5
Көшпелілер өркениетін нақты тану қазіргі заманғы Қазақстанның рухани
дамуына серпін беріп, ұлттық құндылықтарымыздыңмаңызын терең түсінуге
мүмкіндік туды.
Тарих – кез келген қоғамдағы өзін-өзі танудың және өзіндік
идентификацияның әдісі, ал ұлттық тарих біріктіретін маңызды ролі бар және
тілі, діні, рухани мәдениеті, таңбасы, дәстүрі бар біртұтас халықты құрайтын
мемлекеттің негізгі факторы. Оның жаңа тарихи санасы, дүниетанымы, жеке
және ұжымдық жадысы, адамдар мінез-құлқының мотивтері мен стереотиптері
болып табылады.
Қазіргі кезде тарих күнделікті өмірдің, мәдениеттің, ойлаудың, халық
санасының құрамдас бөлігіне айналып, сауатты қоғамның назарын өзіне
аударуда. Өткен тарих өшіп қалмайды, ол әлеуметтік өмірдің жинақталған
тәжірибесінде жалғаса береді. Адамдық тәжірибені жинақтау және өңдеу
тарихтың бірінші міндеті. Уақыт пен кеңістіктегі адам өмірі тарих деп аталса,
қоғамдық өмірдің шынайы болмысы болып табылады, ол оның барлық
көрінісін қамтиды, өздігінен ештеңені алып тастай алмайды, тек шындық
айтылуы тиіс. Міне, осы тұрғыдан алғанда бұл оқу құралы Қазақстан
тарихынан білім алып, тарихи сананың қалыптасуына, өз еліне деген
патриоттық сезімнің қалыптасуына септігін тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: