Тірі болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын!


«1922–1923-інші жылдардағы есепке қарағанда



Pdf көрінісі
бет117/150
Дата25.01.2023
өлшемі15,39 Mb.
#62967
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   150
Байланысты:
e0be8266bf1c310cf368d6fe2d998af0

«1922–1923-інші жылдардағы есепке қарағанда
Ресейдегі есепке алынған панасыз баланың саны 
аса көп. Қазақстандағылардың саны 180.000. ... 180 
мыңның ішіне қазақ ауласындағы кателөк [коте-
лок – ыдыс, құты] арқалаған көп бала. Байлардың 
жұғындысын ішкен көп бала есепке кірмей қалған, 
есебі алынбаған.
Бұл қалың панасыздар қолы өкіметтің, бұқара 
елдің сіңірген еңбегін арқасында жұқара берген. 
Осы күні Қазақстанның есепке алынған пана-
сыз балалардың саны 30.000 шамалы, балалардың
11.000-ы ұйымдастырылған, қолда бағулы, 19.000-
дайы қаңғып жүр.
...Ауылдағы балаларымызды қорғау – зор 
міндетіміз».
V.
1926 жыл, Қызылорда.


357


358
АУЫЛДАҒЫ ПАНАСЫЗ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ –
МІНДЕТІМІЗ
Өктәбір төңкерісінен бұрын Ресейде оқу, тәрбие жұмыстары 
оңды еді, елдің көзін ашып, ілгері бастырып келе жатыр еді – деп 
кеңес өкіметіне берілген, бағынған адам түгіл кеңес өкіметінің 
ең арсыз дұшпаны да айта алмады.
Патша үкіметінің саяси бейнеқор елді қараңғыда ұстау, 
оқушы жанарды өзгерісшілдігінен олай бағып діншіл, панса-
шыл жасау баулыған еді. Бұлай бола тұрса да тұрмыстағы даму 
заңы шабанда болса, ілгеріліп келе жатқан төнкерісшілдің 
патша саясатына тоқырамай ілгері баса берген; жыл санап 
оқушы жастар төңкеріс жұмысына жұртшылық жұмысына 
араласа берген. Патша өкіметіне істерін білмей дал болған оқу 
министірлері ай сайын жаңартылып келіп отырған. Сонда да 
оқу, тәрбие жұмыстары оңдалмаған. Соңғы министірлердің бірі 
– Касу өлері алдында: – Мен оқу жұмысын үйлестіре алмадым, 
менің басыма қоятын тасқа «министір Касу» деп жазбаңдар, 
«доктор Касу» деп жазыңдар, – деп өсиет қалдырған.
Қозғалыс, аздап арпалысу жоғарғы мектептердегі оқушылар 
арасында ғана болған, төменгі мектептердің оқушылары 
поптың, шіркеудің қойнынан шыға алмай, оқыту сабағынан 
намазы көп болған. Бұдан шыққан нәтиже бермей жұмысшы, 
қара шаруаларының арасындағы 70–80 % сауатсыздық еді.
Бұратаналар арасында оқу, тәрбие жұмыстары бұдан да на-
шар еді. Түнге орысынан бұрын қазақ елінің 10–15 % хат таны-
са, ол мектепте оқып таныған емес, әліпби, газет, қисса оқып 
танығандар еді. Оқып таныған орта мектеп жоқ еді. Қазақ 
тілінде сабақ оқылатын бастауыш мектеп жоқ еді. Жоғарғы мек-
тептерге кірген қазақ баласының жалпы саны жүзге жететін еді.
1914–1917-нші жылдарда жаугершілер соғысы болды 1916-
ншы жылы бұратаналар \акуп\ (акоп) қазуға айдалды. Ел шару-
асы күйзелді, ізі кетіп тоқтап қалды. Фабрика, зауыттар қирады. 
Мектептер жабылды, үйлері қирады, солдат жататын казарма 
болды, ат қора болды, ауруларды, жаралыларды бағатын лаза-
рет болды. Шала-жансар оқу-тәрбие ойы бүтіндей солды. 1917-


359
нші жылы азамат соғыс басталды. Кеңес өкіметі орнай бастады. 
Тап соғыс көп уақытқа шейін сөнбеді. Жердің алдынан бірі Ресей 
мемлекеті ұлы жортуыл астында болды. Жеңілген капиталшы-
лар байып болды, өрт салды. Кесіп бүтіндей тоқталды. Ел ішін 
апат ауыр қаптады, ашаршылық кірді; ел шыйындай қырыла 
бастады... осындай сорапыл мезгілдерде оқу тәрбие жұмысы 
жесір қалды. Жетім – жесір байсыздар көбейді. Ашаршылық 
кейін қазақ ауылында кателөк [котелок – ыдыс, құты] арқалаған 
жетім бала толып кетті. Мұндай балалар орыс қалаларында да 
көбейді.
Өкімет зор екпінмен панасыздарға жәрдем беруі жұмысының 
кірісуі қала-қалаларда балалар үйлері ашылды. Панасыз бала-
ларды есептеп жинап, асырап аш аймақтардан тоқ аймақтарға 
көшіре бастады...
1922–1923-інші жылдардағы есепке қарағанда, Ресейдегі есеп-
ке алынған панасыз баланың саны аса көп. Қазақстандағылардың 
саны 180.000. ... 180 мыңның ішіне қазақ ауласындағы кателөк 
[котелок – ыдыс, құты] арқалаған көп бала. Байлардың 
жұғындысын ішкен көп бала [есепке] кірмей қалған, есебі 
алынбаған.
Бұл қалың панасыздар қолы өкіметінің бұқара елдің сіңірген 
еңбегін арқасында жұқара берген. Осы күні Қазақстанның 
есепке алынған панасыз балалардың саны 30.000 шамалы, 
балалардың 11.000-ы ұйымдастырылған, қолда бағулы, 19.000-
дайы қаңғып жүр. Бұл есепке де кірмей қалған, ауылда кателөк 
[котелок – ыдыс, құты] арқалаған қазақ баласы көп болса керек.
Ұйымдастырылған панасыздар балалар үйлерінде тәрбие-
ленеді, еңбек артелдері ұйымдастырып тәрбиелейді, шарт 
жасап шаруасы күйлі азаматтарға асырылуға беріледі, кейін 
елдеріне қайтарылады. Міні, осындай шаралар арқасында жыл 
санап панасыздардың саны азайып келеді. Бірақ 20000 панасыз 
бала. Мұның үстіне есепке алынбағандарды қоссақ, көп сан бо-
лып шығады.
Ашаршылық болып балалардың панасыз 5–6 жыл болып 
қалды. Ол күнде он жасар бала бұл күнде 16 жасар жеткіншек 
болды. Біраз тәрбие көрмей, кателөк [котелок – ыдыс, құты] 


360
арқалап қаңғып жүргендіктен салты бұзылды, еңбек жасауға 
мойны жар бермейтін болды. Осы күні темір жолдардың бо-
йында мұндай \панасыз жеткіншектер\ ұрлық жасайтын; кісі 
өлтіретін бұзақылар болды. Өздеріне \ішпана\ деп ат қойып 
бұзықтықтарына мақтанатын салтқа түсті. Ауылдағы қазақ па-
насыздары ішпана бола алмаса да, қайыр сұрап келіп, келген 
ойының тұсау шідерін ұрлап кететін дәрежеге жетті. Қысқасы, 
панасыздар да қоғамның залалды мүшесі болуға бет алды.
Сондықтан өкімет панасыздарға жарым майданына 
қайтадан шықты. Өкімет басты панасыздарға залалды жол-
ды қайырып, еңбекке теліп, қоғамға пайдалы мүше жасап 
шығаруы, Қазақстан өкіметі оқу комиссариаты май, июнь [ма-
мыр-маусым] айларын осы жұмысқа маусым етіп жариялап 
отыр.
Бұл маусым уақытында жасайтын жұмыс:
1) Барлық панасыздардың, әсіресе ауылдағылардың дұрыс 
есебін алу;
2) Балалар достары ұйымының\ \балалар комиссия сының\ 
қызметінің күшеюі;
3) Бұл ұйымдарымыздың мүшелерінің санын, белсенді 
мүшелерінің санын дұрыс есептеу;
4) Бұлардың жұмысын ауыл арасына ендіріп, ауыл азаматта-
ры қатарына тарту;
5) Қаражат молайтуы;
6) Қамқор кеңестерін ашу;
7) Балалар үйлерін ашу;
8) Панасыз жеткіншектерді ұйымдастырып, жұмысқа 
үйрету... тағы осындайлар.
Өкіметтің бұл тілегі қазақ ауылында орындыла ма? Оңай 
орындалар ма? Орындалса қалай, кім арқылы орындалады?
Өкімет тілегі қазақ ауылында орындалады, орындалуға 
тиісті, бірақ елдің, халық бұқараның жәрдемімен, күш қосумен 
орындалады.
Қалың бұқараның, надан қазақ бұқарасының көзі ашық 
аңды ұлдары, көшбасшы көсемдері оқытушылар. Пана-
сыз балалардың ауылындағы қамқоры – оқытатын ұстазы, 


оқытушылар; ауылдағы барлық жұртшылық жұмыстарының 
қазынасы – жұмысшылар, сондықтан біз панасыздардың та-
рихын, қалпын суреттеп кетіп, оқушыларды (журналымыздың 
оқушыларын) өкімет \үймесіне\ май-июньде [мамыр-мау-
сымда] ашылатын екі жетілікке, белсенді-белсенді жұмысқа 
шақырып отырмыз. Оқытушы бұл жұмысқа салақтық жасамас; 
белсенді кірісер деп сеніп отырмыз. Ауылдағы балаларымызды 
қорғау – зор міндетіміз.
V.
«Жаңа мектеп» журналы, № 6, 1926 ж.
Қызылорда.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет