Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011


Формат бӛліміне кіріп Қабат (Слой)



Pdf көрінісі
бет93/108
Дата23.01.2023
өлшемі8,5 Mb.
#62523
түріОқулық
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   108
Байланысты:
nurmahanov-komp-grafika

Формат бӛліміне кіріп Қабат (Слой) басамыз. Нәтижесінде келесі терезе 
шығады: 
Бұл терезенің жоғарғы жағында Жаңа қабат құру (Создать 
слой)батырмасын басамыз да қабаттың атын Контур деп, Сызық типін(Тип 
линий) Continous, Сызық қалыңдығы(Вес линий) 0,8 деп береміз. Тағы да Жаңа 
қабат құру (Создать слой) батырмасын басамыз да бұл жолы оны А4 атап, 
Сызық типін (Тип линий) Continous, Сызық қалыңдығы (Вес линий) 0,35 деп 
орнатамыз да ОК батырмасын басамыз: 
А4 қабатын ағымдағы қылып орнатамыз. Ол үшін аспаптар тақтасынан 
Қабаттар (Слои) тӛменге қарай деген бағытшаны басамыз да, сол жерден ӛзіміз 
құрған қабаттарды кӛреміз. 
1-сурет 
2 - сурет 
3 - сурет 


123 
Сол тізімнің ішіне А4-ті таңдау үшін тышқанның сол жақ батырмасын 
басамыз. 
Енді сызбаны сызбас бұрын, барлық түзулер тек горизонталь немесе 
вертикаль ғана сызылатын режимді орнатып аламыз, оны ОРТО (режимдер 
тақтасы, немесе қалып-күй қатары, AutoCAD жұмыс терезесінің тӛменгі жағында 
орналасқан) батырмасын басу арқылы орнатамыз. 
Содан кейін Кесінді (Отрезоктүзулерді сызу командасын пайдаланамыз. Бұл 
команданы келесі тәсілдер арқылы шақырса болады: меню жолынан Салу 
(Рисование)–ден 
Кесінді(Отрезок) пунктін 
таңдау арқылы, немесе 
Салу(Рисование) құрал-
саймандар тақтасының сәйкес 
пиктограмманы 
басу 
арқылы. 
Осыдан кейін командалық жолда келесідей жазу пайда болады: 
(Команда : бірінші нүкте:) яғни, компьютер түзудің бастапқы нүктесінің 
координаталарын сұрап тұр. Сұранысқа жауап ретінде 0,0 координаталарын 
енгізіп, Enter пернесін басамыз. 
4 - сурет 
6 - сурет 
5 - сурет 


124 
Бастапқы нүктесі берілгеннен кейін, командалық жолда келесі сұраныс 
шығады: 
(Келесі нүкте немесе [Болдырмау]:) яғни компьютер түзудің екінші нүктесін 
беруді сұрап тұр. Оған А4 форматының ені 210 мм деп жазамыз да тағы Enter 
пернесін басамыз. Содан кейін тышқанның кӛмегімен түзудің бағытын жоғары 
қарай деп кӛрсетіп, оған А4 форматының ұзындығын енгіземіз 297 мм де Enter 
пернесін басамыз. Осы операцияны 7-суреттегідей тік тӛртбұрыш жасалынғанша 
қайталаймыз. 
7-сурет 
Ендігі кезекте МЕСТ 2.301-68- ге сәйкес сызба алаңының рамкасын сызу 
қажет. Контур қабатын ағымдағы қылып орнатамыз да, қайта Кесінді(Отрезок
түзулерді сызу командасын таңдаймыз. Командалық жолда шыққан сұранысқа 
жауап ретінде 20,5 деп енгізіп, Enter пернесін басамыз. 
Келесі сұраныста компьютер түзудің екінші нүктесін беруді сұрайды. Оған 
сызба алаңының рамкасының ені 185 мм деп жазамыз да тағы Enter пернесін 
басамыз. Содан кейін тышқанның кӛмегімен түзудің бағытын жоғары қарай деп 
кӛрсетіп, оған сызба алаңының рамкасының ұзындығын 287 мм енгіземіз де, Enter 


125 
пернесін басамыз. Осы операцияны 8-суреттегідей тік тӛртбұрыш жасалынғанша 
қайталаймыз. 
8-cурет 
Салынған сызбаның сызықтарының қалыңдықтарын кӛру үшін


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   108




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет