіме айтқан
жырларым», «Ақылшы торғай», «Қасқыр, түлкі, бөдене»,
«Талап пен ақыл» өлеңдерінде ұстанған бағытының
əлеуметтік сыншылдық, гуманистік сипаттары
аңғарылады.С.Дөнентаев. Ақын творчествосын үш
кезеңге бөлуге болады:1. 1913-1917 жылдар арасында


ақын өзінің пікірі жағынан ағартушы-демократ, əдеби
əдісі жағынан сыншыл реалист болып көрінеді. «Заман
кімдікі», «Замандастар», «Қазақтың білгендеріне»,
«Жамила қыз», «Екібаста», «Бозторғай» секілді алуан
тақырыпты өткір саяси лирикасы жазылды. 2. 1917-1924
жылдар арасы ақын творчествосының екінші кезеңін
құрайды. 1917 жылығ Ақпан төңкерісіне қуанып,
«Бостандық» сияқты өлеңдерін жазып, буржуазиялық-
демократиялық төңкерісті шын бостандық деп ұғынады.
3. 1924-1933 жылдаржағы көзқарасы – кеңестік, əдеби
əдісі – ссоциалистік реализм болып шығады.
«Ұмытылмас», «Бір жыл өтті», «Тарих таңы», «Ерікті
Айша», «Азат жетті», «Бай мен комсомол» деген өлеңдер
жазып, ескіліктің ел санасындағы сан алуан көріністерін
үлкен пафоспен жырлайды. Көптеген саяси лирика,
əңгіме, фельетондар жаза бастайды.
«Заман кімдікі?», «Менің халім», «Замандастар»,
«Қазақтың білгендеріне», «Боз торғай», «У жеген
қасқырға», «Қиялым», «Балалықты сағыну», «Үміт»,
«Талап» т.б. өлеңдерінде теңдік, бақыт, бостандық
жайындағы ойын, арманын суреттейді, жастарды оқуға,
мəдениетке, өнер-білімге үндейді. Ақындық өнер
жолында Абайдан, Тоқайдан мол үйренді. Шоқан,
Ыбырай, Абай бастаған ағартушылық бағытты нысана
етті. Ұлт-азаттық бағыт өкілдері. А. Байтұрсынұлы.
Əдеби шығармашылығындағы ерекшелігі — Ұлы Абай
соқпағына, орыс əдебиеті үлгілерін пайдалану, аударма
жасау дəстүріне мойысұнады. Хайуанатар өмірінен
алынған шығармалар арқылы əлеуметтік ойға ықпал ету
мақсатымен И.А.Крылов туындыларын аударады. «Қырық
мысал» деген атпен 1909 жылы Петербургте бастырып
шығарады. Бұларда қызықты форма, ұтымды идея, қазақ
тұрмысына жақын суреттер бар. Əр түрлі адамдар
кейпінен хабар беріп, ишара тұжырым жасайды. Патша
отаршыларының зорлық-зомбылығы, жуандардың тепкісі,
елдің азып-тозуына байланысты сарындарды жұмбақтап,
тұспалдап жеткізеді. «Қайырымды түлкі», «Ала түлкі»,
«Үлес», «Қартайған арыстан», «Өгіз бен бақа»,
«Қайыршы мен қыдыр», «Ат пен есек» мысалдарында
əлеуметтік-қоғамдық жағдайларды мегзейді.
А.Байтұрсынов аудармаларында сюжет сақталғанымен
еркіндік басым.
Заман тынысын танытатын жаңа ойлар айтады.«Маса»
(Орынбор, 1911) кітабында астар, емеурінмен берілген
ойлар ашық, анық айтылады. Ахметтін өз басынан кешкен
қиын-қыстау күндер бірталай өлеңге арқау болады. Ел


тағдыры, халық қамы, бостандық арманы – басты сарын.
«Қазақ салты», «Жиған-терген» өлеңдерінде қазақ
халқының мүшкіл халін, патша үкіметінің отаршылдық
саясатын шенейді. «Маса» кітабына енген өлеңдерде
əлеуметтік, қоғамдық ойлар, азаматтық идеялар
айтылады. «Анама хат», «Жауға түскен жан сөзі» —
қорлық-зорлыққа мойымаған, бостандық, еркіндік
жолында бəріне көнген қайратты ерлер тұлғасын
мүсіндейді. «Қырық мысал», «Маса» жинақтары – қазақ
əдебиетін жаңа тақырыптармен, идеялармен байытты.
Абайдың ақындық дəстүрі ілгері жалғасты. Байтұрсынов
дəуірінен бері талай уақыт өтті. Сонда да оның
мысалдары өз мəнін жоймақ емес. Тарихи оқиғаларды
танып-білуге ықпалы бар. Реніш пен ашу-ыза да, торығу
мен наразылық та байқалады. Дегенмен А.Байтұрсынов
поэзиясында оптимистік рух басым. Шығармалары
арқылы ағалық ақыл айтады.
2.Шəді Жəңгірұлы шығармашылық өмірбаяны
Қазақ əдебиетінде шығыс тақырыбына барған ақындарды
“қиссашыл ақындар” немесе “кітаби ақындар” десе, кейде
“нəзирагөйлік” деп те атайды.Сондай “кітаби ақындарды”
бірі – Шəді Жəңгірұлы. Өз ортасында Шəді төре атымен
белгілі болған ақынның əкесінің аты бірде Жəңгір болып
берілсе, кейде Жаһангир болып кездеседі. Оған себеп,
оның Орынбордан шыққан кітаптарында “Шəді
Жəңгірұлы” деп аты-жөні аталса, Қазан, Ташкент
қалаларында баспа көрген кітаптарында тіл ерекшелігіне
байланысты “Шəді Жаһангирұлы” болып көрсетілген.
Шəді есімі əдебиет сүйер қауымға таңсық есім емес.
Оның өмірі мен шығармашылығын зерттеген бірнеше
ғалымдар бар. Атап айтар болсақ, Ə.Қоңыратбаев,
Б.Кенжебаев, Р.Бердібаев, Н.Келімбетов, Ө.Күмісбаев,
У.Қалижанұлы сияқты ғалымдар ақын шығармашылығын
өз деңгейінде зерттей білді.
Шəдінің əкесі Жəңгір –атақты Абылай ханның шөбересі,
Кенесары ханның жорықтарына қатысқан. 1847 жылы
Хан кене дүниеден өткенде, оның кіші əйелі Мəуті
ханымды əмеңгерлік жолмен Жəңгір алған. Осы Мəуті
ханымнан болашақ шайыр туады.
Шəді Жəңгіров 1855 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы
Созақ ауданында қарапайым шаруаның отбасында
дүниеге келген. Он жасына жетер-жетпесте ауыл
молласынан діни сауат ашады. Имандылық жолға түскен
Шəді ақын əуелі Шаян мешітінде оқып, кейін
Шымкенттегі Абдолла Шəріп деген ғұламадан дəріс
алады. Онда ол араб, парсы тілдерін толық меңгеріп,


шығыс мұсылман шайырларының атақты
шығармаларымен жете танысады. Қылым деген түпсіз
терең теңіздің тамшысын ішкен болашақ шайыр, ілімін
одан əрі жетілдіру мақсатымен, сол кездегі барша
мұсылман баласына белгілі Бұхарадағы “Мир–араб”
медресесінде оқиды. Онда Ислам құндылықтарымен
жақыннан танысып, болашақ шығармаларына арқау
болатын діни қағидаларды жақсы меңгереді. Өмірінің
соңында “Молла” деген айып тағылып, қуғынға ұшыраған
Шəді 1933 жылдың 12 қыркүйегінде дүниеден өтеді
Əрине, Шəді ақын туралы деректер толық жиналды деп
айта алмаймыз. Əлі де ақын көзін көрген, онымен
сұхбаттас болған жандардың бар екендігі, олардың күн
санап азайып бара жатқандығы да анық. Сол себепті де
ақын туралы деректерді Созақ өлкесі мен Оңтүстік
аймақтың өзге де аудандарынан іздеген орында болған.
Олай деуімізге себеп сондай бір іс-сапарларымыздың
бірінде Оңтүстік Қазақстан облысы, Бəйдібек ауданы,
Жамбыл ауылында тұратын Шүкірулла Əбдуат
ақасақалдан Шəді ақын туралы мынадай деректер жинап
алып едік. Сол мəліметті келтіре кеткеніміз артықтық
етпейтін болар. Ескi көздерден қалғандар үшiн Шəдiтөре
Жəңгiрұлын таныстыру артық. Оны ендi аз да болса жаңа
ұрпақта тани бастады. 1930 — шы жылдары қатаған
заманда Шəдi төре елден туған жерден бас сауғалап
қашып, Өзбекстанда көп босқын қазақтың бiрi болып
жүрiп дүниден өткен ескерусiз қалған қазақтың бiрi.
3.Спандияр Көбеевтің «Қалың мал» романы: тақырыбы,
идеясы, мазмұны, кейіпкерлер
С.Көбеевтің 1913 жылы Қазанда жарық көретін “Қалың
мал” романы көпшілікке жақсы таныс шығармалардың
бірі. Ол орта, арнаулы, жоғары оқу орындарына арналған
оқу құралдарының бəрінде жүйелі түрде сөз болады.
Хрестоматияға енген.
Алайда романға арналған талдаулардағы басты назар бай-
кедей арасындағы таптық тартыстарда болғандықтан,
негізінен осы романның 1934 жылы екінші рет түзетіліп
басылған нұсқасы ғана сөз болған. Алғашқы нұсқа бірен-
саран зерттеушілер еңбектерінде ғана кездеседі. Ал
олардың арасында айтарлықтай айырма бар.
Екінші басылымда С.Көбеев ресми идеология ыңғайына
орай біраз түзетулер жасады. Алайда, романның көркем
мазмұны сол қалпында сақталғандықтан соңғы түзетулер
қаламгер күткен нəтиже берген жоқ, қайта көркем


жүйедегі қайшылықтарды туғызды. Өйткені, роман
жазылып, жарияланған 1911-1913 жылдар мен түзетілген
1933-34 жылдардағы қоғамдық ахуалы өзге еді.
С.Көбеевтің “Қалың мал” роман бізге қазақ романы
құрылымындағы əлеуметтік мазмұн қызметін ашуға
көмек береді. Біріншіден, онда С.Көбеев тəрізді қазақтың
ағартушылық-демократтық бағыттағы жазушыларының
роман тəрізді көлемді прозалық шығарма келу жолы,
мақсаты бар. Ол туралы қаламгер былай деп жазады:
“Надандыққа, феодалдыққа ескішіл, өрескел сорақы
салтқа қарсы күрес жүргізудің бірден бір жолы халықты
ағарту, балаларды оқыту, халықты сауаттандыру деп, оны
мəдениет сатысына аяқ бастыру деп ұғушылардың бірі
мен едім. Бірақ сегіз-тоғыз жыл оқытушы болғаннан кейін
феодалдық салтпен күресу үшін тек бір ғана балаларды
оқыту жеткіліксіз екеніне əбден көзім жетті. Бұл күресте
санаға күштірек əсер ететін басқа да құралдар керек
сияқты көрінеді. Іздене келе, мен осы мақсатқа жету
жолында ағартушыға ыңғайлы күрес құралының бірі –
көркем əдебиет екен деген ой түйдім.
... Мен осы ойымды жүзеге асыру мақсатымен 1911
жылдан бастап “Қалың мал” романын жазуға кірістім.
Романды себеп болған негізгі ойдың бірі – роман сияқты
қазақ тілінде елдің тұрмыс жағдайынан алынып, көркем
шығармалар жазылса, олар халық арасына неғұрлым көп
тараса, ескіліктің, феодалдық əдет-ғұрыптың тамырына
балта шабылар еді, еңбекші елдің санасы оянып,
мəдениетке талпынар еді деген қорытындыдан туды”.
Қаламгер алдына қойған салмақты, келелі əлеуметтік осы
мақсат шығарманың, мазмұны ғана емес, көркем
құрылымына, поэтикасына əсер еткен.
Романның 1913 жылы Қазанда басылған вариантына
тоқталуына жəне оның алғашқы жəне кейінгі
басылымдары арасындағы айырма көркем жүйедегі
əлеуметтік мазмұн ролін анық көрсетеді.
С.Көбеев революциядан бұрын жазылған романына 30-
жылдары қайта оралғанда негізгі объектісіне жаңа
көзқараспен келген. Сөйтіп, бүгінгі оқырманға жақсы
таныс “Қалың мал” романындағы қақтығыс, елге тізесін
батырып отырған озбыр бай – Тұрлығұл мен кедей тобы
Медеу ауылы арасындағы таптық тартыс пайда болған.


Контрасты стильде баяндалатын бұл қақтығыс 1913
жылғы “Қалың мал” романында өте солғын, онда бай-
болыстармен, билердің момын елге істеп отырған
қиянаттары ағартушылық-демократтық көзқараста ғана
айтылады.
Тұрлығұлға Ғайша жайын айтып, Байғазы мен
Құрымбайлар келетін уақиғаны еске түсірейік:
“Бұл келген, сол елдің: Байғазы, Құрымбай деген
ақсақалдары еді, өздері жəне де бетіне жан келмейтін
билер.
Елден шыққалы бір жетідей болып еді, ауылнай жағына
барып келеміз. Сиязден, халық ішінде бір-біріне ауысқан-
түйіскен бар, тоқты-тұрымдай жанжалдары бар
сондайларды бітіріп, елде мұндай дау көп болар ма, халық
бұзылып біткен ғой, Құрекеңнің пышағы май үстінде,
қалтасы да толған шығар, деп Байғазы көзін қысып
қалжыңдады. Құрымбай қасқырды қойға тимес деп ешкім
айтпас деп қарқ-қарқ күлді”.
Олар осы келгенде Ғайшаның ғана емес, Есмұраттың
келінінің деп тағдырын саудаға салып, Оны Жиенбайға
ақшаға алып бермек болып уəделеседі.
Бұлардың осы қалжыңдары мен сөздеріне қарағанда
айтқандары болмай қалмайтын тəрізді. Бірақ ел ішінде
олардың жолсыздығына қарсылық көбейіп келеді. 1913
жылғы басылымда осы қарсылық көріністері өте əлсіз,
солғын болса, кейінгі басылымда негізгі желіге айналған.
Тұрлығұлдың үйінен Ғайшаны алып қашқаннан кейін
оның артынан қуып барған Əбіш пен Байғазы пара беріп,
сол елдің болыс билерін көндіргендей болса да, олар “
қалың қараның” қарсылығынан жақсанып, Ғайшаны
қайтара алмайды.
“Бұл ыңғайды көргесін кіли қара халық Қожаш жағына
шығып, Ғайшаны бермеуге айналды, - деп жазады
С.Көбеев, - Біздің елдің де, пəленше түгеншелердің де
жесірлері кеткен деп, бұл қалыппен бес-алты күн
тартысып көріп, істің аяғы зорайып бара жатқансын, есек
дəмелі болып жүрген би, болыстар ақылына түсіп
оңашада мəслихат етістілер: қой, былтырғы астан жаңа
бір аллалап есімізді жиып отырғанда, тағы да кісі өлімі


өлімі болып, айдаладағы біреудің қатыны үшін он, бес
сом аламыз деп басымыз кетер деп тоқтастылар”.
Үзіндіде би-болыстарға автордың көзқарасы айқын.
Олардың жаңа заманды, заңды сезуі, халықтан қорқа
бастауы аңғарылады.
Ел ішінде олардың жүгенсіздігі мен əділетсіздігіне,
жастарды бақытсыздыққа ұшыратушы көне салтқа деген
қарсылық пісіп, жетіліп келеді. Ал Қожаштың Тұрлығұлға
теңдік бермей кетуі, осы əлеуметтік жағдайдың да жемісі.
Бұған қосымша романдағы кейбір əлеуметтік жағдайды да
есепке алу керек. Романның, əсіресе, 1913 жылғы
нұсқасында Тұрлығұл елге-зорлық жасап, қаталдық
көрсететін ызғарлы байдан гөрі, бəйбішесінің өліміне
қатты қайғырған дəрменсіз шал. Сондықтан да Ғайшаға
жаны ашып, көмектесуші жастар Əлкен, Бірке, Жүніс,
Серғазылар оның əрекетсіздігін біліп, Қожашқа Ғайшаны
Көкшетауға алып қаш деп кеңес береді. “Сонау
Көкшетауға артынан іздеп кім барар дейсің. Еліңе бір
жеткесін заңмен, болмаса қолмен бұл (Ғайша. –З.Б.)
елінде қалады. Тұрлығұл болса шал, Итбай болса, мынау”.
“Итбай болса мынау” дегеннің өзінен автордың оған деген
ирониясы, юморы байқалады.
Сонымен қатар, Қожаштың ағайындары да Тұрлығұлдан
қорқып отырған жоқ. “Жарайды, талабың қайырлы
болсын, мұнда аман-есен бір жетсең, Есіл елі біздің Қыр
елінен зорлағанда ғана мал алады, болмаса олда жоқ қой”.
Қарап отырсақ, Тұрлығұлдан ешкім де қорқып отырған
жоқ. Атқамінер, ақсақалдар мен би-болыстардан да
үрейленіп отырған кісі көрінбейді. Бұл сол дəуірдегі
халық көңілі мен санасындағы өзгерістердің бірін
көрсететін факті ғана.
ХХ ғасыр басында қазақ жастарының, əсіресе,
қыздарының бостандық үшін күресінің соншалықты
күшеюі де ғасырлар бойы тырп еткізбей келген салт-
сананың, би-болыс, ауылнай, атқамінерлер тобының
билігінің бұрыңғыдай шексіз болмай солқылдауында,
олардың қаулап көтеріліп келе жатқан ел наразылығынан
үрейленуінде, жоғары-төмен жалтақтауында.
“Қалың мал” романының қай басылымен алсақ та,


Тұрлығұл жастарға қарсы тегеурінді қимыл көрсететін
басты бейне емес. Кейінгі жөндеулерінде автор қосымша
детальдар мен эпизодтар арқылы оны алдыңғы лекке
шығармақ болса да, мақсатына жете алмаған.Кейінгі
басылымдарда Тұрлығұлға қосылған мінездемеге
қараңыз: “Тұрлығұл ұзын бойлы, мес қарын, түксиген
қалың қабақты, көп сөйлемейтін, жалпақ мұрын, қарсы
келген адам қаймыққандай елге зəбірлі, көршілеріне
мазақ, қатты адам еді”.Ендеше осындай мінезді адамның
жалшыларының еркін жүруін немен түсіндіруге
болады.Көркем шындықтың өзі бірімен бірі байланысып,
үндесіп жатқан бөлек əлем. Сондықтан да ондағы басты
кейіпкерлердің кейбір əрекетін өзгерту, мысалы, күшейту
арқылы оны жаңартуға болмайтыны белгілі. Ол үшін сол
характер сомдалатын басқа да компонеттерге, əсіресе
əлеуметтік мазмұнға қажетті түзеулер енгізу
керек.С.Көбеев əлгіндей жаңа мінездеме жасаған
Тұрлығұлдың əрекеттерін өзгертпей, сол алғашқы
қалпында (1913 ж. романдағы) қалдырған. Роман
басындағы шаруасын істейтін жалшылардың мал мен
үйге қарауды біржола қойып “қонақ үйге су-су шұлғау,
байпақтарын” жайып, байдың аса қадірлі аты, үлкен
торыны (1913 ж. Рисак торы) мініп алып қақпан құрып,
тышқан аулап, шілделікте жүруі қалай болар екен? Сол
тəрізді, романда Тұрлығұл үнемі Əбіштен сұрайды.
Ағайындарының оның малына қол сала бастауы қалай?
Əлгіндей мінезді, əрекет адамына бұл тəн емес.Тұрлығұл
сонша қатал-əрекет адамы болса, күйеу баласы Шалқанға
қамшы жегізіп, үйінен Ғайшаны алып кеткен Қожашқа
қарсы қалай болғанда да бір əрекет жасар еді. Тіпті солай
болғанда да Тұрлығұлдың кейінгі əрекеттері тым
жеңілдеу, автордың мінездеуіне сай емес.С.Көбеев
романының кейінгі басылымына енгізген осындай
түзетулер көптеген уақиғаларға да көлеңке түсіріп тұр.
Роман жазудағы негізгі мақсатының бірін автор былай
баяндайды: “Романды жазудағы тағы да бір ең басты
себеп болған нəрсе қазақ əйелінің қас жауы, қазақ
əйелдерін теңсіздікте, қорлық зорлықта тұтып, малға
теңеген феодалдық салтқа қарсы күрес жүргізу мақсаты
еді”.“Қалың мал” романының алғашқы нұсқасында да
автор осы мақсатын айқын жүзеге асырған. Романда түрлі
əлеуметтік топ психологиясы жақсы бейнеледі. Роман
басында Байғазы мен Құрымбай билер өз пайдалары үшін
Есмұраттың келінін саудалап жатса, 60-тағы Тұрлығұл
мал беріп өзінің қызындай Ғайшаны алмақ болады. 60-
тағы Тұрлығұл мен Ғайшаның арасындағы жас


алшақтығы олар үшін мүлде үйреншікті нəрсе, сондықтан
да оны ойлап отырған ешкім жоқ, оларды ойландыратын
басқа нəрсе. “Сіз ұнатпай ма деп Итбайға ештеңе демей
кеттік”, - дейді, Байғазы мен Қурымбай демек, Ғайшаны
Тұрлығұл ұната ма, жоқ па? Мəселе сонда. Арадағы жас
алшақтығын Тұрлығұл да ойлап отырған жоқ. “Маған
бермесе де малға береді” – деп, Ғайшаны малға алатынын
біліп отыр Бұл Тұрлығұл маңындағылардың ойы дейік.
Енді қыз əкесі Итбай мен Ғайша ауылына келейік.Əбіш
келгеннен бастап Тұрлығұл жайын бірден сезген Итбайда
ес қалмайды. “Қанша мал сұрасам екен? Əлде ақшалай
алсам ба екен” – деп тыным таппаса, оның жақын
ағайындары Амантай мен Жамантай, Қарақұлдардың
пікірін қараңыз. “Бəрі бір дауыспен, жарайды, жат
жұртыққа жаралған бала ғой, қайырлы болсын, беру
керек, ол дағы бір орын ғой, əйел баланың орны табылған
соң не керек, мал десе малы бар, бай десе бай”.60-тағы
Тұрлығұлдың Ғайшаны айттыруы олар үшін де адам
таңданатын уақиға емес, қалыпты жай. Бірақ, бұл салтқа
қарсылық та бар. Қыз шешесі Айсұлу Тұрлығұлдың атын
естіген бойда-ақ ыршып түседі. “Мен он қырық жеті
болса да баламды шалға беруге риза емеспін”.Бірке,
Əлкен, Жүністер Ғайша тілегін тілейді. Оны құтқарсаңшы
деп Қожашқа тілек білдіреді.Ғайшаның шілдеханада
айтқан өлеңін естіп, қыздар жылап алса, Серғазы да ойға
қалады. “...Рас, Ғайша он бесте, Тұрлығұл алпыста, əлде
одан да артық па, бір аппақ шалға барып бишара қалай
адам болады. Обал! Обал!... Ешкімге жазығы жоқ қор
қызық секілді байғұстың обалына бекер кіріскен еекм,
енді реті келсе құтылуына себепкер болсам”.Серғазының
Қожан Ғайшаға уақиғасына араласып, оларға тілекші
болуының негізгі сыры осы.Сол тəрізді Итбайды білетін
көпшілік те Ғайшаның жайын естігесін “бүйтіп алған
малы құрысын” – дейді.Кейінгі басылымдарда Əлкен,
Бірке, Жүніс бастаған топ Қожаш – Ғайшаға оқиғасын
тізесін батырған Тұрлығұлдан кек алатын кез ретін,
өздерінің таптық мүдделеріне қатысты қарайды. Ал 13-ші
жылғыда олар құрбыларын аяйды. Реті болса оған
көмекке баруға даяр екенін айтады. Бірі – Ғайшаны
Қомашқа алып қашсаңшы десе, екіншісі Ғайшаны
құтқаратын адамға 50 теңге беруге даяр екенін
білдіреді.Бірақ ел адамдары қаншама Ғайшаны аяса да,
көңіл білдіруден аса алмайды. Əрекетке көшетін пəрменді
қарсылық жоқ. Əлеуметтік шындық осы.С.Көбеевтің “
Қалың мал” романының 1934 жылғы Екінші басылымда
шығарма көркемдік жүйесіндегі əлеуметтік мазмұн


өзгертіледі. Тұрлығұл момын байдан елді ықтырған ірі
феодалға айналады. Сондықтан да оқырман роман
мазмұндағы сəйкессіздікті бірден сезінеді. Көркем
шығарманы келесі басылымда өңдеуде көркемдік
жүйедегі əлеуметтік мазмұн əуендеріне абай болу керек.
Қоғамдық қатынастарда пайда болған жаңалық, жаңа
сана, əрекет, мінез-құлқы, түрлі əлеуметтік күштер
көзқарасы, қарым-қатынасы тиісті деңгейге көркем
мазмұнда көрініс табады. Бұл ескерілмеген немесе
өзгертілген жағдайда роман көркем мазмұнындағы
үндестік бұзылады. “Қалың мал” романындағы көркем
шындық осыны көрсетіп отыр.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет