Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011


Кӛпжолдық мәтін (Многострочный текст)



Pdf көрінісі
бет38/108
Дата23.01.2023
өлшемі8,5 Mb.
#62523
түріОқулық
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   108
Байланысты:
nurmahanov-komp-grafika

Кӛпжолдық мәтін (Многострочный текст) 
Mtext - кӛпжолдық мәтінді жазу командасы. Бұл MText командасы құлама 
мәзірдің Рисование бӛлімінен немесе аспаптар панелінің пиктограммасын 
тышқанмен шерту арқылы шақырылады. 
Ұзақ күрделі жазулар кӛпжолдық мәтін ретінде жазылады. Мұндай мәтін 
абзацтың берілген еніне шақталып жазылады, оны керекті жерге дейін созуға да 
болады. Кӛпжолдық мәтінде жеке сӛздер мен символдарды ӛзгертуге, 
форматтауға болады. 
Кӛпжолдық мәтін мәтін жолдары мен абзацтардан тұрады. Жолдардың саны 
шектелмейді. Кӛпжолдық мәтін түгелімен бір объект ретінде есептеледі, оны 
жылжытуға, бұруға, жоюға, кӛшірмесін жасауға, айналық кескінін жасауға, созуға 
және масштабын ӛзгертуге болады. 
Кӛпжолдық мәтінді редакциялау мүмкіндігі бір жолдық мәтіндікінен 
анағұрлым кӛп. Мысалы, кӛпжолдық мәтін үшін жеке сӛздердің, сӛйлемдердің 
астын немесе үстін сызып қоюға болады, ӛздеріне тән қарыпты, түсін және 
биіктігін белгілеуге болады. 
 
 


50 
2.2 Күрделі примитивтер. Жазық примитивтер 
Күрделі примитивтер жазық және кеңістік болады. Жазық примитивтерге 
келесілер жатады: 
Полисызық
Мультисызық 
Сызықшалау (Штриховка) 
Ӛлшемдер 
Растрлық кескіндер 
 
2.2.1 Полисызық (Полилиния - PLINE) 
Полисызық - кесінділер мен доғалар сегменттерінен тұратын үздіксіз сызық, 
ол жүйемен тұтас объект ретінде қабылданады.
Полисызықты сызу үшін қажетті команданы Рисование құлама мәзірінен
Полилиния пунктін таңдап немесе аспаптар тақтасынан пиктограммасын басу 
арқылы шақыруға болады. Кесінділерден тұратын полисызықтың мысалы 2.29-
суретте кӛрсетілген. 
Команданың бірінші сұрауы: 
Specify start point: 
(Начальная точка:) 
Бастапқы нүктені (1) енгізгеннен 
кейін компьютердің келесі сұрауы 
болады: 
Specify 
next 
point 
or 
[Arc/Close/Halfwidth/Length/Undo/Wi
dth]: 
(Следующая точка или
[Дуга/Замкнуть/Полуширина/Длина/ Отменить/Ширина]:) 
Енді курсормен сынық сызықтың тӛбелері болып табылатын нүктелерді 
ретімен (2-5) белгілеп ӛту керек.
Нүктелерді белгілеуден бӛлек, келесі опцияларды таңдауға болады: 
• Arc (Дуга) – полисызықтың доғалық сегменттерді сызу режиміне ӛту; 
• Close (Замкнуть) – полисызықты тұйықтайтын кесіндіні сызу (сонымен бірге
PLINE (ПЛИНИЯ) командасы аяқталады); 
• Halfwidth (Полуширина) – сызықтың енін беру, жарты енін енгізу арқылы 
(мысалы, сызықтың ені 10 болу керек болса, оның жарты ені 5 болып енгізіледі); 
• Length (длина) – алдындағы бӛліктің жалғасы болып келетін сегментті салу, 
ұзындықты санмен немесе нүктемен енгізуге болады; 
• Undo (Отменить) – PLINE (ПЛИНИЯ) командасының соңғы операциясын 
қайтару; 
• Width (Ширина) – полисызықтың кезекті сегментінің енін енгізу (сегменттің 
басындағы ені оның аяғындағы енімен бірдей болмауы мүмкін); полисызықтың 
ені оның осінің екі жағына бірдей бӛлініп сызылады. 
Доғаларды сызу режиміне ӛткенде AutoCAD ұсынады: 
Specify endpoint of arc or 
[Angle/CEnter/CLose/Direction/Halfwidth/Line/Radius/Secondpt/Undo/Width/: 
2.29-сурет 


51 
(Конечная точка дуги или 
[Угол/Центр/Замкнутъ/Направление/Полуширина/Линейный/Радиус/Вторая 
/Отменить/Ширина]:) 
Соңғы нүктені кӛрсеткеннен кейін AutoCAD жүйесі доғалық сегментті сыза 
бастайды, және ол доға полисызықтың соңғы сегментіне жанама болады. Осы 
кезде келесі опцияларды таңдауға болады: 
• Angle (Угол) – доғалық сегмент үшін центрлік бұрыштың шамасы; 
• CEnter (Центр) – доғалық сегменттің центрі; 
• CLose (Замкнуть) – полисызықты доғалық сегментпен тұйықтау; 
• Direction (Направление) – доғалық сегментті сызу үшін жанама бағыты; 
• Halfwidth (Полуширина) – келесі сегменттің жарты ені; 
• Line (Линейный) – түзу сызықты сегменттерді сызу режиміне ӛту; 
• Radius (Радиус) – доғалық сегменттің радиусы; 
• Second pt (Вторая) – доғалық сегментті үш нүкте арқылы салу үшін екінші 
нүктені енгізу; 
• Undo (Отменить) – PLINE (ПЛИНИЯ) командасының соңғы операциясын 
қайтару; 
• Width (Ширина) – келесі сегменттің ені. 
Доғалық сегменттерді салу тәсілдері СARC (ДУГА) командасымен доға салу 
тәсілдеріндей. Кез келген уақытта түзу сызықты сегменттерді сызу режимінен 
доғалық сегменттерді сызу режиміне ӛтуге болады немесе керісінше доғалық 
сегменттерді сызу режимінен түзу сызықты сегменттерді сызу режиміне ӛтуге 
болады. Сонымен қатар кез келген уақытта полисызықтың келесі сегменті үшін 
ені немесе жарты енін беруге болады. 
Сегменттерінің 
ені 
әртүрлі 
болып 
келетін 
полисызықтың мысалы 2.30-суретте кӛрсетілген.
Полисызықтың жәй примитивтермен салыстырғанда 
бірнеше ерекшеліктері бар: 
• полисызық біртұтас объект болып табылады, бұл оны 
редакциялау үшін қолайлы 
• полисызық жуан сызықтарды сызу үшін ӛте ыңғайлы; 
• полисызық сегменттерінің енін ӛзгерту мүмкіндігін 
әртүрлі графикалық элементтерді сызу үшін қолдануға 
болады (мысалы, стрелкаларды салу және т.б.). 
Полисызық күрделі объект болып табылады. Алайда оны кез келген уақытта 
кесінділер мен доғалар тобына түрлендіруге болады. Бұны EXPLODE 
(РАСЧЛЕНИТЬ) командасы орындайды. Бұл команданы Редактирование құлама 
мәзірінен немесе аспаптар панеліндегі
батырмасын басу арқылы шақыруға 
болады. Полисызықты бӛлшектеген кезде оның ені туралы ақпарат жойылады, 
ӛйткені кесінділер мен доғалардың ені болмайды. 2.31-суретте полисызықтың 
бүтін кезіндегі және бӛлшектелген кездегі (оң жағында) кескіні кӛрсетілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   108




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет