Оқылатын шығарма
тақырыбы Қ.Қайсенов «Жау тылындағы бала»
Оқу мақсаты
7.А/И1.Шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді
салғастыру
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Шығарма эпизодтарын талдайды
Кейіпкерлер бейнесін салыстырады
Қолдану
Тапсырма
Шығармадағы Анна Ивановнаның Серікке, ал Параска апайдың Витяға көрсеткен
қамқорлығы туралы эпизодтарды талдаңыз. Өзіндік пікіріңізді білдіріңіз.
Анна Ивановна
Параска апай
Дескриптор
Білім алушы
-
шығарма эпизодтарын байланыстырады;
-
үлкендер тарапынан балаларға жасалған қамқорлықты,
жанашырлықты талқылайды;
-
кейіпкерлер бейнесіне өз пікірін білдіреді.
ЖОБА
51
Оқылатын шығарма
тақырыбы Қ.Қайсенов «Жау тылындағы бала»
Оқу мақсаты
7.Б/С2. Әдеби жанр түрлерінің даму барысына,
жаңашылдығына заманауи тұрғыдан баға беру
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Әдеби жанр түрлерінің дамуы мен
жаңашылдығын талдайды
Әдеби жанр түрлеріне заманауи тұрғыдан баға
береді
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Қ.Қайсеновтың «Жау тылындағы бала» повесінің тақырыптық ерекшелігі туралы
пікіріңізді білдіріңіз.
«Әдебиет – халық өмірінің айнасы. Әр дәуірдің өз ойы мен өз сөзі, өз қуанышы мен өз
мұңының әдеби шығармалардан көрініс тауып жатуы – өмір талабы.» Ұлы Отан соғысы
жылдарында көрініс тапқан ерлік пен патриоттық сезімді көрсеткен шығарманың
әдебиетке қосқан үлесіне баға беріңіз.
Дескриптор
Білім алушы
-
повестің тақырыптық ерекшелігі туралы пікірін білдіреді;
-
шығармаға заманауи тұрғыдан баға береді.
ЖОБА
52
Достарыңызбен бөлісу: |