Арт-педагогикадағы негізгі әдіс
баланың рухани-тұлғалық саласын дамытуға, адамгершілік
тәрбиеге, этикалық және эстетикалық иммунитетті қалыптастыруға бағытталған проблемалық-
диалогтық әдіс болып табылады. Бұл әдістің негізі-тек кезекпен ақпарат алмасуды ғана емес, ортақ
позицияларды бірлесіп іздеуді, олардың арақатынасын көздейтін диалог.
Арт - сабақтың құрылымы мен мазмұны көп нұсқалы,
өйткені әр бала өз білімдерімен
сабақтарға келеді, демек білім беру кеңістігі, мазмұны, әдістері, технологиялары тек педагогпен ғана
емес, сонымен қатар оқушылармен де құрылады.
Дәстүрлі талаптардан басқа:
жоғары интеллект, дамыған ойлау және есте сақтау, педагог
импровизацияға психологиялық дайын болуы, өзін-өзі іске асыру қажеттілігін сезінуі, педагогикалық
шығармашылық негіздерін білуі, риторика, драматургия негіздерін білуі, оларды тәжірибеде қолдана
білуі, өзінің қызмет стилін, педагогикалық талғамды қалыптастыруы, үйреншікті стереотиптерді
бұзуы тиіс.
Қазақ ұлттық қыздар
педагогикалық университеті
«Арт-терапия»
термині ( art therapy - өнермен емдеу) адамның өзінің
психикалық-эмоциялық жағдайын білдіру мақсатында шығармашылық арқылы
сауықтыруды білдіреді.
Арт терапиясы төрт бағыттан тұрады:
❖
арт-терапия (бейнелеу шығармашылығы арқылы терапия),
❖
драма - терапия (сахналық ойын арқылы терапия),
❖
би-қозғалыс терапиясы (қозғалыс және би арқылы терапия)
❖
музыкалық терапия (дыбыстар мен музыка арқылы психотерапия).
Арт-терапияның ресейлік мектебінің негізін қалаушы болып А.И.Копытин
саналады-оның іргелі жұмыстары Ресейде де, шетелде де белгілі.
Білім
беруде
арт-терапияны
қолданудың
мақсаты
оқушылардың
денсаулығын сақтау немесе қалпына келтіру және психокоррекциялық,
диагностикалық және психопрофилактикалық әлеуетті іске асыру жолымен
оларды білім беру мекемесінің жағдайына бейімдеу болып табылады.
Мұндай сабақтарды өткізу педагогтан арт-терапиялық қызметке тән арнайы
білім мен дағдыларды талап етеді
|