Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссисы тарапынан мақұлданған



Pdf көрінісі
бет54/65
Дата23.01.2023
өлшемі0,67 Mb.
#62449
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   65
Байланысты:
күнделікті іс-әрекеттері

"ХИКМЕТ"
баспа 
үйі
97



"ХИКМЕТ"
баспа 
үйі
"ХИКМЕТ"
баспа 
үйі
қараған және де құл мен күңдерге, балаларға және 
қарттар мен тіршілік иелеріне мейіріммен қарауды әмір 
еткен. Оның мейірімі дұшпандарын да қамтыған е д і . 
Ұхұд соғысында өзі жаралы, көкесі бөлшек-бөлшек бо-
лып, көмекшілері өліп, тас-талқан болып жатқанның 
өзінде жауларын қарғаудың орнына, олар үшін дұға 
оқытқан күш, міне, осы мейірімділік еді. Оны азаптап 
қуып шыққан Сакифтіктер үшін Тайф күні дұға оқытқан 
тағы да сол мейірімділік еді. Ашыққандықтарынан 
шағымданып, туыстық ақыларына құрмет көрсетуін 
талап еткендер мен кеше ғана Оны Меккеден шығарып 
ж і б е р і п , Мәдинаны қоршауға алған Құрайыштарға 
Шам мен Йеменге сауда жолдарын аштырған тағы да, 
міне сол - мейірімділік.
Хазіреті Айша (радиаллаһу анһә) айтады: Хазіреті 
Пайғамбарға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бір 
бәдәуи келіп былай дейді:
«Сен балаларды сүйесің бе? Біз сүймейміз!».
Расулұллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) былай 
жауап қатады:
«Аллаһ журегіңнен мейірімділік сезімін алған болса, 
мен саған не істей аламын?»
159
Оның жүрегі мейірімге толып таситын еді. Оның 
мейірімі тілінде - қуанышты хабар, көздерінде - жас
қолында - жақсылық болып көрініс тапқан. Осылайша 
мейірімділік пен жақсылықтың және игіліктің көсемі 
еді.
159. Бұхари, Әдеп, 18; Мүслим, Фадайл, 64


98



"ХИКМЕТ"
баспа 
үйі
"ХИКМЕТ"
баспа 
үйі
11. Әділеттілігі мен ынсаптылығы
Дүниеден бас тартқан бір адам үшін әділеттілік 
және ынсаптылық өте жеңіл іс болып саналады. 
Алайда халықтың мұң-мұқтажын жоқтап жүретін 
Расулұллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) секілді, 
бір-бірлерін ата жауларындай көретін қауымдар ара-
сында өмір сүретін және сондай қауымдарды та-
туластыру жолдарын қарастырып жүретін бір адам 
үшін адалдық пен шындық тізгінін ұстап жүру - өте ауыр 
бір іс. Расулұллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бүкіл 
қиындықтарға қарамастан адалдық пен шындықтан 
ешқашан айырылмастан, адамдарды хаққа шақыруын 
тоқтатпаған.
Бірде Махзуми тайпасынан бір әйел ұрлық жасай-
ды. Ал Құрайыштар үлкен жанұядан шыққан сол 
әйелдің жазаға тартылмауын қалап, осы іс бойынша 
Пайғамбарымызға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
асыранды баласы Зәйдтің (радиаллаһу анһу) ұлы 
Хазіреті Ұсаманы араға салады. Сонда Расулұллаһтың 
түсі бұзылып былай дейді:
«Осы секілді өз жақтарына ара түсіп, бай- шонжар-
ларды жазаға тартпай, кедейлерді ең ауыр жазаға 
тартқандары үшін Исрайлұлдары (Еврейлер) құрыды 
(лағынетті қауым болды). Қызым Фатима да ұрлық 
жасаса, оның да қолын кесіп тастар едім».
160
Хайбар яһудилерінің жерлері басып алынғаннан 
к е й і н , сол жерлер Ислам әскерлеріне үлестіріліп 
160. Бұхари, Хадид, 11.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет