құнын толтырып алып, басқасының бәрін пайда
етеді. Бұл жұмыстарды Қазақстан елінің өзі де жа-
сай білуі керек.
Ала арқанмен шандыған сынық арба қазақ елінің
мәңгі-бақи еншісіне тиген жоқ. Қазақ шаруасы да
өркендемек. Әйтпесе, қазақ еліне кеңес өкіметінің
орнағаны өтірік».
V.
1925 жыл. Мәскеу.
161
«Жаңа мектеп» журналының кезекті саны (Қызылорда. № 2, 1925 ж.).
Очередной номер журнала «Жаңа мектеп» («Новая школа», № 2, 1925 г.
Кзыл-Орда).
162
ОҚЫТУШЫЛАРҒА СЕНЕМІЗ
Біз «Жаңа мектепті» [журнал] шығарамыз деп уәде
еткенімізге көп болған. Мектеп, оқу, оқыту мәселелеріне
арналған оқу комиссариатының журналы шығады дегенде
– оқытушылардың құлағы селт ете қалды: әр жерден жазылу
ақшалар, хаттар, телеграмдар үсті-үстіне қардай жауды.
Білімге мұқтаждық әрдайым әр жерде-ақ болып тұрмақ.
Бірақ, бұл мұқтаждықты, мешеулікті мойындау, «мұқтажбын»
деп айналаға жар салып қол созу өне бойы бола бермейді. Кей-
де адамда менмендік, өзіне өзі ішпей жемей қанағаттанып,
көкірегіне нан пісіру деген әдет те болады.
Өткен патша дәуірінде Қазақстан түгілі, мәдениетті Ресейде
де оқытушылардың осындай «мещан тоқтығы», санасыздығы
болатын. Жол-жоба програм-план өзгерту мәселесі аса ша-
бан қозғалатын. «Жалпы ресейлік оқытушылар серіктігі» осы
санасыздық берекетінде қатып қалған күйінде «өктәбрге»
ұшырағанда тосырқап, үркіп жұмысшы-бейнетқорлар
үстемдігіне бой ұсынбай омыраулап құрық тартқан.
Осы ұлы бағытпен Ильминский, Победоносцев сияқты
миссионерлердің тәрбиесінен теліген сиырдай басы айналып
қалған қазақ «учительдері» де өктәбрге ұйқылы-ояу, сүле-
сапа күйде ұшыраған. Бұлар да осқырған, үріккен. Жалтыр
түймелерін шүберекпен қаптап алған. Ақырында оқу май-
данынан серпіле қашқан. Милиция, іс жүргізуші, тергеуші
болған. Бұл қазақ учительдерінің бұрын тұрған ортасын, айна-
ла жағдайды, өзінің міндеттерін түсінбегендігіне айқын дәлел ...
Жоғарыда, біз журнал шығарамыз дегенде, елдегі
оқытушылардың құлақтары селт ете қалды дедік. Бұл аса
қуанышты құбылыс. Бұл ел мұғалімдерінің тұрған ортасын
түсінгендігін, бұл оқытушылардың кеңес мектебінің «жанының»
– ойласу, сұрасу, күш қосу, тілек қосу, қысқасы – «кеңесу»
екендігін дұрыс түсінгендігін, бұл ел мұғалімдерінің «заман
тазысы» бола бастағандығы. Журналды уәделі күнімізден
кешігіп шығарғандығымызға енді өкінбейміз: кешігу арқасында
оқытушыларымыздың салт-санасы мен оқу жұмысына
көзқарас-ынтасымен танысып алдық.
163
Міне, сонымен журналымыз ұзақ толғап кішкене ғана сұрқыл
кітапша болып, оқытушы жолдастар алдарыңа 1, 2 саны барып
отыр. Бұл кітап маңызсыз, азғантай ғана жолдастардың – көші-
қон, ат жалы атан қомында – бітірген жұмысы, ендігі қалған
жерге журналдың көркеюі, өсуі елдегі, оқытушылар, сендердің
өз қолдарыңда. Журналды көркейту сендердің қолдарыңнан
келеді, сендер және көгертесіңдер. Бұған біз артықша сенеміз.
Үйте тұрса да оқу жұмысын атқарып тұратын ортамыз
(ауыл) туралы, жағдай туралы, оқытушылардың мойнындағы
міндеті туралы журнал арқылы кеңесіп өтпекпіз.
Бүгінде Кеңестер Одағының оразды елдері, мәдениетті елдері,
оқу майданында бұрынғы ескі жолды бүтіндей тастап жаңа
жолға түсті. Бұл жаңа жолды «Государственная программасы»
деп қысқартып атап отыр. «Госпрограммасының» не екенінен
оқытушылардың хабары болса керек, оның үстіне бұл мәселе
туралы айырым мақалаларда жазылып келеді, жазылмақ та.
Сондықтан біз Госпрограммасын талдап түсіндіреміз деп бұл
жерде тоқтамаймыз.
Госпрограммасы дегеннің бүтіндей қолартатыны –
мектеп тұрған ауданның материалдары. Қазақстандағы
шаруашылық, салт-сана, басқа да қоғам өміріндегі жағдайлар
басқа жерлердегіден бөлек. Госпрограммасын аудандағы
жағдайларға қарай тезге салып бейімдеп алмай болмайды.
Сондықтан мұғалімнің жете тексеретін, зерттейтін нәрсесі ау-
дан жағдайлары, аудан материалдары. Ел тұрмысы, ел кәсібі,
ел салт-санасы. Мұғалімдер қазақ мектебіне қазақ шаруасына
бейімделген Госпрограммасын жүргізу керек.
Өткен жыл жолдас Жандосов комиссиясы ел аралап, ел
өмірін зерттеген. Бұл қазақ – қазақ болғалы басталған маңызды
жұмыстардың бірі. Жолдас Жандосовтың мақсаты елде не бар
екенін, елдің не екенін, елдің алған бағытының қалай екенін
көзбен көріп отырып материал жинап, жинаған материал-
ды ғылым тезіне салып жұртшылық жұмыстардың желісін
тартып планын құру. Комиссия көп жұмыс бітіргенде бұлар
бірақ – әкімдер келіп анау не, мынау не деп сұрай бастағасын,
жиырылып үйренген қазақ елі жиырыла да бастаған жерлері
164
болған. Делдал (маклер) диқаншымын деген. Диқаншы мал
бағушымын деген. Қысқасы, қазақ комиссияның жұмысына
түрлі қарауылдан қарап түрлі қошқар мүйіз жүргізген.
Олай болса ел өмірін, ел тұрмысын елдің ішінде, елмен
бірге жасап жүрген мұғалімдер ғана дұрыс зерттей алады. Ел
тұрмысын зерттеп материал жинаған мұғалім жұртшылық
желісін тартуға арқан, қазақ даярлайды. Мектепке программ
түзеуге, сабақ оқытуға керекті құралдар жинайды – екен.
Сөйтіп, мұғалім «апасына да барады, таяққа да үйретеді».
Қазақ мұғалімдері, кеңес үкіметінің шын қарашысы, надан
бейнетқор қазақ елінің шын досы: сабақ оқытудан басқа ел
тұрмысын зерттеуге, ел шаруашылығын зерттеуге міндетті.
Қазақ елі надан, тегісінен хат танымайды. Хат танымаудың,
надандықтың кеселдері, жұртшылық жұмысына бөгеті газет-
журналдарда күнбе-күн жылатып отыр. Әрбір саңылаулы
азаматқа айқын: қырағы Ленин жолдастың сүрек кесіп
тапсырып кеткен өсиеттерінің бірі – сауатсыздықты жою.
Сауатсыздықты жояды деп Лениннің сенгені, бейнетқор елдің
сеніп отырғаны – мұғалімдер. Біз өктәбрдің 10 жылдық то-
йына дейін сауатсыздықты 100 % жоя алмаймыз, 50 % жойып
өрмектің дүзін аударсақ, Қазақстан жағдайларында көп жұмыс
бітіргеніміз, Лениннің өсиетін орындағанымыз. Мектеп ішінде
бала оқытудан басқа, мектеп программасын түзеу үшін аудан
тұрмысын зерттеп материал жиюдан басқа қазақ мұғалімінің
мойнындағы зор міндет сауатсыздықты жою жұмысына
белсеніп кірісу.
Надан қазақ елінің шаруасы нысаналы түрде жүріп келеді.
Арба сынық, ат арық, сиыр шапата, қой қотыр, түйе қысаға.
Шаруашылықтың оңып тұрған жері жоқ. Егін жұмысы Нұқ
заманындағыдай. Пішен әлі қолмен шабылады. Сауда – осал-
ды күшті жем етуде. Кәсіп жемістері (айталық, тері-терсек,
жүн-жұрқа, ет, сүт, май тағы осы сияқтылар) іріп-шіріп жа-
тыр. Мал баққан қазақ сияқты Швейцария сүттен жасаған
ауқаттармен жер жүзін асырап отыр. Қазақ сиырының терісі
Германия барса, бір теріден 5 түрлі былғары жасап сатады.
Терінің көк етінен желім жасап сатады. Жүннен қырып алып,
165
әдемі қалпақ жасап сатып, қалпақ сатқан ақшаның жартысы-
мен терінің әуелгі құнын толтырып алып, басқасының бәрін
пайда етеді. Бұл жұмыстарды Қазақстан елінің өзі де жасай
білуі керек. Ала арқанмен шандыған сынық арба қазақ елінің
мәңгі-бақи еншісіне тиген жоқ. Қазақ шаруасы да өркендемек.
Әйтпесе қазақ еліне кеңес өкіметінің орнағаны өтірік. Міне осы
жұмыстарға бұқараға басшы керек. Мәдениетті елдерде бас-
шы болатын инженер, агрономдар көп. Бізде ол жоқ. Оқып
жүрген жастар жетіскенше көп заман бар. Қазақ елінің әзірге
инженері де, агрономы да оқытушылар: бала оқытудан бөтен
оқытушының міндеті елдің шаруашылық жұмысына араласып
басшы болу.
Надан ел нас болады. Қазақ елінде настық көп. Настық неше
түрлі ауруға себеп. Ел ішінде сифилис [мерез] киіздей түріліп
тұр. Кейбір ауылдарда адамның қақ жартысы пышық. Қазақ
мұны самар, жел, маңқа, ноғай қотыр ... деп бақсыға, тәуіпке
емдетіп отыр. Басталып келе жатқан сифилисті «теміреткі» деп
«жақсы көрген кісіге жалатып» емдеп отыр. Ауру құрттарын
тасып біреуден біреуге жұқтыратын бит-бүрге қазақ ауылын-
да жыртылып айрылады. Монша жоқ. Бұларды емдейтін,
бұларды түсіндіріп аурудан сақтандыратын доқдырлар.
Доқдыр [доктор] қазақта жоқ. Бар доқтыр шашылып жатқан
қазақ елін емдеп те, үгіттеп те үлгере алмайды. Сары даланы,
қазақ ауылын бұл қасіреттен құтқару жалғыз ғана мұғалімнің
қолынан келеді. Мұғалімдігінің үстіне қазақ мұғалімі ауылда
емші болуы да керек.
Жоғарыда программ түзеу үшін, жұртшылық желісін тар-
ту үшін қоғам тұрмысын зерттеу керек дедік. Қоғам тұрмысын
зерттегенде үш дәуірге бөліп зерттеуге тура келеді. Қазіргі күйі.
Екінші – өткен уақыттағы күй. Үшінші – болашақтағы тұрпаты.
Сондықтан қоғамның өткен өмірін де зерттеу керек болады.
Мәдениетті елдердің өткен өмірі жазба тарихтан, әдебиеттен,
өлең-жыры, күй-сазынан көрінеді. Қазақта жазба тарих жоқ.
Ұзақта ескі әдебиет жоқ. Қазақта бүгінге дейін жазылған ән,
күй де болмап еді. Бұлардың барлығы ауыздан ауызға көшіп
жыртылып жамалып жүр. Бұлардың барлығын жинау, өңдеу,
166
тасқа бастыру керек, иә, оқу комиссариаты мұны жинап ала
алмайды. Қазақ елін, Еділден Алтайға дейін шашылып жатқан
елді аралап ескі сөздерін, ән-күйін жинап алу мұғалімдерден
басқаның қолынан келмейді. Мұғалім Қазақстанның өткен
өмірін құрастырып жарыққа шығаруға міндетті.
Қазақ елінің надандығы – саясат сауатсыздығында, тырмы-
сып берік ұстап отыр. Бұқара қазақ елі әлі кеңес өкіметінің
суретін таныса да, сырына жетік емес, атына таныс болса,да, за-
нына қанық емес. Болосной управитель мен болосной советтің
айырмасын елдің көбі білмейді. Бұл білмеудің арқасында
сары далада талай сұрқылдар талай көңілсіз амалдарды жа-
сап жүр. Талай еңбекшінің еңбегі жебірге жем болып жүр;
талай адамгершілік аяққа басылып жүр. Қазақ кедейі әлі өз
тағдырына өзі қожа бола алмай жүр. Қазақ әйелі әлі күңдіктен
құтыла алмай жүр. Қалың мал, көп қатын алу қалсын деген заң
шықса да, бүркеніп отырып оразада насыбай атқан «наданша»,
қазақ ұрлап қалың мал алып отыр, қазақ айла шарғылап көп
қатын алып отыр. Бұл мәлелерден қазақ бейнетқорлары оян-
бай, шаруасын тірілтпей, өз тағдырына өзі қожа болмай тұрып
құтылып болмайды. Ояну үшін оятушы керек, үйретуші керек,
басшы – көтермеші керек. Қазақ даласында бұ жұмыс бүтіндей
оқытушының мойнында.
Санай
берсең,
қазақ
оқытушыларының
жұмысы
таусыларлық емес. Қорытып айтқанда – қазақ даласында жаңа
өмірдің, жаңа тұрмыстың, қылтылдап ұшы көрініп келе жатқан
жаңа әлеуметшілдің, жұртшылықтың тетігі ауылдардағы
оқытушылардың қолында, болашақтағы жақсы ат, жаманат
көбіне-ақ оқытушылардікі.
Оқытушылардың бұ жұмыстарды атқаратынына біз сенеміз!
V.
«Жаңа мектеп» журналы, № 2, 1925 ж..
Қызылорда.
167
Достарыңызбен бөлісу: |