348
ОҚЫТУШЫНЫҢ БІЛІМІН ТОЛЫҚТЫРУ
Мәдениетсіз көңілдегідей жайлы тұрмыс орнатып бол-
майды. Қазақ елінде жаңа ғана
мәдениет жұмысы басталып
келеді. Ескіден қалған мәдениет мұрасы жоқ. Жаңа мәдениет
ғылымсыз, ел сауаттанбай орнамайды. Олай болса, Қазақстан
топырағында мәдениет орнату үшін ауыр сауатсыздықты
жұқарту, жою керек. Бұл ауыр жұмыс қазақ мұғалімінің мой-
нында. Бұл туралы талай айтылды, талай жазылды. Бұл ауыр
міндетті, ауыр жұмысты мұғалім мойындағандай уақыт болды.
«Атты қамшымен айдама, арпамен айда» дейтін орыста
мақал бар.
Мұғалімді, ауыр жүкке жегіп, «Қамшымен айдау-
дан» пайда шықпайды. Мұғалімді «арпамен айдау» керек. Ауыр
міндетті орындату үшін мұғалімді күшейту, бабтау керек.
Мұғалім екі жолмен бабталады:
1) Таласып-тармасып жеткілікті ақы алып келген, тала-
сып-тармасып астық-сулық алып келген бұл күнге дейін қала
мұғалімдері. Ауыл мұғалімдері көп уақытқа дейін ақыны аз
алды, көп уақытқа дейін аз ақыны уақытында ала алмады. Бұл
күнде қала оқытушысы мен дала оқытушысының еңбек құны
теңгеріліп келеді. Бірақ ақыны уақытымен алу ауылда әлі тақ-
тұйнақтай бола қойған жоқ. «Айлық ақымызды уақытымен ала
алмаймыз, қаладағы оқытушылар ақ ұн алыпты, біз ондайды
ала алмаймыз ...» деп ауыл оқытушылары хат жазып отыр. Ауыл
оқытушысын
қала оқытушысымен теңгермеу, оқытушының
ақысын көбейтіп тұрмысын оңдамау қолымыздан келмейді.
Бұл тұрмыс тілегі. Бұл туып келе жатқан жұртшылығымыздың
өркендеуінің шарты. Бұл жолдас Лениннің өсиеті. «... Бұрын үш
ұйықтаса түске енбейтін жақсы тұрмыс оқытушынікі болсын!»
деген ғой жолдас Ленин. Бұл мұғалімді бабтаудың бір жолы.
2) Біздің дәуіріміз – өзгеріс дәуірі; капиталшылық тұрмыстан
социалшылық тұрмысқа көшетін өліара дәуір, мұндай дәуірде
уақиға зымырап тез өтіп тұрады. Бұл дәуірде «заман» ұшқыр-
ұшқыр, заманға ұшқыр адам керек, ұшқыр қоғам керек, ұшқыр
жұртшылық өсімі керек. Жұртшылық жұмысының тұтқасын
ұстап отырған ұшқыр оқытушы керек. Заманнан қалған ша-
349
бан адам – өлген адам. Заманнан қалған қоғам (ұлт, мемлекет)
– өлген қоғам. Заманынан қалған мұғалім де өлген мұғалім.
Шабандықтан өлген мұғалім тегін өлмейді,
жұртшылықты,
тұтқасын ұстап отырған жұртшылықты өзімен бірге өлтіреді.
Олай болса, қазақ мұғалімінің «жүйрік заманнан» қалмауы ке-
рек. Қазақ мұғалімі білімін, әдісін күн сайын көбейтіп отыруы
керек. Мұның үстіне қазақ мұғалімінің бойындағы білімі де
аса азғантай. Қазақтың жаңа туып келе жатқан жұртшылығын
өркендету үшін, қазақ мұғалімін күн санап оқытып білім беріп,
білімін толықтырып отыру керек. Мұны орыс тілінде «перепод-
готовка» дейді. Бұл мұғалімді бабтаудың екінші жолы.
Оқытушының білімін толтыру бұл күнде өкіметтің екпінді
маусымы. Қазақстан өкіметі, Қазақстан оқу комиссариаты
бұл жұмысқа белсеніп кірісулі: жыл сайын бір қауым ақша
шығарып, жаз бойы білім толықтыру курстарын ашып отыр.
Жыл сайын орталықта да, губернияларда да жүздеген, жүздеген
оқытушылар бұл курстерді оқып білімдерін толықтырады:
оқыту
әдістері, бала тәрбиелеу жолдары, жұртшылық
жұмысына араласу реттері, саясат, шаруашылық,
фәлсафа
пәндері, қысқасы, тіршіліктің, ғылымның, өнердің тоқсан тоғыз
тарау жолдары бұл курстерде жыл сайын дәріс болып оқылып
тұрады. Бұл өкімет тарапынан басталатын жұмыс.
Білім толықтырудың екінші бір жолы бар. Бұл жол – дәйім,
күнбе-күн оқытушылардың білімін толықтырып тұратын жолы.
Бұл жол оқу мен (кітап, журнал, газет оқумен) аймақ зерттеумен
орындалады. Аймақ зерттеп, өзгеріп тұрған тұрмыстың сыр-
ларын ашып, мектептегі сабақ оқыту жұмысымен ұластырып
тұру, кітап, газет, журналдар оқып, тұрмыстағы ғылым-өнер
дүниелеріндегі болып
тұрған жаңалықтарды біліп тұру,
білімімен қоғамға, жұртшылық жұмысына пайда келтіріп тұр
... оқытушыларға ішетін тамақ, киетін киімдей керекті нәрсе.
Бұл екі түрлі білім толықтыру жұмысының реті, жолы, әдісі
біздің журналымызда толық түрде жазылады. Білім толықтыру
курстарының берген пайдасы да есептеліп жарияланып тұрады.
Біз бұл жері оқытушының білім толықтыруының керектігін ай-
тып өттік. Білім толықтыру жұмысы жалғыз өкімет шаралары-
мен орындалмайды: оқытушылардың өз жігері бұл жерде аса
қажет.
Қысқасы – оқытушылардың білімін толықтыру бірінші
дәрежеде, кешіктіру көтермейтін, планмен тәртіппен, ұзақ
уақыт
жасалатын жұмыс, орталық губерниялық, уездің кеңес
мекемелері, партия комитеттері, ұйымдар, әр бір оңды азамат,
әсіресе оқытушылардың өздері бұл жұмысқа биік баға беріп,
артық жігер, артық ықыласпен кірісулері керек.
V.
«Жаңа мектеп» журналы, № 5, 1926 ж.
Қызылорда.