Салбырова макпал токтарбеккызы



Pdf көрінісі
бет47/54
Дата25.01.2023
өлшемі3,18 Mb.
#62803
түріДиссертация
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   54
Байланысты:
DISSER

Create Motion Tween (кадрлеуді орындау) бұйрығын таңдайды [163]. 
6. Нысанның түс ӛзгерісіне назар аудара отырып анимацияны 
орындайды Пішіннің ӛзгерісін кадрлеу. Пішін ӛзгерісін кадрлеу қозғалысты 
кадрлеуге ұқсас, тек қана уақыт аралығындағы нысан пішінінің ӛзгерісін 
имитациялайды. Қозғалысты кадрлеудегідей пішін ӛзгерісін кадрлеуінде 
бейненің топтастырылуы қажет болмайды, тіптен Flash бағдарламасы символ 
немесе топтың пішін ӛзгерісін орындамайды.
Жұмыс аймағында кӛрсетілген жұлдыз бейнесі топтастырылған емес, 
дәл осындай бейнені іскерлік-дағдылары қалыптасқан кез-келген маман
Pencil (қарандаш) құралымен сала алады. 
1. Shape (Форма) қабатының 20-шы кадрын кілттік ету қажет. 
2. Кескінен ерекшелеуді түсіру үшін және де оның пішінін ӛзгерту үшін 
Arrow (Стрелка) құралын қолданады. 
3. Shape қабатындағы бірінші кілттік кадрының үстінен екі рет басады.
4. Frame (Кадр) белгішесіне ауысыңыз, ашылған Tweening тізімінен 
Shape (пішін) қосынын таңдап ОК батырмасын басады. 
5. Нысан пішінінің ӛзгерісіне назар аудара оны орындайды. 
Білім алушылардың география пәніне деген қызығушылығын арттырып 
дүниетанымын қалыптастыруды «Физикалық география» тақырыбынан 
бастаған тиімді.
Дыбыстық нәтиже берілген мұндай электронды оқыту құралына талдау 
жасалып, алған білімдерін бекіту мақсатында білім алушылардың танымдық 
қызығушылықтары мен белсенділігін арттыратын тӛменде кӛрсетілген 
тапсырмаларды беу қажет. 
География сабақтарында табиғатта жүретін негізгі үрдістер мен 
құбылыстардыың түзілу заңдылықтарын білім алушыларға терең меңгертіп, 
дүниетанымдарын 
қалыптастыру 
үшін 
дыбыстық 
нәтижелермен 
кӛркемделген динамикалық және статикалық күйдегі интербелсенді оқыту 
құралдары ұзақтығы 2-3 минутқа созылатын шағын тақырыптық 
бейнекӛріністер құрып, оларға дыбыстық нәтиже беру арқылы жүзеге 
асырылды. Flash ортасына оқылуы жеңіл Java тіліне ұқсас арнайы 
бағдарламалау тілі енгізілген. Оның кӛмегімен жазылған бағдарламалық 
үлгілерді жер қабықтарында жүретін кез-келген үрдістер мен құбылыстарды 
кескіндеп аплет ретінде бейненің динамикалық ӛзгеріс болатын 
анимацияның қажетті кадрына қою арқылы жүзеге асырылады. «Macromedia 
Flash» технологиясының тетіктері қарапайым: жалпы жағдайда ӛңдеушімен 
даярланған интербелсенді элементтер мен анимация интерпритацияланған 


92 
кодқа түрленіп, ол HTML-ге импорттайды. Клиенттік браузер Flash нысанын 
тану үшін қолданушы компьютерінде браузерге арналған арнайы баптауды 
(plug-in) жүргізу керек, оның атауы - Macromedia Flash Player [164] деп 
аталады. 
Жоғарыда аталған бағдарламаны «Жер бедерінің жіктелуі» тақырыбын 
ӛткенде динамикалық күйдегі бейнекӛріністерді кӛрсету қатпарлы таулардың 
пайда болуы заңдылықтарын ашып кӛрсету арқылы білім алушыларға 
дүниетанымдарын қалыптастырып, қызығушылықтарын арттыру болып 
табылады.«Macromedia flash» компьютерлік бағдарламасын пайдаланып 
тақырыптық шағын бейнеүзіктерді құру бір-бірімен тығыз байланысқан 
бірнеше кезеңнен тұрады. 
Бірінші кезеңде мультимедиялық бейнекӛріністерді құруға қажетті 
ақпараттарды жинап іріктеу және оларды қимылға келтіру әдістерін 
анықталады.
Екінші кезеңде қатпарлы таулардың пайда болуы заңдылықтары мен 
олардың салдарын ашып кӛрсетіп білім алушылардың қызығушылығын 
оятатын бейнеүзіктерге қажетті мультипликациялық кескіндер салынады.
Үшінші кезеңде құрылған бейнекӛріністер кадрларға енгізіліп, кӛрсету 
ұзақтығы анықталып дыбыстық нәтиже беріледі.
Тӛртінші кезеңде бейнекӛріністер мұқият сараланып іс жүзінде сабақта 
білім алушыларға кӛрсетіледі. 
Білім алушылардың география пәніне деген қызығушылығын арттырып 
дүниетанымын қалыптастыруды «Жер бедерінің жіктелуі» тақырыбынан 
бастаған тиімді. Дыбыстық нәтижеге берілген бейнеүзікті кӛріп болған соң
оларға талдау жасалып, алған білімдерін бекіту мақсатында білім 
алушылардың танымдық қызығушылықтары мен белсенділігін арттыратын 
тӛменде кӛрсетілген тапсырмаларды беру қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет