185
Енді мынаны қаралық. Бөлек еріктерден қоғамдық нәтиже
құралған соң, бұл нәтиже бөлек адамның қылығын билейді.
Бұл ретті анықтаңқырау керек.
Тағы бағаны мысалға алайық. Базарда картоптың килогра-
мы, мәселен, пәлен тиын. Сатушы да бұл бағаны күні бұрын ша-
малап келеді, бұл бағаға қарай өздерінің шаруашылық есебін
жасайды. Басқаша айтқанда, қоғамдық құбылыстар (баға) жеке
құбылыстарды билейді. Өмірдің басқа реттерінде де дәл осылай
болады. Жаңа үйреніп келе жатқан шебер бұрынғы шеберлер-
ден өрнек алады, мұның үстіне қоғамның сезімімен, тілегімен
де есептеседі. Саясат көсемі айналадағы ретке қарай әдіс жасай-
ды. Мезгіліндегі реттерді нығайтса да, қиратса да жағдаймен,
сүйенген табының тілегімен санасып жасайды. Көсемнің ерген
қоғамдық жағдайлар билейді.
Жоғарыда ұйымдаспаған қоғамда адамның тілегіне қарсы
нәтижелер шығады дедік. Мұнда қоғамдық құбылыстар адам-
ды құл етеді, билейді. Адамның қылығын билегеннің үстіне
адамның тілегіне қарсы түзетеді.
Сонымен, ұйымдаспаған қоғам туралы біз мынадай реттер
шығара аламыз:
1) қоғамдық құбылыстар дара еріктердің, сезімдердің,
амалдардың, тағы басқалардың араласуынан шығады;
2) әрдайым қоғамдық құбылыстар дара адамның еркін
билейді;
3) қоғамдық құбылыстар дара адамдардың еріктерінен
құрылып, жеке еріктерге қарсы түзеді, зорлап қожалық
жасайды; дара адам қоғамдық құбылыстардың қыспасына
түседі (мәселен, өктәбір өзгерісінен кейін қаңғып қалған капи-
талшылар, молдалар...).
Достарыңызбен бөлісу: