Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет49/132
Дата27.01.2023
өлшемі1,88 Mb.
#63186
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   132
Байланысты:
Дәрістер

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-08-18. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
Жұмыс берушi мен қызметкер арасындағы еңбек қатынастары нормативтiк 
құқықтық актiлермен, еңбек туралы заңдарға сәйкес жасалған жеке еңбек, ұжымдық 
шарттармен реттеледi. Жеке еңбек, ұжымдық шарттардың талаптарын тараптар бiржақты 
тәртiппен өзгерте алмайды. Жеке еңбек, ұжымдық шарттардың талаптары, егер олар заң 
актілерiне қайшы келмесе, тараптардың орындауы үшiн мiндеттi болып табылады. 
Қызметкерлердiң негізгi құқықтары мен мiндеттерi. 
Қызметкердiң құқықтары: 
1) жұмыс берушiмен Еңбек кодексінде белгiленген тәртiппен жеке еңбек шартын 
жасасуға, өзгертуге және бұзуға; 
2) тең еңбегi үшiн қандай да болсын кемсiтусiз тең ақы алуға; 
3) қауiпсiздiк пен гигиена талаптарына сай келетiн еңбек жағдайларына; 
4) егер басқа заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, кәсiптiк одақтарға немесе басқа да 
қоғамдық бiрлестiктерге өз еркiмен мүше болуға; 
5) демалысқа; 
6) өзiнiң еңбек мiндеттерiн атқаруына байланысты денсаулығына немесе мүлкiне 
келтiрiлген зиянды өтеттiруге; 
7) кепiлдiктер мен өтемақылар алуға; 
8) еңбек дауларын тараптардың келiсуiмен немесе сот тәртiбiмен шешуге; 
9) жұмыс берушіден жеке еңбек шартында тараптың атынан өкiлдiк ететiн 
лауазымды адамның өкiлеттiгiн растауды талап етуге; 
10) ұжымдық шартпен және жұмыс берушiнiң актiлерiмен танысуға; 
11) өзiнiң кәсiби бiлiктiлiгiн арттыруға құқығы бар.
Қызметкердің міндеттері: 
1) жеке еңбек, ұжымдық шарттарда және жұмыс берушінің актiлерінде жазылған 
еңбек міндеттерін адал орындауға; 
2) еңбек тәртiбiн сақтауға; 
3) жұмыс процесiнде жұмыс берушiге мүлiктік зиян келтіруге жол бермеуге; 
4) еңбек қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария жөніндегі ережелердің 
талаптарын орындауға; 
5) жеке еңбек шартына сәйкес өзiне сенiп тапсырылған, қызметтік, коммерциялық 
және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етпеуге;
6) адамдардың өмiрі мен денсаулығына, жұмыс беруші мен қызметкерлер мүлкінің 
сақталуына қатер төндiретiн ахуал туындағаны туралы хабарлауға; 
7) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы 
шарттың көшірмесін ұсынуға; 
8) зейнетақы жинақтарын бір жинақтаушы зейнетақы қорынан басқасына аударған 
кезде міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы 
жинақтаушы зейнетақы қорымен шарт жасасқаны жөнінде жұмыс берушіні хабардар 
етуге; 
9) денсаулық жағдайының нашарлауына байланысты жағдайлардан басқа, оның 
еңбекке жарамсыздығы анықталған жағдайда бұл туралы жұмыс берушiнi оның еңбекке 
жарамсыздығы анықталған сәттен бастап бiр тәулiктен кешiктiрмей хабардар етуге 
мiндеттi. 
Жұмыс берушiнiң негізгi құқықтары мен мiндеттерi
Жұмыс берушінің құқықтары: 
1) Еңбек кодексінде белгiленген тәртіппен қызметкерлермен жеке еңбек және 
ұжымдық шарттарды жасасуға, өзгертуге және бұзуға;




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет