Тірі болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын!



Pdf көрінісі
бет62/150
Дата25.01.2023
өлшемі15,39 Mb.
#62967
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   150
Байланысты:
e0be8266bf1c310cf368d6fe2d998af0

Шындап кірісу керек
Бір жылдық мемлекет шығынын қайта қараған уақытта, 
бұл ретке дұрыстап қарау керек. Шу дегеннен басқа 
комиссариаттардың шығынын азайтып, артылып қалған 
ақшаны оқу комиссариатының мұқтаждарына жұмсау керек. 
Биылғыдай астығымыз шыққан жылы оқытушыларымызға нан 
бергенде, қолымыз қалтырамасын. Жеткілікті етіп берелік.
Ң ... ... ... ...
Оқу жолында жасалып жатқан жұмысты өте өнімсіз деуге 
болмайды, ескі оқытушыларды оятып, жаңа мақсұттарға жету 
үшін жаңа педагогикамен таныстыру жолында жаңа мәселелер 
мен дін мәселесі деген сияқты көп шаралар жасалып жатыр.
Бірақ, біз ең керектісін жасамай отырмыз: оқытушылардың 
халін қайғыртып, дұрыстап күтіп, тиісті орнына отырғызып 
баптап, жұмысқа қоса алмай отырмыз... Бұл күйде ешбір 
мәдениет туралы сөйлеуімізге орын жоқ, «мейлі жалшылар 
мәдениеті» болсын, «мейлі байлар мәдениеті» болсын.


156
Әңгіме Азиядағы сияқты біз малтығып ішінен шыға алмай 
жүрген «мәдениетсіздіктің» үстінде болу керек. Дұрыстап 
ұмтылсақ, бұл мәдениетсіздіктен шығуымыз оңай. Неге десеңіз, 
жер жүзінде біздің Ресейдегі бейнетқордай мәдениетке ынта-
лы, мәдениетке жалпағынан ұмтылған халық жоқ.
Мәдениет мәселелері Ресейдегідей ешбір жерде тесе 
қаралмайды; Ресейде басқа ешбір жерде мәдениетінің 
төмендігін мойындап қайғыратын, белгілі жұмысшылардың 
қолында тұрған мемлекет жоқ. Мәдениет арттыру жолында 
Ресейдегідей аянбай еңбек сіңіретін елі бар ешбір мемлекет 
жоқ.
Бірінші орында не болу керек?
Жылдық мемлекет шығынын орындаған уақытта алдымен 
бастауыш оқу жұмысын мұңсыз қылатын шара бізде бек аз жа-
салулы.
Оқу комиссариатының өзі де баспасөз бөлімін де керек деп, 
бір топ адамды асырап отыр. Алдымен кітап басып шығару 
емес, басылған кітаптарға саяси өріс табудың керек екенін 
ұғыну жөн.
Кітап басып шығару сияқты қарапайым жұмысқа бұрынғы 
жаман дағдымызша біз күш әм уақытты көп жұмсап, елге хат 
таныту жұмысын жеңілге сайып отырмыз.
Жоғарғы мектептерді, басқаратын бөлімге келсек, мұнда да 
«аса жоғарылап», жалпы бейнетқор елді ағарту жұмысынан 
іргесін айырып кеткен жерлері көп, сығалап қарап мінегенде, 
бұл бөлімде алып тастайтын артық жерлер көп.
Жұмысшы бейнетқорлар мемлекетінде үнемдейтін, 
үнемделетін нәрселер көп: қазіргі уақытта бізге артық керегі 
жоқ орындар, мекемелер, тоқтатып қоя тұрсақ үйіміз үстімізге 
жығылмайтын жұмыстар бар, бұлардың орнына сайын 
көргенде адам шошитын сауатсыздықты жою жұмысын ілгері 
бастыруымыз керек. Үнемдеу деген осы болады.


157


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет