134
аттап та қалды. Қияға қарғып шығамын деп мертігіп қалмай,
тұрмыстың, тарихтың заңы бойынша табиғи жолмен жүріп, күн
санап өсіп, тереңдеп келе жатқан кешегі, бүгінгі әдебиетімізді
қарғауға емес, алқауға міндеттіміз. «Төңкеріс туралы тез
үндей қоймадың» деп,
томпиып өкпелеуге емес, не себепті
үндемегенін ұғуға міндеттіміз. Әдебиетімізге төңкерістің тіпті
түспеуінің, бірен-саран түсірем
деген топас тәжірибелер де
теріс жағынан түсуінің тағы бір себебі: төңкерістің өзінің қазақ
даласына күнгей бетінен емес,
теріскей бетінен, оңынан емес,
солынан кіруі – алақандағы нәрсе ғой. Мұны бүркеп қоюға бол-
мас. Марқыстың: «Санаға сипат беретін – салт», – деген асқар
пікірін де аттап кетуге болмас. Төңкерісті оң жағынан түсірем
деп ұмтылған әдебиетіміздің тәжірибесі соңғы бірер жылдың
ішінде ғана басталды. Бұл айтылғандардың бәрі – әдебиетіміздің
бұл күнге шейін жүріп келген жолы.
Тарихтың, тұрмыстың
құрыш заңы бойынша өз бағытымен дұрыс жүріп келген жолы.
Енді бұдан былай деген мәселе тумақ: аққан судың өзінен ай-
рылмайтын сипаты – ағу. Аққанда, жазық жерде – жайылып,
жыбырқанып,
тар жерде, тастың бауырында – көбіктеніп
көпіріп, жарды соғып лепіріп ағу. Яғни, өзінің ағу заңына да,
жолдың, арнаның заңына да бағыну. Тұрмыс та ағып жатқан су
сықылды. Қазақ тұрмысы да, салты да жаңа арнамен ағуға бет
алды. Зор төңкеріс қазақ даласына енді күнгей бетінен кіргелі
жаңа жол іздемек. Сонау жаңа жолдың жөні қайда? Бұған жа-
уабымыз – мынау.
Достарыңызбен бөлісу: