Оқылатын шығарма тақырыбы Қазтуған жырау «Қазтуғанның қонысымен қоштасуы»
Оқу мақсаты 7.Б/С4. Әдеби шығарманың эстетикалық құндылығы туралы
шағын сыни шолу жазу
Бағалау критерийі Ойлау дағдыларының деңгейі Білім алушы
Шығарманың эстетикалық құндылығын анықтайды
Сыни шолу жазады
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма Шығарманың эстетикалық құндылығы неде? Берілген үзіндіні негізге ала отырып, ақынның қонысымен қоштасу себебін анықтаңыз. Ойыңызды жинақтап, сыни шолу жасаңыз. Қазтуғанның қонысымен қоштасуы Сыни шолу Ойыл да Қиыл, Жем, Сағыз,
Қайран саланың жатқан аңғары-ай,
Ақ шалмалы пірлердің
Мешітке жаққан шамдары-ай!
Менің бүйтіп қозғалақтап жүргенім
Аузы түкті кәпірдің
Күшті болған салдары-ай!
Кәпірден тендік алуға
Қайта келер деймісің
Мұсылманның баяғы
Шыңғыстан туған хандары-ай?!
Бұл қоныстан кетпесең,
Мұны талақ етпесең,
Атаңа нәлет кәпірдің
Пайдасына қалмаса игі еді
Ноғайлы, қазақ жұртымның
Кейінгі туған балдары-ай!
Дескриптор Білім алушы -
шығарманы эстетикалық құндылық тұрғысынан талдайды;
-
ақынның қонысымен қоштасу себебін анықтайды;
-
сыни шолу жасайды.
ЖОБА 23
2-тоқсан Бөлім: Толғауы тоқсан қызыл тіл Оқылатын шығарма тақырыбы Ш.Қанайұлы «Зар заман»
Оқу мақсаты 7.Т/Ж1 Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін
талдау