Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет34/132
Дата27.01.2023
өлшемі1,88 Mb.
#63186
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   132
Байланысты:
Дәрістер

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-08-18. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
Жеке меншiкте болатын мүлiктiң саны мен құны шектелмейдi. 
Мемлекеттiк меншiк республикалық және коммуналдық меншiк түрiнде көрiнедi. 
Республикалық меншiк мемлекеттік қазынадан және заң құжаттарына сәйкес мемлекеттiк 
республикалық заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлген мүлiктен тұрады. Республикалық 
бюджеттiң қаражаты, алтын валюта қоры және алмас қоры, мемлекеттiк меншiктiң 
Азаматтық кодекстiң 193-бабында аталған объектiлерi және мемлекеттiк заңды тұлғаларға 
бекiтiлiп берiлмеген өзге де мемлекеттiк мүлiк Қазақстан Республикасының мемлекеттiк 
қазынасын құрайды.
Коммуналдық меншiк жергiлiктi қазынадан және заң құжаттарына сәйкес 
коммуналдық заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлген мүлiктен тұрады.
Жергiлiктi бюджет қаражаты және мемлекеттiк заңды тұлғаларға бекiтiлiп 
берiлмеген өзге де коммуналдық мүлiк жергiлiктi қазынаны құрайды.
Ортақ меншiк ұғымы мен оның пайда болу негiздерi. Екi немесе бiрнеше адамның 
меншiгiндегi мүлiк оларға ортақ меншiк құқығымен тиесiлi болады. Мүлiк меншiк 
иелерiнiң әрқайсысының меншiк құқығындағы үлестерi белгiлене отырып (үлестiк 
меншiк) немесе ондай үлестер белгiленбей (бiрлескен меншiк) ортақ меншiкте болуы 
мүмкiн.
Мүлiкке ортақ меншiк үлестiк меншiк болып табылады, бұған мүлiкке ортақ меншiк 
құру заңда көзделген реттер қосылмайды.
Ортақ меншiк екi немесе бiрнеше адамның меншiгiне мүлiк түскен кезде пайда 
болады, оны өзiнiң мақсаты өзгертiлмейiнше бөлуге болмайды (бөлiнбейтiн заттар), 
өйткенi ол заңға сәйкес бөлiнуге жатпайды. Бөлiнетiн мүлiкке ортақ меншiк заң 
құжаттарында немесе шартта көзделген реттерде пайда болады.
Ортақ бiрлескен меншiк:
1) ерлi-зайыптылардың ортақ меншiгi;
2) шаруа қожалығы мүшелерінің ортақ меншігі;
3) жекешелендiрiлген тұрғын үйге ортақ меншiк түрiнде болады.
5. Мәмілелер ұғымы, нысандары мен түрлері. Жарамсыз мәмілелер 
Азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, 
өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері мәмілелер деп танылады. Жоспарлы 
экономика кезінде барлық шаруашылық жүргізу орталықтандырылып атқарылған, 
жоспарланып, әкімшілік әдіспен жүргізілген. Сондықтан мәміленің аса қажеттілігі және 
маңызы болмаған. Ал нарық жағдайында мәмілелер субъектілердің арасындағы қарым -
қатынастың негізі болып отыр. 
Мәмілелер біржақты және екі немесе көпжақты болуы мүмкін. Заңдарға немесе 
тараптардың келісіміне сәйкес жасалуы үшін бір тараптың ерік білдіру қажет және 
жеткілікті болатын мәміле біржақты деп есептелінеді. Шарт жасасу үшін екі тараптың не 
үш немесе одан да көп тараптың келісілген ерік білдіруі қажет.
Азаматтық құқықтық мәмілелер ауызша, жазбаша нысанда жасалады.Жасалған кезде 
атқарылатын, жетон, билет немесе әдеттегідей қабылданған өзге де растайтын белгі 
арқылы жасайтын мәмілелер ауызша жасалынады. Мұндай мәмілелер адамның мінез-
құлқынан, оның мәміле жасау еркі айқын көрініп тұрған ретте де жасалған деп саналады. 
Үндемей қалу заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген реттерде мәміле 
жасауға ерік білдіру деп танылады.
Жазбаша нысан жәй және нотариалдық болып екіге бөлінеді. Мынадай мәмілелер: 
- кәсіпкерлік үрдісінде жүзеге асырылатын; 
- мәмілелерді жасау кезінің өзінде орындалатындарынан басқа, жүз еселеген есептік 
көрсеткіштен жоғары сомаға; 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет