Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет44/132
Дата27.01.2023
өлшемі1,88 Mb.
#63186
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   132
Байланысты:
Дәрістер

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-08-18. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
Жергілікті атқарушы органдар - әкімгершіліктер заңнамаларға сәйкес тиісті аумақтар 
бойынша жоспарлар, экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламаларын, бюджжеттер 
жасап, маслихаттарға бекітуге ұсынады және олардың атқаруын қамтамасыз етіп, сол 
жөнінде есеп беруді қалыптастырады. Жергілікті мемлекеттік басқарудың экономикалық 
және қаржылық негізін келесілер құрады: 
 Жергілікті бюджет; 
 Заңды тұлғалар маңында бекітілген коммуналдық мүлік; 
 Заңнамаларға сәйкес бекітілген басқа да коммуналдық мүлік. 
4. Салық қызметінің органдары, олардың уәкілеттілігі. Қазақстан Республикасының 
салық жүйесі. 
Салықтар дегеніміз мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір 
мөлшерде түсетін міндетті төлемдер. Салықтар – шаруашылық жүргізуші субъектілердің, 
жеке тұлғалардың мемлекет пен екі арадағы мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге 
асырылатын, қаржы қатынастарын сипаттайтын экономикалық категория. Салықтардың 
экономикалық мәні мынада: салықтар шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық 
табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді. Сондай – ақ 
шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының белгілі бір мөлшерін мемлекет 
үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді.
Мемлекетте алынатын салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем 
түрлерінің, оны құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, принциптерінің, салық 
заңдары мен салыққа қатысты нормативті актілердің, салық қызметі органдарының 
жиынтығы мемлекеттің салық жүйесін құрайды.
Экономикалық жағынан салық жүйесі мемлекеттің, аймақтардың және муниципалды 
құрылымдардың қызметін қаржылай қамтамасыз етуге байланысты әр түрлі мемлекеттер, 
мемлекет пен салық төлеуші арасындағы, әр түрлі салық төлеушілер арасындағы, сондай-
ақ оған тікелей қатысушы заңды және жеке тұлғалар арасындағы күрделі өзара 
байланысты әлеуметтік-экономикалық қатынастардың жиынтығын құрайды. 
Салық жүйесіне қажетті негізгі талаптар мыналар: 
- салық құрамы дәл анықталуы қажет. Ол үшін салық заңдылығында мемлекетте 
алынатын салықтардың толық тізімі мазмұндалуы керек; 
- салық жүйесі салық төлеушілер үшін салықтан жалтару тиімсіз болатындай етіп 
жасалуы тиіс; 
- салық жүйесінің қарапайымдылығы. Бұл әсіресе, салықтың дұрыс төленуі үшін 
бақылауды жүзеге асыруда маңызды; 
- салық жүйесі салық төлеушінің өз қаражатын өндіріске салуына ықпал етуі керек. 
Жалпы, салық жүйесі мемлекеттің қаржы көздерін жасақтаудың ең негізгі құралы 
болуымен қатар, ел экономикасын қайта құруға, өндірістің ұлғайып, дамуына және саяси-
әлеуметтік шаралардың толығымен жүзеге асуына мүмкіндік туғызады. 
Қазақстанда салық жүйесінің қалыптасуы мен даму кезеңдері 
1991 жылға дейін, яғни КСРО ыдырағанға дейін елде көбінесе экономиканы 
басқарудың әміршіл-әкімшіл жүйесіне, бағаларға қатаң мемлекеттік реттеуге сәйкес 
келетін салық жүйесі қызмет етті. Бюджеттің басты кіріс көздерінің бірі болған айналым 
салығы тіркелген бөлшек сауда және көтерме сатып алу бағаларын қолдануға және 
мемлекеттік реттеп отыруға бағытталған болатын. Қазақстан егемендікке ие болғаннан 
кейін 1991-1995 жылдары қабылданған бірқатар заңдарға сәйкес республикада жаңа салық 
жүйесі қалыптасты. 
1991 жылдың 25 желтоқсанынан бастап біздің елімізде тұңғыш салық жүйесі қызмет 
ете бастады. Ол «Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы» заңға негізделді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет