ЖОБА
62
Оқу мақсаты
7.А/И4. Шығармадағы оқиға желісін өзіндік көзқарас
тұрғысынан дамытып жазу
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Оқиға желісін дамытып жазады
Өзіндік көзқарасын білдіреді
Қолдану
Тапсырма
Өлең жолдарын қолданып, оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып
жазыңыз.
Дереккөз: http://kitap.kz/reader/bota_narinkumz
Жұлдыздай боп жанар
алдан
Ақындықта елден ерек басқа заң.
Батырлығы жоқ адамнан
Үлкен ақын шыққан емес ешқашан.
Туған елім-арман, мұңым,
Енді сені жетелейді жол қалай?
Менің бассыз қалғандығым
Сенің бассыз қалғандығың болмағай!
Иә,
шындықтың ащы даңқы,
Шындық үшін жалғыз түстім егеске.
Ақындықтың басты шарты-
Басты алса да, шындықты айту емес пе?
Өлімге сан жақын бардым,
Қорғансыз боп көрінсем де жай көзге.
Шындықты
айтқан ақындардың
Бірақ жолы болып еді қай кезде?
Дескриптор
Білім алушы
-
берілген үзіндідегі айтылған ой мақсатын түсінеді;
-
оқиға желісі бойынша өз көқарасын білдіріп жазады.
Оқылатын шығарма
тақырыбы М.Шаханов «Нарынқұм зауалы»