Тірі болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын!



Pdf көрінісі
бет66/150
Дата25.01.2023
өлшемі15,39 Mb.
#62967
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   150
Байланысты:
e0be8266bf1c310cf368d6fe2d998af0

САНАҚ ПЕН ЖҰРТШЫЛЫҚ
«Коммунизм – дұрыс есеп пен дұрыс үлес». Бұл қысқа сөзбен 
шешілген коммунизмнің мағынасын теріс деп теріс жолда 
жүрген Телі де айта алмайды.
Есеп ненің есебі? Аспандағы жұлдыздардың есебі ме? Сыр 
бойындағы масаның я шыбынның есебі ме? Жоқ.
Шаруаның есебі. Жасаудың, жасау күшінің, жасау құралының 
есебі. Мата, мәшине, малдың, жанның есебі. Қысқасы, адам 
қоғамының тіршілігінің, «өрмегінің» жіптерінің есебі.
Әлеуметшілік негізге құрылған коммунизм шамына қаздай 
мойнын созып ұмтылған Қазағыстан Кеңесті Республикасына 
есеп те керек-ақ, есептеп болып дұрыс үлестіру де керек-ақ.
Есептей, тіршілікке керек азықты үлестіру, еңбекті, еңбек 
жемісін дұрыстап үлестіру – дұрыс есептен соң болатын нәрсе. 
Сондықтан үлес мәселесін ашық қалдырып Қазағыстандағы 
«есеп» күйін тексерелік.
Қазағыстанда есеп бар ма? Бар.
Бар, бірақ дұрыс есеп емес.
Есеп алатын мекемелердің материалына, өзінің орындардан 
алған есебіне сүйеніп 1920–1921-інші жылдар оқу комиссариа-
ты Қазағыстанда 98 % адам хат танымайтын сауатсыз деп жари-
ялады. 3–4 жыл өткен соң сауатсыздық жұқарды, 80 %-ке төніп 
қалды десті. 1925-інші жылы сауатсыздықты тағы 100 % ауылына 
жақындатып отыр. Бұл қалай? – дегенге: – Мына надан Жетісу, 
Сырдария, Қарақалпақ облыстары қосылғаннан, – дейді.
1920–1921-інші жылдарда 98 % хат танымайтын ескі Қазағы-
станнан надан болған жаңа қосылған облыстардың жолы 
болсын!? Бұған сауатсыздық жою жұмысын басқаратын Оқу 
комиссариатының бөлімі айыпты емес. Басы қатып отыр. Са-
уат ашқыш мектепке пәлен адам оқып жатыр деп, орындардан 
бүгін бір түрлі, ертең екінші түрлі есеп көрсетіп отыр.
Мектептің, оқушының, оқытушының, мемлекеттегі сауат-
сыздықты жоятын орындардың сауатты адамдардың, сауатсыз 
адамдардың санын дұрыс біліп алмай тұрып, халық ағарту 
жұмысын ілгері бастыра алмаймыз.


168
Осы күнде бір ауыр жұмыс – салық жұмысы. Салық 
жұмысының дұрыс жүргізілуіне ел шаруасының оңалуы, 
шаруаның әлеуметшілік жолмен жүруі байлаулы. Қулық, 
сұмдық, теріс есептей арқасында бай салықты аз төлеп, кедей 
көп төлесе, кедей таз кебін қайта киеді. Байға қайта барып құл 
болады. Теңдік орнамайды. Бұл бір. Екінші. Бай малын жасы-
рып, салықты аз төлесе, кедейден түсетін салық өзі аз болса, 
мемлекеттің қалтасына ақша түспейді. Мемлекет кедей болады. 
Губерне, ояз, болыстардың жергілікті кіріс-шығысы (Местный 
бюджет) кеуіп қалады. Оқу жұмысы, мәдениет, шаруашылық 
жұмысы қурайды. Майсыз арбадай белағашы қиылады. Барлық 
игі жұмыстарға пұл керек болса, бұл үшін кіріс-шығысты 
көбейтпек болсақ, кіріс-шығысты көбейту үшін салықты дұрыс 
жүргізу керек болса, бұлар үшін дұрыс есеп керек.
Қазағыстан елінің кәсібінің дені мал бағу, егін салу, малды 
әуеге бағып (жерден жоғары), егінді айға барып жыртып бол-
майды. Екеуі де жерде болатын жұмыс. Қазағыстан шаруасының 
тіреуі жер. Орасан ірі дауды ауызға алғанда қазақ «жер дауы»... 
деп бастайды. Ел шаруасын ауызға алғанда қазақ: «жері байдың 
елі бай», – деп бастайды.
Сондықтан шаруасын тірілтемін, Қазағыстанда ағарту, 
мәдениет қазанын қайнатамын деген адам әңгімені жер-
ден бастауы керек, елді қоныстандырудан бастауы керек. 
Социалшылдық қоныстандырудан бастау керек.
Бұл екі керекті қазақ көптен білетін. Бұл керекке қазақ 
көптен ұмтылған. Бұл керектің табылмағанынан қазақ талай 
қырғынға ұшыраған, талай жұтап, «ақтабан шұбырынды» 
болған. Патша өкіметі қазақтың бұл керегін тауып берудің 
орнына, қазақ жерімен жалмауыз капиталшылардың, граф-
кнәздардың жерігін басқан: алпауыттардың [помещиктердің, 
феодалдардың] жерін қорғаймын деп қазақтың жерін мұжыққа 
тартып алып берген. Қаз қонып, үйрегі ұшқан Ертіс, Жайық 
өлкелерін қазақ орыстарға нагыратқа [наградаға – сыйлыққа] 
тартып алып берген. Бұл ретте сөйлей берсек жыр болар. 
Тоқталық, соңғы уақытқа келелік.


169
Өктәбір өзгерісінен кейін Кеңес өкіметі қазақтың керегін із-
дей бастаған көптеп көксеп, көкірегі қақ айрылған, «Еділ-Жайық 
екі су ерлерім еңсеп желген жер...» деп еңіреп жоқтаған, керегін 
іздей бастаған. Шу дегеннен Ертіс-Жайық бойын қазақтың өзіне 
қайырып берген. Содан кейін қазақ елін социалшылдық жолмен 
қоныстандыру жұмысына кіріскен. Бұл жұмыс Қазағыстандық 
Жер-су комиссариатына тапсырылған. Жер-су комиссариаты 
төніп, бұл үлкен жұмыстың қасына келіп кіріспек болғанда, 
алдынан үлкен қиыншылық ұшыраған. Бұл не қиыншылық? 
Есептелмегендік.
Ғылым жолымен социалшылдық қоныстандыру жұмы-
сын жасауға жердің ауа райы қандай, өсімдігі қандай, 
топырағы қандай, шық-шылауы қандай – дұрыстап білу керек. 
Қазағыстанда бұл шарттар зерттелмеген, есептелмеген Жер-су 
комиссариатының алдынан шап ете қалған қиындық осы.
Қазақ өзі туралы сөйлегенде «7–8 миллион қазақ елі» деп 
сөйлейді. Кітап жазған инженер Тынышбай баласы 5–6 мил-
лион шамалы дейді, басқа біреуі 2 миллион дейді, Орталық 
есеп басқармасы миллион жарымдай дейді. Мұның қайсысына 
нанасың? Қай санды қолға алып қоныстандыру жұмысына 
аттанасың?
Олай болса, Қазағыстандағы адамның санын дұрыс біліп ал-
май тұрып, елді қоныстандырып болмайды.
Бұл есептің терістігіне кім айыпты? Қазақ па, Тынышбай 
баласы ма, Орталық есеп мекемесі ме? – Бірі де айыпты емес. 
Бұған айыпты қазақтың Өктәбірден бұрынғы күні күннің 
қожасы – патша өкіметі, патша өкіметінің жалшылары – пересе-
лен шенеунектері: қазақ қанша надан, соқыр болса да «арбаған 
сұр жыланның» шағатынын білген, есепке келген переселен 
мекемесінің шенеунектеріне өтіріктен басқаны айтпаған. Көп 
өтірікпен қазақ шатасқан. Шатасқан қазақтың санын азайтып, 
жерін көбейтіп, учаске кесіп алып шенеунектер де қайқайған.
Орыспен, орысша оқыған төрелермен ұшырасқан жерде 
сенбеу, өтірік айту қазақтың бойына сіңген. Сондықтан Кеңес 
өкіметінің сұраған есебіне де бұ күнгі дейін қазақ өтірік айтумен 
келеді. «Өкімет мата, астық береді» деген уақытта, «жас балаға 


170
киім-тамақ береді» деген уақытта есеп берген қазақ қатынын 
қойдай қоздатқан. «Өкімет еңбек қарызын (трудовая повин-
ность) өтетеді» деген уақытта, «салдат алар» деген уақытта қазақ 
баласын шыбындай «қырған»: ұлын қыз қылған, 30 жасар бала-
сын 5 жасар, 5 жасар баласын 40 жасар қылған. Осы қуалаған 
өтіріктің нәтижесін «құшақтап» Тынышбайұлы отыр.
Қазақтың саны көп пе, аз ба? Бұл екінші мәселе. 
Тынышбайұлының, жолдас Сириустың, Есеп мекемесінің 
құшақтап отырған сипырлары [цифрлары] өтірік.
Енді не істеу керек?
Енді жатпай-тұрмай Қазағыстанның шын есебін табу керек. 
Соны тауып алып, қоныстандыру мәселесін шешу керек.
Жоғарыда біз жұртшылықтың мұқтаж 2–3 жоғын көрсетіп 
кеттік. Шындықта, жұртшылықтың есепке мұқтаж емес жері 
жоқ. Сауданы дұрыстау, кооперация ашу, ауру емдеу, елдің 
мойнын дін, молда, әзіреттерден босату, кеңес негізіне түсіндіру 
партия жұртшылығын орнату – барлығы есепке байлаулы. Бұл 
жерде мұны ескертіп кетуді дұрыс санадық.
Әрі асалық. Не істеуге керек? 1926-ншы жылы Кеңестер 
Одағында жалпы санақ болады. Бұл санақты дұрыс өткізсек, 
дұрыс есеп алсақ, дұрыс қоныстандық. Санақты дұрыс өткізу 
үшін мынадай жұмыстар істеу керек:
1) Осы күннен бастап санақтың жақсы ниетпен болатынын 
түсіндіріп үгіт-насихат жүргізу;
2) Үгіт-насихат жүрзігу маусымын ашып, барлық газет-
жорналдарды маусымға шақыру. Газет-жорнал бетінен «санақ 
әңгімесіне» белгілі орын беру;
3) Санақ туралы ұсақ, түсінікті кітаптар жазып, ел ішіне та-
рату;
4) Орталықта, губернеде, оязда санақты жүргізу курстарын 
ашу, лекциялар оқу;
5) Елге арнап үгітшілер жіберіп, санақтың мағынасын 
түсіндіру;
6) Партия, Кеңес, кәсіп, жұртшылық ұйымдарын, комсомол-
дарды санақтың мақсатын анықтауға, үгіт жүргізуге, санақ ту-
ралы түсініс беруге, жәрдемге шақыру;


7) Хат танитын, қалам білетін қазақ баласын қазақ елінің 
есебін алып, санағын дұрыс өткізуге қалдырмастан жинап қосу.
Алдымыздағы санақты дұрыс өткізуіміз орнағалы тұрған 
жұртшылықтың негізі. Бұл санаққа мұғалімдер жаппай кірісіп, 
жұмыс қылулары керек.
V.
«Жаңа мектеп» журналы,
№ 2, 1925 жыл. Қызылорда.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет