120
ҚАДІРЛІ ӘЛИ!
1
Орталықты Қызылордаға көшіру жөніндегі мәселенің
түпкілікті шешілмеуіне байланысты, сенің көп хаттарыңа дер
кезінде жауап қайыра алмадым. Енді Қазақ-қырғыз институты
көшпейтін болса да, шәкірттердің оған қарамай астанаға
қайтамыз
деп шешкенін көріп, мен де Қызылордаға қоныс
өзгертуді жөн санадым. Сондықтан ол жақтан пәтер қарау мен
іздестіруге әйелімді жібердім.
Биылғы жыл орталықтың көшуіне байланысты елге бара
да алмадым. Енді көші-қоным біткен соң, тамыз бен қыркүйек
айларында баруды ойлап жүрмін.
Егер сенің профессорың Торғай мен Ырғызға қарай шығатын
болса, маған да онымен бірге шығу қажет шығар? Оның өлең, ән
жинау, суретке түсіруі – менің де ежелден ойластырып жүрген
дүниелерім еді. Егер де профессордан үйрену жазса, маған
үлкен олжа болары хақ.
Қазақ Мемлекеттік баспасымен
келісілген шартқа сәйкес,
мен жаңа емле бойынша үш грамматике және қазақ әліппесін
қайта жасауым керек. Аяқталу мерзімі: біріншісі – 15 маусым,
екіншісі – 1 шілде, үшіншісі – 1 тамыз, төртіншісі – 20 тамыз.
Міне, сол уақытқа шейін басқа жұмыстарға қарауға мұршам
жоқ; оның үстіне Қазақ-қырғыз институтында оқу басталса, тағы
да бос уақыт болмай қалады. Сол себепті де 20 тамызға дейін
Ибраһимнің [Абайдың] ғұмырбаянын жаза алмайтынымды
анық айтамын. 20 тамыздан соң уақыт бола ма, жоқ па – оны
білмеймін.
Сендерге өз суретімді жібермекпін; бірақ, байқа,
менің
бейнем енгізілген сенің дәптеріңді алмай қойып жүрмесін.
Біздің коммунистер Мәскеу коммунистері секілді жартыкеш
емес, нағыз «96 пробалы».
Алтынсары баласының суретін «Шолпан» журналының
№№ 6, 7, 8 кітап жинағынан табасыңдар. Одан басқа менде
суреті жоқ.
1
Әли – Әлихан Бөкейхан.
Әли – Алихан Букейхан (Букейханов,
Букей-Ханов, Буккейханов).
121
Міржақып Қостанай үйезіне кетті. Кеше одан алған
жеделхаттың мазмұны мынадай: «Гая
2
ерледі: ұл туды».
3
Мен Пішпекте өткен қырғыз мұғалімдерінің сиезінде
болып келдім. Күн тәртібіне қойылған мәселелер мыналар:
тіл, әріп, емле, ғылыми пән сөздері,
ескі сөздерді жинау,
мектеп түрі.
Латын транскрипциясы жөнінде оларда бұған дейін бір
жиналыс болып, шешім шығарған екен. Сиез соны мақұлдады.
Ол шешім төмендегідей:
«Латын транскрипциясын қырғыздың болашағы үшін
пайдалы деп табу, алайда оған дейін араб транскрипциясына
кейбір өзгерістер енгізу».
Олар Нәзірдің
4
транскрипциясын арабшадан да нашар
дей ді. Бізде үлкен
және кіші әріп болмауы қажет; сонымен
бірге тасқа түсетіні мен жазбаша әріптің айырмашылығы
байқалмағаны жөн.
2
Гая – Міржақып Дулатұлының жары Ғайнижамал.
Гая – супруга Миржакыпа Дулатулы – Гайнижамал.
3
М. Дулатұлының қызы Гүлнардан кейін 1925 жылы туған ұлы –
Әлібек.
Речь идет об Алибеке – сыне М. Дулатулы, родившемся после дочери Гуль-
нары.
4
Нәзір Төреқұлұлы (1892–1937) – ХХ ғ. Басындағы қазақтың пар-
тия және
мемлекет қайраткерлерінің бірі, журналист, филолог, КСРО-дағы
тұңғыш қазақ дипломаты: 1928–1930 жж. – Хиджаз, Неджд және қосылған
облыстар патшалығындағы (қазіргі Сауд Аравиясы патшалығы)
КСРО-ның
«дипломатиялық агенті және бас консулы; 1930–1932 жж. – осы патшалықтағы
КСРО-ның өкілетті өкілі (төтенше және өкілетті елші); 1932–1936 жж. – Сауд
Аравиясы патшалығындағы КСРО-ның өкілетті өкілі (елші). Түркі тілдерін, со-
нымен қатар араб, парсы, францұз және неміс тілдерін білді. 1937 ж. – халық
жауы деген айыппен атылды.
Нәзір Төреқұлұлы – Назир Турекулулы (Тюрякулов) – один из видных ка-
захских партийных и государственных деятелей начала ХХ в., журналист, фи-
лолог, первый казахский дипломат: в 1928–1930 гг. – «дипломатический агент и
генеральный консул» СССР в Королевстве Хиджаз, Неджд и присоединенных
областей, ныне Саудовская Аравия; в 1930–1932 гг. – полномочный предста-
витель (чревычайный и полномочный посол) СССР в этом же королевстве; в
1932–1936 гг. – полномочный представитель (посол) СССР в Королевстве Сау-
довская Аравия. Владел тюркскими языками, а также арабским, персидским,
французским и немецким. В 1937 году – расстрелян.