Тірі болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын!


«Қара қаным шыға келіп еді, Жайық тұрып



Pdf көрінісі
бет123/150
Дата25.01.2023
өлшемі15,39 Mb.
#62967
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   150
Байланысты:
e0be8266bf1c310cf368d6fe2d998af0

«Қара қаным шыға келіп еді, Жайық тұрып:
– Қара қаным, Жайық өмір бойы ұрлық қылды... 
Жайықты өмір бойы ұрды... Жайық сенің де атыңды 
ұрлап сойды. Енді Жайық аштан өліп барады, 
мектебіңе алып оқыт! Мен оқимын. Досты елдің 
бәрі де сүйеді, сен жауды есірке! – дейді.
Қара қаным ойланып қалды да:
– Мен сені мектепке ала алмайым: мектепте 
қыздар оқиды, мен сені қарауылшы қылып алайын... 
– деді.
Мәтбей күңкілдесе де, Қара қанымның пікірін жөн 
деп табады: ұрыдан артық қарауылшы болмайды...»
Маман-Сибиряк


389
ҚАРА ХАНЫМ
(Мамин-Сибиряктан)
Ақмет аш. Тамақ ден ындыны тілейді де тұрады. Ақметтің 
тамаққа жарығар күні жоқ. Қысты күні аш жүрмейтін 
башқырдта бала болмайды. Қыс болды, еркектер бастап 
орыстың ауылына кетеді. Сонда барып тамақ асырап күнелтеді. 
Ауылда қатын-бала ғана қалады. Әй, құдай-ай! Қыс қандай 
құбыжық!... Ауада тұңғыш қар да жапалақтайды, қыс келіп 
қалды-ау! – деп Ақметтің де жүрегі лүпілдейді. Ақмет қысты 
күні не болатынын жақсы біледі. Қалың қар жерді кебіндей жа-
бады. Жындай құтырып ызғарлы дауыл соғады, ауылды айна-
ла аш қасқыр жамыл алмай ұлиды, жауратқан күн, аштық пен 
жұт басқа сонда түседі. Қысты күні қасқыр да аш, аштықтан 
түнімен ұлиды. Ақмет қасқырдың ұлығанын тыңдайды, бұл 
ұлыған қасқыр емес, аш адамның өзі шығар деп, өзі де ұлып 
кетпек болды.
Аштық арқасын жауыр, өзін ығыр қылғанда, жоққа қолын 
сермеген Ақмет ержетіп өсем, үлкен кісі болып тамаққа тоям 
деп, түстегі тілегін өңде көрмек болып ойына құл болады. Үлкен 
кісі болып алып әкесі Қаракөздің үлгісін ұстамақшы. Қар түсе 
Ақмет Жүзбастан кетпекші. Қатын-қалаш, кемпір-шал аштан 
өлсін, өзі орысты айналдырып жүріп тамақ таппақшы. Үлкен 
болған артық қой! Жаз шыға Жүзбасқа қайтпақшы, күнгейде 
күн шуақтамақшы, жылқы ұрламақшы, қатынын сабамақшы. 
Әкесі Қаракөз де осыны істеген. Биыл қыс Ақметке ауыр тиді. 
Мұндай аштық болған да емес те еді. Бұрын үлкендер анда-сан-
да ет, шай алып келіп қалушы еді. Биыл бұ да жоқ. Егін орысқа 
да шықпапты, орыстың өзі де аш. Қаракөздің лашығы ауылдың 
шыға беріс шетінде. Күз шық қатқаннан бері үйінде түк те жоқ. 
Кемпір шешесі Тоқтай:
– Өлеміз...бәріміз де өлеміз! – дейді.
Алпыс жасты бүйірі шығып бір тоймай шығарып салған 
кемпір жақсы сөзді қайдан айтсын. Айтқан да емес. Қардай 
ақ, доғдай бүкін, баладай қызыл иек, мылқаудай саңырау, 


390
көртышқандай соқыр кемпірдің жалғыз-ақ сезімі бар: ол 
аштық. Кемпір кеш болды-ақ өзі сүйген өлеңдерді айтады 
да отырады. Бір өлеңді Ақмет те үйреніп алды. Бұл өлеңде 
башқырдта жылқы көп, елдің бәрі тойған тоң деп жырлаған. 
«Күнде тойсаң, білерсін. Жетіде бір тоймасаң, өлерсін» деп 
өлең тынады. Ақмет білетіні осы өлең.
Тоқтай кемпір елдің бәріне де жамандық жориды. Ауылдағы 
елдің бәрі Тоқтайды жек көреді. Тоқтай үйге таянып келіп ба-
сын шайқады, іс бітті: жаз шыға қарасаң, үйде адам да жоқ. 
Жылдан жылға үй-үйдің арасы жырақтап барады, ауыл тісінен 
айрылған қарттың ауызы сықылданады, ауыл жоғалатын 
сықылды. Аштыққа ере қырғып ауру жүреді, башқырдтың 
үйі-ішімен өледі. Жаз шыға орыс қаласынан қайтқан башқырд 
ауылға келсе, үйінің іші қырылып қалған болады. Күнәні Тоқтай 
кемпірге жабады, жиылып кемпірді өлтірмек те болысты. Кім 
біледі? Қарт молда болмаса, өлтіріп те тастар еді. Молда:
– Кемпірде жаза жоқ. Кемпірге тимеңдер... Жұмыс 
қылмайсыңдар, қысты күні қатын-баланы аш тастап, өздерің 
бас қамын қылып қыдырып кетесіңдер, күнә өздеріңде, – дейді.
Башқырлар молданы әдеппен тыңдайды да: «Қорада аты, 
қоймада ұны, сандықта ақшасы бар молдаға сөйлегені оңай 
ғой» деп ойлайды. Жүзбаста жалғыз бай – молда, қарыны 
ашып тамақ жеп көрген жоқ. Елдің бәрі молданы тоясын деп 
күндейді. Үйде күнде тойған молда нені іздеп Жүзбастан кетеді?
Жүзбастағы тоқым кетпес ұры – Жайық туралап салып:
– Исай молда өмірі жақсы-ақ, Исай бірақ білмейді: елдің 
бәрі молда бола алмайды... Жылқы ұрлаған жақсы деп Исай 
ойлайтын да шығар, онда ұрлап қарасын!... Жұмыс қылсаң, 
ақы төлейді, ұрлық қылсаң, ұрады. Әй, жанды қандай қинап 
ұрады?!
Молдадан да гөрі Жайықты Ақмет артығырақ күндейді. Мол-
да ақшасын жейді, түк те қалмайды. Жайық ұрлаған жылқысын 
сойып жеп тағы да ұрлайды. Ал Ақмет те өседі, үлкен кісі бола-
ды, ой, сонда ұрлықты өзі де істейді.
Бір күні Ақмет Жайыққа:
– Жайық, ұрлыққа мені ертші, – деді.


391
– Ақметім, сен әлі жассың.
– Жасың қалай? Мен сегіз қысты аш өткіздім.
– Олай болса, тағы да сегіз қыс ашық, сонда бірге ұрлық 
қылайық.
Жайықтың сөзін естіп Ақмет шоқ басқандай болды, ашу-
ланып Жайыққа түкіріп жіберді. Енді тағы да сегіз жыл ашық, 
өлімнен мұның несі кем?
Бұ жылғыдай қыс жұт болған емес. Үш үйде адам да қалмай 
өлді. Қаракөз үй-іші теректің қабығын, шіріген ағаштың 
талқанын, қайыңның саңырауқұлағын кебекке қосып, Ақметтің 
шешесі Иініш шойын шөлмекке асып қайнатады, татыған 
қымыздан жаман көже болады. Ішсең, іш ауырады. Әуелі 
кемпір Тоқтай, онан кейін Иініш, қалғанын балалар: Ақмет 
қарындасы Оғылық, үштегі інісі Мамыр ішеді. Үлкендер жоқта 
Ақмет тартып алып, қарындасына да, інісіне де бермей өзі-ақ 
ішіп қояды. Ақмет олардан күшті. Күштінікі жөн деп өзі ойлай-
ды. Оғылық, Мамыр шешесіне айтса, Ақмет ұрады. Аш болсақ 
та таяқ жемейік деп олар үндемейді. Сонда да Ақмет аш, жатса 
да, тұрса да ойлағаны тамақ. Бір күні Исай молданың тауығын 
ұрлады; молданың жұмыскері азаншы ұстап алып көтіне дүре 
салды. Жанына батып кетті. Ақмет үш күн төсек тартып жатты. 
Тауықтан да жылқы ұрлаған артық. Жайық жылқыны білмей 
ұрлай ма, жылқы қарғыс атқан тауықтай айқайлай ма? Ұрлаған 
аттың өзіне мініп алып кетесін деп ойлады.
ІІ.
Қыс адам айтқысыз қатты жұт болып еді, жазғытұры келіп 
онан да бетер жаман болды. Жүзбастан отыз кісі өлді, молда 
Исай өлікті қоя-қоя болдырдым-ау деп зар етеді. Өзі ел аманда 
шідерлі атша жүретін молда, енді сүйекке еріп итшілеп молаға 
барады.
– Сендердің өлгенің – менің сорым, – дейді.
Әпрел келіп жетті, күн де анадай шешілді, қар да құрт ауру 
кісідей іріп-шіріп кетті. Қыстай аш тұрып көтеремге ілінген 
жылқыны бұрын осы таз бас аланға алдымен айдап салушы еді. 
Енді барлық Жүзбаста молданың екі аты ғана қалды.


392
Қаракөздің лашығында ағаш қабығы мен кебектен істеген 
көже де жоқ: Иініш төсек тартқан ауру. Иініш Бөрте қызды 
тапты да, сонан төсектен тұрған жоқ. Тоқтай кемпір Бөртені 
бағады, аш бала жыласа, өлеңдетіп уатады:
Алпыс жаста қу анаң,
Неге тудың Бөрте жан?
Өміріне аш Тоқтайын.
Ауру ғой өз анаң,
Артық еді тумаған!
Бөрте жылап болмағанда, Тоқтай ұшып Исай молдаға бара-
ды да:
– Молда-еке, қыз аштан өліп барады, тамақ тілейді... 
шешесінің емшегінде сүт болса, бұйырмасын. Жас бала – 
Бөртешім тинемдей жоқты білмейді, жылай береді, – дейді.
Молда шоқ басқандай болады, тонына симай ашуланады, 
ақымақ кемпірді де, түкті де ұқпайтын Бөртені да алып-са-
лып, айдаған қаймал түйедей, сілекейімен жан-жақты былғап, 
сөгеді, ұрысады, аяғында төлеуін алдым ғой деп бір шұңқыр 
сүт, асықтай қатқан нан береді де:
– Сендер менің сорыма туасыңдар да өлесіңдер, елдің бәрін 
мен қайдан асырайын? – деп күңкілдейді. Қу кемпір сүтті де, 
нанды да қойнына тығып, елден жасырып алып кетеді. Молдаға 
кеткен кемпірді Ақмет арам тер болып жолда босқа аңдиды. 
Ақмет түнде тұрып та кемпір қайда тықты екен деп тінтеді. 
Түнде ұйқы көрмейтін кемпір Ақметті ұстап алып, итім нені 
тіміскелеп жүрсін деп дүреледі.
Ақмет Бөртені жау көреді де кемпір жоқта шымшып өшін 
алады.
– Молданың сүтін жалғыз ішетін ерке қыз! Әні! Сен ит үшін 
әжем мені таяқтайды! Мынау соның ақысы! – деп Бөртені тағы 
да шымшып-шымшып алады.
Жүзбастың аштығы өте-мөте күшейді: таң атар-атпастан жас 
балалар молда Исайдың есігіне, шөлде құдық басына қамалған 
малдай, жиылады. Бәрі нан сұрайды, қасқырдың ұялы аш 


393
күшігіндей ыңырсиды, сыңсиды. Тоқ молда бұ жылауға 
үйренсе де, күн бойы, бүгін де, ертең де жылаған зар молда-
ны да, арқасына ершік батқан егіздей қайқаңдатады: молда 
жайнамазды жайып жіберіп уақытсыз намазды оқи бастайды. 
Молданың жұмыскері жүгіріп тысқа шығады да:
– Иттер, кетіңдер! Молдаға намаз да оқытпайсыңдар! – деп 
балаларды қуады.
Кейде жарықтық Исай молда терезеден бір тілім нан тас-
тайды. Қатқан сірідей нанға балалар, сүйек тастаған иттей, та-
ласады. Қанша таласса да, бәрі де аштан аш қалады. Балалар 
бірін-бірі көтермелеп молда Исайдың терезесіне өрмелейді. 
Молда-екем мұны аш тышқандай тырналайды. Осы тысыр 
молда-екемнің ішін тырнайды. Аш тышқанның тырнамасын-
дай аш балалардың қабырғаны молда-екеме сезіледі, сонда 
тұра сала намазын оқиды.
Молда Исай қатты адам да емес. Бірақ молдалығы тоқ 
адамның қалыпты мінезі:
– Мен бар тамағымды ашқа берсем, ол елге бір-ақ жеу-
ге жетеді, ертең олар да, мен де аш болам, – деп Исай молда 
соғады.
Жазғытұры болды. Тоқтай кемпір де аңға шығатын болды: 
далаға барып шөптің тамырын қазып әкеледі. Бұл тамырлар-
ды кемпірден басқа адам да білмейді. Тамырдің бір бөлегін 
шикілей өзі жейді, ауру қызы Иінішке береді, қалғанын 
балаларға деп пісіреді. Үйде тұз да жоқ. Кемпірдің бұл көжесі 
балаларды құстырады. Жүзбаста тұз болған емес, елдің көбі-ақ 
тұзсыз ішіп жейтұғын. Өзгелерде кемпірдің көжесіндей тамыр-
дан көже де жоқ.
Жаз да шығады, Жүзбастың ойлағаны, жерігі Жайық бола-
ды:
– Жайық келеді, тойғызады! – деп сөз қылады да отырады.
Жайық та ұрлаған атына мініп жетеді: атты сояды; Жүзбастың 
ауылын қарық қылады. Жайық бойдақ, Жайықта қатын да, 
үй де жоқ. Жүзбастың ауылы Жайықты байғұс дейді. Байғұс 
Жайық елді тойғызуға асық ұрлайды, ұрласа да елді қарық 
қылады. Енді жұт-аштықта Жүзбаста Жайықтан бөтен әңгіме 


394
де жоқ. Нан салып, семіз жылқының етін жеген артық қой! Бір 
күні ауру жаяу Жайық келді. Қыстай абақтыда отырыпты, әл 
жоқ. Ештеме қолдан келмейтін болып қапты. Жолда бір атты 
ұрлаған екен, ұстап алып өлтіре дүрелеп ұрып, соғып құр жа-
нын ғана жіберіпті. Жүзбастың ауылы дағдарды: иманынан 
айырылды-ай! Дағдармай қайтсін! Өзге башқырлар қайтпақты 
есіне де алмайды, аш Жүзбасқа не деп қайтады?
Жайық Тоқтай кемпірге келіп:
– Мен өліп барам... мені емде, жазылсам, үш жылқы ұрлап 
елді қарық қылайын, – дейді.
Тоқтай кемпір:
– Жақсы, мен сені емдеп жазайын, Жайығым, – дейді.
Қаракөздің үйінде Жайық иттей ұлып зар еңірейді, кемпір 
де шөптен дәрісін қайнатып ішкізуін де, сылауын да қоймайды. 
Ақмет жылаған Жайықтан түңілді: жылқы ұрлай алмаған осы 
да башқыр ма?
Ақмет Жайыққа келіп, зарына құлағын тігіп тыңдап тұрып: 
– Жайық! Сен ақымақсың! Қатынша не бетіңмен жылайсың? 
Мен өсейінші, сонда жылқыны қалай ұрлауды мен саған 
көрсетейін! – дейді.
Көзін жұмып сандырақтап жатқан Жайық үндемеді. 
Жайыққа қуғыншы жетіп қалғандай көрінеді... Он ба, жүз бе 
қол жыртық етегінен алыпты, басына таяқ жаңбырдай жауып-
ты. Жайық жеген таяқты түйе жесе де, өлер еді.
Қаракөздің лашығында үстіп талай күн жатты. Бір күні 
Тоқтай кемпір тұрып:
– Жайығым, жазыласың, уәдеңді ұмытпа! – дейді.
– Ұрлайым, шеше!... Сен нені тілесең, соны ұрлайым! – деп 
тұрып кетті.
ІІІ.
Шын жазғытұрдың өзі де келді. Жүзбасқа бәрі жаяу 
башқырлар да қайтты. Қаракөз де қайтты. Жыртық-жыртық 
киімді, қабатын иттей ашулы, жұттан шыққандай аш Қаракөз 
алдыменен Жайыққа соқтықты:


395
– Сен арам тамақ мұнда неге әкеңнің үйіндей сұлапсын?
– Қаракөз-ау, мен жазылдым... Демге кел!
Жайық елдің бәрін жарылқайтын дәмді қалай етіп қайдан 
алатынын білмеді. Күнде таяққа сүйеніп жүреді, күншуақтап 
жатады. Жазғытұрғы ауада. Туған жері даладан ішпей, жемей 
күн санап ертегінің ерлеріндей қуаттанады да түзеледі. Туған 
жер – жараны сипап жазатын ана ғой! Туған ел – жаудан қорғар 
пана ғой!
Құланның қасынуы мергеннің атуына кездесті.
Жайық есіктің алдында жатыр еді. Орыстың арбасы көшеде 
келе жатыр, арбада орыс қаным отыр. Барлық Жүзбас, суға 
түсіп шыққан иттей, сілкінді. Бұрын Жүзбасқа адам да келген 
емес, төрелер бұрылып айналып өтіп кететін. Ел Жүзбасты 
құдайдың өзі де ұмытқан-ау деп қойған. Енді Жүзбастың 
көшесінде бөтен арба келеді, ішінде қаным отыр! Ел сілкінбей 
де қайтеді?
Балалар арбаны қоршалай тұра қалып:
– Қара қаным! Қара қаным! – деп қырғи тиген қарғадай 
шуылдасты. Балалар қара киген әйелді алғаш көргені осы. 
Башқырд әйелдерінің кигені алашыт не кесіндіден құрама 
көйлек болушы еді.
Қаным ауылнайды сұрады, арба башқырдың жалғыз 
көзді, жалаңбас, ағаш кеңірдекті үйіне келіп тоқтады. Қаным 
ауылнайдың үйіне таң қалды. Сонда тұрып алып келген орыс:
– Қанымым, башқырдың бәрі осылай тұрады: шарбақ 
тұрыпты ғой, қалада жоқ болады, – деп түсіндірді.
Жүзбаста нан да, сүт те, тауық та жоқ болды. Қара бұ не де-
ген сұмдық деп бұрынғыдан да бетер таңырқады. Нанды да, 
сүтті де, жұмыртқаны да, тауықты да молдадан сұрауға дөп 
келді. Қара қаным мектеп аша келіпті дегенде, башқырлар, күн 
жаумай найзағай ойнағандай таңырқады:
– Бізге орыс мектебі неге керек? О былай тұрсын, әйел 
нені үйретеді? Біздің мектепте молда оқытады. Башқырлар 
бақылдасты, бақырасты, айқайласты да аяғында ақыл сұрау 
үшін молдаға келді.


396
– Оның қағазы бар ма? Мектебін аша берсін. О мектепке бару-
шы ешкімге міндет емес, барам деген барар. Оның оқытатыны 
да жаман, қыздар ғана болады, – деп Исай молда башқырларға 
жауап береді.
Қара қаным Жүзбаста бірнеше күн тұрып, бар үйді қыдырып 
шықты. Тіршілік еткен деп Қара қаным ажап қылады. Үй 
дегендері – ін, бірінде де төбе жоқ, пештің мойыны ағаштан. 
Қора жоқ, тап бейіттің дәл өзі. Бақшадан да нысана жоқ. 
Үйдің ішінде түк те жоқ. Киінген үлкенде, он жасарға дейін 
балалардың бәрі тырдай жалаңаш. Аш балалар нан сұрап жы-
лайды да зарлайды, өлім жайына кездестім деп есіркеп Қара 
қаным да жылайды. Өзінде бар тамақтың бәрін келген күні 
үлестіріп бітірді. Жалғыз-ақ шайы қалды. Ақсақалдар, итті кет 
дегендей, қатындарды, балаларды Қара қанымның жанынан 
қуады. Сонда орыс тұрып:
– Әй, арсыздар! Қаным, өздерін қуыңызшы! – деп, түтінденеді.
Үйлерінде төсек тартқан тіпті көп. Қара қаным Жүзбасты 
қыдырады да аурудың бәрін жазып алады. Көп сүйреткен 
құрықтай, таусылып бара жатқан башқырдың сорлы ауылы 
қанымның есін шығарды.
– Бұл ауылға не қылған мектеп? – деп қаным башқырды 
жалқау, ұры деп аяғына отыртпайтын көшірі орысына сөйлейді. 
О тұрып:
– Жұмыс қылмайды, жалқау, балалардың аштан өліп 
жатқаны мынау. Аш балалары жылайды, балаларды есіркейсін. 
Бұларға мектеп керек пе? Нан мен киім керек. Он бірдегі қыз да 
жалаңаш жүр. Осы жақсы ма? – дейді.
Алдымен мектеп керек деп Қара қаным ойлайды. Қаным 
башқырдың елінің өзін бала көреді. Аз тұрса да Жүзбаста 
тұрғанда өзін ренжіткен болмыста бұ пікірін тойтара алмады. 
Қаным Жүзбаста бір жеті болып қайтпақ болғанда, Жайық 
келіп:
– Қаным! Башқырдың аштығын көрдің бе? Ертең қара, 
қандай той болар екен? Қызық болады: Жайық ат сояды, – деді.
Оқытушы қыз арбалды да бір күн тоқтамайтын несі бар деп 
ойлады.


397
– Бос сөз, қаным, не қылған той?... Қыстай қоянша қажығаны 
теректің қабығы... Башқыр бір түрден ауыспайды, – деп көшір 
орыс қанымды үгіттейді. Сонда да оқытушы қыз қалды. 
Ертеңіне Жүзбастың ұлтының жанында алабота өртегендей от 
жанады. Отты айнала Жүзбастың бар башқұры жиылды. Қонақ 
шақырған Жайық тойға несін сояды деп ел күтеді. Қара қаным 
көшірімен келеді. Жайық жоқ, екі қазанда қара су қайнап жа-
тыр.
– Ал, еттерің қайда? – деп орыс сұрады.
Көп күтпеді, Жайықтың өзі де келіп қалды. Қаракөзбен 
екеуі жаңа ғана сойған жылқының етін артып-тартып жетіп 
келді. Башқұрлар таң қалып аяғының астынан ит көрген түйе 
көзденді. Қайтсін, жылқының жас етін башқырлар көрмегелі 
алты ай екен, енді ауыл тоймай ма?
– Қарашы, Қара қаным? – деп Жайық мақтанады. Оқытушы 
қыз той тарағанша қалды. Жылқының еті екі қазанға асыл-
ды, жеңдей қарта да асылды. Алдымен етін ерлер, бұлардан 
қалғанды әйелдер, бұлардың сарқытын ғана балалар жеді. Аш 
балалар сарқытқа шапқан қасқырдай тиісті. Сүйекке таласқан 
иттей, таласты, төбелеседі, ырылдасады.
– Ой, қарауға да жүрек айниды, қайтайықшы, қаным, – деп 
көшір жүр-жүрледі.
Қара қаным үйге қайтіп келсе, аты жоқ. Жайық ұрлап сойса 
керек. Бұған күмәнданып та болмайды. Көшір шыныдай сы-
нып, қарындай жарылып ашуланды, Жүзбастың ауылын сотқа 
берем деп қоқилана қорқытты.
– Мен, қаным, сізге айтпап па едім... Мен де жақсы-ақ 
екем: менің өз атымды аш иттер соғып жатыр. Мен оны қарап 
тұрмын. Мұны қылған Жайық. Мен оны сотқа берем... оны 
абақтыда шірітем.
– Атың не тұрады? Мен төлейін. Атты кім ұрлағаны керек те 
емес қой! – деп оқытушы кешірімін сұрайды.
ІV.
Жүзбаста күзді күні қыздарға деп мектеп ашты. Әуелі 
шешелері қолынан жетелеп әкелген екі-ақ жалаңаш қыз мек-


398
тепке түсті. Қара қаным қыздарды киіндіріп тойғызды. Жүзбас 
мұны көріп, ат басқан құмырсқаның илеуіндей, астын-үстін 
аударылып төңкерілді. Ертеңіне қыздың тобы, ел шабатын 
әскердей, мектепті қамап алды. Отыз-ақ орын бар, отызы алын-
ды, өзгесіне орын жетпеді. Шешелері емшектегі балаларын да 
алып келіп, мектепке неге алмайды? – деп өкпелейді. Балалар 
жанжал да шығарды. От жағып, су әкеліп, мектепті сыпырып 
тұрайын деп жалғыз Ақмет қана мектепке басын сұқты. Ақмет 
со күні-ақ Қара қанымның қайшысын, кәлөшін, шатырын 
ұрлап қояды. Қара қаным түк те білмеген болып:
– Мұны Ақмет қылды деп мен ойламайым да, – деді.
– Мен емес, Қара қаным! Мұны жаман кісі қылды ғой.
– Иә, жаман кісі. Сен со кісіні білсең де маған айта көрме. 
Мен оны көре алмайым: мені шаншып алады, ұялам, ұқтың ба?
Ертеңіне Қара қанымның жазулық кітабы, шыны аяғы, 
жолдық боқшасы жоғалып шығады.
– Ақмет, жаман кісіге айт: мен оған ашуланбайым, оны мен 
есіркейім... Ол өзі де ұялар да өзін-өзі арымен жер. Мен мұнда 
жақсылық қыла келдім, жаман кісі мені ренжітеді.
– Мен ол емес, Қара қаным, мен жаман кісіні аңдыйын...
– Ақметім, жақсылап күзет, бірақ көрсең де маған айта 
көрме, менің ондай жаманның атын да есіткім келмейді.
Ақмет Қара қанымды кім деп танырын да білмей дағдарды. 
Құдай біледі, бұ қаным түк те сезген жоқ. Ақмет қолға түскенді 
ұрлайды да беті шылып етпей, өтірікті желдей соқтырып, жүре 
береді. Бір күні жетегімен Ақмет қолға түсті, сонда да Қара 
қаным ләм демейді.
– Бұ қаным Тоқтай әжем сықылды ақымақ, соқыр! Әжем 
бірақ аямай таяқтайды, – деп Ақмет ұғынды.
Жүзбас та, молда Исай да Қара қанымды ақымақ деп тапты... 
Қыздарды киіндіреді де асырайды, онан да ұлдарды асырағаны 
артық емес пе еді? Мектепте не қылады екен, көрейінші деп 
Тоқтай кемпір барып тұрады да таң тамаша қылады. Қыздар 
орысша оқиды, тігін тігеді, өрмек те тоқиды.
– Қара қаным, сен қайдан шықтың? – деп Тоқтай кемпір 
сұрады.


399
– Мен алыстан келдім, әже...
– Аш, жалаңаш жоқ жер бар ма? Бізге неге келдің?
– Өзге жер де аш, жалаңаш болса да, сендерге болысқан адам 
да жоқ, мен сонан соң сендерге келдім.
Тоқтай кемпір түкке түсінсе, бұйырмасын. Қара қаным 
кемпірді отырғызып шайын береді.
– Әже, ұқпадың ба?
– Иә, түк те ұқсам бұйырмасын...
– Мен сені түсіндірейінші... Менің екі балам бірдей өлді. 
Құдай берді де өзі алды. Мен жер болып тапталдым, күл болып 
басылдым да шашылдым...
– Ой, ой, біздің балаларды да құдай алады!... – деп кемпір 
қанымды есіркейді.
– Енді тірі жүріп те не бар қадір табам, өлейінші деп те ой-
ладым. Өлген артық деп те таптым... Сонан соң, мен керек жер 
де бар екен ғой дедім де сендерге келдім... Тас болып уатылып, 
күл болып шашылып едім, енді жазғытұрғы көк болып көгеріп, 
гүл болып сырланып гүлдеп кеттім, тірілдім. Біздің құдайымыз 
адам баласының бәрін бауыр көр, сүй дейді. Сүйістің өзі – өмір-
тіршілік... Мен құдайдан өлім тілеп едім, о маған тіршілік ет 
деп өмір етті...
Тоқтай кемпір сонда да түсіне алған жоқ: кемпірдің білетіні 
адамға бұ дүниеде азап артқан алда ғой, Исай молда алданың 
тілегінің бәрін де біледі.
Жүзбас та біздің қыздарды неге асырап оқытады, бұл бұған 
неге керек? – деп Қара қанымның ісіне бір де бірі түсіне алмады. 
Бұрын мұндай ісі болған емес. Бұ не деген сұмдық? Киімі де 
қап-қара, Қара қанымың жалмауыз кемпір болып жүрмесін? 
Қаным болып құбылып, қыздарды асыраған, киіндірген, 
оқытқан болып көзді байлаған ертегінің әжесі де болмасын 
десті. Ел осылай дегенде, Исай молда келіп араға түсіп, жоқ, 
мен Қара қаным алып келген қағазын оқыдым, Қара қаным 
туралы мелисенің өзімен де сөйлестім, Қара қаным жалмауыз 
кемпір емес деді.
Әуелі мектеп кірген үй адам айтқысыз жаман еді, Қара 
қаным келер қысқа терезелері есіктей, пештің мойны кірпіш 


400
үлкен мектеп салды. Шатыр темір, үлкен қора, қызмет үйлері, 
сайман қоятын суық үйлер қорада тағы салынды. Қораның сыр-
тында даланы да қоршатып тастады... Башқырлар күнде осын-
да мектептің қасына жиылады, қарайды, таң-тамаша болады.
– Ой, осы Қара қанымның ақшасы қандай көп екен? – деседі.
Ауыздарының суы құриды да таңдайларын қағады, 
таңырқайды.
Қара қаным қысты күні Иса туған мейрамда ғана қалаға кетіп, 
таяқпен жүретін қылаң шал әкесін алып қаладан Жүзбасқа 
қайтып келді. Шал мектепті көріп мақтайды. Исай молданың 
өзі де шалға сәлемге барып қайтып:
– Ұу! Үлкен төре... Ақшасы көп... Үлкен төре, жалғыз-ақ қызы 
бар, – деп мақтады.
Шал қыдырып үй басы кіріп, бар баланы киіндіріп, Бөртені 
қолына алып қарап-қарап, сүйгенде, башқырлар бұрынғыдан 
да бетер таңырқады. Бөртенің шешесі Иініш шошып та кетті: 
бір сұмдық болып қалмаса игі еді деген ойына келді ғой. 
Тоқтай кемпірдің ойы бөлекше болды. Қара қаным өзгеден 
де Қаракөздің үйіне жиілете келіп, Бөртемен әуре болатын да 
жүретін: Бөртені жуады, қайта-қайта киіндіреді, қолына алып 
көтеріп ойнатады, уатады. Тоқтай кемпір мен Иініш Қара қаным 
Бөртені әуелі жуындырғанда ғана шошып қалған еді. Жүзбаста 
бұ сұмдық жоқ еді. Баланы өз қолымен сабындап жуғаны 
ғой. Таза орамалмен сүрткені ғой. Мұнан шошымағанда, 
құбыжықтан шошимысын? Әрберден соң, Тоқтай кемпір мен 
Иініш: керек қылсаң, кел де жуа бер, – деп көнді-ау.
Шал келген соң, Қара қаным өзге балаларға қарап, Бөрте 
жанды ұмытып та кетер-ау деп Тоқтай кемпір қорықты да, 
Қара қаным Бөртеден жеритін емес, әкесі Бөрте жанды қолына 
алып тұрғанда, шалға:
– Әке жан, Бөрте менің Әнелім сықылды-ау!... – деп сыбыр-
лады.
Қара қанымның бота көзі мөлтілдеп жасқа толып кетті. Шал 
қара көзін аларта, өзіне қадалған Бөрте жанды сүйіп-сүйіп 
алды.


401
Шал келді. Ақмет те қарап жүрген жоқ: тана тағар деп 
шалдың бәкісін ұрлап алды. Онан келе тарағын, айнасын, 
шалбарының көтермесін ұрлады. Шал ашуланайын деп еді, 
Қара қаным сыбыр етті, шал Ақметке қарап күлді де қойды.
Шал жүрерде Ақмет бір тамашаның үстінен шықты: Қара 
қаным күнде тамақ жеп отыратын мезгілде, тамақты тастап, 
отырып келіп жылайды. Шал қызына қарап:
– Шырақ, Наташа, жыламашы, қуаншы! Құдай ананың 
жоқтауын, зарын есітті ғой, сені алдандырды емес пе?... Талай 
әйел сені күндейді, – дейді.
Қара қаным Жүзбаста таң қаларлық іс қылады: Қара 
қанымға қаладан үш арғымақ, екі бұзаулы сиыр алып келеді. 
Өзі тұрған орыстың ауылдарынан қой, тауық, қаз, үйрек са-
тып алады. Шаруасының басына Жүзбас атын ұрлап сойған 
көшір Мәтбейді қояды. Ел кемпірі мен Қара қаным тұрған үйде 
тұрады. Онан барып Қара қаным үлкен бақша салады; бақшада 
Жүзбастың қыздары Қара қанымнан бақша салуды, оны күтуді 
үйренеді; өздері жерді қазып, өздері жемістің ұрығын ұяда ор-
натып көміп, су құйып бағады. Жүзбаста мұнан бұрын бақша 
болған емес, Жүзбас кәпісте, кәртөп, тау бияз, қиярды бақшада 
бағуды білген де емес. Башқырлар көрші орыстың ауылын 
қыдырып жүріп, бақшаны да көрген шығар, бақша жемісін же-
ген де болар; үйде отыратын башқырдың әйелдері бақшаны да, 
онда шығатын жемісті де көрген емес.
– Осыларды да қатын дейміз бе? Не бұршақ, не қиярды бала-
ларына салып алып бере де білмейді, – деп, Мәтбей башқырдың 
әйелдерін сөгеді.
Қара қаным тәжірибе етейік деп Жүзбастан он жерді майлап 
алып бидай, сұлы, тары, қара бидай салды. Істің бәрін орын-
дайтын Мәтбей, бұған көмекке Қара қаным жас башқырдан 
жігіттер жалдап берді.
– Осыларды да жан асырайды дейміз бе? Бір қадақтың орнын 
да өз шаруасына жырта да білмейді, – деп, Мәтбей жігіттерді 
сөгеді.
– Біз үйренеміз де, өз жерімізді жыртамыз.


402
Мәтбей Жүзбас атын ұрлап сойғанды ұмытар емес, күңкілдеп 
ұрсады да жүреді.
– Қаным есіркегіштігімен башқырды киіндіреді де асырайды. 
Бәрібір мұнан түк те шықпайды. Жердің бос жатқаны мынау, 
осы жерде отырып башқыр жылда жұтайды, аштан қырылады, 
жұмыс қылған жалғыз-ақ сорлы қатындар. Башқырлар түк 
жұмыс қылса, қарғыс атсын! Башқырдың егінін қатыны сала-
ды, пішенін қатыны шабады, әйел жыртқан егін бола ма, әйел 
шапқан пішен бола ма? – деп, жұмыстың шын құлы, орыстың 
анық шаруасы Мәтбей башқырды қамсыз, жалқаусың деп иттің 
етінен де жек көреді.
Жүзбас Қара қанымды жаздай бағып, күзді күні Қара 
қанымның он тоқтысы, екі танашығы, отыз-қырық тауық, қаз, 
үйрегі болып қалғанды, таңдайларын тықылдатып таң қалысты. 
Бақтан алған жеміс те, егіндіктен алған егін де есепте жоқ. 
Мектеп өзін-өзі асырайтын болды, келер қыс құбыжық түгіл, 
көлеңкедей де көрінбеді. Қара қаным өзі де қайта жасап кетті, 
жас болып қалды. Мектеп жетекші болып башқырды еңбекке 
жаттықтырады, жұмысқа жаттыққан башқыр аштықтан 
құтылады, ел елдіктен кетпейді, тозып құрымайды деген 
пікір Қара қанымды аурудан жайлады. Жастар өсіп ер жетеді, 
жұмыстың қожасы башқыр қыс болды деп қатын-баланы аш 
тастап, көрші орыстан қайыр тілеп қыдырып кетпейді, өзінің 
үйінде тамағы болады деп иман келтіріп, Қара қаным осыдан 
жасарды ғой!
Күз түсіп көбік қар жауды, Жайық та мектепке келді. 
Жайықты адам танитын емес. Ит тиген бұтадай арық, сілтіген 
салған сүйектей қу, жаңа жүрген баладай тәлтірек. Жылқы 
ұрлап тағы да алты ай абақтыда отырыпты, тағы да ұстап 
алып өлермен етіп ұрыпты. Екі қолы құрысып қалыпты. Енді 
Жайыққа ұрлық қайда?
– Саған не керек? – деп Мәтбей дүрегейлене сұрайды.
Жайық теріс қарай кетіп:
– Маған Қара қаным керек, – дейді.
– Қандай жұмысың бар?
– Мен Қара қанымға келдім... Мені мектебіне оқытсын!


403
– Сен, тақыр басым, құтырдың ба? Мектепте шүкейдей ғана 
қыздар оқиды.
Жайық үш күн, үш түн дәм татқан жоқ. Жайықты аштық 
қана жайлап тұр. Қара қаным шыға келіп еді, Жайық тұрып:
– Қара қаным, Жайық өмір бойы ұрлық қылды... Жайықты 
өмір бойы ұрды... Жайық сенің де атыңды ұрлап сойды. Енді 
Жайық аштан өліп барады, мектебіңе алып оқыт! Мен оқимын. 
Досты елдің бәрі де сүйеді, сен жауды есірке! – дейді.
Қара қаным ойланып қалды да:
– Мен сені мектепке ала алмайым: мектепте қыздар оқиды, 
мен сені қарауылшы қылып алайын... – деді.
Жайық қараңғы түнде ту бие жетелегендей болды. О! Менен 
сынық сабанды ұрлай алмайды. Жайық ұрлықты біледі, адам-
ды да нысанаға келтірмейді. Енді Жайық ұрыны өзі ұстайды. 
Мәтбей күңкілдесе де, Қара қанымның пікірін жөн деп табады: 
ұрыдан артық қарауылшы болмайды... Ұры күзете де біледі... 
Бір жеті де болмады, Жайық бір қадақ шай ұрлаған Ақметті 
құлағынан жетелеп алып келді.
– Міне, Қара қаным, ұрың... Жайық Ақметтің сыбағасын 
берді.
– Мен сенен мұны сұраған жоқ едім ғой, Ақмет әлі жас, жа-
ман іс істегенін білмейді де, ер жетер, сонда өзі-ақ білер, – деп 
Қара қаным ашуланып та қалды...
Ақмет зарлап жылап, ашуланып Жайықтың қолын қыршып 
тістеп алды да, кешке жақын Қара қанымға келіп:
– Ақмет ұрлықты қойды, Қара қаным... Бала Ақмет аш 
болды. Аш Ақметті жаман мінез жайлады. Жайық та жаман 
болған, – деді.
Үш жыл өтті. Мектеп оқытып жатыр. Мектеп шаруасы 
шалқып кетті. Жүзбаста башқырлар мектептен көргенді ала 
бастады. Біреуде тоқымдай бақша, біреуде тауық, қой бола 
бас тады. Ілбіп өмір көшін түзеп барады. Башқырларда әсіресе 
төсек тартып, өлім күтіп жатып қалған кемпір – Тоқтай да Қара 
қанымның неткен адам екеніне түсіне алмады. Тоқтай түн бойы 
ұйқы көрмейді, ойлайды да жатады. Сонда көбінесе шайын, 


қантын, нанын беріп жіберетін Қара қанымды ойлайды. Бір 
күні Ақмет Қара қанымнан тамақ әкеліп еді.
– Қара қанымға айт: ертең Тоқтай өледі. Қара қаным маған 
келсін, мен сөйлесейін...
Қара қаным келді. Сонда Тоқтай кемпір:
– Қара қаным, менің көзім сені көрмейді, көз не? Ішім сені 
біледі... мен ертең өлем... ... Күнің жетіп, сен де өлесің... Сонда 
сенің мектебің не болады? – дейді.
– Өзге бір Қара қаным келеді. О да осыны қылады.
Тоқтай кемпір бәрін де ұқты, соқыр көзі жасқа мөлтілдеді. 
Сипалап Қара қанымның қолын тауып алып жүрегіне басып:
– Еңкейші маған, Қара қаным! Мен ұқтым ғой, – дейді. Қара 
қаным еңкейіп еді, Тоқтай:
– Мен енді бәріне де түсіндім, сені бізге құдай жіберді, Қара 
қаным. Сені құдай жібермесе, сен орысқа бармай, башқырға 
келер ме едің?... – дейді.
– Тоқтай әже, құдай бір ғой.
– Жоқ, жоқ, мен білдім, мен бәрін де білдім...
Аударушы Қыр баласы.
«Жаңа мектеп» журналы, № 7–8, 1926 ж.
Мәскеу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет